"Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 мамырдағы N 369 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі                                                          Жоба

      

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Жер кодексiне өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы   Жер кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) 92-баптағы "неғұрлым ұзақ" деген сөздер "өзге" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 94-баптың 2-тармағындағы "талап-арыз" деген сөздерден кейiн "егер заңнамалық актiлерде өзге мерзiм көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын.
       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады