Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1272 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Наталья Артемовна Коржова Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi болып тағайындалсын.
2. Арман Ғалиасқарұлы Дунаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi мiндетiнен босатылсын.
3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi және Басқарушылар Кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 сәуiрдегi N 418 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
1-тармақ алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі