"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Үкiметiнің 2006 жылғы 1 маусымдағы N 493 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілеріне миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексiне  (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж. N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат;  N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; 2006 жылғы 17 мамырдағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 13 мамырдағы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      61-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiнде:
      "құрылтайшылары" деген сөз "қатысушылары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "құрылтайшылары" деген сөзден кейiн "заңнамалық актілерде және" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Қазақстан Республикасының Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N  11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 20-құжат; N 3, 22-құжат, N 5-6, 31-құжат; 2006 жылғы 17 мамырдағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 13 мамырдағы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 168-2-бап мынадай мазмұндағы он екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "12. Клиенттермен жасаған шарттарда, операциялар жүргiзудiң жалпы талаптары туралы ережеде, iшкi кредит саясаты туралы ережеде банктердiң қаржылық қызмет бойынша шынайы, жылдық, тиiмдi, салыстырмалы есептелген сыйақы ставкаларын көрсетпеуi, сол сияқты қаржылық қызметтер бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату кезiнде осы мәлiметтердi көрсетпеу, -
       заңды тұлғаға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      2) 190-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "190-бап. Инсайдерлiк ақпаратты заңсыз пайдалану
      Инсайдерлердiң инсайдерлiк ақпаратты үшiншi тұлғаларға беру немесе оны заңсыз ашу бойынша iс-әрекеттерi, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау туралы инсайдерлiк ақпаратқа негiзделген ұсынымдар беру, егер олар iрi шығын келтiрмесе, -
      жүзден екi жүзге дейiн айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      3) 194-баптың бiрiншi бөлiгiнде "(дивидендтер төлеу)," деген сөздерден кейiн "бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу," деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 541-баптың бiрiншi бөлiгiнде "197, 199," деген цифрлар алынып тасталсын;
      5) 573-баптың бiрiншi бөлiгінде:
      "168-2 (бiрiншi - тоғызыншы" деген сөздерден кейiн ", он екiншi" деген сөздермен толықтырылсын;
      "196-1," деген цифрлардан кейiн "197," деген цифрлармен толықтырылсын;
      "198," деген цифрлардан кейiн "199," деген цифрлармен толықтырылсын.
      3. "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 ж. 2 мамырдағы N 2255 Заң күшi бар  Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 7, 49-құжат; N 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 24, 178-құжат):
      1) актiнiң нысаны және тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
      2) кiрiспесi алынып тасталсын;
      3) бүкiл мәтiн бойынша "Жарлығының", "Жарлығында", "Жарлығымен", "Жарлық" деген сөздер тиiсiнше "Заңының", "Заңында", "Заңымен", "Заң' деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 2-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының шаруашылық серiктестiктерi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.";
      3-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде "- банктердiң, сақтандыру қоғамдарының, бiрлескен кәсiпорындардың және басқаларының" деген сөздер алынып тасталсын;
      5) 4-бапта:
      7-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай шартында серiктестiк қатысушыларының аты-жөнi және әкесiнiң аты (бар болса), тұрғылықты жерi және жеке тұлғалар болып табылатын құрылтайшылардың жеке басын куәландыратын құжатының деректерi, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылатын құрылтайшылардың атауы және орналасқан жерi көрсетiлген тiзбесi болуы тиiс.";
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысын құрылтайшылар бекiтедi, бұл құрылтай шартында көрсетiледi.
      Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысында мыналар айқындалады: серiктестiктiң түрi, оның атауы, орналасқан жерi, қызмет мерзiмi (егер ол серiктестiктi құру кезiнде белгiленсе), басшысының өкiлеттiктерi, басқару және бақылау органдары, олардың құзыретi, мүлiктi құру тәртiбi, пайданы бөлу және шығындарды өтеу тәртiбi, шаруашылық серiктестiгiнiң қатысушыларына құжаттарды және серiктестiктiң қызметi туралы ақпаратты, сондай-ақ үлестердi сатып алушыларға серiктестiктiң қызметi туралы ақпаратты беру тәртiбi және мерзiмдерi; серiктестiк қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi, серiктестiктiң iшкi қызметiн реттейтiн құжаттарды бекiту тәртiбi және оларды қабылдау рәсiмдерi, серiктестiк органдарының шешiмдер қабылдау және оларды жою тәртiбi, серiктестiктiң қызметiн тоқтату (қайта ұйымдастыру немесе тарату) талаптары, сондай-ақ серiктестiк пен құрылтайшылар (қатысушылар) арасындағы өзара қарым-қатынастар.
      Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысында серiктестiк қатысушыларының аты-жөнi және әкесiнiң аты (бар болса), тұрғылықты жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi (жеке тұлғалар үшiн), сондай-ақ атауы және орналасқан жерi (заңды тұлғалар үшiн) көрсетiлген тiзбесi болуы тиiс.
      Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдары немесе құрылтайшылар көздеген басқа да ережелер болуы мүмкiн.";
      6) мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-баптармен толықтырылсын:
      "8-1-бап. Шаруашылық серiктестiктерiнiң ақпарат ұсынуы
      1. Шаруашылық серiктестiгi өзiнiң қатысушыларының талап етуi бойынша серiктестiктiң қызметi туралы, оның қатысушыларының мүддесiн қозғайтын ақпарат беруге мiндеттi.
      Мыналар:
      1) серiктестiкке қатысушылардың жалпы жиналысында қабылданған, серiктестiктiң бақылау кеңесiнiң, атқарушы органының, тексеру комиссиясының (ревизорының) шешiмi және қабылданған шешiмдердiң орындалуы туралы ақпарат;
      2) серiктестiктiң меншiктi капиталы мөлшерiнiң жиырма бес және одан көп пайызын құрайтын мөлшерде серiктестiктiң заем алуы;
      3) серiктестiктiң қандай да болмасын қызметтiң түрiн жүзеге асыруға лицензиялар алуы, оны қолдануды тоқтата тұру немесе тоқтату, сондай-ақ серiктестiктiң қандай да болмасын қызметтiң түрiн жүзеге асыруға бұрын алған лицензияларды қайтарып алу;
      4) серiктестiктiң мүлкiне тыйым салу;
      5) нәтижесiнде серiктестiктiң мүлкi жойылған, төтенше сипаттағы жағдайлардың басталуы;
      6) серiктестiктi және оның лауазымды тұлғаларын әкiмшiлiк жауапкершілiкке тарту;
      7) серiктестiктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешiм;
      8) аудиторлық есеп (ол бар болса);
      9) серiктестiктiң жарғысына сәйкес серiктестiк қатысушыларының мүдделерiн қозғайтын өзге де ақпарат шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының мүдделерiн қозғайтын ақпарат деп танылады.
      2. Шаруашылық серiктестiгiнiң қызметi туралы, оның қатысушыларының мүдделерiн қозғайтын ақпаратты ұсыну осы Заңға және серiктестiктiң жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Үлестердi сатып алушыларға шаруашылық серiктестiгiнiң қызметi туралы ақпаратты ұсыну серiктестiктiң жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Ақпаратты беру тәртiбi және көлемi жарғыда және үлестердi сатып алу туралы алдын ала шартта белгiленедi.
      8-2-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң қызметi туралы құжаттар
      1. Шаруашылық серiктестiгiнiң қызметiне қатысты құжаттарды серiктестiк оның қызметiнiң бүкiл мерзiмi iшiнде серiктестiктiң атқарушы органы орналасқан жер бойынша немесе оның жарғысында айқындалған өзге жерде сақтауы тиiс.
      2. Мынадай құжаттар сақталуы тиiс:
      1) серiктестiктiң жарғысы, серiктестiктiң жарғысына енгiзiлген өзгерiстер және толықтырулар;
      2) құрылтай жиналыстарының хаттамалары;
      3) құрылтай шарты, құрылтай шартына енгiзiлген өзгерiстер және толықтырулар;
      4) шаруашылық серiктестiгiн заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк;
      5) серiктестiктiң статистикалық карточкасы;
      6) серiктестiктiң белгiлi бiр қызмет түрлерiмен айналысуына және (немесе) белгiлi бiр iс-қимылдар жасауына лицензиялар;
      7) серiктестiктiң оның балансындағы (балансында болған) мүлiкке құқығын растайтын құжаттар;
      8) серiктестiктiң филиалдары және өкiлдiктерi туралы ереже;
      9) серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналыстарының хаттамалары, серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналыстарының күн тәртiбiнiң мәселелерi жөнiндегi материалдар;
      10) серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысын өткiзу үшiн ұсынылған серiктестiк қатысушыларының тiзiмi;
      11) бақылау кеңесiнiң күн тәртiбiнiң мәселелерi жөнiндегi материалдары, бақылау кеңесi отырыстарының хаттамалары (сырттай отырыстарының шешiмдерi);
      12) атқарушы орган отырыстарының хаттамалары (шешiмдерi).
      3. Өзге құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген мерзiм iшiнде сақталады.
      4. Серiктестiк шаруашылық серiктестiгi қатысушысының талап етуi бойынша оған осы Заңда көзделген құжаттардың көшiрмелерiн серiктестiктiң жарғысында белгiленген тәртiппен ұсынуға мiндеттi.";
      7) 11-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) олардың осы Заңда және (немесе) серiктестiктiң жарғысында көзделген құқықтарын бұзатын серiктестiк органдарының шешiмдерi жөнiнде сот тәртiбiмен шағым жасауға.";
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) серiктестiктiң атқарушы органына тұрғылықты жерiнiң және жеке басын куәландыратын құжат деректерiнiң (жеке тұлғалар үшiн) не атауының және орналасқан жерiнiң (заңды тұлғалар үшiн) өзгергенi туралы жазбаша хабарлауға.";
      8) 27-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5) серiктестiктiң қызметi туралы ақпарат алуға;
      6) олардың осы Заңда және (немесе) серiктестiктiң жарғысында көзделген құқықтарын бұзатын серiктестiк органдарының шешiмдерi жөнiнде сот тәртiбiмен шағым жасауға.";
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) серiктестiктiң атқарушы органына тұрғылықты жерiнiң және жеке басын куәландыратын құжат деректерiнiң (жеке тұлғалар үшiн) не атауының және орналасқан жерiнiң (заңды тұлғалар үшiн) өзгергенi туралы жазбаша хабарлауға.".
      4. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж.,  N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; 2005 ж., N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; 2006 жылғы 17 мамырдағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 13 мамырдағы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 2-бапта 3) тармақшасының және 5) тармақшасының екiншi абзацтарында "банк" деген сөз "банктің дауыс беретiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 6-баптың 1-тармағының в) тармақшасында "өкiлдiктерiне" деген сөзден кейiн ", банктердiң еншiлес ұйымдарына" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 8-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Осы баптың 1-тармағында белгiленген тыйым салу:
      тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларымен;
      уәкiлеттi орган белгiлеген рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң ең төменгi талап етiлетiн рейтингi бар эмитенттердiң облигацияларымен мәмiлелердi жүзеге асыруға қолданылмайды.";
      4) 20-баптың 4-тармағында:
      1) тармақшаның бiрiншi бөлiгiнде "тәуелсiз директоры," деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi бөлiгiнде "Тәуелсiз директорды қоспағанда," деген сөздер алынып тасталсын;
      5) 31-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы е-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "е-1) қаржылық қызмет бойынша тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн шынайы, жылдық, тиiмдi, салыстырмалы есептелетiн сыйақы ставкаларының мөлшерi;";
      6) 32-баптың 4-тармағы алынып тасталсын;
      7) 34-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы а-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "а-1) кредиттер бойынша тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн шынайы, жылдық, тиiмдi, салыстырмалы есептелетiн сыйақы ставкаларының мөлшерi;";
      8) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "39-бап. Ставкалар және тарифтер
      Банктер тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн шынайы, жылдық, тиiмдi, салыстырмалы есептелетiн сыйақы ставкаларын клиенттермен жасалған шарттарда, сондай-ақ қаржылық қызмет бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату, оның iшiнде оны жариялау кезiнде көрсетуге мiндеттi.
      Көрсетiлген талаптарды сақтамаған жағдайда уәкiлеттi орган банкке осы Заңның 47-бабында көзделген санкцияларды қолдануға құқылы.";
      9) 46-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Осы бапта келтiрiлген шаралар, егер уәкiлеттi орган осы тұлғалардың, оның лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерiнiң жолсыздықтары, заңсыз iс-әрекетi немесе әрекетсiздiгi банктiң қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, банк холдингiне, банк конгломератының құрамына кiретiн ұйымдарға, сондай-ақ банктiң iрi қатысушыларына қатысты да қолданылуы мүмкiн.";
      10) 54-1-бапта:
      2-тармақтың екiншi бөлiгi алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Есептiлiктi ұсынудың тәртiбi және нысандары уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.".
      5. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 11, 39-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; 2006 жылғы 17 мамырдағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 13 мамырдағы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      40-баптың 4-тармағында:
      1) тармақшада бiрiншi бөлiгiндегi "тәуелсiз директоры" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi бөлiгiндегi "Тәуелсiз директорды қоспағанда," деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 49-2-бапта:
      2-тармақтың екiншi бөлiгi алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Есептiлiктi ұсыну тәртiбi және нысандары уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.".
      6. "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 5-6, 49-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30 құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24, 25-құжаттар; 2006 жылғы 17 мамырдағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 13 мамырдағы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) осы Заңда және (немесе) серiктестiктiң жарғысында көзделген олардың құқықтарын бұзған серiктестiк органдарының шешiмдерi жөнiнде сот тәртiбiмен шағымдануға.";
      2) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзген жағдайда осы Заңның 17-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мәлiметтердiң өзгергенi туралы атқарушы органға, сондай-ақ тiркеушiге жазбаша хабарлауға.";
      3) 17-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7) серiктестiкке қатысушыларға және үлестердi сатып алушыларға серiктестiктiң қызметi туралы ақпаратты ұсыну тәртiбi және мерзiмдерi;
      8) серiктестiкке қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi.";
      4) 29-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Серiктестiк мүлкiндегi үлес кепiлiн тiркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Тiркеушi серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзген жағдайда серiктестiк мүлкiндегi үлес кепiлiн тiркеу осы Заңның және (немесе) серiктестiк жарғысының талаптарын сақтаған кезде тiркеушiнiң iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.";
      5) 43-бапта:
      2-тармақта:
      5) тармақша "оларды бекiту серiктестiктiң жарғысында серiктестiктiң өзге органдарының құзыретiне жатқызылған құжаттардан басқа;" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) серiктестiкке қатысушыларға және үлестердi сатып алушыларға серiктестiктiң қызметi туралы ақпаратты ұсыну тәртiбiн және мерзiмдерiн бекiту.";
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Қатысушылардың жалпы жиналысы, егер серiктестiктiң жарғысында өзгеше айқындалмаса, серiктестiктiң iшкi қызметiне қатысты мәселелер бойынша жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң өзге де органдарының кез келген шешiмiн жоюға құқылы.";
      6) 46-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Жалпы жиналыстың күн тәртiбiне "әр түрлi", "өзге де", "басқа" және осыларға ұқсас тұжырымдауларды қоса алғанда, жалпылама ұғымдағы мәселелердi енгiзуге тыйым салынады.";
      7) 50-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      "50-бап. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң органдарының шешiмдерi жөнiнде шағым жасау";
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң өзге де органдарының шешiмдерi жөнiнде шағым жасау осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.";
      8) 65-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4 тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Жауапкершілігi шектеулi серiктестiктi қайта құру нәтижесiнде құрылған акционерлiк қоғам қоғамның акцияларын тек қана жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң қатысушылары арасында орналастырады (сатады). Қайта құрылған жауапкершілiгi шектеулi серiктестiктiң қатысушыларына берiлетiн акциялардың саны әрбiр қатысушының үлесiнiң баланстық құнының қайта ұйымдастырылатын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң меншiктi капиталының жалпы мөлшерiне арақатынасы негiзiнде айқындалады.
      4. Құрылатын акционерлiк қоғамның жарғылық капиталы оған қабылдау-өткiзу актiсiне сәйкес берiлген активтер мен мiндеттемелер арасындағы айырмаға тең болады және "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келуi тиiс.".
      7. "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; 2005 ж., N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 25-құжат; 2006 жылғы 17 мамырдағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 13 мамырдағы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 34-бапта 4-тармақта:
      1) тармақшада бiрiншi бөлiгiндегi "тәуелсiз директоры" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi бөлiгiндегi "Тәуелсiз директорды қоспағанда," деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 74-1-бапта:
      2-тармақтың екiншi бөлiгi алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Есептiлiктi ұсыну тәртiбi және нысандары уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.".
      8. "Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 1-2, 4-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) миноритарлық инвестор - дауыс беретiн акциялардың он пайызынан аз (қатысушылар дауысының жалпы санының он пайызынан аз)";
      2) 2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Инвестицияларды жүзеге асыру кезiнде туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге заңдарының қолданылатын аясына қатысты қатынастарға осы Заңның ережелерi Қазақстан Республикасының осындай заңдарына қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.";
      3) 3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Инвесторлардың кәсiпкерлiк қызметтiң инвестициялар жүзеге асырылатын объектiлерi мен түрлерiне қатысты құқықтары мен мiндеттерi осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде және тиiстi шарттарда белгiленедi.";
      4) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "6-бап. Мемлекеттiк органдардың инвесторларға қатысты қызметiнiң жариялылығы және инвесторлардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыруға байланысты ақпаратқа кiруiн қамтамасыз ету.
      1. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының инвесторлардың мүдделерiн қозғайтын ресми хабарлары және нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жарияланады.
      2. Миноритарлық инвесторларды қоса алғанда, инвесторлардың заңды тұлғаларды тiркеу туралы, олардың жарғылары туралы, жылжымайтын мүлiкпен мәмiлелердi тiркеу туралы, берiлген лицензиялар туралы ақпараттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделген олардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыруымен байланысты және заңмен қорғалатын коммерциялық және өзге де құпиядан тұрмайтын ақпаратқа еркiн кiруi қамтамасыз етiледi.".
      9. "Акционерлiк қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 10, 55-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат):
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 6-2) және 6-3) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-2) корпоративтiк Web-сайт - қоғамға тиесiлi және уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға жауап беретiн Интернет желiсiндегi ресми электронды сайт. Жария компаниялар үшiн корпоративтiк wеb-сайттың болуы мiндеттi.
      6-3) корпоративтiк хатшы - директорлар кеңесiнiң мүшесi болып табылмайтын акционерлiк қоғамның не қоғамның атқарушы органының қызметкерi, оны қоғамның директорлар кеңесi тағайындайды және қоғамның директорлар кеңесiне есеп бередi, сондай-ақ өз қызметi шеңберiнде акционерлер жиналысының және қоғамның директорлар кеңесiнiң отырыстарын дайындауды және жүргiзудi бақылайды, акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбiндегi мәселелер жөнiндегi материалдарды және қоғамның директорлар кеңесiнiң отырысына материалдарды қалыптастыруды қамтамасыз етедi, оларға кiрудi қамтамасыз етудi бақылайды. Корпоративтiк хатшының құзыретi және қызметi (материалдар қалыптастыру, отырыстарды дайындау және өткiзу тәртiбi) қоғамның iшкi құжаттарында айқындалады.";
      10) тармақша "он" деген сөзден кейiн "(жария компаниялар үшiн - бес)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "11-1) миноритарлық акционер - акционерлiк қоғамның дауыс беретiн акцияларының кемiнде он (жария компаниялар үшiн - бес) пайызы тиесiлi акционер;";
      12) тармақша "ұйымдардың - сол қоғамның аффилиирленген тұлғаларының;" деген сөздерден кейiн "мемлекеттiк қызметшi немесе мемлекеттiң өкiлi болып табылмайтын;" деген сөздермен толықтырылсын;";
      мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
      "4-1-бап. Жария компания
      1. Мынадай критерийлерге сәйкес келетiн:
      1) қоғам өзiнiң жай акцияларын бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығына жазылу арқылы немесе осы акцияларды инвесторлардың шектеусiз тобына ұсына отырып, ұйымдастырылған нарыққа жазылу немесе сату арқылы орналастыруды жүзеге асыруы тиiс;
      2) қоғамның орналастырылған жай акцияларының жалпы санының кемiнде жиырма бес пайызы акционерлерге тиесiлi болуы тиiс, олардың әрқайсысы қоғамның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан қоғамның жай акцияларының кемiнде екi пайызына ие болады;
      3) қоғамның жай акцияларының сауда-саттық көлемi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
      4) қоғамның акциялары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының тiзiмдер санатында болуы тиiс, қор биржасының iшкi құжаттарына енгiзу және онда болу үшiн бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листинг) талаптары белгiленген не Алматы қаласының Аймақтық қаржы орталығының арнайы сауда алаңдарының тiзiмiне қосылған қоғам жария компания болып танылады.
      2. Жария компанияның жарғысына:
      1) корпоративтiк басқару кодексiнiң;
      2) корпоративтiк хатшы қызметiнiң;
      3) корпоративтiк Web-сайттың;
      4) "алтын акцияға" тыйымның болуы көзделуi тиiс.
      3. Уәкiлеттi орган қоғамды жария компания деп тануды немесе одан жария компанияның мәртебесiн қайтарып алуды қоғамның өтiнiшi негiзiнде олар белгiлеген тәртiппен жүргiзедi.
      4. Қоғам жария компанияның мәртебесiн:
      1) қатарынан соңғы үш айдың iшiнде осы баптың 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларындағы талаптарды сақтамаған;
      2) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес болмаған жағдайларда күшiн жояды.";
      3) 18-бапта:
      1-тармақтың үшiншi бөлiгiнде "ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сату" деген сөздер "не бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында өткiзiлетiн жазылу немесе аукцион" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Акционер артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес оған акцияны сатып алуға өтiнiш беру үшiн берiлген отыз күннiң iшiнде акцияны иелiктен айырған кезде, егер акцияның бұрынғы иесi мұндай өтiнiш бермеген жағдайда осы құқық акцияның жаңа иесiне өтедi.";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Акцияларды орналастыру туралы шешiм қабылдаған қоғамның органы осы орналастыру үшiн белгiлеген акцияларды орналастыру бағасы осы акциялардың сатылуы мүмкiн неғұрлым төменгi бағасы болып табылады.";
      4) 22-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi, төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша бағалы қағаздармен дивидендтер төлеуге жол берiлмейдi.";
      "Төленбеген дивидендтерi бар акцияларды иелiктен алу егер шартта өзгеше көзделмесе, акцияның жаңа иесiнiң оларды алу құқығымен жүзеге асырылады.";
      5) 23-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi бөлiгi алынып тасталсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте жария компаниялар осы шешiмдi өздерiнiң корпоративтi web-сайтына да жариялауы тиiс.";
      6) 25-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы екiнші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте жария компанияның акционерлерiне ұсыныс корпоративтiк web-сайтта жариялануы тиiс.";
      7) 33-баптың 4-тармағы алынып тасталсын;
      8) 35-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Акционерлердiң жыл сайынғы жалпы жиналысында:
      1) қоғамның жылдық қаржылық есебi бекiтiледi;
      2) қоғамның аяқталған қаржы жылы үшiн таза кiрiсiн бөлу тәртiбi және қоғамның бiр жай акциясына есептелген дивиденд мөлшерi айқындалады;
      3) акционерлердiң қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының iс-әрекетiне өтiнiштерi мен шағымдары туралы және оларды қарау қорытындылары туралы мәселе қаралады.
      Директорлар кеңесiнiң төрағасы директорлар кеңесiнiң және қоғамының атқарушы органының мүшелерiне сыйақы беру мөлшерi және құрамы туралы қоғамның акционерлерiне хабарлайды.
      Акционерлердiң жылдық жалпы жиналысы олар бойынша шешiмді қабылдау, акционерлердiң жалпы жиналысының құзыретiне жатқызылған басқа мәселелердi де қарауға құқылы.";
      9) 41-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Акционерлердiң жалпы жиналысын өткiзу туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы не оларға жiберiлуi тиiс. Егер компания акционерлерiнiң саны елу акционерден аспаса, хабарлама акционерге жазбаша хабарлама арқылы жiберiлуi тиiс.";
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Миноритарлық акционер акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбiнде көрсетiлген мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау кезiнде басқа акционерлермен бiрiгу мақсатында қоғамның тiркеушiсiне өтiнiш жасауға құқылы. Миноритарлық акционердiң өтiнiш беру және тiркеушiнiң басқа акционерлерге ақпарат тарату тәртiбi бағалы қағаздар ұстаушыларының тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзу жөнiндегi шартта белгiленедi.";
      10) 43-бапта:
      1-тармақтың екiншi бөлiгi "кешiктiрiлмей" деген сөзден кейiн "немесе осы баптың 4-тармағында белгiленген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Күн тәртiбiнде жалпылама ұғымдағы "әр түрлi", "өзге", "басқалары" деген сөздердi қоса алғанда жалпылама ұғымдағы тұжырымдамаларды және осыларға ұқсас тұжырымдамаларды пайдалануға тыйым салынады.";
      11) 44-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) қоғамға аффилирленгенi туралы мәлiметтер";
      4-тармақта "танысу" деген сөзден кейiн "түсiнiктi болу" деген сөздермен толықтырылсын;
      12) 49-баптың 2-тармағында "қоғамның" деген сөзден кейiн ", жария компанияларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын";
      13) 53-бапта:
      2-тармақта:
      6) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) корпоративтiк хатшыны сайлау, оның өкiлеттiк мерзiмiн айқындау, оның өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ корпоративтiк хатшының қызметтiк жалақысы мөлшерiн және сыйақы шарттарын айқындау;";
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) аудиторлық ұйымның, сондай-ақ iрi мәмiле заты болып табылатын мүлiктiң нарықтық құнын бағалау жөнiндегi бағалаушының қызметiне ақы төлеу мөлшерiн айқындау;";
      14) мынадай мазмұндағы 53-1-баппен толықтырылсын:
      "53-1-бап. Директорлар кеңесiнiң комитеттерi
      1. Директорлар кеңесiнiң неғұрлым маңызды мәселелерiн қарау және ұсынымдар дайындау үшiн жария компанияларда:
      1) стратегиялық жоспарлау;
      2) кадр және сыйақылар;
      3) iшкi аудит;
      4) әлеуметтiк мәселелер;
      5) қоғамның iшкi құжатында көзделген өзге мәселелер бойынша директорлар кеңесiнiң комитеттерi құрылады, ал өзге қоғамдарда құрылуы мүмкiн.
      2. Директорлар кеңесiнiң комитеттерi директорлар кеңесiнiң мүшелерiнен және нақты комитетте жұмыс iстеу үшiн қажеттi кәсiби бiлiмi бар сарапшылардан тұрады.
      Атқарушы органның басшысы директорлар кеңесi комитетiнiң төрағасы бола алмайды.
      3. Директорлар кеңесi комитеттерiн қалыптастыру және олардың жұмыс iстеу тәртiбi, сондай-ақ олардың сандық құрамы директорлар кеңесi бекiтетiн қоғамның iшкi құжатымен белгiленедi.";
      15) 57-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Директорлар кеңесiнiң отырысын өткiзу туралы директорлар кеңесiнiң мүшелерiне хабарлама жiберу тәртiбiн директорлар кеңесi, ал "алтын акция" иесiне - қоғамның жарғысы айқындайды";
      16) 58-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Жария компанияның директорлар кеңесiнiң отырысына тәуелсiз директорлардың жалпы санының кемiнде жартысына мiндеттi түрде тәуелсiз директорлар ұсынылуы тиiс.";
      17) 59-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Атқарушы органның басшысы не қоғамның атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын адам атқарушы орган басшысының не атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын адамның, басқа заңды тұлғаның лауазымын иеленуге құқылы емес.";
      18) 62-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) егер қоғамның iшкi құжаттарында өзгеше белгiленбесе, қоғамның қызметi туралы ақпараттың құпиялылығын, оның iшiнде қоғамдағы жұмыс тоқтатылған кезден бастап үш жылдың iшiнде сақтауға.";
      19) 63-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "63-бап. Қоғамның лауазымды адамдарының жауапкершiлiгi
      1. Қоғамның лауазымды адамдары өздерiнiң әрекеттерiнен (әрекетсiздiгiнен) келтiрiлген зиян үшiн, оның iшiнде:
      1) қателесуге әкелiп соқтыратын ақпарат беру;
      2) осы Заңда белгiленген ақпарат беру тәртiбiн бұзудың нәтижесiнде келтiрiлген залал үшiн қоғам және акционерлер алдында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      2. Қоғам акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi негiзiнде олардың қоғамға келтiрген зияндарын не залалдарын өтеу туралы лауазымды тұлғаға шағым-талаппен сотқа өтiнiш жасауға құқылы.
      3. Қоғамның лауазымды тұлғалары қоғамның не акционердiң залалға ұшырауына әкеп соқтырған қоғамның органы қабылдаған шешiмге қарсы дауыс берген немесе дауыс беруге қатыспаған жағдайда жауапкершiлiктен босатылады.";
      20) 64-баптың 1-тармағында:
      2) тармақшада "лауазымды тұлғасы" деген сөздердiң алдынан "тәуелсiз директорды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша "заңды тұлғаның" деген сөздердiң алдынан "тәуелсiз директорды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      21) 79-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Жария компания осы баптың 1-тармағының 1), 3)-5), 7)-9) тармақшаларында көрсетiлген ақпаратты корпоративтiк Web-сайтқа орналастыруға мiндеттi.";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қоғам коммерциялық немесе қызметтiк құпияны құрайтын ақпараты бар қоғам қызметкерлерiнiң тiзiмiн мiндеттi түрде жүргiзудi қамтамасыз етедi.";
      22) 80-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      "15) бар болған жағдайда, корпоративтiк басқару кодексi.";
      23) 86-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Акциялар шығарылымының күшi жойылған күнi қоғамның тiркеушiсi жасаған акционерлер тiзiмiне кiргiзiлген тұлғалар акционерлiк қоғамнан қайта құрылған жаңа заңды тұлғаның қатысушылары болады.".
      10. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; 2006 жылғы 17 мамырдағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 13 мамырдағы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      23) және 25) тармақшалар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 26-2) және 26-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "26-2) инсайдер - эмитенттiң немесе оның аффилирленген тұлғасының акцияларын (жарғылық капиталдағы үлесiн) иеленуiне, эмитенттiң немесе оның аффилирленген тұлғасының басқару органдарына мүше болуына, эмитентпен немесе оның аффилирленген тұлғасымен еңбек шартын (келiсiм-шартын) немесе азаматтық құқықтық шартын жасауына, оған лауазымды тұлға ретiнде мемлекеттiк орган берген өкiлеттiктерге байланысты инсайдерлiк ақпаратқа рұқсаты бар тұлға;
      26-3) инсайдерлiк ақпарат - эмиссиялық бағалы қағаздар және олармен жасалған мәмілелер туралы, сондай-ақ осы бағалы қағаздарды эмитентті және ол жүзеге асыратын қызмет туралы, үшiншi тұлғаларға белгiсiз, жария етiлуi негiзгi активтерi осы бағалы қағаздар болып табылатын осы бағалы қағаздардың немесе туынды бағалы қағаздардың нарықтық бағасына елеулi түрде әсер ететiн кез келген ақпарат;";
      81) тармақшада "Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жiберiлген" деген сөздер "Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарымен айқындалған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 9-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) эмитенттiң iрi акционерлерi (қатысушылары) туралы;";
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Аяқталған қаржы жылының аудитi жүргiзiлген қаржылық есебi болмаған жағдайда ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 маусымына дейiнгi кезеңде қоғам уәкiлеттi органға аяқталған соңғы жылдың алдындағы екi жылдың аудитi жүргiзiлген қаржылық есебiн ұсынады (аяқталған қаржылық жылдың аудит жүргiзiлген қаржылық есебiн қоғам аудит жүргiзiлген қаржылық есептi акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен күннен бастап бiр ай iшiнде ұсынады).;
      3) 11-баптың 7-тармағында "барлық жарияланған акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi (есептердi)" деген сөздер "қоғам құрылтайшыларының акцияларды төлеу жөнiндегi мiндеттемелерiнiң орындалғанын растайтын жарияланған акцияларды орналастырудың қорытындылары туралы есептi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 14-баптың 1-тармағында:
      бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Эмитент мынадай талаптарды сақтау шартымен ғана облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы:";
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
       "1-1) облигациялар шығару туралы шешiм қабылдау күнге мiндеттемелердi орындамау фактiлерi болмаған;";
      5) 25-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) сыйақы төлеу немесе бұрын шығарылған облигацияларды өтеу бойынша мiндеттемелердi уақтылы орындамау немесе орындамау фактiлерiнiң болуы";
      6) 30-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Акциялар шығарылымын жою туралы шешiмдi уәкiлеттi орган эмитентке, тiркеушiге және орталық депозитарийге жiбередi.
      Жарияланған акциялар шығарылымының жойылуына байланысты эмитенттiң бағалы қағаздармен мәмiлелерiн тiркеудi тоқтату тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.";
      7) мынадай мазмұндағы 30-1-баппен толықтырылсын:
      "30-1. Облигациялар шығарылымын жою
      1. Облигациялар шығарылымын жою туралы шешiмдi уәкiлеттi орган облигациялар шығарылымын жою туралы шешiм қабылдаған эмитент органының шешiмi негiзiнде осы шығарылымның бiр де бiр облигациясының орналастырылмауы шартымен қабылдайды.
      2. Облигациялар шығарылымын жою тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.";
      8) 34-бапта:
      1-тармақта "шығарылым туралы уәкiлеттi органға оның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген тәртiппен хабарлауға" деген сөздер "уәкiлеттi органнан оның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген тәртiппен шығарылымға рұқсат алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ "депозитарийге" деген сөзден кейiн "және нормативтiк құқықтық актiсiне сәйкес уәкiлеттi органға" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 36-бапта:
      1-тармақ "осы Заңға" деген сөздерден кейiн "және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ алынып тасталсын;
      3-тармақтағы "мәмiленi тiркеудi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда," деген сөздер "мәмiленi және Қазақстан Республикасының заңнамасында тiркелген өзге құжаттарды тiркеудi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 41-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) эмитентке ұсынылған мәлiметтердi қоспағанда, борыштық бағалы қағаздарды ұстаушылар туралы мәлiметтер.";
      11) 54-бапта:
      1-тармақ "басқармасының бiрiншi басшысы" деген сөздерден кейiн "(атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға)" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтың 5) тармақшасы "басқармасының бiрiншi басшысы" деген сөздерден кейiн "(атқарушы органның, тiркеушiнiң, трансфер-агенттiң функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға)" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта:
      1) тармақшаның бiрiншi бөлiгiнде:
      "тәуелсiз директорды" деген сөздер алынып тасталсын;
      "басқармасының бiрiншi басшысы" деген сөздерден кейiн "(атқарушы органның, тiркеушiнiң, трансфер-агенттiң функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға)" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiгiнде "Тәуелсiз директорды қоспағанда," деген сөздер алынып тасталсын;
      12) 56-бапта 3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) бағалы қағаздармен инсайдерлiк ақпаратты пайдаланумен жасаған мәмiлелер.";
      13) мынадай мазмұндағы 56-1-баппен толықтырылсын:
      "56-1-бап. Инсайдерлiк ақпаратты басқаруды және пайдалануды шектеу
      1. Инсайдерлiк ақпаратқа осы Заңға сәйкес оны ашқан сәтке дейiн ашылатын, коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат жатады.
      Инсайдерлiк ақпаратқа бағалы қағаздардың құнын бағалау және/немесе эмитенттiң мүлiктiк жағдайына жалпы рұқсат етiлген ақпарат негiзiнде жүргiзiлген бағалау бар ақпарат жатпайды.
      2. Инсайдерлер, сондай-ақ аффилирленген тұлғалар:
      1) бағалы қағаздармен инсайдерлiк ақпаратты пайдалану арқылы өз мүдделерi үшiн немесе үшiншi тұлғалардың мүдделерi үшiн мәмiлелер жасауға;
      2) заңда көзделген жағдайларды қоспағанда инсайдерлiк ақпаратты немесе оған негiзделген ақпаратты үшiншi тұлғаларға беруге немесе үшіншi тұлғалар үшiн қол жетерлiктей жасауына;
      3) үшiншi тұлғаларға бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау туралы инсайдерлiк ақпаратқа негiзделген ұсынымдар беруге құқылы емес.";
      14) 61-баптың 3-тармағы алынып тасталсын;
      15) 65-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Тiркеушiнiң лицензиясы тоқтатыла тұрған, тоқтатылған не қайтарылып алынған жағдайларда уәкiлеттi орган бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiн жүргiзу жөнiнде эмитент жаңа шарт жасаған тiркеушiге кейiн беру үшiн орталық депозитарийден бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiн құрайтын деректердiң резервтiк көшiрмелерiн алуға құқылы.";
      16) 67-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Лицензия бiр айдан астам мерзiмге тоқтатыла тұрған, сондай-ақ лицензия қайтарылып алынған жағдайда бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiн жүргiзу жөнiнде жаңа шарт бұзылады.";
      17) 80-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақша "оның депоненттерiнiң" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес тиiстi лицензиясыз брокерлiк және/немесе дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын өзге тұлғалардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер бойынша қаржы құралдарындағы және/немесе ақшадағы клиринг.";
      2-тармақта 4) тармақша алынып тасталсын;
      18) 81-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы алынып тасталсын;
      19) 85-баптың 4-тармағының 7) тармақшасы алынып тасталсын;
      20) 18-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "18-тарау. Бағалы қағаздар нарығындағы өзiн-өзi реттейтiн ұйымдар және өзара сақтандыру қоғамы";
      21) мынадай мазмұндағы 100-1-баппен толықтырылсын:
      "100-1-бап. Бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушыларының жауапкершiлiгiн өзара сақтандыру қоғамдары
      1. Инвесторларға бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушылары келтiрген шығындарды өтеудi қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушылары Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен өзара сақтандыру қоғамын құруға құқылы.
      2. Бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушыларының өзара сақтандыру қоғамдарын құрудың және жұмысының ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.";
      22) 106-бапта:
      1-1) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Уәкiлеттi орган ақпарат алмасу көзделетiн мемлекетаралық келiсiмдер болған кезде бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi шет мемлекеттердiң бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарына ұсынады.";
      23) мынадай мазмұндағы 113-2-баппен толықтырылсын:
      "113-2-бап. Нақтылы ұстаушының клиенттерi туралы ақпаратты ашу
      Нақтылы ұстаушы "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бағалы қағаздар нарығы және акционерлiк қоғамдардың мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн жасалған нақтылы ұстау туралы шартқа сәйкес нақтылы ұстаушыға өзi туралы мәлiметтердi ашуға құқық бермеген клиенттiң орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi тиiстi қосалқы шотын ашу үшiн мiндеттi түрде қажет болатын деректемелерiн оларды орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi тиiстi қосалқы шотта көрсету үшiн орталық депозитарийге ұсынуға мiндеттi.";
      11. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 15, 132-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; 2006 жылғы 17 мамырдағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 13 мамырдағы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 10-бапта:
      1) тармақшасының мәтiнi мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке және заңды тұлғалардың банктiң және банктiк холдингтiң iрi қатысушысы мәртебесiне ие болуына келiсiм беру және келiсiм беруден бас тарту, банктердiң еншiлес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру тәртiбiн айқындайды, аталған рұқсаттарды бередi не беруден бас тартады;";
      5) тармақша алынып тасталсын;
      2) 11-баптың 1) тармақшасы мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiне ие болуына келiсiм беру және келiсiм беруден бас тарту, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншiлес ұйым құруына және ие болуына рұқсат беру тәртiбiн айқындайды, аталған келiсiмдердi және рұқсаттарды бередi не беруден бас тартады;";
      3) 12-баптың 5) және 6) тармақшалары алынып тасталсын;
      4) 13-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) жеке және заңды тұлғалардың ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесiне ие болуына келiсiм беру және келiсiм беруден бас тарту тәртiбiн, аталған келiсiмдi алу үшiн ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды айқындайды, осындай келiсiмдi бередi не беруден бас тартады;";
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) жинақтаушы зейнетақы қорларының еншiлес ұйым құруына және ие болуына рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына айтарлықтай қатысуына рұқсат беру тәртiбiн айқындайды, аталған рұқсаттарды бередi не беруден бас тартады;";
      5) 13-1 бапта:
      тақырыбы "жинақтаушы зейнетақы қорларын" деген сөздерден кейiн ", кредиттiк бюроларды" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта:
      "Қаржылық ұйымдарды" деген сөздерден кейiн "және аффилирленген тұлғаларын" деген сөздермен толықтырылсын;
      "қорларын" деген сөздерден кейiн ", кредиттiк бюроларды" деген сөздермен толықтырылсын;
       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады