Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Эстония Республикасының Yкiметi арасындағы Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамыту туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі N 267 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берiлiп отырған 2004 жылғы 2 маусымда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Эстония Республикасының Үкiметi арасындағы Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамыту туралы келiсiм бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Эстония Республикасының Yкiметi арасындағы Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамыту туралы келiсiм

(2006 жылғы 9 маусымда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Эстония Республикасының Үкiметi (бұдан әрi - Тараптар),
      бостандықтың, демократияның, заң үстемдiгiнiң, адам құқықтарын сыйлаудың, ар-ұждан және дiнге сенiм бостандығының, дербестiгiн таныту еркiндiгiнiң құндылықтарын ұстануды дәлелдей отырып,
      мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық Тараптар мемлекеттерi халықтарының арасында достық пен өзара түсiнiстiктi дамытуға ықпал ететiндiгiне сенiм бiлдiре отырып,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Тараптар жеке тұлғаны сыйлау, сөз бостандығын, дiн мен ар-ұжданның, заңның басымдылығы, рухани және мәдени құндылықтарды тану негiзiнде мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға және тереңдетуге ерекше мән беретiн болады.

  2-бап

      Тараптар осы Келiсiмнiң мақсаттарына жетуге және Тараптар мемлекеттерiнiң халықтарын өзара жақындастыруға ықпал ететiн, мемлекеттiк, қоғамдық және жеке институттар, ұйымдар мен бiрлестiктер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың бастамалары мен нысандарын қолдайтын болады.

  3-бап

      Мәдени ынтымақтастықты дамыту мен нығайту мақсатында Тараптар өзаралық қағидаттар негiзiнде:
      - мәдениет, әдебиет және өнер қайраткерлерiмен, көркем және шығармашылық ұжымдармен, әртiстермен алмасуды;
      - мәдениет пен өнер фестивальдерiн, көркемдiк көрмелердi ұйымдастыру мен өткiзудi;
      - театр және музыкалық шығармаларды қою мен орындауды;
      - мұражай iсi мен тарихи-мәдени мұраны сақтау саласындағы ынтымақтастықты;
      - әдеби шығармаларды, музыкалық жазбалар мен партитураларды аудару мен жариялауды;
      - кино өнерi саласындағы ынтымақтастықты, кинофестивальдер өткiзудi, сондай-ақ бiрлесiп фильм шығаруды;
      - мәдени-тарихи мұраларды, мұрағат және кiтапхана қорларын, ақпараттық және ғылыми-техникалық деректердi Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес қол жеткiзу мен еркiн пайдалануды көтермелейтiн және қолдайтын болады.

  4-бап

      Тараптар заңды және жеке тұлғалардың авторлық құқықтарын Тараптар мемлекеттерiнiң аумағындағы ұлттық заңнама талаптарына және өздерi қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес қорғайтын болады.

  5-бап

      Тараптар бiлiм саласында ынтымақтасатын және:
      - лекциялар мен ғылыми зерттеулер жүргiзу үшiн оқытушылармен, тағылымдамадан өтушiлермен, аспиранттармен және басқа да мамандармен алмасуға;
      - мүмкiндiгiнше оқу орындарында оқу және тағылымдамадан өту үшiн орындар мен стипендиялар беруге;
      - студенттер және оқушылармен алмасуға;
      - екi ел халықтарының тiлi мен әдебиетiн, тарихы мен мәдениетiн зерделеуге, өз мемлекеттерiнiң тарих, мәдениет, география, экономика және қоғамдық-саяси даму жөнiндегi оқу курстары мен құралдарында объективтi көрсету iсiнде, оның iшiнде тиiстi құжаттармен және материалдармен алмасу жолымен өзара iс-қимыл жасауға жәрдемдесетiн болады.

  6-бап

      Тараптар оқу орындары мен ғылыми ұйымдар арасында байланыстар орнату, ғалымдармен және ақпаратпен алмасу, сондай-ақ бiрлескен зерттеу жобаларын iске асыру арқылы бiлiм және ғылым саласындағы өзара тиiмдi ынтымақтастықты қолдайтын және көтермелейтiн болады. 

  7-бап

      Тараптар теледидар, радио және баспасөз ұйымдары арасындағы ынтымақтастық пен тiкелей байланыстарға мынадай жолдармен жәрдемдесетiн болады:
      - Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына қайшы келмейтiн радио және теледидар бағдарламаларымен алмасу;
      - Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына қайшы келмейтiн ақпараттық агенттiктер, газеттер мен журналдар редакциялары арасындағы байланыстар;
      - журналистермен және мамандармен алмасу, кездесулер мен семинарлар өткiзу.

  8-бап

      Тараптар баспа қызметi, полиграфия және кiтап саудасы саласындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесетiн болады.

  9-бап

      Тараптар денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастыққа мынадай бағыттар бойынша жәрдемдесетiн болады:
      - денсаулық сақтауды ұйымдастыру және аурулардың алдын-алу;
      - бiрлескен ғылыми зерттеулер мен консультациялар өткiзу;
      - медициналық-техникалық ақпаратпен алмасу;
      - оқу орындары мен ғылыми орталықтар арасында тiкелей байланыстар орнату;
      - мамандармен және студенттермен алмасу.

  10-бап

      Тараптар спорт саласындағы ынтымақтастықты дамытуды мыналарды қолдай отырып көтермелейтiн болады:
      - спорттық объектiлердi жобалау, жарақтандыру, пайдалану саласында мамандармен алмасу;
      - жарыстар мен басқа да спорттық iс-шараларды ұйымдастыру;
      - делегациялармен, командалармен, спортшылармен және жаттықтырушылармен алмасу.

  11-бап

      Тараптар балалар, жастар қоғамдық бiрлестiктерiнiң қызметi, мемлекеттiк жастар саясатының бағыттары туралы ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады, өз мемлекеттерiнiң жастар ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етедi.

  12-бап

      Осы Келiсiмдi iске асыру жөнiндегi Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдары мыналар болып табылады:
      Қазақстан тарапынан:
      - Мәдениет министрлiгi - мәдениет және жастар мәселелерi бойынша,
      - Ақпарат министрлiгi - бұқаралық ақпарат құралдары мәселелерi бойынша,
      - Бiлiм және ғылым министрлiгi - бiлiм және ғылым мәселелерi бойынша,
      - Денсаулық сақтау министрлiгi - денсаулық сақтау мәселелерi бойынша,
      - Туризм және спорт жөнiндегi агенттiк - спорт мәселелерi бойынша;
      Эстон тарапынан:
      - Мәдениет министрлiгi - мәдениет және спорт мәселелерi бойынша,
      - Бiлiм және ғылым министрлiгi - бiлiм, ғылым және жастар мәселелерi бойынша.
      Құзыреттi мемлекеттiк органдардың атауы немесе олардың функциялары өзгерген жағдайда Тараптар бiр-бiрiн дипломатиялық арналар бойынша хабардар етедi.

  13-бап

      Тараптар Келiсiмге тиiстi ынтымақтастық бағдарламаларын 2-3 жылға қабылдай алады.

  14-бап

      Осы Келiсiмде көзделген қызметтiң барлық түрлерi Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасына және Тараптардың мемлекеттерi қатысушылар болып табылатын халықаралық келiсiмдер мен конвенцияларға сәйкес келуi және жүзеге асырылуы тиiс.

  15-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша оның ажырамас бөлiктерi болып табылатын жекелеген Хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

  16-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптар басқа халықаралық шарттарға сәйкес қабылдаған құқықтар мен мiндеттемелердi қозғамайды.

  17-бап

      Егер әрбiр жекелеген жағдайда шығындарды қаржыландырудың өзгеше тәртiбi айтылмаған болса, әрбiр Тарап осы Келiсiмдi iске асыруға байланысты барлық шығыстарды дербес алады.

  18-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдану немесе түсiндiру кезiнде туындауы мүмкiн даулар мен келiспеушiлiктер Тараптардың келiссөздерi мен консультациялары жолымен шешiлетiн болады.

  19-бап

      Осы Келiсiм Тараптар оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптардың бiреуi екiншi Тараптың кезектi мерзiм аяқталғанға дейiн кемiнде алты ай iшiнде оның қолданылуын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарламасын алмаса, өздiгiнен келесi бесжылдық кезеңге ұзартылады.
      Егер Тараптар өзгеше келiспеген болса, осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату оның қолданылуы барысында бекiтiлген бағдарламаларды жүзеге асыруға кедергi келтiрмейдi.
      2004 жылғы 2 маусымда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, эстон және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң бiрдей күшi бар. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер болған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

       Қазақстан Республикасының       Эстония Республикасының
          Yкiметi үшiн                     Yкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады