Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 мамырдағы N 434 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 45 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 45 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 50, 648-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасында:
      1) бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының бүкiл мәтiнi бойынша 250, 350 және 465 бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi мынадай редакцияда жазылсын:
      "250 Облыстың Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен табиғи апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру департаментi (басқармасы)
      350 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен табиғи апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру департаментi (басқармасы)
      465 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) Дене шынықтыру және спорт бөлiмi";
      02 "Қорғаныс" функционалдық тобында:
      1 "Әскери мұқтаждар" кiшi функциясында:
      678 "Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы" бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 005 бюджеттiк бағдарламамен толықтырылсын:
      "005 Әскери қызметшiлердi тұрғын үймен қамтамасыз ету";
      05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
      5 "Медициналық көмектiң басқа түрлерi" кiшi функциясында:
      353 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Денсаулық сақтау департаментi (басқармасы)" бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бойынша 012 "Төтенше жағдайларда халыққа медициналық көмек көрсету" бюджеттiк бағдарламасы бойынша 101 "Облыстық арнайы медициналық жабдықтау базалары" кiшi бюджеттiк бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "101 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың арнайы медициналық жабдықтау базалары";
      9 "Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер" кiшi функциясында:
      226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi" бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 104 бюджеттiк бағдарламамен толықтырылсын:
      "104 Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес";
      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:
      1 "Тұрғын үй шаруашылығы" кiшi функциясында:
      373 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Құрылыс департаментi (басқармасы)" бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бойынша:
      017 "Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру" бюджеттiк бағдарламасы 011 "Бағдарламаны республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер есебiнен iске асыру" және 015 "Бағдарламаны жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асыру" кiшi бюджеттiк бағдарламаларымен бiрге алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 008 бюджеттiк бағдарламасы мен 011 және 015 кiшi бюджеттiк бағдарламалары бар 371 бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiмен толықтырылсын:
      "371 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментi (басқармасы)
      008 "Инженерлiк коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру
      011 Бағдарламаны республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер есебiнен iске асыру
      015 Бағдарламаны жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асыру";
      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесiн қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:
      1 "Ауыл шаруашылығы" кiшi функциясында:
      375 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Ауыл шаруашылық атқарушы органы" бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бойынша 010 "Мал көмiндiлерiнiң (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және салу бюджеттiк бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "010 Мал көмiндiлерiнiң (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету";
      462 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылық бөлiмi" бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бойынша 003 "Мал көмiндiлерiнiң (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және салу" бюджеттiк бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "003 Мал көмiндiлерiнiң (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету";
      6 "Жер қатынастары" кiшi функциясында:
      614 "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi" бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 100 кiшi бюджеттiк бағдарламасы бар 112 бюджеттiк бағдарламамен толықтырылсын:
      "112 "Электрондық үкiмет" құру
      100 Мемлекеттiк жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру";
      463 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлiмi" бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 006 бюджеттiк бағдарламамен толықтырылсын:
      "006 Аудандық маңызы бар қалалар, қаладағы аудандар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер шекарасын белгiлеу кезiнде жүргiзiлетiн жерге орналастыру";
      13 "Басқалар" функционалдық тобында:
      1 "Экономикалық қызметтердi реттеу" кiшi функциясында:
      мынадай мазмұндағы 007 бюджеттiк бағдарламасы бар 220 бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiмен толықтырылсын:
      "220 Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
      007 Қаржылық сiлкiнiстердi ерте табу, аумақтық дамуды жоспарлау жүйесiн құру және қаржы-экономикалық сектор қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейiн арттыру";
      9 "Басқалар" кiшi функциясында:
      120 "Облыс әкiмiнiң аппараты" бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi 006 "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту" бюджеттiк бағдарламасымен бiрге алынып тасталсын;
      121 "Республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң аппараты" бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi 006 "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту" бюджеттiк бағдарламасымен бiрге алынып тасталсын;
      122 "Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң аппараты" бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi 003 "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту" бюджеттiк бағдарламасымен бiрге алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттiк бағдарламасы бар 257 бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiмен толықтырылсын:
      "257 Облыстың қаржы департаментi (басқармасы)
      005 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту";
      мынадай мазмұндағы 012 бюджеттiк бағдарламасы бар 356 бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiмен толықтырылсын:
      "356 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Қаржы департаментi (басқармасы)
      012 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту";
      мынадай мазмұндағы 014 бюджеттiк бағдарламасы бар 452 бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiмен толықтырылсын:
      "452 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) Қаржы бөлiмi
      014 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту";
      220 "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi" бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бойынша:
      007 "Қаржылық сiлкiнiстердi ерте табу, аумақтық дамуды жоспарлау жүйесiн құру және қаржы-экономикалық сектор қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейiн жоғарылату" бюджеттiк бағдарламасы алынып тасталсын;
      2) бюджеттiк шығыстардың экономикалық сыныптамасында:
      1 "Ағымдағы шығындар" санатында:
      3 "Ағымдағы трансферттер" сыныбында:
      310 "Заңды тұлғаларға берiлетiн ағымдағы трансферттер" iшкi сыныбында:
      "Атауы" бағанындағы 311 "Заңды тұлғаларға берiлетiн субсидиялар" ерекшелiгiнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "311 Шаруа (фермер) қожалықтарына және заңды тұлғаларға берiлетiн субсидиялар".
 

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады