"Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес және мемлекеттiк меншiктi тиiмдi басқару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қызылорда қаласында орналасқан "Қызылорда қаласындағы ағынды суларды биологиялық тазарту станциясы" объектiсi белгiленген тәртiппен республикалық меншiктен Қызылорда облысының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Қызылорда облысының әкiмдiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген объектiнi қабылдау-беру жөнiндегi қажеттi iс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі