Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі N 272 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 27 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.02.2015 № 27 қаулысымен.

      2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкін құру туралы келісіммен бекітілген Еуразия даму банкі Жарғысының 13 және 14-баптарын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Еуразия даму банкінің Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.07.15 № 717 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
      2) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Әсет Өрентайұлы Исекешев Еуразия даму банкінің Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің орынбасары болып тағайындалсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.29 N 432 ; 2008.02.01; N 85 ; 2009.06.29 N 1001; 23.12.2013 N 1384 қаулыларымен.

      2. Ресей Федерациясының Еуразия даму банкі басқармасының төрағасы лауазымына белгіленген тәртіппен сайлау үшін Игорь Валентинович Финогеновті тағайындау туралы ұсынысына келісім берілсін.

      3. Осы қаулы Еуразия даму банкін құру туралы келісім күшіне енген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады