Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң адамдарды сатуға байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөнiндегi 2006 - 2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 261 Қаулысы

      Адамдарды сатуға байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөнiндегi жұмысты қамтамасыз ету және үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң адамдарды сатуға байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөнiндегi 2006 - 2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.

      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi бiр ай мерзiмде адамдарды сатуға байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөнiндегi 2006 - 2008 жылдарға арналған өңiрлiк жоспарларды әзiрлесiн және бекiтсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн  орталық атқарушы және  мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Жоспарда көзделген iс-шаралардың iске асырылуын қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне жыл сайын, 20 шiлдеден және 20 қаңтардан кешiктiрмей, Жоспар iс-шараларының орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.

      4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі Қазақстан Республикасының Үкiметiне жыл сайын, 30 шiлдеден және 30 қаңтардан кешiктiрмей, Жоспарда көзделген iс-шаралардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан   Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                            2006 жылғы 10 сәуірдегі
                                               N 261 қаулысымен
                                                  бекітілген

       Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2008.06.20  N 597 Қаулысымен.

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің адамдарды сатуға
  байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның
алдын алу жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар
                          жоспары      

Р/с
N

Іс-шара

Аяқталу
нысаны

Орындауға
жауаптылар

Орындалу
мерзімі

Қаржыландыру
көзі

1

2

3

4

5

6

1.

БАҚ   арқылы
адамдарды
сатуға қарсы
күрес жөнінде-
гі шараларды
ақпараттық
жария   ету,
ақпараттық
науқандар
өткізу

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

Әділетмині
(жинақтау),
Мәдениетми-
ні, ІІМ,
СІМ, ҰҚК
(келісім
бойынша),
Еңбекмині,
БҒМ, ӘІОДСҰК
(келісім
бойынша),
БП (келісім
бойынша),
облыстардың,
Астана және
Алматы қалаларының
әкімдері

Жыл
сайын,30
шілде
және
30 қаңтар

019
"Мемлекеттік
ақпараттық
саясатты
жүргізу"
республика-
лық бюджет-
тік бағдар-
ламасы,
бағдарлама-
ның әкімшісі
Мәдениетмині

2.

Жоғары оқу
орындарында
және жалпы
білім беретін
орта оқу
орындарында
Құқық негізде-
рі пәнінің
бағдарламасына
адамдарды са-
туға байланыс-
ты қылмысқа
қарсы күрес,
оны болдырмау
және оның
алдын алу жө-
ніндегі мәсе-
лелерді енгізу

Норматив-
тік
құқықтық
кесімнің
жобасы

БҒМ (жинақ-
тау), ІІМ,
Әділетмині,
ХКҰ (келісім
бойынша),
ЕҚЫҰ (келі-
сім бойынша)
 

2006
жылғы
2-тоқсан

025»"Білім
беру жүйесін
әдістемелік
қамтамасыз
ету және   білім беру
қызметтері-
нің сапасын
талдау" рес-
публикалық
бюджеттік
бағдарлама-
сы, бағдар-
ламаның
әкімшісі БҒМ

3.

Қазақстан
Республикасы
азаматтарының
жеке меншік
жұмысқа орна-
ластыру агент-
тіктерінің
желісі бойынша
шетелге шығу
шарттары
жөніндегі
әдістемелік
ұсынымдарды
әзірлеу

Мүдделі
мемлекет-
тік
органдар-
дың,
ҮЕҰ-ның,
"сенім
телефон-
дары",
"жедел
желі"
қызмет-
керлеріне
арналған
адамдарды
сатуға
қарсы кү-
рес мәсе-
лелері
жөніндегі
әдістеме-
лік ұсы-
нымдар

Еңбекмині
(жинақтау),
СІМ, ЕҚЫҰӨ
(келісім
бойынша),
ХКҰ (келісім
бойынша)

2006
жылғы
3-тоқсан

Қаржыландыру
талап
етілмейді

4.

Туристік қыз-
мет субъекті-
лерінің қызме-
тін ұйымдасты-
руға байланыс-
ты адамдарды
сату жөніндегі
қылмыстарды
болдырмау және
олардың алдын
алу мәселелері
бойынша
әдістемелік
көмек көрсету

Мүдделі
мемлекет-
тік
органдар-
дың,
ҮЕҰ-ның,  "сенім
телефон-
дары,
"жедел
желі"
қызмет-
керлеріне
арналған
адамдарды
сатуға
қарсы
күрес мә-
селелері
жөніндегі
әдістеме-
лік ұсы-
нымдар

ИСМ (жинақ-
тау), СІМ,
ЕҚЫҰӨ(келі-
сім бойын-
ша), ХКҰ
(келісім
бойынша)

2006
жылғы
3-тоқсан

Қаржыландыру
талап
етілмейді

5.

Шетелдіктердің
Қазақстан
Республикасы-
ның азаматы
болып табыла-
тын балаларды
асырап алу
мәселелері
жөніндегі
заңнаманы
жетілдіру
бойынша ұсыныстар даярлау

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ұсыныс

БҒМ (жинақ-
тау), БП
(келісім
бойынша),
СІМ,
облыстардың,
Астана және
Алматы
қалаларының
әкімдері

2006
жылғы
4-тоқсан

Қаржыландыру
талап
етілмейді

6.

Алматы қаласында адам саудасы
құрбандарының
уақытша тұруы-
на арналған
орталық құру
жөнінде ұсыныс
енгізу (экспе-
римент тәрті-
бімен)

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ұсыныс

ӘІОДСҰК
(жинақтау)
(келісім
бойынша),
ІІМ, Алматы
қаласының
әкімі,
Әділетмині,
Мәдениетмині

2006
жылғы
2-тоқсан

Қаржыландыру
талап
етілмейді

7.

Шетелдік
мемлекеттерге
заңсыз әкелін-
ген, сондай-ақ
басқа қылмыс-
тардан зардап
шеккен және
форс-мажорлық 
жағдайларда
қалған
Қазақстан
Республикасы-
ның азаматта-
рына қаржылық
көмек көрсету

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

СІМ

Жыл
сайын, 30
шілде
және
30 қаңтар

010
Қазақстан
Республика-
сының шетел-
дік мемле-
кеттерге
заңсыз әке-
лінген және
саудалаудың
құрбандары
болған,
сондай-ақ
шет елдерде
басқа қыл-
мыстардан
зардап шек-
кен және
форс-мажор-
лық жағдай-
ларда қалған
азаматтарына
қаржылық
көмек көрсе-
ту республи-
калық бюд-
жеттік бағ-
дарламасы,
бағдарлама-
ның әкімшісі
СІМ

8.

Құқық қорғау
органдарының
қызметкерлерін
адам саудасы
жөніндегі
қылмыстарды
анықтау,
олардың жолын 
кесу әдістері
мәселелері
бойынша кәсіби
дайындау

Оқыту
семинар-
лары,
тренинг-
тер

ІІМ, БП
(келісім
бойынша),
ҰҚК (келісім
бойынша),
ЭСЖҚА
(келісім
бойынша),
Қаржыминінің
Кедендік
бақылау
комитеті,
ЕҚЫҰ
(келісім
бойынша),
ХКҰӨ(келісім
бойынша)

Жыл сайын

011 Кадрлар-
дың білікті-
лігін артты-
ру және қай-
та даярлау
республика-
лық бюджет-
тік бағдар-
ламасы, бағ-
дарламаның
әкімшісі ІІМ

9.

Адамдар сауда-
сының құрбан-
дары әкелін-
ген, әкетілген
және транзит-
телген елдер-
мен мыналар
туралы халықа-
ралық шарттар-
дың жобаларын
әзірлеу:
1) қылмыстық  
істер және
адамдарды беру
жөніндегі құ-
қықтық көмек;
2) еңбек көші-
қоны саласын-
дағы ынтымақ-
тастық;
3) ұйымдасқан
қылмыстылыққа
қарсы күресте-
гі ынтымақтас-
тық

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

1) БП (жи-
нақтау)
(келісім    
бойынша),
мүдделі
мемлекеттік
органдар
2) Еңбекмині
(жинақтау),
мүдделі
мемлекеттік
органдар
3) ІІМ   
(жинақтау),
мүдделі
мемлекеттік
органдар

Жыл
сайын, 30
шілде
және
30 қаңтар

Қаржыландыру
талап
етілмейді

10.

Жұмысқа орна-
ластыру агент-
тіктерінің,
тұрғындарға
тұрғылықты
тұру үшін ше-
телге шығуды
ресімдеу жө-
нінде қызмет-
тер ұсынатын
ұйымдардың,
модельдік,
туристік, не-
келік агент-
тіктердің
қызметтерін
тексеруді
жүзеге асыру

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

БП (жинақ-
тау) (келі-
сім бойын-
ша), ІІМ,
ҰҚК (келісім
бойынша),
ЭСЖҚА (келі-
сім бойынша)

Жыл
сайын, 30
шілде
және
30 қаңтар

Қаржыландыру
талап
етілмейді

11.

Заңсыз еңбек
көші-қонын
болдырмау мақ-
сатында көші-
қон процесте-
рін талдауды  
жүргізу және
болжау

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ұсыныс

Еңбекмині
(жинақтау),
ІІМ, БП
(келісім
бойынша),
ҰҚК (келі-
сім бойынша)

Жыл
сайын, 30
шілде
және
30 қаңтар

Қаржыландыру
талап
етілмейді

12.

Адамдар сауда-
сына байланыс-
ты қылмыстық
істер мен
қылмыстар (ҚР
ҚК 113, 125, 
128, 133, 270,
271-баптары)
бойынша қылмыстық-
құқықтық
статистиканы
жүргізу және
олардың тергеу
нәтижелерін
талдау

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

БП (жинақ-
тау) (келі-
сім бойын-
ша), ІІМ,
ҰҚК (келісім
бойынша)

Жыл
сайын, 30
шілде
және
30 қаңтар

Қаржыландыру
талап
етілмейді

13.

Қазақстан
Республикасы
Бас прокурату-
расы Құқықтық
статистика және арнайы
есепке алу
комитетінің
негізінде адамдар сауда-
сына байланыс-
ты қылмыстар,
оларды жасаған
адамдар туралы
мамандандырыл-
ған дерекқор  құру мәселесін
пысықтау

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

БП (жинақ-
тау) (келі-
сім бойын-
ша), ІІМ,
ҰҚК (келісім
бойынша),
ЭСЖҚА (келі-
сім бойынша)

Жыл
сайын, 30
шілде
және
30 қаңтар

Қаржыландыру
талап
етілмейді

14.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ
әзірлеген
адамдар сауда-
сының құрбан-
дарын ұлттық
деңгейде қайта
бағыттау теті-
гін Қазақстан
Республикасын-
да енгізу
шарттары жө-
нінде ұсыныс
дайындау

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

Адам құқық-
тары жөнін-
дегі ұлттық
орталық (жи-
нақтау)
(келісім
бойынша),
ІІМ, Еңбек-
мині, БП
(келісім
бойынша),
ҰҚК (келісім
бойынша),
ЭСЖҚА
(келісім
бойынша),
СІМ, ДСМ,
Әділетмині

2007
жылғы
1-тоқсан

Қаржыландыру
талап
етілмейді

15.

Жалпы отырыста
адамдар сауда-
сына байланыс-
ты қылмыстық  
істерді тергеу
кезінде туын-
дайтын мәселе-
лерді қарау,
сот практика-
сын қорыту,
сондай-ақ олар
бойынша тиісті
түсіндірмелер
беру үшін
Жоғарғы Сотқа
жүгінуді прак-
тикаға енгізу

ҚР
Жоғарғы
Сотына
өтініш

ІІМ, ҰҚК
(келісім
бойынша),
БП (келісім
бойынша),
ЭСЖҚА

2007-2008
жылдар

Қаржыландыру
талап
етілмейді

16.

Адамдар сауда-
сына қарсы
күрес саласын-
дағы қызметті
жүзеге асырушы
ҮЕҰ-ға мемле-
кеттік әлеу-
меттік тапсы-
рыс шеңберінде
көмек көрсету

Ақпарат-
тық, кон-
сульта-
циялық,
әдістеме-
лік,
ұйымдас-
тырушылық
-техника-
лық қол-
дау, жо-
балар

Мәдениетми-
ні, Әділет-
мині, СІМ,
ІІМ, БҒМ,
Еңбекмині,
БП (келісім
бойынша),
ӘІОДСҰК
(келісім
бойынша),
облыстардың,
Астана және 
Алматы
қалаларының
әкімдері

тұрақты

Мемлекеттік
әлеуметтік
тапсырыс
шеңберінде
республика-
лық, жергі-
лікті бюд-
жеттер

      Ескерту: Мәдениетмині - Мәдениет және ақпарат министрлігі; ІІМ - Ішкі істер министрлігі; СМ - Сыртқы істер министрлігі; ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі; ҰҚК - Ұлттық қауіпсіздік комитеті; Еңбекмині - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі; Әділетмині - Әділет министрлігі; БҒМ - Білім және ғылым министрлігі; ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия; ЭСЖҚА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы); ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі; Қаржымині - Қаржы министрлігі; БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары; ҮЕҰ - Үкіметтік емес ұйымдар; ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы; ЕҚЫҰ - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы; ХКҰ - Халықаралық көші-қон ұйымы; ДИАҚБ - Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады