Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 312 Қаулысы

      Тәжiкстанның оңтүстiгi мен солтүстiгiнде 2005 жылғы маусымда болған табиғат апаты зардаптарын жою үшiн Тәжiкстан Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне Тәжiкстан Республикасына iзгiлiк көмек көрсету үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнен 20000 (жиырма мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен көрсетiлген қаражатты Тәжiкстан Республикасының "Амонатбонк" мемлекеттiк жинақ банкiнде Тәжiкстан, Душанбе ашылған N 20206840000132101000 арнайы банк шотына аударуды қамтамасыз етсiн. Алушы - Тәжiкстан Республикасы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс министрлiгi.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады