Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер енгiзу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН :
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң (объектiлерi мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан) 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығын пайдалану тәртiбi туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 22 шiлдедегi N 1618 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 31, 393-құжат):
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Наталья Артемовна Коржоваға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 22 шiлдедегi N 1619 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 31, 394-құжат):
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Наталья Артемовна Коржоваға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 22 шiлдедегi N 1620 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 31, 395-құжат):
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Наталья Артемовна Коржоваға" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң (объектiлерi мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан) 4 Мемлекеттiк орталық полигонын пайдалану тәртiбi туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 28 шiлдедегi N 1623 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 31, 396-құжат):
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Наталья Артемовна Коржоваға" деген сөздермен ауыстырылсын".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi