"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459 Жарлығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 297 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459 Жарлығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2004 жылғы 11 қазандағы N 1459 Жарлығына
өзгерiстер мен толықтыру енгізу туралы

      Бiлiм беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесiн жетiлдiру, сондай-ақ бiлiм алушылардың жетістіктерiн "РISA" халықаралық салыстырмалы зерттеулерге неғұрлым сапалы дайындау мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. "Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 39, 516-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзілсiн:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында бiлім берудi дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында:
      "Бағдарламаны iске асырудан күтілетiн нәтижелер және оның индикаторлары" деген 7-бөлiмде:
      "Бiрiншi кезең (2005 - 2007 жылдар)" деген кiшi бөлiмде:
      жиырма алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2010 жылға дейiн 6238 бiлiм беру ұйымы лингафон және мультимедиа кабинеттерiмен қамтамасыз етілетiн болады, бұл оқушылардың тiлдiк дайындығын жақсартуға ықпал ететiн болады.";
      қырық үшiншi абзацтағы соңғы сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсіптiк бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқыту үшiн жыл сайын Қазақстанның 3 мың азаматы үздiк шетелдiк жоғары оқу орындарына жiберілетiн болады.";
      жетпiсiншi абзац алынып тасталсын;
      "Екiншi кезең (2008-2010 жылдар)" деген кiшi бөлiмде:
      он жетiншi абзац "Қазақстан" деген сөзден кейiн "РISA," деген аббревиатурамен толықтырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады