Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 наурыздағы N 198 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Сырдария" бассейндiк су шаруашылығы бiрлестiгi сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы мемлекетаралық су шаруашылығы объектiлерiн бiрлесiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды берушi мен қызметтердi көрсетушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      жасалатын шартты 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 034 "Су берумен байланысы жоқ республикалық су шаруашылығы объектiлерiн пайдалану" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде қаржыландыруды;
      осы қаулыға сәйкес қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшiн пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады