Қазақ ССР Министрлер Кеңесiнiң және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерінің күшi жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 307 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақ ССР Министрлер Кеңесiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2006 жылғы 21 сәуірдегі
N 307 қаулысына  
қосымша      

 Қазақ ССР Министрлер Кеңесiнiң және Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақ ССР Министрлер Кеңесiнiң жанындағы авариялар, апаттар және дүлей зілзалалар салдарларын жою жөнiндегi тұрақты төтенше комиссияны Қазақ ССР Министрлер Кеңесiнің төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиясы етіп қайта құру туралы" Қазақ ССР Министрлер Кеңесiнiң 1989 жылғы 24 қазандағы N 331 қаулысы.

      2. "Алматы халықаралық әуежайы" ашық акционерлiк қоғамының аэровокзалының өртенуiн тексеру жөнiнде Үкiмет комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 шiлдедегi N 957 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 шілдедегі N 957 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 шiлдедегi N 976 қаулысы.

      4. "Мемлекеттік субсидиялау мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 қыркүйектегi N 1000 қаулысы.

      5. "1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу жөнiндегi комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 1 қазандағы N 1014 қаулысы.

      6. "Мемлекеттiк органдардың нысанды киiм-кешектерi мен нышандары жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қарашадағы N 1230 қаулысы.

      7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 1 қазандағы N 1014 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 31 қаңтардағы N 76 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады