Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 26 қазандағы N 1072 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы N 481 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесiн дамыту тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2006-2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 26 қазандағы N 1072  қаулысына  мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесiн дамыту тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2006-2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында:
      "Сот сараптамасы қызметiн ғылыми және әдiстемелiк қамтамасыз етудi жетiлдiру" деген 3-бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 1-жолдың "Аяқталу нысаны" деген 3-бағанында "Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасы" деген сөздер "мүдделi мемлекеттiк органдардың бірлескен бұйрығы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады