2006 жылғы 1 маусымнан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 мамырдағы N 454 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. 2006 жылғы 1 маусымнан бастап әскери қызметшiлерге, арнайы атақтар берiлген және Қазақстан Республикасының заңнамасында iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын iшкi iстер органдарының және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдары үшiн 2005 жылғы 1 шiлдеге дейiн тағайындалған Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алушының лауазымдық жалақысынан, әскери (арнайы) атағы бойынша жалақысынан (қосымша ақысынан) тұратын ақшалай үлесiнiң мөлшерi және еңбек сiңiрген жылдары негiзге алына отырып саралап арттыру жүргiзiлсiн.

      2. Қоса берiлiп отырған 2006 жылғы 1 маусымнан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру ережесi бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы 2006 жыл 1 маусымнан қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2006 жылғы 25 мамырдағы
N 454 қаулысымен  
бекітілген    

  2006 жылғы 1 маусымнан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегi
мемлекеттiк орталықтан еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн
зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру ережесi

      Осы 2006 жылғы 1 маусымнан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес 2006 жылғы 1 маусымнан бастап әскери қызметшiлерге, арнайы атақтар берiлген және Қазақстан Республикасының заңнамасында iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгіленген тәртіп қолданылатын ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнiң, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдары үшiн 2005 жылғы 1 шiлдеге дейiн тағайындалған Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алушының лауазымдық жалақысынан, әскери (арнайы) атағы бойынша жалақысынан (қосымша ақысынан) тұратын ақшалай үлесiнiң мөлшерi және еңбек сiңiрген жылдары негiзге алына отырып, арттыру тәртiбiн көздейдi.

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) ЛЖ  0  - зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген лауазымдық жалақы;
      2) ЛЖ  2005  - 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап белгiленген ұқсас немесе теңестiрiлген лауазым бойынша лауазымдық жалақы;
      3) К лжк - 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап белгiленген, ұқсас немесе теңестiрiлген лауазым бойынша лауазымдық жалақының зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген лауазымдық жалақыға қатынасын айқындайтын лауазымдық жалақы коэффициентi;
      4) ӘАЖ  0  - зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақы (қосымша ақы);
      5) ӘАЖ  2005  - зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген күнге сәйкес атағы бойынша 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап белгiленген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақы (қосымша ақы);
      6) К әаж - зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген күнге сәйкес атағы бойынша 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап белгiленген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақының (қосымша ақының) зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақыға (қосымша ақыға) қатынасын айқындайтын әскери (арнайы) атағы бойынша жалақының (қосымша ақының) коэффициентi;
      7) АҮ  2005  - зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген күнге ұқсас немесе теңестiрiлген лауазымы мен атағы бойынша 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап белгiленген ақшалай үлес;
      8) ЕЖК - зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген күнге белгiленген еңбек сiңiрген жылдарының көрсеткiшi;
      9) А  2006  - осы Ережеге сәйкес арттырылған зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi;
      10) еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органдар - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Республикалық ұлан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi.

      2. Осы Ережеге сәйкес еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыруды еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органдар 2006 жылғы 10 маусымға дейiнгi мерзiмде еңбек сiңiрген жылдары үшiн берiлетiн зейнетақы төлемдерiнiң арттырылған мөлшерiне үзiндi көшiрмелердi Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың облыстық филиалдарына бере отырып, жүзеге асырады.

      3. Зейнетақы төлемдерiн арттыру үшiн лауазымы, әскери (арнайы) атағы, еңбек сiңiрген жылдары зейнетақы iсiнiң деректерi бойынша қабылданады.

  2. Лауазымдық жалақының коэффициентiн айқындау тәртiбi

      4. К лжк есептеу үшiн зейнетақы iсiндегi зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген лауазымдық жалақы және 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап белгiленген, ұқсас немесе теңестiрiлген лауазым бойынша лауазымдық жалақы қолданылады.

      5. 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап белгiленген, ұқсас немесе теңестiрiлген лауазым бойынша лауазымдық жалақының мөлшерiн еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органдар айқындайды.

      6. 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап белгiленген ұқсас немесе теңестiрiлген лауазым бойынша лауазымдық жалақы зейнетақы iсiндегi зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген лауазымдық жалақыға бөлiнедi:

          ЛЖ  2005
К лжк= ___________
           ЛЖ  0

      7. К лжк үтiрден кейiн үш белгiге дейiнгi дәлдiкпен анықталады. Егер төртiншi белгi 5-ке тең және одан көп болса, онда үшiншi белгiге бiр бiрлiк қосылады.

  3. Әскери (арнайы) атағы бойынша жалақының (қосымша ақының)
коэффициентiн айқындау тәртiбi

      8. К әаж есептеу үшiн зейнетақы iсiндегi зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақы (қосымша ақы) және зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген күнге сәйкес атағы бойынша 2005 жылғы 1 шiлдеден белгiленген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақы (қосымша ақы) қолданылады.

      9. Зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген күнге сәйкес атағы бойынша 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап белгiленген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақы (қосымша ақы) зейнетақы iсiндегi зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген күнi белгiленген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақыға (қосымша ақыға) бөлiнедi:

         ӘАЖ  2005
Кәаж = ___________
          ӘАЖ  0

      10. К әаж үтiрден кейiн үш белгiге дейiнгi дәлдiкпен анықталады. Егер төртiншi белгi 5-ке тең және одан көп болса, онда үшiншi белгiге бiр бiрлiк қосылады.

  4. 2005 жылғы ақшалай үлестi айқындау тәртiбi

      11. АҮ  2005  зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген лауазымдық жалақы мен лауазымдық жалақы коэффициентi және зейнетақы төлемi тағайындалған немесе қайта есептелген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақы (қосымша ақы) мен әскери (арнайы) атағы бойынша жалақы (қосымша ақы) коэффициентi көбейтiндiлерiнiң сомасы ретiнде айқындалады:

      АҮ  2005 = АЖ  0  х К лжк + ӘАЖ  0  х К әаж

      12. АY  2005 ж  тұтас санға дейiнгi дәлдiкпен анықталады. Егер үтiрден кейiнгi белгi 5-ке тең және одан көп болса, онда бүтiн санға бiр бiрлiк қосылады.

  5. Зейнетақы төлемдерiнiң арттырылған мөлшерiн айқындау

      13. Зейнетақы төлемдерiнiң арттырылған мөлшерiн айқындау үшiн 2005 жылдың ақшалай үлесi еңбек сiңiрген жылдарының көрсеткiшiне көбейтiледi.

      А  2006  = АY  2005  Х ЕЖК.

      14. Еңбек сiңiрген жылдарының көрсеткiшi әскери қызметте, арнайы атақтар берiлген және Қазақстан Республикасының заңнамасында iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын iшкi iстер органдарындағы қызметте және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнде, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарында еңбек сiңiрген жылдарына және еңбек стажына байланысты осы Ережеге қосымшаға сәйкес анықталады.

      15. Арттырылған зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi мыналардан төмен болмауға тиiс:
      1) алатын ағымдағы зейнетақы төлемдерi мөлшерiнен. Егер сараланып жоғарлату ескерiле отырып анықталған зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi ағымдағы зейнетақы төлемдерiнен төмен болса, онда ағымдағы зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi сақталады;
      2) толық емес көлемдегi зейнетақы төлемдерiн қоспағанда, "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының  Заңымен  белгiленген ең төменгi зейнетақы мөлшерiнен төмен.

      16. Зейнетақы төлемдерiнiң осы Ережеге сәйкес арттырылған мөлшерi "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс бес еселенген мөлшерiнен аспауға тиiс.

                                      2006 жылғы 1 маусымнан бастап 
                                         Зейнетақы төлеу жөнiндегi
                                        мемлекеттiк орталықтан еңбек
                                     сiңiрген жылдары үшiн төленетiн
                                     зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн
                                         арттыру ережесiне қосымша

    Еңбек сiңiрген жылдары көрсеткiштерiнiң кестесi, %-бен
    (толық емес көлемдегi зейнетақы төлемдерiн қоспағанда)

ЕЖК

Еңбек сіңірген жылдары, жылмен

20

21

22

23

24

25

Еңбек
стажы,
жылмен

0

50

50

50

50

50

50

1

50

50

50

50

50

51

2

50

50

50

50

51

52

3

50

50

50

51

52

53

4

50

50

51

52

53

54

5

50

51

52

53

54

55

6

51

52

53

54

55

56

7

52

53

54

55

56

57

8

53

54

55

56

57

58

9

54

55

56

57

58

59

10

55

56

57

58

59

60

11

56

57

58

59

60

61

12

57

58

59

60

61

62

13

58

59

60

61

62

63

14

59

60

61

62

63

64

15

60

61

62

63

64

65

16

61

62

63

64

65

65

17

62

63

64

65

65

65

18

63

64

65

65

65

65

19

64

65

65

65

65

65

20
және
одан
көп

65

65

65

65

65

65

кестенің жалғасы

ЕЖК

Еңбек сіңірген жылдары, жылмен

26

27

28

29

30

31

32

33
және
одан
көп

Еңбек
стажы,
жылмен

52

54

56

58

60

62

64

65

53

55

57

59

61

63

65

65

54

56

58

60

62

64

65

65

55

57

59

61

63

65

65

65

56

58

60

62

64

65

65

65

57

59

61

63

65

65

65

65

58

60

62

64

65

65

65

65

59

61

63

65

65

65

65

65

60

62

64

65

65

65

65

65

61

63

65

65

65

65

65

65

62

64

65

65

65

65

65

65

63

65

65

65

65

65

65

65

64

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

65

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады