Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Украина Министрлер Кабинетi арасындағы Еркiн сауда режимiнен алулардың күшiн кезең-кезеңiмен жою туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 наурыздағы N 218 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетi арасындағы Еркiн сауда режимiнен алулардың күшiн кезең-кезеңiмен жою туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Ғалым Iзбасарұлы Оразбақовқа Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетi арасындағы Еркiн сауда режимiнен алулардың күшiн кезең-кезеңiмен жою туралы хаттамаға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.29.  N 66 қаулысымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Жоба

  Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Украина
Министрлер Кабинетi арасындағы еркiн сауда режимiнен алулардың
күшiн кезең-кезеңiмен жою туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетi,
      1994 жылғы 17 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Украина Үкiметi арасындағы Еркiн сауда туралы келiсiмнiң, 1997 жылғы 29 желтоқсанда қол қойылған 1994 жылғы 17 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Yкiметi арасындағы Еркiн сауда туралы келiсiмге Еркiн сауда режимiнен алулар туралы хаттаманың, 1994 жылғы 15 сәуiрдегi Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмнiң және 1999 жылғы 2 сәуiрде қол қойылған 1994 жылғы 15 сәуiрдегi Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманың ережелерiн негiзге ала отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:

  1-бап

      Осы Хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина арасындағы еркін сауда режимiнен алулардың күшiн кезең-кезеңiмен жою кестесi бекiтiлсiн.

  2-бап

      Осы Хаттамаға Тараптардың өзара жазбаша келiсiмi бойынша осы Хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын тиiстi хаттамалармен ресiмделетiн және осы Хаттаманың 3-бабына сәйкес күшіне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

  3-бап

      Осы Хаттама Тараптар оның күшiне енуiне қажетті мемлекетішілiк рәсiмдердi орындағандығы туралы жазбаша хабарламаны соңғысы алған күннен бастап күшiне енедi.

      2006 жылғы____ ______________ ______________________қаласында
әрқайсысы қазақ, украин және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi барлық мәтiннiң күшi бiрдей. Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiру кезiнде Тараптардың келiспеушiлiктерi туындаған жағдайда орыс тiлiндегi мәтiннiң күшi басым болады.

      Қазақстан Республикасының           Украина Министрлер
         Үкiметi үшiн                       Кабинетi үшiн

                                    200_ жылғы___ _______________
                                  Қазақстан Республикасының Yкiметi
                                   мен Украина Министрлер Кабинетi
                                  арасындағы Еркiн сауда режимiнен
                                   алулардың күшiн кезең-кезеңiмен
                                     жою туралы хаттамаға қосымша

           Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Украина
     Министрлер Кабинетi арасындағы еркiн сауда режимінен
          алулардың күшiн кезең-кезеңiмен жою кестесi

СЭҚ ТН
коды

Атауы

Алулардың күшiн жою мерзiмдерi

Қазақстан Республикасына экспорттаған кезде Украинаның еркiн сауда режимiнен алынуға тиiс тауарларға қатысты

0102 90

Тiрi iрi қара мал

2008 жылғы
1 қаңтар

0104 10

Тiрi қойлар

2008 жылғы
1 қаңтар

4101

Ірі өзара малдың өңделмеген терісі

2007 жылғы
1 қаңтар

4102

Қойлардың өңделмеген терісі немесе қозылардың терісі

2007 жылғы
1 қаңтар

4103 30

Шошқаның өңделмеген терісі

2007 жылғы
1 қаңтар

Украинадан импорттаған кезде Қазақстан Республикасының еркiн сауда аймағы режимiнен алынуға тиiс тауарларға қатысты

2203

Ашытылған сыра

2007 жылғы
1 қаңтар

2204

Күшейтiлгендерiн қоса алғанда, табиғи жүзiм шараптары, 2009-тауар позициясында көрсетiлгеннен басқа жүзiм ашытқысы

2007 жылғы
1 қаңтар

2205

Өсiмдiктер немесе хош иiстi заттар
қосылған вермуттар және өзге де табиғи жүзiм шараптары

2007 жылғы
1 қаңтар

2206

Ашытылған өзге де сусындар (мысалы, сидр, перри немесе алмұрт сидрi, балды сусын); басқа жерде аталмаған немесе енгiзiлмеген ашытылған сусындардан жасалған қоспалар және ашытылған сусындар мен алкогольсiз сусындардан жасалған қоспалар

2007 жылғы
1 қаңтар

2207

Спирттiң қоспасы 80 айн. % немесе одан
астам ұйытылмаған этил спиртi; этил спиртi және ұйытылмаған, кез келген қоспадағы өзге де спирттер

2009 жылғы
1 шiлде

2208

Спирттiң қоспасы 80 айн. %-дан кем
ұйытылмаған этил спиртi; спирттi тұнбалар, ликерлер және өзге де спиртті сусындар

2009 жылғы
1 шiлде 


мыналардан басқа:


2208 60

Арақ

2008 жылғы
1 қаңтар

24

Темекі және темекінің өнеркәсіптік алмастырғыштары

2007 жылғы
1 қаңтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады