1. Шығыс Қазақстан облысының әкiмiне Шығыс Қазақстан облысының Абай, Аягөз, Жарма, Зайсан, Күршiм, Тарбағатай, Ұлан және Үржар аудандарында дауылды жел салдарынан бүлiнген және қираған мемлекеттiк мекемелер ғимараттарын, тұрғын үйлердi, инженерлiк құрылыстарды, электр беру және байланыс желiлерiн жөндеуге және қалпына келтiруге 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнен 57000000 (елу жетi миллион) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.