Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ғылым және технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ғылым және технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қойсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрi
жоба
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Өзбекстан
Республикасының Yкiметi арасындағы Ғылым және технологиялар
саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi және Өзбекстан Республикасының Үкiметi,
ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың екi жақты қатынастардың барлық кешенiнің маңызды құрамдас бөлiгi болып табылатынына сене отырып,
ғылыми-зерттеулер мен әзiрлемелердi интернационализациялау жағдайында өзара iс-қимыл жасау қажеттiгiн мойындай отырып,
Тараптар мемлекеттерiндегi ғылыми-техникалық байланыстарды ескере отырып,
мұндай ынтымақтастық Тараптар мемлекеттерi халықтарының арасындағы екi жақты қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ өзара тиiмдi сауда-экономикалық байланыстарды одан әрi дамытуға ықпал ететiнiн назарға ала отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Тараптар тең құқықтық пен өзара тиiмдi қағидаттар негiзiнде Тараптар мемлекеттерiнiң ғылым мен техниканы дамыту мүдделерiн басшылыққа ала отырып, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа жәрдемдесетiн болады.
2-бап
Осы Келiсiм шеңберiндегi екi жақты ынтымақтастықтың бағыттары Тараптар мемлекеттерiнiң мүдделерiмен айқындалатын болады.
3-бап
Ғылыми-техникалық ынтымақтастықты Тараптар мемлекеттерiнiң министрлiктерi, ведомстволары, ғылым академиялары, ғылыми ұйымдары (ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-өндiрiстiк орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары), жоғары оқу орындары, екi елдiң жекелеген ғалымдары мен мамандары өздерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес келуге тиiс шарттар мен келiсiм-шарттар негiзiнде өздерiнiң құзыретi шегінде жүзеге асыратын болады.
Жалпы басшылықты және ынтымақтастықты үйлестiруші:
өзбек тарабынан - Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Ғылым және технологиялар жөнiндегi орталық;
Қазақстан тарабынан - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi жүзеге асырады.
Жоғарыда аталған уәкiлеттi органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар жедел түрде дипломатиялық арналар арқылы хабардар етiлетiн болады.
4-бап
Шарттар мен келiсiм-шарттар ынтымақтастықты iске асыру мәселелерiн, оның экономикалық және ұйымдастыру шарттарын айқындауға тиiс, атап айтқанда:
- ынтымақтастықтың мақсаты мен мазмұны, тапсырмалар мен күтiлетiн нәтижелер, оларды iске асыру мерзiмi мен жағдайы;
- өзара қаржылық мiндеттемелер;
- бiрлескен ғылыми-техникалық объектiлердi пайдалану тәртiбi, сондай-ақ бiрлескен зерттеулер нәтижелерiн пайдалану және бiрлескен ғылыми қызмет барысында алынған зияткерлiк меншiк құқықтарын бөлу мәселелерiн реттеу;
- даулы мәселелердi шешу тәртiбi мен ынтымақтастықты iске асыруға қатысатын адамдар ынтымақтастық шеңберiндегi мiндеттемелердi орындау кезiнде олардың әрiптестерге келтiруi мүмкiн шығындардың орнын толтыру тәртiбi;
- ынтымақтастыққа үшiншi мемлекеттер адамдарының немесе халықаралық ұйымдардың қатысу, осындай қатысуды қаржылай қамтамасыз ету және ынтымақтастық нәтижелерiн пайдалану тәртiбi;
- ынтымақтастық процесiнде бiр-бiрiне берiлетiн ақпараттың дұрыстығы және материалдар мен жабдықтардың сапалылығы үшiн жауаптылық.
5-бап
Осы Келiсiм шеңберiндегi ынтымақтастық мынадай нысандарда iске асырылатын болады:
- бiрлескен ғылыми-зерттеу бағдарламаларын, ғылымды қажетсiнетiн және ресурс үнемдейтiн технологияларды жасау және игеру жөнiндегi жобаларды жүзеге асыру;
- бiрлескен далалық зерттеулер мен экспедицияларды қоса алғанда, Тараптар мемлекеттерінің ғылыми-зерттеу ұйымдарында, жоғары оқу орындарында, технопарктерiнде мұрағаттарында, кiтапханаларында және мұражайларында ғылыми жұмыстар жүргiзу;
- Тараптар мемлекеттерiнің заңнамасында белгіленген тәртiппен ғылыми-техникалық ақпарат, құжаттар алмасу, әдеби және библиографиялық басылымдар арасында келiсiм-шарттар жасау;
- бiрлескен семинарлар, ғылыми конференциялар мен жұмыс бабындағы кездесулер өткiзу;
- ғалымдар мен мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру, тағылымдамалар ұйымдастыру;
- ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды сараптамадан өткiзу.
Ынтымақтастық, сондай-ақ осы Келiсiмнiң iске асырылуын қамтамасыз ететiн басқа да келiсiлген нысандар бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.
Тараптар бiрлескен нақты зерттеулердiң нысандарын таңдау және анықтау кезiнде, Тараптар мемлекеттерiнiң ғылыми-техникалық саясаты басымдықтарын басшылыққа алатын болады.
6-бап
Тараптар мемлекеттерiнiң ғалымдары мен мамандарының жұмыс iстеу жағдайлары ынтымақтасушы ұйымдар арасында осы Келiсiмнiң 3 және 4-баптарында көзделген шарттар мен келiсiм-шарттар негiзiнде келiсiледi.
7-бап
Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес, осы Келiсiм шеңберiнде Тараптар ынтымақтастық нәтижесiнде құрылуы мүмкiн зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғауға жәрдемдесетiн болады. Зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғаудың нақты мәселелерi осы Келiсiмнiң 4-бабында көзделген шарттар мен келiсiм-шарттарға негiзделедi.
8-бап
Екi Тараптың ынтымақтасушы ұйымдарының арасындағы келiсiм бойынша осы Келiсiм шеңберiнде жүзеге асырылатын ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды iске асыруға қатысу үшiн үшiншi тараптың ғалымдары, техникалық сарапшылары, мемлекеттiк ұйымдары мен кәсiпорындары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың мамандары шақырылуы мүмкiн.
9-бап
Осы Келiсiм Тараптар қатысушылары болып табылатын Тараптар жасаған басқа да халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
10-бап
Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
11-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде даулар мен келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар және келiссөздер жолымен шешетiн болады.
12-бап
Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және Тараптардың бiрi екiншi Тарапқа оның қолданылуын тоқтатуға өзiнiң ниетi туралы жазбаша хабарлама жiберген күннен бастап 6 ай өткенге дейiн күшiнде болады.
Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшілік рәсiмдердi орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм ережелерiн өзгерту немесе тоқтату, осы Келiсiм шеңберiнде Тараптар жасасқан және аяқтамаған тiкелей шарттарды орындауға әсер етпейдi.
2006 жылғы "___" ___________ _______________________қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердің күшi бiрдей.
Осы Келiсiм ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алатын болады.
Қазақстан Өзбекстан
Республикасының Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін