"Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" және "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамдарының кейбiр мәселелерi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 мамырдағы N 362 Қаулысы.

      Қолданушылар назарына: Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.12. N 1048 Қаулысымен).

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 602 қаулысымен.

      2) "Акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындарды, акционерлiк қоғамдарды және олардағы мемлекеттiк қатысу үлестерiнiң мөлшерi қатысушылардың жалпы жиналысының шешiмiн анықтауға мемлекетке мүмкiндiк беретiн жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердi оңтайландыру мақсатымен олардың әкiмшiлiк шығыстарының мониторингiн жүргiзу тетiгiн анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 ақпандағы N 145 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж. N 7, 73-құжат):

      1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "акционерлiк қоғамдар" деген сөздердiң алдынан "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" және "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамдарынан басқа," деген сөздермен толықтырылсын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 602 қаулысымен.

      3. Осы қаулы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117 қаулысының 8-тармағы орындалғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады