"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 21 қазандағы N 1461 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 419 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 21 қазандағы  N 1461 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 21 қазандағы N 1461 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы

        "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының iске асырылуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 21 қазандағы N 146I Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 527-құжат; 2005 ж., N 21, 244-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
       жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында тұрғын ұй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының iске асырылуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

      Школьник            - Қазақстан Республикасының Индустрия
      Владимир Сергеевич    және сауда министрi, төрағаның                                       орынбасары

      Коржова             - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi
      Наталья Артемовна

      Мұханов             - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
      Мақсат Нұрдәулетұлы   Әкiмшiлiгi Әлеуметтiк- экономикалық                                  талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi

      Палымбетов          - Қазақстан Республикасының Экономика
      Болат Әбiлқасымұлы    және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;

      көрсетiлген Мемлекеттiк комиссияның құрамынан: Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы, Дунаев Арман Ғалиасқарұлы, Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы, Келiмбетов Қайрат Нематұлы шығарылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
           Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады