Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Шекара маңындағы аймақтарда Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының азаматтық мақсаттағы радиоқызметтерi пайдаланатын 30.0-1000.1 МГц радиожиiлiк жолағындағы радиожиiлiктердi тағайындауды үйлестiру туралы келiсiмнiң" жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң төрағасы Асқар Қуанышұлы Жұмағалиевке Келiсiм жобасының мәтiнiне қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Шекара маңындағы аймақтарда Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының азаматтық мақсаттағы радиоқызметтерi пайдаланатын 30.0-1000.0 МГц радиожиiлiк жолағында радиожиiлiктердi тағайындауды үйлестiру туралы келісімге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Өзбекстан
Республикасының Yкiметi арасындағы Шекара маңындағы
аймақтарда Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан
Республикасының азаматтық мақсаттағы радиоқызметтерi
пайдаланатын 30.0-1000.0 МГц радиожиiлiк жолағындағы
радиожиiлiктердi тағайындауды үйлестiру туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi
байланыс саласындағы ынтымақтастықты дамытуды ниет ете отырып,
радиобайланыс, теледидар және радиохабарларын тарату қызметтерiне сұраныстың қарқынын ескере отырып,
Тараптар мемлекеттерiнiң радиоқызметтерiне зиянды өзара кедергілердi болдырмау мақсатында 30.0-1000.0 МГц радиожиiлiк жолағындағы радиожиiлiктердi тағайындауды үйлестiрудi жүзеге асыру қажет деп есептей отырып,
Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭО) Радиобайланыс регламентiне сәйкес әрекет ете отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Осы Келiсiм мақсаттары үшiн мынадай терминдер қолданылады:
"шекара маңындағы аймақ" - теледидар және радиохабарларын таратудан басқа, бiр тарап мемлекетiнiң радиоэлектрондық құралдары басқа Тарап мемлекетiнiң аумағында осы келiсiмде көрсетiлген кедергiлер жасауы мүмкiн Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы шекараның екi жағы бойынша енi 50 км болатын Тараптар мемлекеттерiнiң аумағы;
"құпия ақпарат" - радиожиiлiктердi тағайындауды үйлестiру процесiне қатысатын уәкiлеттi мемлекеттiк органдар қол жетiмдiлiгiне шектеу қоятын Тараптардың мемлекеттiк құпияларына қатысы жоқ мәлiметтер;
"жиiлiктердi тағайындауды үйлестiру" - осы радиоэлектрондық құралдардың радиожиiлiк тағайындауларының сипаттамаларына сәйкес радиоэлектрондық құралдарын орнатуға және пайдалануға Тараптардың келiсiмiн алу рәсiмi.
2-бап
Тараптардың ынтымақтастығы халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормаларымен, Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасымен және осы Келiсiм ережесiмен реттеледi.
3-бап
Тараптардың осы Келiсiмдi iске асыру жөнiндегі iс-қимылдарды бақылауды және үйлестiрудi жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi органдары мыналар болып табылады:
Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi;
Өзбекстан тарапынан - Өзбек Байланыс және ақпараттандыру агенттiгi.
Тараптардың уәкiлеттi органдарының ресми атаулары өзгерген жағдайда, қайта ұйымдастырылған кезде олар бұл туралы бiр-бiрiне дипломатиялық арналар арқылы дереу хабарлайды.
4-бап
Тараптардың уәкiлеттi органдары:
осы Келiсiм шеңберiнде қажеттi ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
кедергiлер пайда болған жағдайда шараларды айқындайды және қабылдайды;
осы Келiсiмдi қолдану шегiнде рәсiмдiк тетiктердi айқындайды және қабылдайды, үйлестiру аймағын белгiлейдi;
осы Келiсiм шеңберiнде Тараптардың ұлттық заңнамасында белгiленген тәртiппен радиоқызметтердiң радиожиiлiктердi тағайындауды үйлестiрудiң техникалық негiздерi жөнiнде немесе жекелеген радиожиiлiк жолақтарын пайдалану жөнiнде келiсiмдер жасауға қатысты ұсыныстар енгізедi.
5-бап
Осы Келiсiм ережелерiне сәйкес Тараптар шекара маңындағы аймақтарда алуан түрлi радиоқызметтер станцияларының 30.0-1000.0 МГц радиожиiлiк жолағындағы радиожиiлiктердi пайдалануын үйлестiру мәселелерiнде ынтымақтастық жасайтын болады.
6-бап
1. Осы Келiсiмге сәйкес құрлықтық жылжымалы, тiркелген, радиохабарларын тарату және де басқа да радиоқызметтер станцияларының радиожиiлiктердi тағайындауды үйлестiруi жүзеге асырылады.
Тараптардың уәкiлеттi органдарының жауапкершiлiгіне жатпайтын радиоқызметтер станцияларының радиожиiлiк тағайындауларын үйлестiру осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылатын тиiстi Хаттамалар жасалмайынша осы Келiсiмнiң ережелерiмен реттелмейдi.
2. Егер олар шекара маңындағы аймақтарда Тараптардың уәкiлеттi органдары жасаған қосымша Yйлестiрудiң техникалық негiздерi жөнiндегi келiсiмде тиiстi қызметтер үшiн айқындалатын рұқсат етiлген деңгейден асып түсетiн кедергiлер туындататын болса, 5-бапта көрсетiлген радиожиiлiктер жолағын үйлестiруге мемлекеттердiң шекара маңындағы аймақтарда орналасқан станцияларының, сондай-ақ шекара маңындағы аймақтардан тыс жекелеген станциялардың радиожиiлiк тағайындаулары жатады.
3. Шекара маңындағы аймақтардың қабылдау станцияларының радиожиiлiк тағайындауларын үйлестiру оларды кедергiлерден қорғау қажет болған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкiн.
7-бап
1. Тараптар радиожиiлiктердiң мынадай санаттарын айқындайды:
байланыс желiлерiн дамыту үшiн Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдары үйлестiруге тиiс жоспарланған байланыс желiлерiне арналған радиожиiлiктер (ұялы байланыс желiсi, радиохабарларын тарату, радиорелелiк желiлер және басқалары). Мұндай желiлер қомақты капитал салымдарын талап етуi, оларды пайдалануға енгізу мерзiмдерiнiң ұзақ болуы мүмкiн және тек үйлестiрiлген және бекiтiлген жиiлiк-аумақтық жоспарлар нәтижесiнде құрылуы мүмкiн.
Тараптар үйлестiру жүргiзген және оларды пайдалану туралы келiсiмге қол жеткiзiлген үйлестiрiлген радиожиіліктер.
Үйлестiрiлген радиожиiлiктердi тағайындау (беру) екiншi Тараппен алдын ала жүргiзiлген үйлестiру жағдайларында жүзеге асырылады.
2. Үйлестiрiлген радиожиiлiк санаттарының тiзiмiне енгізiлген радиожиiлiк тағайындауларды Тараптар өзара келiсiм негізiнде жүзеге асырылғандар ретiнде қарайды.
Тараптардың әрқайсысының мынадай барлық радиожиiлiк тағайындаулары үйлестiрiлген болып саналады:
1991 жылға дейiн бұрынғы Кеңес Одағының орталықтандырылған байланыс әкiмшiлiгi тағайындаған;
осы Келiсiм күшiне енгiзiлген сәтке дейiн екi Тараптың байланыс әкiмшiлiктерi үйлестiрген;
Тараптардың Халықаралық электр байланысы одағының Дүниежүзiлiк және Өңiрлiк радиобайланыс конференцияларында қабылданған Жоспарларға енгiзiлген радиожиiлiк тағайындаулары.
Келiсiмге қол қою сәтiнде ХЭО апталық циркулярының бiрiншi бөлiгiнде жарияланған Тараптардың радиожілік тағайындауларына өтiнiмдер осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес үйлестiрiлуге тиiс.
3. Тараптардың әрқайсысында жоғарыда көрсетiлген санаттардағы радиожиiлiктер тiзiмi болуға және олар жүргiзiлген үйлестiру негiзiнде толықтырылуға тиiс.
Тараптар келiсiлген нысан бойынша үйлестiрiлген радиожиiлiктер (станциялар) тiзiмiн алмасады. Тiзiмдер тек шекара маңындағы аймақтарда орналасқан станциялардың немесе осы аймақтарда кедергi жасайтын станциялардың сипаттарын қамтиды.
Тараптардың радиожиiлiк тiзiмдерi, әдетте, жыл сайын Тараптар сарапшыларының кеңестерiнде нақтыланады.
4. Тараптар осы Келiсiмнiң 5-бабында көрсетiлген радиожиiлiктер жолағында Тараптардың қолданыстағы станцияларының арасындағы ықтимал кедергiлiк жағдайларды қарастырады және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдайды.
Радиобайланыс қызметтерi сапасының айтарлықтай нашарлауына әкелетiн немесе кедергi өрiсiнiң барынша рұқсат етiлген кернеуiнiң қосымша Үйлестiрудiң техникалық негiзi жөнiндегi келiсiмде анықталатын деңгейден артып кетуiнен оның жұмысын тоқтататын кез келген сәуле шығару кедергi ретiнде қаралуға тиiс.
8-бап
1. Тараптар арасындағы ақпарат алмасу тәртiбi, ақпараттың құпиялылық және оны қорғау дәрежесi, сондай-ақ берiлетiн ақпараттың құпиялығын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк әрбiр нақты жағдайда осы Келiсiмнiң және Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасының негiзiнде анықталады.
2. Тараптар бiр-бiрiне қызмет үшiн қажеттi шекара маңындағы аймақтарда орналасқан азаматтық мақсаттағы қолданыстағы радиоэлектрондық құралдар жөнiндегi мәлiметтердi бiлдiретiн құжаттарды Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасында белгiленген тәртiппен беруге мiндеттенедi.
3. Өз қызметтерiн ұйымдастыру үшiн қажеттi құпия ақпараты бар мәлiметтердi алған Тараптар оны қатаң түрде мақсаты бойынша пайдалануға тиiс. Құпия ақпаратқа қол жетiмдiлiгі бар мамандар тобы Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес анықталады. Бұл ретте Тараптар халықаралық жиiлiк тағайындауларын үйлестiру үшiн жауапты тұлғалардың ең аз қажеттi санына құпия ақпаратқа қол жетiмдiлiк беру қажеттiгiн негiзге алатын болады.
4. Құпия ақпаратқа рұқсаты бар тұлғалар құпия ақпаратпен жұмыс iстеу кезiнде Тараптардың мемлекеттерiнде белгiленген талаптарды сақтауға мiндеттi.
5. Тараптар алынған ақпаратты құпия сақтауға және оны жарияламау жөнiнде барлық шараларды қабылдауға мiндеттенедi.
6. Берiлетiн ақпараттың құпиялылық дәрежесiн ақпарат беретiн Тарап айқындайды.
9-бап
1. Тараптардың уәкiлеттi органдары үйлестiру жүргiзу рәсiмдерiн байланыс техникасының жылдам дамуы мен пайдаланылатын техникалық құралдарды және көрсетiлген рәсiмдерге түзетулердi уақытылы енгiзу қажеттігіне байланысты туындайтын басқа мәселелердi әзiрлеу және келiсу үшiн жауапты сарапшыларды тағайындайды.
2. Байланыс техникасының дамуын ескере отырып, Тараптар үйлестiрудiң техникалық негiздерiн нақтылау және одан әрi дамыту мақсатында сарапшылар кеңестерiн өткiзетiн болады.
10-бап
1. Тарап өзi үшiн радиожиiлiк тiзiмдерiнде көзделмеген жаңа радиожиiлiк тағайындауларын пайдалануды бастамас бұрын немесе үйлестiрiлгендер санатына жататын радиожиiлiк тiзiмiне өзгерiстер енгiзуге ниет бiлдiрсе ол ХЭО радиобайланыс регламентiнiң талаптарына сәйкес үйлестiру жүргiзуге тиiс.
2. Yйлестiруге сұрау жiберiлген Тарап оны қарауға және 60 күн iшiнде жазбаша дәлелдi жауап жiберуге тиiс. Егер ол өтiнiш бiлдiрiлген радиожиiлiк тағайындауларын пайдаланумен келiспесе, ол проблеманы қанағаттандырып шешу үшiн өз ұсыныстарын беруге тиiс.
3. Егер үйлестiруге жазбаша өтiнiм жiберген Тарап 90 күн iшiнде жазбаша жауап алмаса, онда ол екiншi Тараптың өтiнiш бiлдiрiлген радиожиiлiк тағайындауларын пайдалануға қарсылығы жоқ деп есептейдi, оны үйлестiрiлген радиожиiлiктер тiзiмiне енгiзедi және бұл туралы екiншi тарапқа жазбаша түрде хабарлайды.
4. Радиожиiлiк тағайындауларын үйлестiру мынадай жағдайларда талап етiлмейдi:
1) егер үйлестiрiлген радиожиiлiк тағайындауларын пайдаланушы станцияда, екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында кедергiлердiң пайда болуына әкелiп соқпайтын сипаттамалары ғана өзгерсе;
2) егер бұрын үйлестiрiлген радиожиiлiкте жұмыс iстейтiн қосымша станцияны пайдалануға енгiзу екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында кедергiлердiң пайда болуына әкелiп соқпаса.
5. Үйлестiрiлген радиожиiлiк тағайындауларын пайдаланған негiзгі станцияның жұмысы тоқтаған жағдайда, екiншi Тарапқа оның орнына енгiзiлген станцияның техникалық сипаттамалары хабарланады.
6. Тараптардың бiрi үйлестiрiлген радиожиiлiк тағайындауларының тiзiмiне үйлестiру жүргізудi талап етпейтiн өзгерiстер енгiзетiн барлық жағдайларда, оның iшінде үйлестiрiлген станцияларды пайдалануды тоқтатқан кезде, ол бұл өзгерiстер туралы екiншi Тарапқа хабарлайды.
11-бап
Кедергіге тап болған қабылдау станциясы өзiне тиесілi Тарап ол туралы қарамағында кедергi тудыратын беру станциялары бар екiншi Тарапқа хабарлайды. Тараптар кедергiлерге қатысты мәселелердi реттеу үшiн өзара түсiнiстiк және ынтымақтастық негiзiнде мүмкiн болатын шараларды қабылдайды.
12-бап
1. Тараптар осы Келiсiмде көзделмеген барлық мәселелер бойынша Дүниежүзілік банк радиобайланыс қонференцияларының, Халықаралық радиобайланыс регламентiнiң ережелерiн және Халықаралық электр байланысы одағының ұсынымдарын басшылыққа алады.
2. Осы Келiсiм Тараптар қатысушысы болып табылатын халықаралық келiсiмдердi және әрбiр Тараптағы радиожиiлiктi пайдалануды реттейтiн ұлттық заңнамаларды Тараптардың орындауына кедергi болмайды.
13-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде даулар мен келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды консультациялар мен келiссөздер жолымен шешетiн болады.
14-бап
Сарапшылардың кездесулерiн Тараптар алдын ала келiседi, ұйымдастыру мәселелерiн кездесу болатын мемлекеттiң аумағындағы Тарап шешедi, қаржылық - әр тараптың есебiнен.
15-бап
Осы Келiсiмге сәйкес Тараптар өзара әрекет ету кезiнде орыс тiлiн пайдаланады.
16-бап
Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
17-бап
Тараптардың байланыс әкiмшiлiктерi ХЭО Бас хатшысын осы Келiсiмнiң жасалғаны туралы және мазмұны туралы хабардар етедi.
18-бап
Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғысы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және Тараптардың бiрi екiншi Тарапқа өзiнiң оның қолданылуын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлама жiберген күнiнен бастап алты ай өткенге дейiн күшiнде қалады.
2006 жылғы "___"__________ ________қаласында қазақ, өзбек және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң бiрдей күшi бар.
Осы Келiсiмдi түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн