Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. Қостанай облысының әкiмiне Жiтiқара қаласында 2005-2006 жылдардың жылыту маусымын аяқтау үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 40 (қырық) миллион теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi