2004 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 378-қосымшада :
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында реттiк нөмiрi 7-жолдың 2-тармағы" мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Халыққа қызмет көрсету орталығы үшiн бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу.";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Рұқсат беру құжаттарын есепке алу (лицензиялау) саласында Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң ақпараттық жүйесiн құру:
1) ақпараттық жүйелердi құру;
2) техникалық жабдық сатып алу;
3) бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу.";
"Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер" деген 7-тармақта:
Тiкелей нәтижеде:
үшiншi абзац пен 6-тармақтың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"Халыққа қызмет көрсету орталығы үшiн бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу.
Рұқсат беру құжаттарын есепке алу (лицензиялау) саласында Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң ақпараттық жүйесiн құру:
1) ақпараттық жүйелердi құру;
2) техникалық жабдық сатып алу;
3) бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу.";
Соңғы нәтижеде:
6-тармақ мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) Халыққа қызмет көрсету орталығы үшiн бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу;
6) "жалғыз терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсететiн мемлекеттiк органдардың халыққа қызмет көрсетуiнiң тиiмдiлiгiн 80%-ға дейiн арттыру.";
Сапасында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. "Government to Consumer" қызметтерiн көрсетудiң кешендi, жүйесiн құру. Азаматтарды "жалғыз терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсететiн мемлекеттiк органдардың қызметтерiмен 100 % қанағаттандыру".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі