"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ойын бизнесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі N 339 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ойын бизнесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнің қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ойын бизнесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2001 жылғы 30 қаңтардағы  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N  11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж. N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; 2006 жылғы 15 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы; 2006 жылғы 10 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 11 наурызда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне адамды саудаға салуға қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 2 наурыздағы  Заңы ):
      1) 338-бапта:
      бiрiншi бөлiкте "екiден беске" деген сөздер "екi жүзге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жиырма бiр жасқа дейiнгi адамдарды ақша, зат және өзге де құндылықтар салып құмар ойындары және (немесе) бәс тiгумен айналысуға тарту және рұқсат ету -
      айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүз мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      2) мынадай мазмұндағы 338-1-баппен толықтырылсын:
      "338-1-бап. Ойын бизнесi саласындағы заңнама талаптарын сақтамағаны үшiн жауапкершiлiк
      1. Тотализатордың, букмекер кеңсесiнiң тұрғын үйлiк емес қордың бөлек тұрған ғимараттарында, тотализатордың, букмекер кеңсесiнiң мемлекеттiк органдардың, бiлiм, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, сондай-ақ әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында және басқа да қоғамдық орындарда орналасуы туралы талаптарды сақтамауы -
      лауазымды адамдарға екi жүз, орта кәсiпкерлік субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Құмар ойындарын ойын бизнесi саласындағы заңнамада белгiленген орындардан тыс орындарда ұйымдастыру және өткiзу -
      лауазымды адамдарға екi жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мың айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Ойын автоматына технологиялық енгiзiлген ұтыс пайызы бойынша талаптарды сақтамау -
      лауазымды адамдарға екi жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Ойын бизнесiн ұйымдастырушының мiндеттi резервтердi қалыптастыру, орналастыруды қамтамасыз ету және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалатын тәртiппен және шарттарда пайдалану бойынша шарттарды орындамауы -
      лауазымды адамдарға екi жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Ойын автоматтарын немесе олардың бөлшектерiн қабырғаға, терезе мен есiк өтпелерiне монтаждау -
      лауазымды адамдарға екi жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектілерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Ойын бизнесiн ұйымдастырушының заңнамада санамаланбаған ойын бизнесi саласындағы қызмет түрлерiн жүзеге асыруы, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-казино ұйымдастыру және өткiзу -
      лауазымды адамдарға екi жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Ойын бизнесiн ұйымдастырушының кассалар мен казиноның ойын жайларын бейне таспаға жазу жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi талаптарды сақтамауы -
      лауазымды адамдарға екi жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Бiр казинода кемiнде жиырма ойын үстелiн, ойын автоматтары  залында кемiнде елу ойын автоматын орнату жөнiндегi талаптарды сақтамау -
      лауазымды адамдарға екi жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз, iрi кәсiпкерлік субъектілерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мың айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Ойын бизнесiн ұйымдастырушының Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес ойын автоматтарын, оларды тестілеу және сертификаттау туралы талаптарын бұзуы -
      лауазымды адамдарға екi жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр мың айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Осы баптың жоғарыда көрсетiлген бөлiктерiнiң бiрiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер -
      лауазымды адамдарға үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      3) 541-баптың бiрiншi бөлiгiнде "338 (бiрiншi бөлігінде)," деген сөздерден кейiн "338-1," деген цифрлармен толықтырылсын;
      4) 636-баптың бiрiншi бөлiмiнiң 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "ойын бизнесi саласындағы уәкілеттi органның (338 (бiрiншi бөлiгi), 338-1-баптар);".
      2. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы  Кодексiне  (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат;  N 20, 116-құжат; N 23, 140-құжат, 142-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; 2006 жылғы 15 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы):
      1) 10-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы: "түрдегi табыстардың" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ құмар ойындарында және (немесе) бәс тiгуде алынатын мүлiктiк пайда түрiндегi кiрiстердiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 60-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
      "10. Ойын бизнесi салығы.";
      3) 77-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Ойын бизнесi салығын төлеушiлер ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асырудан түскен кiрiстер бойынша корпоративтiк табыс салығын төлеушiлер болып табылмайды.";
      4) 148-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi "көрсетiлген кiрiстердi" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ құмар ойындарында және (немесе) бәс тiгуде алынатын мүлiктiк пайда түрiндегі кiрiстердi" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 211-баптың 3-тармағының 6) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының меншiгіне беруi," деген сөздерден кейiн ";" қойылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыру бойынша айналым";
      6) 255-баптағы "тiзбесi осы Кодекстің 257-бабында анықталған қызмет түрлерiне" деген сөздер "осы Кодекстiң 257-бабында көрсетiлген қызмет түрiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 256-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "акцизделетiн түрлерiн" деген сөздер "акцизделетiн түрiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 257-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы алынып тасталсын;
      9) 258-баптың 4-тармағы алынып тасталсын;
      10) 259-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алынып тасталсын;
      11) 266-бап алынып тасталсын;
      12) 269-баптың 2-тармағы алынып тасталсын;
      13) 271-баптың 6-тармағы алынып тасталсын;
      14) мынадай мазмұндағы 14-1-бөлiммен толықтырылсын:
      "14-1-бөлiм. Ойын бизнесi салығы
      62-1-тарау. Ойын бизнесi салығы
      367-1-бап. Төлеушiлер
      Мыналар:
      1) казино;
      2) ойын автоматтары залы;
      3) тотализатор;
      4) букмекерлiк кеңсе қызметтерiн көрсету бойынша қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар ойын бизнесiне арналған салықты төлеушiлер болып табылады.
      367-2-бап. Салық салу объектiсi
      Мынадай ойын жабдықтары:
      1) ойын үстелi;
      2) ойын автоматы;
      3) тотализатор кассасы;
      4) букмекер кеңсесiнiң кассасы ойын бизнесiне салық салу объектiсi болып табылады.
      367-3-бап. Салық ставкалары
      Ойын бизнесiне салықты есептеу салық салу объектiсiнiң бiрлiгiне мынадай ставкалар бойынша жүргiзiледi:
      ойын үстелi - тоқсанына 2 500 айлық есептiк көрсеткiш;
      ойын автоматы - тоқсанына 88 айлық есептiк көрсеткiш;
      тотализатор кассасы - тоқсанына 375 айлық есептiк көрсеткiш;
      букмекер кеңсесiнiң кассасы - тоқсанына 225 айлық есептiк көрсеткiш.
      367-4-бап. Салық кезеңi
      Ойын бизнесiне салықты есептеу және төлеу үшiн салық кезеңi тоқсан болып табылады.
      367-5-бап. Салықты төлеу мерзiмi мен тәртiбi
      1. Салық кезеңi үшiн төленуге тиiстi ойын бизнесiне салық осы Кодекстiң 367-2-бабында белгiленген әрбiр салық салу объектiсiне тиiстi салық ставкасын қолдану жолымен анықталады.
      2. Ойын бизнесiне салық есептi салық кезеңiнен кейiнгі айдың 20-сы күнiнен кешiктiрмей салық салу объектілерiнiң тiркелген орны бойынша бюджетке төленуге тиiс.
      367-6-бап. Салық есептілігiн ұсыну
      Салық төлеушiлер салық салу объектiлерiнiң тiркелген орны бойынша салық органдарына ойын бизнесiне салық бойынша декларацияны есептi салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-i күнiнен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi.
      367-7-бап. Ойын бизнесiне салықты төлеушiлердiң қосымша төлемi
      1. Қосымша төлем ойын бизнесi саласындағы қызметтен алынған табыс осы баптың 2-тармағында белгiленген кiрiстiң шектi сомасынан асып кеткен жағдайда есептеледi.
      2. Салық кезеңiнде ойын бизнесiне салықты төлеушiлер үшiн кiрiстiң шектi мөлшерi:
      казино қызметiнен - 135 000 айлық есептiк көрсеткiштi;
      ойын автоматтары залы қызметiнен - 25 000 айлық есептiк көрсеткiштi;
      тотализатор қызметiнен - 2 500 айлық есептiк көрсеткiштi;
      букмекер кеңсесiнiң қызметiнен - 2 000 айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.
      367-8-бап. Қосымша төлемдi есептеу және төлеу тәртiбi
      1. Қосымша төлем кiрiстiң шектi мөлшерiнiң асып кету сомасына 30 пайыз мөлшерiндегi ставканы қолдану жолымен есептеледi және есептi салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сы күнiнен кешіктiрмей төленуге тиiс.
      2. Ойын бизнесiне салықты төлеушiлер ойын бизнесi саласындағы қызметтің бiрнеше түрiн жүзеге асырған кезде қосымша төлем ойын бизнесi саласындағы әрбiр қызмет түрiнен алынған кiрiстен бөлек есептеледi.";
      15) 391-баптың 2), 3), 5), 8), 10) тармақшалары алынып тасталсын;
      16) 391-баптың 6) тармақшасында ", соның iшiнде құмар ойындар" деген сөздер алынып тасталсын;
      17) 392-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алынып тасталсын;
      18) 393-баптың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
      19) 438-бапта:
      1-тармақ "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес" деген сөздерден кейiн "және осы тарауда көзделген өзге де жағдайларда" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта "заң актiсiнде" деген сөздер "заңнамалық актілерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) 440-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "және лицензиарға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi" деген сөздер алынып тасталсын, "Қазақстан Республикасының" деген сөздердiң алдынан "осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензия алушы (алған) төлеушiлер үшiн лицензиялық алымның мөлшерi:
      казино үшiн - жылына 3 845 айлық есептiк көрсеткiштi;
      ойын автоматтары залы үшiн - жылына 3 845 айлық есептiк көрсеткiштi;
      тотализатор мен букмекер кеңсесi үшiн - жылына 640 айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.";
      2-тармақта:
      бiрiншi бөлiк "бюджетке" деген сөзден кейiн "лицензиарға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензия алған төлеушiлер алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылғы 20 қаңтарға дейiн төлейдi.
      Лицензия алушы төлеушiлер ойын бизнесi саласындағы қызметті жүзеге асырудың бiрiншi жылы алым сомасын лицензиарға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төлейдi.";
      21) 531-бапта:
      3-тармақтың төртiншi бөлігi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Объектiлердi есепке алуды тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтер өзгерген кезде, салық төлеушi салық салу объектілерiнiң жалпы саны өзгергенге дейiн он жұмыс күнiнен бұрын объектiлердi есепке алуды тiркеу карточкасына тиiсті өзгерiстер енгiзу үшiн тиiстi салық органына салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi қайта тiркеу туралы өтiнiш береді.";
      мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыруды тоқтатқан кезде, сондай-ақ салық салу объектiлерiнiң жалпы саны шығып қалған кезде объектілердi есепке алатын тiркеу карточкасы қызметтi жүзеге асыру тоқтаған, салық салу объектiлерi шығып қалған сәттен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық органына тапсырылуға тиiс.";
      22) 546-баптың 1-тармағы екiншi бөлiгінiң 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыратындарының;".
      3. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат, N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж. N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; 2006 жылғы 15 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсiпкерлік мәселелерi  бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы):
      1) 46-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-2) ойын бизнесiне салық;";
      2) 48-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "ойын бизнесiне;" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) 49-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "ойын бизнесiне;" деген сөздер алынып тасталсын.
      4. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N  13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721-727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24,  38-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат; N 10,  54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16,  91-құжат; N 17, 98-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 11, 37-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат):
      1) 4-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы "операциясын жүргізуге" деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасында белгiленген мерзiм шегiнде ойын бизнесi саласындағы қызмет түрлерiмен айналысуға" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 15-бап мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      "Ойын бизнесi саласындағы қызметке лицензиялар берудiң шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасында белгiленедi.";
      3) 18-баптың екiншi бөлiгi "лицензия беру" деген сөздерден кейiн "ойын бизнесi саласындағы қызметтi лицензиялауды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 19-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) Қарыз берушi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген біліктілiк талаптарына сәйкес келмесе;".

       2-бап.  Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады