"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 мамырдағы N 422 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                                                Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 11, 154-құжат; 1999 ж., N 8, 239-құжат; N 23, 925-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2003 ж., N 1-2, 13-құжат; 2004 ж., N 24, 142, 157-құжаттар; 2005 ж., N 23, 98-құжат):
      6-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшiн жүргiзiледi. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айды қоса төленедi.";
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "4. Жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.".
      2. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18; 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат, N 11, 39-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 37) тармақшамен толықтырылсын:
      "37) халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.";
      2) 5-баптың 2-тармағының төртiншi бөлiгiндегi "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "10-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн төлеу кезеңi Орталықтан зейнетақы төлемдерi өмiр бойына тағайындалады және қайтыс болған айын қоса жүзеге асырылады.";
      4) 15-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 18-баптың 2-тармағының 2-1) тармақшасы "салымшылардың" деген сөзден кейiн "(алушылардың)" деген сөзбен толықтырылсын;
      6) 19-бапта:
      1-тармақтағы "өткен" деген сөз "ағымдағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: 
      "4. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.";
      7) 41-баптың 2-тармағының 11-1) тармақшасы "жасасылған" деген сөзден кейiн "және қолданылуы тоқтатылған" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 50-бапта:
      1-тармақтың екiншi бөлiгi "зейнетақы қорлары" деген сөздерден кейiн "және Орталық" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ "қорларының" деген сөзден кейiн ", Орталықтың" деген сөзбен толықтырылсын;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) Орталыққа - мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар) дерекқорын қалыптастыру үшiн;";
      9) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "53-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi
      Зейнетақы активтерiн  инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерiне қойылатын талаптар "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.".
      3. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуiрдегi  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 8, 238-құжат; N 23, 925-құжат; 2000 ж., N  23, 411-құжат; 2001 ж., N  2, 14-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2004 ж., N 24, 157-құжат; 2005ж., N 23, 98-құжат):
      1) 4-бапта:
      1) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Президентінің" деген сөздер алып тасталсын, "заң күшi бар Жарлығының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Заңының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) бiрге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның iшiнде жалпы орта бiлiм беретiн, жоғары және орта кәсiптiк оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында оқитын, олар кәмелеттiк жасқа толғаннан кейiн өздерi оқу орнын бiтiретiн уақытқа дейiн бiрге тұратын (бiрақ 23 жасқа толғанға дейiн) балалары бар көп балалы отбасылар;";
      2) 6-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшiн және жәрдемақы алуға құқық пайда болған кезден бастап жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталған кезеңге жүргiзiледi. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айды қоса төленедi.";
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Жәрдемақы алуға құқылы екi және одан көп адам бiрге тұрған жағдайда жәрдемақы олардың әрқайсысына тағайындалады және төленедi.";
      3) 7-бапта:
      3) тармақшадағы "2,4" деген сандар "5,8" деген сандармен ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы "5,7" деген сандар "7,1" деген сандармен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы "2,7" деген сандар "4,2" деген сандармен ауыстырылсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) әскери қызметшiлердiң отбасыларына, атап айтқанда: Ауғанстанда немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына; бейбiт уақытта әскери қызмет атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына, қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың, хабарсыз кеткендердiң) балаларына, асырауында болғандарға; қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасыларына; ата-аналарына; екiншi рет некеге отырмаған әйелiне (ерiне); Чернобыль АЭС-дегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi және басқа да апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына; сәуле апаттары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң отбасыларына, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-дегi апат және басқа да радиациялық апаттар, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлерде болған авариялар және ядролық сынақтар әсерiне белгiленген тәртiпте байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 4,3 айлық есептiк көрсеткiш;";
      7) тармақшадағы "0,9" деген сандар "2,4" деген сандармен ауыстырылсын;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ мемлекеттiк наградалармен марапатталмаған, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) адамдарға - 2,0 айлық есептiк көрсеткiш;";
      8-1) тармақшадағы "0,5" деген сандар "2,0" деген сандармен ауыстырылсын;
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) "Алтын алқа","Күмiс алқа" белгiлерiмен марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған, I және II дәрежелi "Ана даңқы" ордендерiмен марапатталған көп балалы аналарға - 3,9 айлық есептiк көрсеткiш;";
      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "12-1) бiрге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның iшiнде жалпы орта бiлiм беретiн, жоғары және орта кәсiптiк оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында оқитын, олар кәмелеттiк жасқа толғаннан кейiн өздерi оқу орнын бiтiрген уақытқа дейiн (бiрақ 23 жасқа толғанға дейiн) бiрге тұратын балалары бар кеп балалы отбасыларға - 3,9 айлық есептiк көрсеткiш;";
      4) 8-бапта:
      4-тармақтағы "интернат-үйлерде" деген сөздер "мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. "Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнайы жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 19, 647-құжат; 2002 ж., N 10, 105-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 23, 98-құжат):
      1) 5-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Жәрдемақы тағайындау үшiн құжаттарды қарауды жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын құжаттар табыс етiлген күннен бастап он күн мерзiмде жүзеге асырады.";
      5-тармақ "бастап" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 7-бапта:
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Жәрдемақы төлеудi Орталық ағымдағы ай үшiн жүргiзедi. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айды  қоса төленедi."; мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.".
      5. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 11, 39-құжат):
      2-баптағы "2006 жылғы 1 шiлдеден" деген сөздер "2007 жылғы 1 қаңтардан" деген сөздермен ауыстырылсын.
       2-бап.  Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 1-тармағының үшiншi және төртiншi абзацтарын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 6) тармақшасының екiншi абзацын, 3-тармағының 2) тармақшасының екiншi және үшiншi абзацтарын, 4-тармағының 2) тармақшасының екiншi және үшiншi абзацтарын қоспағанда, 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының 
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады