"Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы директорлар кеңесiнiң құрамы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы N 347 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15 сәуiрдегi N 286 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен қосымшаға сәйкес құрамда "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамының директорлар кеңесiн сайлауды қамтамасыз етсiн;
      екi ай мерзiмде үшiншi тәуелсiз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгiзсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                  Үкiметiнiң
                                             2006 жылғы 2 мамырдағы
                                                 N 347 қаулысына
                                                        қосымша

       "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы
               директорлар кеңесiнiң құрамы

Школьник               - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Владимир Сергеевич       сауда министрі

Сұлтанов               - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы        бюджеттік жоспарлау министрі

Жәмішев                - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Дунаев                 - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік
Арман Ғалиасқарұлы       қоғамы басқармасының төрағасы

Мирчев                 - тәуелсiз директор
Александр Васильевич     

Ертілесова             - Қазақстан Республикасы
Жаннат Жұрғалиқызы       Премьер-Министрінің
                         штаттан тыс кеңесшісі

Михаэль Ноймайр        - тәуелсіз директор

Марк Лоранс Хольцман   - тәуелсіз директор

Ульф Вокурка           - тәуелсіз директор

      Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.14
N 865 , 2007.02.03 N 80 , 2007.03.26 N 229 , 2007.09.12 N 797 ,
2007.09.24 N 829 , 2008.03.28 N 298 , 2008.09.08 N 826 Қаулыларымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады