"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2005 жылғы есепті бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 мамырдағы N 391 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2005 жылғы есепті бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен
пайдаланылуы туралы 2005 жылғы есепті бекіту туралы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 130-бабына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2005 жылғы есеп бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2006 жылғы 1 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2005 жылғы есеп пен аудитті жүргізу нәтижелері туралы ақпараттың бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланылуын және ақпарат ретінде Парламентке ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы  
Президентінің        
2006 жылғы         
N   Жарлығымен      
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы
мен пайдаланылуы туралы 2005 жылғы есеп Астана - 2006 жыл

Мазмұны

1-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оны пайдалану туралы 2005 жылғы есеп

2-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы 2005 жылғы есеп

3-бөлім. 2005 жылғы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын Басқару жөніндегі өзге де деректер

          1-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
     түсімдері және оны пайдалану туралы 2005 жылғы есеп

                                                         мың теңге

Р/с
N

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы

Сомасы

1.

Қордың есепті кезеңнің басындағы қаражаты

667 022 245*

2.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына түсімдер:
шикізат секторы ұйымдарынан олардың жылдық
көлемдерінен республикалық бюджетке түсетін
нақты түсімдерден асуы ретінде айқындалатын
республикалық бюджеттің ресми трансферттері:
  заңды тұлғаларға салынатын корпоративтік
  табыс салығы;
  қосылған құн салығы;
  үстеме пайдаға салынатын салық;
  бонустар;
  роялтилер;
  жасалған келісім-шарттар бойынша өнімді бөлу
  жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі;
шикізат секторы ұйымдарынан республикалық
бюджетке түсетін республикалық бюджетте
жоспарланған түсімдер сомасының он пайызы
мөлшерінде есептелетін республикалық
бюджеттің ресми трансферттері;
республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру
салаларына жататын мемлекеттік мүлікті
жекешелендіруден түскен түсімдер есебінен
айқындалатын республикалық бюджеттің ресми
трансферттері;
ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелерін
сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын
жергілікті бюджеттің ресми трансферттері;
Қорды басқарудан түскен инвестициялық
кірістер;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым
салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер.

413 713 744
 
 
 
 

        262 772 565
-
-
-
67 491 450
 
  13 371 400
 
 
 

      13 657 725
 

    9 793 000
 
 

    2 172 136

44 455 468

-

3.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының пайдаланылуы:
республикалық бюджет шығындарын өтеу;
мақсатты трансферттер
Қорды басқару мен жыл сайынғы аудитті өткізуге
байланысты шығыстарды жабу

724 981
 
 

    724 981

4.

Қордың есепті кезеңнің аяғындағы қаражаты:

1 080 011 008*

       Ескерту:
      * 2005 жылдың басындағы және соңындағы сальдо Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есептелген және кейінге қалдырылған шығыстарының сомаларын (жыл басында 480 894 мың теңге және жыл соңында 1088710 мың теңге мөлшерінде) және айырма мен сыртқы аудитор "Эрнст Янг" ЖШС жасаған еткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасы - 50 326 мың теңге есепке алынбай көрсетілген. Жыл басындағы сальдоға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына өтелуге жататын, сенімгерлік басқару бойынша операциялық шығыстар болып табылатын 376 мың теңге кіреді. Осы ауытқулар есептеу әдісімен және кассалық әдіспен шығыстар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асырған кезде туындайтын айырмамен түсіндіріледі.

  2-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің қызметі туралы есеп

                                                          1-нысан

       Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін
     сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы
                 Ұлттық Банкінің теңгерімі

                                                         мың теңге

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің теңгерімі

2005 жыл

2004 жыл

Активтер
Ақша және оның баламалары

Туынды қаржы құралдарын қоспағанда,
пайда немесе шығын арқылы әділ құн
бойынша ескерілетін қаржы құралдары

Туынды қаржы құралдары

Дебиторлық берешек


 

  29 180 345

1 052 050 955
 
 

    2 164 939

336 573


 

  24 927 708

654 915 582
 
 

    1 810 557

111 505

Активтер, барлығы

1 083 732 812

681 765 352

Міндеттемелер
Туынды қаржы құралдары

Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар


 

  1 421 811
 

  3 389 130


 

  6 098 200
 

  9 126 228

Міндеттемелер, барлығы

4 810 941

15 224 428

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына енгізілген таза активтер

1 078 922 247

666 540 924

Таза активтер

1 078 922 247

666 540 924

                                                          2-нысан

        Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін
      сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы
       Ұлттық Банкінің кірістері мен шығыстары туралы есеп

                                                         мың теңге

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару жөніндегі кірістер мен шығыстар

2005 жыл

2004 жыл

Кірістер

Сыйақы түріндегі кірістер

Дивидендтер түріндегі кірістер

Форвардтық валюталық келісім-шарттарды
қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы
әділ құн бойынша ескерілетін қаржы
құралдарынан түсетін кіріс

Туынды қаржы құралдарынан түсетін таза
кірістер (шығындар)

Шетел валюталарынан қайта түсетін таза
кірістер (шығындар)

  20 778 979

3 376 704

28 082 011
 

    25 242 816
 

  (51 898 589)

  13 635 040

2 473 724

16 392 410
 

    (12 028 399)
 

  22 055 841

Кірістер, барлығы

25 581 921

42 528 616

Шығыстар

Активтерді басқарғаны үшін комиссия

Кастодиандық қызметтерге ақы төлеу
бойынша шығыстар

Кәсіби қызметтерге ақы төлеу бойынша
шығыстар

Бағдарламалық өнімдерді және ақпараттық
дерекқорды пайдаланғаны үшін ақы төлеу
бойынша шығыстар

  1 206 880

94 292
 

  13 000

  18 249

  556 808

101 418
 

  12 595

  18 638

Шығыстар, барлығы

1 332 421

689 459

Таза кіріс

24 249 500

41 839 157

                                                        3-нысан

       Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін
     сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы
         Ұлттық Банкінің ақша қозғалысы туралы есептер

                                                         мың теңге

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақша қозғалысы

2005 жыл

2004 жыл

Операциялық қызметтен түскен ақша
қозғалысы

Таза кіріс
Түзетулер:
Пайда немесе шығын арқылы әділ құн
(бойынша ескерілетін қаржы
құралдарынан болатын шығын/(кіріс)


 

    24 249 500

7 239 941


 

    41 839 157

(34 824 747)

(Операциялық активтер мен міндеттемелердегі өзгерістерге дейінгі операциялық қызметтен болатын ақша қозғалысы

31 489 441

7 014 410

Операциялық активтердің азаюы (ұлғаюы):
туынды қаржы құралдарынан басқа,
пайда немесе шығын арқылы әділ құн
бойынша ескерілетін қаржы құралдары

туынды қаржы құралдары

дебиторлық берешек

Операциялық міндеттемелердегі ұлғаю (азаю):

туынды қаржы құралдары

кредиторлық берешек және есептелген шығыстар

  (390 597 288)

  (1 924 406)

225 069
 

    1 989 157

(5 737 098)

  155 911 481

  156 121

1 583 112
 

    (1 760 914)

5 258 170

Операциялық қызметте ақшаны таза пайдалану

(365 005 639)

(154 176 922)

Қаржылық қызметтен болатын ақша қозғалысы

Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінен түсетін түсімдер

Ақшадағы және оның баламаларындағы таза ұлғаю (азаю)
Жыл басындағы ақша және оның
баламалары
Жыл соңындағы ақша және оның
баламалары


 

    369 258 276
 

  4 252 637
 
  24 927 708
 
  29 180 345


 

    152 839 430
 

  (1 337 492)

26 265 200

24 927 708

                                                         4-нысан

       Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін
     сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы
    Ұлттық Банкінің таза активтеріндегі өзгерістер туралы
                             есептер

                                                          мың теңге

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтеріндегі өзгерістер

Сомасы

2004 жылғы 1 қаңтардағы сальдо

527 917 412

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен 
түскен түсімдер

Таза кіріс

Валютаны қайта бағалаудың активтердің
бастапқы сальдосына әсері

Валютаны қайта бағалаудың таза кіріске әсері

152 839 430
 

  41 839 157

(52 052 320)
 

  (4 002 755)

2004 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо

666 540 924*

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен
түскен түсімдер

Таза кіріс

Валютаны қайта бағалаудың активтердің
бастапқы сальдосына әсері

Валютаны қайта бағалаудың таза кіріске әсері

369 258 276
 

  24 249 500

19 329 687
 

  (456 140)

2005 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо

1 078 922 247

  3-бөлім. 2005 жылғы Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын басқару жөніндегі өзге де деректер        1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері

       Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Қор) қаражаты 2005 жылғы 1 қаңтарға 667022245 мың теңгені құрады (666 540 924 мың теңге - есептеу әдісімен), 2005 жылдың соңына 1 080 011 008 мың теңгені құрады (1 078 922 247 мың теңге - есептеу әдісімен).
      2005 жылы Қорға түскен түсімдердің едәуір үлесі шикізат секторы ұйымдарынан олардың жылдық көлемінен республикалық бюджетке түсетін іс жүзіндегі түсімдерден асып түсу ретінде айқындалатын республикалық бюджеттің ресми трансферттері - 343635415 мың теңге, шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін түсімдердің жоспарланған сомасының он пайызы мөлшерінде есептелетін республикалық бюджеттің ресми трансферттері - 13657725 мың теңге, республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түскен түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттің ресми трансферттері - 9 793 000 мың теңге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын жергілікті бюджеттің ресми трансферттері - 2 172 136 мың теңге есебінен қалыптасты.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 наурыздағы N 369А қаулысымен бекітілген Жоспардан тыс салықтық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алынатын шикізат секторы ұйымдарының тізбелеріне "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ, "Торғай Петролеум" АҚ, "Теңізшевройл" ЖШС-ын тізбеге енгізу бөлігінде толықтырулар енгізілді.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қордың шотына шетел валютасында есептелген түсетін теңгені АҚШ долларына айырбастауды кезең-кезеңмен жүргізіп отырды.
      Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі N 1641 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлданды, онда теңдестірілген бюджет әдісі бөліп көрсетіледі. Осы әдіске сәйкес Ұлттық қордан бюджетке қаражаттың түсуі кепілдік берілген трансферттер арқылы жүзеге асырылатын болады.
      Сондай-ақ Тұжырымдамада Қорды пайдаланудың мақсаты мен бағыты айқындалды, қор жинау шегі (немесе оның болмауы) және активтерді таратудың мүмкін болатын салдарлары көрсетілді, айқындылығы атап көрсетілді, борышқа қызмет көрсету және қарыз алу саясаты айқындалды, бюджеттік даму бағдарламаларына жұмсалатын шығындарды Қордың кепілдік берілетін трансферттеріне неғұрлым дәл байланысы және теңдестірілген бюджет әдісінің сипаттамасы белгіленді.
      Бұдан басқа, Ұлттық Банк Басқармасының 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 167 қаулысына сәйкес»"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізілді.
      Ұлттық қордың мақсаттары мен міндеттерін халық арасында түсіндіру жөнінде жүйелі түрде жұмыс жүргізу шеңберінде мынадай іс-шаралар жүргізілді:
      "Эксперт-Казахстан" журналында»"Қаражат бойынша өмір сүру"» атты тақырыпта Қаржы министрінің сұхбаты жарияланды, онда Ұлттық қордың қаражатын жинақтау мен оны пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы жария етілді;
      Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінде "Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры" атты тақырыпта семинар өткізілді;
      Парламенттегі үкімет сағатында Ұлттық қордың жаңа тұжырымдамасына қатысты Қаржы министрінің сөйлеген сөзі туралы ақпарат "Хабар", "КТК", "31-арна", "Қазақстан", "Астана ТВ", "Эра ТВ" телеарналарында көрсетілді, сондай-ақ "Известия Казахстан", "Казахстанская правда" және "Экспресс-К" газеттерінде жарияланды;
      "Хабар" телеарнасының "Бетпе-бет" бағдарламасында "Ұлттық қордың қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың тұжырымдамасы" атты тақырыпта әңгіме жүргізілді;
      Алматы қаласында өткен "Жоғары экономикалық өсу кезеңінде қаржылық тұрақтылықты сақтау" атты халықаралық конференцияда "Ұлттық қордың қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың тетігі үлгісінде Қазақстанның мұнайға жоғары баға жағдайында шамадан тыс бюджет кірістерімен жұмыс тәжірибесі" деген тақырыпта сөз сөйленді.
      Бұдан басқа, Қордың қызметі туралы қажетті ақпарат, Қордың қызметін реттейтін есептер, нормативтік құқықтық актілер Қаржы министрлігінің web-сайтына ( www.minfin.kz ) орналастырылды.

       Шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке
               2005 жылғы түскен түсімдер

                                                         мың теңге

Атауы

2005 жылғы жоспар

Бюджетке есептелгені

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша шикізат секторы ұйымдары-заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы

79 827 320

302 795 790

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша шикізат секторының ұйымдары резидент заңды тұлғалардан алатын, төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы

3 686 310

8 853 367

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша шикізат секторының ұйымдары резидент емес заңды тұлғалардан алатын, төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы

23 531 000

58 168 038

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша шикізат секторының ұйымдарынан өндірілген шикізат тауарларына, көрсетілген қызметтерге қосылған құн салығы

0

0

Шикізат секторы ұйымдарынан (Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша заңды тұлғалардан) алынатын бонустар

0

0

Шикізат секторы ұйымдарынан (Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша заңды тұлғалардан) алынатын роялтилер

16 141 453

83 632 903

Жасалған келісім-шарттар бойынша шикізат секторы ұйымдарынан (Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша заңды тұлғалардан) алынатын өнімдерді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі

13 391 170

26 762 570

Республикалық бюджет бойынша жиыны

136 577 253

480 212 668

      "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 16 мамырдағы Заңымен шикізат секторы ұйымдарынан 136 577 253 мың теңге мөлшерінде түсетін кірістер түсімдерінің көлемі бекітілді.
      2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық бюджеттің кіріс бөлігіне шикізат секторы ұйымдарынан іс жүзінде 480 212 669 мың теңге түсті, оның 343 635 415 мың теңгесі (жоспардан тыс түсімдер) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Ұлттық қорға есептелді.

       2. Қордың шығыстары
      Қордың есебінен есепті кезеңде жалпы сомасы 724981 мың теңге Қорды басқаруға байланысты мынадай шығыстар төленді:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы N 655 қаулысымен мақұлданған Сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес Қорды сенімгерлік басқарғаны үшін сыйақы түрінде Ұлттық Банкке 164 322 мың теңге аударылды;
      кастодианның қызметтері үшін 82 018 мың теңге аударылды;
      сыртқы басқарушыларға сыйақы ретінде 455 345 мың теңге аударылды;
      сыртқы аудиттің 2004 жылғы қызметтері үшін 12 595 мың теңге аударылды;
      "Ваrrа International, Ltd" компаниясының ақпараттық қызметтері үшін 4703 мың теңге аударылды;
      "The Yield Book Inc" компаниясының қызметтері үшін 5 998 мың теңге аударылды.
      2006 жылдың басында жалпы сомасы 1 088 710 мың теңге мынадай шығыстар төлеуге есептелді:
      Қорды сенімгерлік басқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне комиссиялық сыйақы - 83522 мың теңге;
      кастодианның қызметтері - 69 935 мың теңге;
      сыртқы басқарушылардың қызметтері - 914 705 мың теңге;
      Қордың 2005 жылғы қызметі аудитінің қызметтері - 13 000 мың теңге;
      бағдарламалық өнімдерді пайдалану қызметтері мен ақпараттық қызметтер - 7 548 мың теңге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады