1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң "Мемлекеттiк авиациялық орталық" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - мекеме) құрылсын.
2. Мекеме қызметiнiң мәнi Қазақстанның азаматтық авиациясы үшiн ұшу құрамын, Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерiнiң Әскери институты үшiн әскер жасына дейiнгi адамдарды бастапқы даярлауды, сондай-ақ ұшу дайындығы мен әуе кеңiстiгiнде ұшуларды орындауға байланысты өзге де қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
3. Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен мекеменiң Жарғысын бекiтсiн және оны әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Бiлiм және ғылым министрлiктерi және Астана қаласының әкiмдiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 46, 582-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. "Мемлекеттiк авиациялық орталық" мемлекеттiк мекемесi.".