"2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiне "Каzsat-2" байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмділігi республикалық орталығы" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 500000000 (бес жүз миллион) теңге бөлiнсiн.