Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 239 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде отын-энергетика кешенi саласындағы сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар жұмыстарды берушiлер болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы қаулыға қосымшада көрсетiлген заңды тұлғалармен жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар жасасуды;
      2) жұмыстарды сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                  Үкiметiнiң
                                            2006 жылғы 5 сәуірдегі
                                                N 239 қаулысына
                                                    қосымша

               Отын-энергетика кешенi саласындағы
         сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар
        жұмыстарды берушi заңды тұлғалардың тiзбесi

Р/с
N№

Жұмыстарды
берушінің атауы

Жұмыс берушінің
орналасқан жері

Жұмыстардың атауы

1

"Қазақстан Республикасының
Ұлттық ядролық орталығы" республикалық
мемлекеттік
кәсіпорны

Шығыс Қазақстан
облысы
Курчатов қаласы

2006 жылға арналған
023 "Арнайы бақылау
станцияларында
тіркелген ядролық
жарылыстар мен жер
сілкіністерінің 
тарихи сейсмограм-
маларының мұрағатын 
қағаздағы жазбадан 
электрондық тасымал-
даушыларға көшіру"
республикалық
бюджеттік бағдарла-
масына сәйкес іс-
шараларды орындау

2

"Қарағанды
шахтатарату"
республикалық
мемлекеттік
кәсіпорны

Қарағанды қаласы

2006 жылға арналған
009 "Қарағанды көмір бассейнінің
шахталарын жабу" 
республикалық
бюджеттік бағдарла-
масына сәйкес іс-шараларды орындау

3

"Уран-
кеніштарату"
республикалық
мемлекеттік
кәсіпорны

Көкшетау қаласы

2006 жылға арналған
008 "Уран кеніштерін
тұмшалау және жою,
техногендік қалдықтарды көму"
республикалық
бюджеттік бағдарла-
масына сәйкес іс-шараларды орындау


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады