"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 маусымдағы N 526 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

жоба  

"Ақпараттандыру туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы

      Осы Заң ақпараттандыру саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi құру және пайдалану, ақпараттық технологияларды қолдану, электрондық ақпараттық ресурстарды қорғауды қамтамасыз ету кезiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және ақпараттандыру саласындағы субъектiлер қызметiнiң құқықтық негiздерiн белгілейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

       1-бап. Осы Заңда пайдаланатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) ақпараттық жүйелердiң аудитi - стандарттардың, нормативтiк-техникалық құжаттамалардың талаптарымен және/немесе тапсырыс берушiнiң талаптарымен белгiленген, олардың деңгейiнiң белгiлi бiр өлшемдерге сәйкестiгiн белгiлейтiн, оларда болып жатқан ақпараттық жүйелердiң iс-қимылы мен оқиғалардың ағымдағы ахуалын бағалайтын жүйелiк процесс;
      2) "электрондық үкiмет" веб-порталы - "электрондық үкiметтiң" барлық электрондық ақпараттық ресурстары мен электрондық қызмет көрсетулерiне қол жеткiзудiң бiрыңғай нүктесiн берушi ақпараттық жүйе;
      3) веб-сайт - жалпы навигациясы бар және ақпараттық телекоммуникациялық желiде бiрдей домендiк атаумен бiрiктiрiлген деректер мен бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;
      4) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi иеленушi - көрсетiлген объектiлердi иеленудi жүзеге асырушы және оларды меншіктiгi анықталған тәртiпте және оларға өкiм ету шегiнде және пайдалану, иелену құқығын iске асырушы субъект;
      5) ақпараттық жүйелердiң, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттамалардың депозитариясы (бұдан әрi - депозитариялар) - ақпараттандыру саласындағы бағдарламалық және нормативтiк-әдiснамалық құжаттамаларын сүйемелдеумен бiрге, олардың бағдарламалық өнiмдерiнiң даналарын жинақтауды, сипаттауды, сақтауды және жүйелеудi қамтамасыз етуге арналған арнаулы қойма;
      6) бағдарламалық кодтарды және нормативтiк-техникалық құжаттамаларды депонирлау (бұдан әрi - депонирлау) - ақпараттық ресурстары бойынша бағдарламалық кодтарын және нормативтiк-техникалық құжаттамаларын депозитарийда сақтауға беру;
      7) құжатталған ақпарат - материалдық жеткiзушiде өзiн бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн, реквизиттермен қоса тiркелген ақпарат;
      8) домендiк атау - белгiлi бiр желілiк адреске сәйкес және атаулы желiнiң объектiсiне үндеуге арналған Интернет желiсiндегi адресаттың ережелерiне сәйкес қалыптасқан рәмiздiк (әрiптiк-цифрлы) белгi;
      9) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi қорғау - ақпаратты алу, көшiрмесiн түсiру, тарату, бұрмалау, жою немесе оған тосқауыл қою жөнiндегi заңсыз iс-әрекеттi қоса алғанда, ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге заңсыз қол жеткiзудi болғызбауға, оларды сақтауға бағытталған құқықтық, ұйымдық және техникалық iс-шаралар кешенi;
      10) ақпараттандыру - жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттiктерiн қанағаттандыру мақсатында ақпараттық технологияларды пайдалану негiзiнде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдық, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс;
      11) ақпараттық қажеттiк - ақпаратта жеке немесе заңды тұлғаның, сондай-ақ электрондық қызмет көрсетулерде өзiнiң қызметiн жүзеге асыруға қажеттiлiгi;
      12) ақпараттық жүйе - ақпараттық процестердi iске асыруға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
      13) ақпараттық-коммуникациялық желi - ақпараттық жүйелер немесе оларды құрастырушылар арасындағы iс-әрекетiн, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстарды берудi қамтамасыз ететiн техникалық және аппараттық-техникалық құралдарының жиынтығы;
      14) ақпараттық процестер - ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық ақпараттық ресурстарды жасау, жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, iздеу, беру, пайдалану және тарату процестерi;
      15) ақпараттық жұмыстар - жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн электрондық ақпараттық ресурстар мен электрондық ақпараттық жүйелердi құру жөнiндегi қызмет;
      16) ақпараттық технологиялар - ақпаратты жинау, жасау, сақтау, жинақтау, өңдеу, iздеу, шығару, көшiру, беру, пайдалану және таратуды қамтамасыз ететiн технологиялық кешенде бiрiктiрілген әдiстердiң, өндiрiстiк процестердiң және бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;
      17) ақпараттық қызметтер - жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттiгiн қанағаттандыру үшiн пайдаланушыларға ақпараттық ресурстарды беру жөнiндегi қызмет;
      18) интерактивтiк қызметтер - өзара ақпарат алмасуды талап ететiн, тараптардың келiсiмi бойынша немесе олардың сұрауы бойынша пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөнiндегi қызмет;
      19) құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар - Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етілген жағдайларда, оларды меншiк иесiмен немесе иеленушiмен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қол жеткiзу шектелген мәлiметтерден тұратын ақпараттық ресурстар;
      20) ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор - мемлекеттiк ақпараттық жүйелер мен мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды дамыту, бiрiктiру және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi, ақпараттандыру саласындағы бiрыңғай техникалық саясатты iске асыруға қатысу, сондай-ақ "электрондық үкiмет" қалыптастыру кезiнде инвестициялық жобалармен басқару бойынша осы Заңмен көзделгендей шеңберде мiндеттер жүктелген мемлекеттiк тұлғадағы меншiк иесi, заңды тұлға;
      21) бағдарламалық өнiм - ақпаратты өңдеу жүйесiнiң компьютер бағдарламаларының, рәсiмдерiнiң, әдiстерiнiң, ережелерiнiң және iлеспе құжаттамаларының жиынтығы;
      22) дербес деректер (электрондық ақпараттық ресурстардың дербес сипаттамасы) - жеке тұлғаның фактілерi, оқиғалары, және/немесе оның жеке басын сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн деректер туралы мәлiметтер;
      23) пайдаланушы - оған қажеттi электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшiн және ақпараттық жүйенi пайдаланушыға жүгiнген субъект;
      24) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердiң меншiк иесi - электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi иелену, пайдалану және оларға өкiм ету құқығын толық көлемде iске асыратын субъект;
      25) транзакциондық қызметтер - электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланумен өзара ақпарат алмасуды, төлемдi және өзге де iс-қимылды талап етушi, тараптардың келiсiмi бойынша немесе олардың сұрауы бойынша, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөнiндегi қызмет;
      26) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - ақпараттандыру және "электрондық үкiмет" саласында мемлекеттік саясатты iске асыруды және қызметтi мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырушы орталық атқарушы орган;
      27) электрондық қызмет - ақпараттық технологияларды пайдаланумен жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық, интерактивтiк және транзакциондық қызмет көрсетулер;
      28) электрондық үкiмет - ақпараттық-технологияларды кеңiнен қолдану жолымен жеке және заңды тұлғаларға электрондық қызмет көрсетулердi беруге бағдарланған мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеу тетiгi;
      29) электрондық ақпараттық ресурстар - ақпаратты пайдаланушылардың мүдделiгiн туғызатын және ақпараттық жүйелердегi (ақпараттық деректер қоры) электрондық түрде сақталатын ақпарат;
      30) "электрондық әкiмдiк" - ақпараттық технологияларды пайдалану жолымен жергілiктi мемлекеттiк органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiне жеке тұлғалардың қол жетiмдiлігiн қамтамасыз ету және электрондық ақпараттық ресурстарды құру, сақтау, өңдеу және беру электрондық құралдар негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдардың жұмыс iстеу тетiгi.

      2-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру
             саласындағы заңы

      1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

       3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

      1. Осы Заң:
      1) ақпараттық жүйелер мен құралдарды құру мен пайдалану және оларды ақпараттық технологиялар негiзiнде қамтамасыз ету;
      2) ақпараттық технологиялар мен ақпараттық жүйелердi пайдаланумен ақпараттық ресурстарды тұтынушыларға беру және құру, жинау, өңдеу, жинақтау, iздеу, сақтау, таратудың негiзiнде ақпараттық ресурстарды пайдалану және "электрондық үкiмет" қалыптасуы мен жұмыс iстеуi;
      3) жеке және заңды тұлғаларға электрондық қызмет көрсетулердi ұсыну;
      4) ақпараттандыру және ақпараттық процестерге қатысушы субъектiлердiң құқықтарын, электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
      2. Осы Заң Қазақстан Республикасының заңымен реттелетiн авторлық құқығы мен аралас құқықтары туралы, өнеркәсiп меншiгiнiң объектiлерi, iрiктеудiң жетiстiктерi, интегральдық микросхемалардың топологияларында, азаматтық жұмыстардың, тауарлар мен қызмет көрсетулер айналымына қатысушылардың жекеленуi, сондай-ақ бұқаралық ақпараттық құралдары туралы қатынастарды реттемейдi.
      3. Осы Заңның күшi ақпараттың мазмұны мен таратылу тәсiлдерiне таратылмайды.

       4-бап. Ақпараттандырудың объектілерi мен субъектiлерi

      1. Ақпараттандырудың объектiлерi: электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер, ақпараттық жұмыстар мен электрондық қызметтер болып табылады.
      2. Ақпараттандырудың субъектілерi: Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттандыру саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар немесе құқықтық қатынастарда сөз алатындар болып табылады.

2-тарау. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк
реттеу мен бақылау

      5-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк
             реттеудiң мақсаттары мен қағидаттары

      1. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары Қазақстан Республикасының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту, оның iшiнде "электрондық үкiмет" қалыптастыру, сондай-ақ елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.
      2. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк реттеу мынадай қағидаттарға негiзделген: 
      1) азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркiндiктерiн қатаң сақтау және азаматтардың жеке өмiрiне қол сұқпаушылық;
      2) жеке және заңды тұлғалардың ақпараттандыру саласындағы қызметке қатысуға және оның нәтижелерiн пайдалануға құқықтарының теңдiгi;
      3) мемлекеттiк органдардың қызметi туралы ақпараттан тұратын электрондық ақпараттық ресурстарды мiндеттi түрде беруге және қол жеткiзу еркiндiгi (ашықтығын айыпты емес деп есептеу) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол жеткiзу шектелген электрондық ақпараттық ресурстардан басқа;
      4) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кез-келген электрондық ақпараттық ресурстарды iздеу еркiндiгiне, өндiрiсiне және беруiне (таратуына) қол жеткiзу шектелмейдi;
      5) электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану және ақпараттық технологияларды қолдану кезiнде тұлғаның, қоғамның және мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      6) электрондық ақпараттық ресурстардың дұрыстығын, толықтығын және шынайылығын өз уақытында беру, қатынасында заңмен белгiленген мiндеттi сипаттамасы олардың жариялымды таратылуы немесе мемлекеттiк органдарымен беру;
      7) адал бәсекелестiктi қамтамасыз ету;
      8) ұлттық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердi орталықтандырылған басқаруды қамтамасыз ету;
      9) Қазақстан Республикасы аумағындағы бiрыңғай стандарттар негiзiнде ақпараттандыру саласының сенiмдiлiгi мен басқарылуын қамтамасыз ету;
      10) ақпараттық технологияларды қолдануға қойылатын талаптарды белгiлеу кезiнде технологиялық бейтараптылығының сақталуы;
      11) дербес деректердi мақсаттарымен алуды, өңдеудi және пайдалануды шектеу, сол үшiн олар жиналуда.

       6-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң ақпараттандыру
            саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң ақпараттандыру саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
      1) дамыту басымдығының, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу, салалық (секторлық) бағдарламаларды бекiту;
      2) халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
      3) ақпараттық жұмыстар мен электрондық қызметтер нарығын қалыптастыру үшiн жағдайларды қамтамасыз ету;
      4) "электрондық үкiмет" қалыптасуына және жұмыс iстеуiне, мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi құру мен дамытуға және Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiнде олардың өзара iс-қимылына жағдайларды қамтамасыз ету;
      5) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдануға, мемлекеттiк органдардың электрондық құжат айналымының жүйесiн дамытуға жағдай жасау;
      6) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану жөнiндегi шараларды өңдеу және жүзеге асыру, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерге мемлекеттiк және жеке меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз ету;
      7) ақпараттандыру саласындағы техникалық регламенттердi бекiту;
      8) ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi Қазақстан Республикасының ведомствоаралық комиссиясы туралы ереженi және оның құрамын бекiту;
      9) ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторды анықтау;
      10) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң тiзбесiн бекiту;
      11) мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшiн мемлекеттiк органдармен және заңды тұлғалармен мiндеттi тәртiпте берiлетiн құжатталған ақпараттардың және электрондық құжаттардың тiзбесiн бекiту;
      12) мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына кiрген жеке тұлғалардың дербес деректерiнiң тiзбесiн бекiту;
      13) ақпараттандыру саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзу және бағдарламалық кодтары мен нормативтiк-техникалық құжаттамаларының депозитарийының ережесiн бекiту;
      14) ақпараттық қауiпсiздiктiң талаптарына сәйкес мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi аттестациялауды жүргiзу тәртiбiн бекiту;
      15) мемлекеттiк органдардың веб-сайттарында орналасқан мемлекеттiк органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тiзбесiн анықтау.

       7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi органның құзыретiне мыналар жатады:
      1) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
      2) ақпараттандыру саласындағы заңнамалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      3) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарға қатысу;
      4) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеудi ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласының негiзгi бағыттары мен басымдықтарын дамытуды және жетілдiрудi iске асыру, оның сапасын, қол жетiмдiлігiн және жұмыс iстеуiнiң тұрақтылығын жоғарылату;
      5) ақпараттандыру саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу;
      6) электрондық қызметтер көрсету нарығының жұмыс iстеуi үшiн жағдайларды жасау;
      7) "электрондық үкiмет" қалыптастыру, мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi, ақпараттық желiлердi дамыту, Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңестiгiнде олардың үйлесiмдiлігiн және іс-қимылын қамтамасыз ету;
      8) ақпараттандыру саласындағы Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамаларды жетiлдiру бойынша ұсыныстарды өңдеу, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, оның iшiнде ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламалардың, ақпараттық жүйелердiң аудитiн жүргiзу тәртiбiн, ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен жүйелердi, ақпараттық-коммуникациялық желiлердi қалыптастырудың және жұмыс iстеуiнiң тәртiбiн әзiрлеу және бекiту;
      9) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру, инвестицияларды тарту және ынталандыру тетiктерiнiң жүйесiн жетiлдiру;
      10) мемлекеттiк органдардың ақпараттық қызмет басшыларының Кеңесi туралы ереженi бекiту;
      11) "электрондық үкiмет" қалыптастыру кезiнде және ақпараттандыру саласындағы салааралық қызметті үйлестiрудi жүзеге асыру;
      12) "электрондық үкiмет" қалыптастыру кезiнде және ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
      13) Қазақстан Республикасының электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiн тiркеу;
      14) ақпараттандыру саласындағы қатынасты реттеу мәселелерi бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау.

       8-бап. Орталық мемлекеттiк органдардың ақпараттандыру
            саласындағы құзыретi

      Орталық мемлекеттiк органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
      1) мемлекеттiк органдардың электрондық ақпараттық ресурстарымен өзара iс-қимылдағы ақпараттық жүйелердi құру және пайдалану тәртiбiн, сондай-ақ осы ақпараттық жүйелердi пайдаланумен электрондық қызметтердi көрсету тәртiбiн уәкілеттi органмен келiсiм бойынша анықтау;
      2) "электрондық үкiмет" пен ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды және бағдарламаларды уәкiлеттi органмен келiсiмдеу және әзiрлеу;
      3) жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерi мен орталық атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерi арасындағы ақпараттық өзара iс-қимылдың тәртiбiн жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесе отырып анықтау;
      4) "электрондық үкiметтi" қалыптастыру және мемлекеттiк органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiн, ақпараттық желiлерiн дамыту, Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңестiгiнде олардың үйлесiмдiлiгiн және өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
      5) мемлекеттiк органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiне жеке және заңды тұлғалардың қол жетiмдiлiгiн және олардың ақпараттық қажеттiлiгiн қанағаттандыру мақсатында ұйымдастыру;
      6) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi есепке алу және тiркеу, сондай-ақ бағдарламалық кодтарды және нормативтiк-техникалық құжаттамаларды депонирлауды қамтамасыз ету.

      9-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттандыру
             саласындағы құзыретi

      1. Облыс әкiмдiктерiнiң (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ақпараттандыру саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
      1) Жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық ресурстарымен өзара iс-қимылдағы ақпараттық жүйелердi құру және пайдалану, сондай-ақ осы ақпараттық жүйелердi пайдаланумен электрондық қызметтер көрсетудiң тәртiбiн уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша анықтау;
      2) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiне тиiстi iске асырылатын "электрондық үкiмет" және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды және бағдарламаларды уәкiлеттi органмен келiсiмдеу және әзiрлеу;
      3) "электрондық әкiмдiктi" қалыптастыру және жергiлiктi атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiн, ақпараттық желiлерiн дамыту, Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңестiгiнде олардың үйлесiмдiлiгiн және iс-қимылын қамтамасыз ету;
      4) жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттiктерiн қанағаттандыру мақсатында олардың жергiлiктi атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiне қол жеткiзуiн ұйымдастыру, оның iшiнде мүмкiндiгi бар болса, осы қол жеткiзудi ұйымдастыру үшiн тұрғынсыз үй-жайды бөлу жолымен;
      5) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ бағдарламалық кодтарды және нормативтiк-техникалық құжаттамаларды есепке алу және тiркеудi қамтамасыз ету.
      2. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң кiшi әкiмдiктерi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiне тиiстi электрондық қызметтер көрсетудi ұйымдастыру бойынша (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) облыс әкiмдiгiне ұсыныстарын енгiзедi.

       10-бап. Ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор

      Ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор - мемлекетте жалғыз қатысушы ұйым:
      1) ақпараттандыру саласындағы бiрыңғай техникалық саясатты iске асыру мақсатында жоспарлауға, қалыптастыруға қатысады, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалары және бағдарламаларын талдауға және дамытуға қатысуға құқылы;
      2) мемлекеттiк ақпараттық жүйелердiң өзара iс-қимылын, оларды әлемдiк ақпараттық жүйелерге бiрiгуiн қамтамасыз етедi;
      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң веб-сайтын және Қазақстан Республикасының "электрондық үкiмет" веб-порталын құруды және техникалық сүйемелдеудi қамтамасыз етуге құқылы;
      4) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi енгiзудi және сүйемелдеудi, бағдарламалық-аппараттық құралдарды жүйелiк-техникалық қызметтi жүзеге асырады, сондай-ақ осы мақсаттар үшiн персоналдарды оқытуға құқылы;
      5) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерге қол жетiмділiгiн, олардың ақпараттық қажеттiктерiн қанағаттандыру мақсатында техникалық жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi;
      6) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiн және депозитарийын жүргiзудi техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады,
      7) "электрондық үкiмет" қалыптастыру кезiнде инвестициялық жобалармен басқаруды және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдардың веб-сайттарының мониторингiн жүзеге асыруға құқылы;
      8) мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң өзара iс-қимылының бiрыңғай коммуникациялық ортасын құруға және техникалық қызметтi қамтамасыз етуге қатысады;
      9) "электрондық үкiмет" қалыптастыру кезiнде мемлекеттiк органдарға кеңес беруге және тәжiрибелiк көмек көрсетуге құқылы;
      10) "электрондық үкiмет" ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу кезiнде ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерiн қорғауды ұйымдастыруды жүзеге асырады.

3-тарау. Электрондық ақпараттық ресурстар,
оларды қалыптастыру және пайдалану тәртiбi

       11-бап. Электрондық ақпараттық ресурстардың түрлерi

      1. Электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткiзудiң санаты мен меншiк құқығына байланысты мемлекеттiк, мемлекеттiк емес, жалпыға бiрдей қол жетiмдi және қол жеткiзу шектелген болып бөлiнедi.
      2. Мемлекеттiң экономикасы мен қауiпсiздiгi үшiн стратегиялық маңызы бар мемлекеттiк ақпараттық ресурстардан тұратын электрондық ақпараттық ресурстар ұлттық болып табылады.
      3. Республикалық немесе жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен құрылған, сатып алынған және жинақталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген өзге де тәсiлдер жолымен мемлекеттiк органдармен алынған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк болып табылады.
      4. Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен құрылған және сатып алынған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңымен бекiтiлген өзге де тәсiлдермен алынған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк емес болып табылады.
      5. Оның меншiк иесiмен берiлетiн немесе таратылатын, немесе иеленушiмен оны пайдалану жағдайлары көрсетiлмеген ақпарат, сондай-ақ қол жеткiзу еркiн болып табылатын және оларды беру және тарату тәсiлiнiң нысанына байланыссыз мәлiметтерден тұратын электрондық ақпараттық ресурстар жалпы қол жетiмдi болып табылады.
      6. Қазақстан Республикасының заңдарымен, немесе олардың меншiк иесiмен және иеленушiмен, Қазақстан Республикасының заңымен рұқсат етілетiн жағдайларда қол жеткiзу шектелген мәлiметтерден тұратын электрондық ақпараттық ресурстар қол жеткiзу шектелген болып табылады.

      12-бап. Мүлiк құрамының элементi сияқты және меншiк
              құқығы объектiсiнiң электрондық ақпараттық
              ресурстары

      1. Электрондық ақпараттық ресурстар мүлiк құрамының элементi сияқты мемлекеттiк және жеке меншiгiнде болуы мүмкiн.
      2. Меншiк құқығының туындауы, өзгеруi және тоқтатылуының негiзi өзге де электрондық ақпараттық ресурстарға арналған құқықтары Қазақстан Республикасының азаматтық заңымен реттеледi.
      3. Электрондық ақпараттық ресурстардың меншiк иесi Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделгендей барлық құқықтарын пайдаланады, оның iшiнде:
      1) электрондық ақпараттық ресурстарды жедел басқаруға немесе шаруашылықты жүргiзудi жүзеге асырушы тұлғаны тағайындауға;
      2) өзiнiң құзыретiнiң шегiнде электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу, өңдеу және қорғау ережесiн және режимiн белгiлеуге;
      3) оларды сақтаған, көшiрген және таратқан кезiнде электрондық ақпараттық ресурстарға өкiм ету жағдайын анықтауға құқылы.
      4. Заңды тұлғалардың меншiгi болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстар, Қазақстан Республикасының азаматтық заңына сәйкес олардың мүлiктерiнiң құрамына кiредi.
      5. Олардың құзыретiне сәйкес мемлекеттiк органдардың қарауында тұрған мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк мүлiктiң құрамында есепке алуға және қорғауға жатады.
      6. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшiн электрондық ақпараттық ресурстарды мiндеттi тәртiбiнде олармен ұсынылған өздерiнiң құқықтарын субъектiлер жоғалтпайды.
      7. Мемлекеттiк құпияларға жататын мәлiметтерден тұратын электрондық ақпараттық ресурстардың иесi мемлекеттiк құпиялар туралы Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген тәртiпте тек қана тиiстi мемлекеттік органдардың рұқсатымен өкiм етуге құқылы.
      8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға жатқызылған жағдайда, мемлекет жеке және заңды тұлғалардан электрондық ақпараттық ресурстарды сатып алуға мiндеттi. Электрондық ақпараттық ресурстардың меншiк иесiнiң құқығы тоқталған кезде, оларды нарық құны есебiмен бағаланады.
      9. Ақпараттық жүйелерге және өзгеде электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу құралдарына меншiк құқығы басқа меншiк иелерiне жататын электрондық ақпараттық ресурстарға меншiк құқығын құрмайды.
      10. Электрондық ақпараттық жүйелердi және басқадай өңдеу құралдарын пайдаланған кезде немесе өңделген қызметтердi беру тәртiбiнде ақпараттық ресурстар олардың меншiк иесiне жатады. Өндiрiлген өнiмдi және оған жататынды пайдалану, бұл жағдайда шартпен реттеледi.
      11. Электрондық ақпараттық ресурстарды бiрiгiп пайдалану және өзге де құралдарды өңдеу кезiнде немесе қызметтердi ұсыну тәртiбiнде өңделген электрондық ақпараттық ресурстар оларды иеленушiге жатады. Бұл жағдайда құрылған өнiмнiң пайдалануы мен жататындығы шартпен реттеледi.

       13-бап. Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және
             пайдалану

      1. Электрондық ақпараттық ресурстарды иеленушілер Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген шектеу есебiмен оларды еркiн пайдалануына және таратуына құқылы.
      2. Ақпараттық жүйелер арасындағы ақпараттық алмасудың мәнi болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану мен тарату осы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң меншiк иелерiмен белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттiктерiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар қалыптасады.
      4. Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану заңмен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдармен жүзеге асырылады.
      5. Қол жеткiзу шектелген ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, сақтау және пайдалану, оларға қол жеткiзу мен қорғау ережесi Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген тәртiпте оларды иеленушiмен анықталады және қамтамасыз етiледi.
      6. Осы Заңмен көзделген жағдайларда мемлекеттiк органдармен, жеке және заңды тұлғалармен ақпараттық ресурстарды беру мiндеттi болып табылады.
      7. Мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды қалыптастыру жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметi республикалық және/немесе жергiлiктi бюджеттiң есебiнен қаржыландырылады.

      14-бап. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерден
              тұратын электрондық ақпараттық ресурстар

      1. Жеке тұлғалардың дербес деректерiнен тұратын электрондық ақпараттық ресурстар құпиялық санатқа жататын электрондық ақпараттық ресурстарға жатады, алу, өңдеу және пайдалану мақсаттармен шектелген, сол үшiн олар жиналады.
      2. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшiн жеке тұлғалардан оның жеке өмiрi, жеке және отбасының құпиясы туралы мәлiметтердi ұсынуын, оның қайдан шыққаны, денсаулығы, көз қарастары, саясатқа және дiни нанымдарын немесе оның еркiнсiз, өзгеше түрде осындай мәлiметтердi алуға талап етуге ешкiмнiң құқығы жоқ.
      3. Электрондық ақпараттық ресурстар үшiн дербес деректерге жататын жеке тұлғаға қатысты осы деректер берiлген сәтiнен бастап құпиялығын сақтауға мiндеттi.
      4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен кепiлденген еркiндігі мен құқығын іске асыруды шектейтін, моралдық және мүліктiк зиян келтiру мақсатында дербес деректерден тұратын ақпараттық ресурстарын пайдалануға тиым салынады.

       15-бап. Ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу

      1. Қол жеткiзу шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстары ашық және жалпы қол жетiмдi болып табылады.
      2. Қол жеткiзу шектелген электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк құпияларға және жабыққа жататын электрондық ақпараттық ресурстар болып бөлiнедi.
      3. Мемлекеттік құпияларға жататын электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк құпиялар туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Жабыққа жатқызылған ақпараттық ресурстар, осы Заңмен көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңымен көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      5. Мемлекеттiк ақпараттық ресурстарға қол жеткiзудi шектеу мүмкiн емес:
      1) нормативтiк құқықтық актiлер, мемлекеттiк құпиялардан тұратын нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда;
      2) азаматтардың, елдi-мекеннiң және өндiрiстiк объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажет өзге де жағдайда төтенше жағдайлар, табиғи және техногендiк зiл-зала, ауа-райы, санитарлық-эпидемиологиялық, туралы мәлiметтер;
      3) мемлекеттiк органдардың қызметi туралы ресми мәлiметтер;
      4) жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттiктерiн қанағаттандыру үшiн құрылған (арналған) мұрағаттардың және басқадай ұйымдардың, кiтапханалардың мемлекеттiк органдардың ашық ақпараттық жүйелерiнде жинақталған мәлiметтерi.

4-тарау. Ақпараттық жүйелер, технологиялар және
оларды қамтамасыз ету құралдары

       16-бап. Ақпараттық жүйелердiң түрлерi

      1. Ақпараттық жүйелер қол жеткiзу санатының және иелену құқығына байланысты мемлекеттiк және мемлекеттiк емес, жалпы қол жетiмдi және қол жеткiзу шектелген болып бөлiнедi.
      2. Мемлекеттiң экономикасы мен қауiпсiздiгi үшiн стратегиялық маңызы бар мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан тұратын мемлекеттiк ақпараттық жүйелер ұлттық болып табылады.
      3. Республикалық немесе жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен құрылған және/немесе сатып алынған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де жолдармен мемлекеттiк органдармен алынған ақпараттық жүйелер мемлекеттiк болып табылады.
      4. Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен құрылған және/немесе сатып алынған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де тәсiлдермен алынған ақпараттық жүйелер мемлекеттік емес болып табылады.
      5. Оның меншiк иесiмен берiлетiн немесе таратылатын немесе оларды пайдалану жағдайлары көрсетiлмеген, сондай-ақ қол жеткiзу еркiн болып табылатын және оларды беру және тарату тәсiлiнiң нысанына байланыссыз электрондық ақпараттық ресурстардан тұратын ақпараттық жүйелер жалпы қол жетiмдi болып табылады.
      6. Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе олардың меншiк иесiмен және иеленушiмен қол жеткiзу шектелген, жағдайларда электрондық ақпараттық Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етiлетiн қол жеткiзу шектелген ресурстардан тұратын ақпараттық жүйелер қол жеткiзу шектелген ақпараттық жүйелер болып табылады.

      17-бап. Меншiк иесiнiң құқық объектiсi сияқты
              ақпараттық жүйелер

      1. Ақпараттық жүйенiң меншiк иесi тұтастай мүлiктiк кешендерiмен ақпараттық жүйелерiн пайдалану, иелену және өкiм ету, пайдалану құқығын иеленедi.
      2. Егер техникалық құралдардың, электрондық ақпараттық ресурстар ақпараттық жүйелердiң меншiк иелерi әртүрлi тұлғалар болған жағдайда, ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі осы тұлғалар арасында келісіммен анықталады.
      3. Ақпараттық жүйелердiң құрамына кiретiн электрондық ақпараттық ресурстарға құқығы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң меншiк иелерi арасындағы келiсiммен анықталады.
      4. Егер электрондық ақпараттық ресурстардың меншiк иесiмен өзгесi белгіленбесе, электрондық ақпараттық ресурстардың меншiк иесi электрондық ақпараттық ресурстардың орнын ауыстыруға, оған рұқсат етпеуге және таратылуын шектеуге құқылы.

      18-бап. Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi құру,
              қол жеткiзу және пайдалану

      1. Мемлекеттiк органдарда және ұйымдарда электрондық қызмет көрсетулер, ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету, қызметтi үйлестiру және басқару процестерiн оңтайландыру мақсатында мемлекеттiк ақпараттық жүйелер құрылуда.
      2. Осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiне сәйкес мемлекеттiк ақпараттық жүйелер құрылуда.
      Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi құру жөнiндегi ұсыныстарды қалыптастыру және олардың iске асыру тәртiбi ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi Қазақстан Республикасының Ведомствоаралық комиссиясымен жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттiк ақпараттық жүйенi қабылдау ақпараттық қауiпсiздiктiң талаптарымен оның сәйкестiгiн аттестациялаудың қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк ақпараттық жүйеге қол жеткiзу мемлекеттiк ақпараттық жүйенiң меншiк иесiмен әзiрленген ережелермен анықталады.

      19-бап. Мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердi құру,
              қол жеткiзу және пайдалану

      1. Электрондық қызметтердi көрсету және ақпараттық қажеттiктердi қанағаттандыру мақсатында жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелер құрылуда.
      2. Мемлекеттiк емес ақпараттық жүйеге қол жеткiзу және оның пайдалану тәртiбi оны иеленушiмен немесе оның меншiк иесiмен анықталады.

       20-бап. Ақпараттық жүйелердiң өзара iс-қимылы

      1. Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердi иеленушi Қазақстан Республикасында деректердi берудiң стандарттық хаттамаларын пайдалану негiзiнде әр-түрлi ақпараттық жүйелермен деректердi беру арасындағы және ақпараттық алмасуын ұйымдастыру үшiн желi аралық қосу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi тиiс.
      2. Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердi пайдаланып жедел-iздестiру қызметi Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      21-бап. Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердегi электрондық
              ақпараттық ресурстарды өңдеу, сақтау және 
              резервтiк көшiру құралдарына қойылатын
              мiндеттi талап

      1. Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеуiнiң сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету yшiн, электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау, өңдеу және беру үшiн пайдаланылатын техникалық құралдарды техникалық реттеу саласындағы талаптарына сәйкес болуы тиiс.
      2. Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi иеленушiлер мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден тұратын мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды сақтауды қамтамасыз етедi, мемлекеттiк ақпараттық ресурстардың сақталуына, жоғалуына, бұрмалауына жауапкершiлiктi, қажет болған кезде оларды қалпына келтiрудi жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердегi мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстардың резервтiк көшiрмелерiн жасап шығару мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi иеленушiлер үшiн мiндеттi болып табылады.
      Мемлекеттiк электр ондық ақпараттық ресурстардағы резервтiк көшiрмелерiн жасауды және сақтау тәсiлi келесi резервтiк көшiрмелерiн жасаған сәтiне дейiн ақпараттық ресурстардың сақталуын қамтамасыз етуi тиiс.

       22-бап. Ақпараттық-коммуникациялық желiлердi пайдалану

      1. Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттық-коммуникациялық желiлердi пайдалану ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқықтық қатынасты реттейтiн Қазақстан Республикасының байланыс туралы заңымен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарының сақталуымен жүзеге асырылады.
      2. Ақпараттық-коммуникациялық желiлердi пайдалана отырып халықаралық ақпараттық алмасу Қазақстан Республикасында жасасқан халықаралық келісімдердің және Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарын сақтауымен жүзеге асырылады.

5-тарау. Электрондық ақпараттық ресурстар
мен ақпараттық жүйелердi есепке алу

      23-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды құжаттандыру
              және ақпараттық жүйелер туралы мәлiметтер

      1. Электрондық ақпараттық ресурстарды құжаттандыру және ақпараттық жүйелер туралы мәлiметтер ақпараттандыру саласындағы Қазақстан Республикасының стандарттарымен және iс жүргiзу, электрондық құжат айналымының ережелерiмен белгiленген талаптарға сәйкес оларды иеленушiлерiмен жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшiн мiндеттi түрде берiлетiн құжаттандырылған ақпарат пен электрондық құжаттар түрлерiнiң тiзбесi Қазақстан Республикасының Yкiметiмен анықталады.

      24-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық
              жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде электрондық
              ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi
              тiркеу

      1. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:
      1) ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мәлiметтердi жүйелендiру;
      2) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiндегi мәлiметтерi туралы Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын хабардар ету;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын ақпараттық қамтамасыз ету;
      4) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi бiрiктiрудi, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер арасындағы деректер алмасуды ұйымдастыру үшiн электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi әзiрлеушiлерге ақпараттарды ұсыну.
      2. Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер осы Заңмен белгiленген тәртiпте электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде мiндеттi түрде есепке алуға жатады.
      3. Мемлекеттік емес электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердiң есебi электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң Мемлекеттiк тiркелiмiнде осы Заңмен белгiленген тәртiпте өз еркiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Қол жеткiзу шектелген электрондық ақпараттық ресурстар, олардың меншiк иелерiмен немесе оларды иеленушiмен белгiленген тәртiпте сақтау және пайдалану шарттарын сақтаумен электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде тiркеуге жатады.
      5. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу туралы куәлiктi беру және тiркеу мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      6. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi иеленушi уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган бекiткен нысандар бойынша жiберетiн электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу туралы өтiнiмнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
      7. Тiркеуден өту кезiнде электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi иеленушi уәкiлеттi органға ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi иеленушiмен куәландырылған, қолы қойылған және қағаз және электрондық тасымалдаушыларымен ұсынады.
      8. Уәкiлеттi орган тiркеу өтiнiмдерiн алған күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде олардың толықтығын мен дұрыс толтыруылуын тексередi.
      9. Тiркеу өтiнiмдерi тиiсiнше ресiмделген жағдайда, уәкiлеттi орган бес күн iшiнде электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiн тiркейдi және тiркеу нөмiрiн меншiктеп бередi.
      10. Уәкiлеттi орган электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттiк тiркелiмiне мәлiметтердi енгiзу үшiн тiркелген сәтiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде тiркеу өтiнiмдерiнiң көшiрмелерiн ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторға жiбередi.
      11. Ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор бес жұмыс күнi iшiнде электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы тиiстi мәлiметтердi электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзедi.
      12. Уәкілеттi орган электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi Мемлекеттiк тiркелiмде тiркеген сәтiнен бастап он бес жұмыс кyнi iшiнде өтiнiм берушiге тiркеу туралы куәлiк бередi.
      13. Тiркеу өтiнiмдерi тиiсiнше ресiмделмеген жағдайда, уәкiлеттi орган тiркеу өтiнiмдерiн алған сәтiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде осы тiркеу өтiнiмдерiн қайтару себебiн көрсете отырып, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi иеленушiге қайтарады.
      14. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi иеленушi қайтарылған тiркеу өтiнiмдерiн алған сәтiнен бастап ескертулердi түзейдi және оларды уәкiлеттi органға тiркеу үшiн қайтадан енгiзедi.
      15. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi иеленушiнiң тiркеу өтiнiшiн қайта қарау осы Заңмен белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
      16. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу кезiнде уәкілеттi орган электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi иеленушiден тiркелетiн деректерiнiң құрамын немесе мазмұнын анықтауға қажеттi ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы қосымша ақпаратты сұрауы мүмкiн.
      17. Тiркеуге қажеттi электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы қосымша ақпаратты беру туралы сұрау салуды алған кезде, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi иеленушi тиiстi сұрау салуды алған сәттен бастан он күн мерзiмде толымды жауап ұсынады.
      Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы қосымша ақпаратты беру туралы тапсырысты алған кезде қажеттi ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң меншiк иесi тiркеу үшiн сәйкес тапсырысты алған сәтiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде толық жауабын ұсынады.

      25-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық
              жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзу

      1. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзу ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органмен қамтамасыз етiледi және ұлттық оператормен жүзеге асырылады.
      2. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзуге Мемлекеттiк тiркелiмге ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мәлiметтердi, Мемлекеттiк тiркелiмдегi осы мәлiметтердi кейiннен жаңарта отырып енгiзу кiредi.
      3. Тiркелген электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң иесi жыл сайын 30 наурыздан кешiктiрмей уәкiлеттi органға электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң толық жаңартылған сипаттамасын тiркеу өтiнiмiнiң бекiтiлген нысандары бойынша, не ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйенi пайдалануды тоқтатқан жағдайда, пайдалануды тоқтату себебiн дәлелдi түрде жаза отырып ресми хабар бередi.
      4. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы жаңартылған мәлiметтердi енгiзу электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу үшiн белгiленген тәртiпте және мерзiмде жүзеге асырылады.
      5. Белгiленген мерзiмде жаңартылған өтiнiм немесе электрондық ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйенi пайдаланудың тоқтатылғаны туралы хабарлама ұсынылмаған жағдайда, уәкiлеттi орган оның иесiне мәлiметтердi жаңарту қажеттiгi туралы тиiстi ресми сұрау салуды жiбередi.
      6. Уәкiлеттi орган электрондық ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйенi пайдалану тоқтатылғаны туралы хабарламаны алғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде осы электрондық ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйенi тiркеу туралы куәлiктi керi қайтарып алуды жүзеге асырады және он күн мерзiмде ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiне тиiстi өзгерiстердi енгiзудi қамтамасыз етедi.
      7. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiндегi мәлiметтер, электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу шектелген ақпарат жоқ бөлiгiнде, жалпы қол жеткiзу болып табылады және Интернет желiсiне орналыстыруға жатады.

      26-бап. Ақпараттық жүйелердiң бағдарламалық өнiмдерi
              мен нормативтiк-техникалық құжаттамаларының
              депозитарийiн жүргiзу және оларды депонирлау

      1. Ақпараттық жүйелердiң бағдарламалық кодтары мен нормативтiк-техникалық құжаттамаларының депозитарийiнде, ақпараттық жүйелердің бағдарламалық өнiмдерiнiң және бағдарламалық нормативтiк-техникалық құжаттамаларының даналарын тiркеу және сақтау бағдарламалық өнiмдерiн және нормативтiк-техникалық құжаттамаларын тұрақты сақтау және оларды есепке алудың бiрыңғай жүйесiн, иеленушiмен сатып алған жоғалтқан жағдайда, оларды сақтаудағы бағдарламалық өнiмдерiмен қамтамасыз ету, бағдарламалық өнiмдер мен олардың әзiрлеушiлерi туралы тұтынушыларды хабардар ету, сондай-ақ мемлекеттiк органдарды ақпараттық қамтамасыз ету мақсаттарында жүзеге асырылады.
      2. Ақпараттық жүйелердiң бағдарламалық өнiмдерiнiң және бағдарламалық нормативтiк-техникалық құжаттамаларының депозитарийiнiң негiзгi мақсаттары Қазақстан Республикасының бағдарламалық өнiмдерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және бағдарламалық өнiмдерiн және бағдарламалық нормативтiк-әдiстемелiк құжаттамаларын жинау, жүйелеу, жинақтау және сақтау болып табылады.
      3. Бағдарламалық өнiмдердiң және бағдарламалық нормативтiк-техникалық құжаттамалардың депозитарийінде мемлекеттiк бюджет қаражатынан қаржыландырылатын бағдарламалық өнiмдер, бағдарламалық және нормативтiк-техникалық құжаттамалар мiндеттi түрде мемлекеттiк есепке алуға, тiркеуге және сақтауға жатады.
      4. Бағдарламалық өнiмдер электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде тiркелген мiндетті түрде депонирлауға жатады.
      5. Бағдарламалық өнiмдердiң, бағдарламалық және нормативтiк-техникалық құжаттамаларының депозитарийін қалыптастыру мен жүргiзудi қамтамасыз етудi, сондай-ақ олардың сақталуы мен қорғалуын ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператормен жүзеге асырылады. Ақпараттандыру саласындағы Ұлттық оператор депозитарийде сақталған бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық және нормативтiк-техникалық құжаттамаларды үшiншi тұлғаға беруге және өзгертуге құқығы жоқ.
      6. Ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор өнімдердің,  бағдарламалық және нормативтiк-техникалық құжаттамалардың депозитарийiн жүргiзген кезде бағдарламалық өнiмдi иеленушiнiң өтiнiмi бойынша бағдарламалық өнiмнiң көшiрмелерiн жасауы:
      1) депонирланған даналарының электрондық тасымалдаушыларының жарамдық мерзiмi өткен жағдайда, бағдарламалық өнiмдi мұрағаттау немесе оның сақталуын қамтамасыз ету;
      2) бағдарламалық өнiм жоғалған, жойылған немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, оның иесiне бағдарламалық өнiмнiң түпнұсқасын ауыстыру үшiн көшiрмелерiн жасауы мүмкiн.
      7. Уәкiлеттi орган кемiнде жылына бiр рет бағдарламалық өнiмдердiң, бағдарламалық және нормативтiк-техникалық құжаттамалардың депозитарийының жүргiзiлуiн тексерудi жүзеге асырады.
      8. Бағдарлама немесе бағдарламалар кешенi, ақпараттық жүйе, бағдарламалық және нормативтiк-техникалық құжаттамалар депонирлауға жатады.
      9. Бағдарлама немесе бағдарламалар кешенi мынадай жиынтықта депонирлауға жатады:
      1) бағдарламаның атқарушы коды немесе бағдарламалар кешенi;
      2) жүктеме файлы;
      3) анықталған иеленушiмен қажет болған жағдайда, қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету;
      4) бағдарламаның немесе бағдарламалар кешенiнiң аннотациялық немесе жарнамалық сипаттамасы;
      5) бағдарламалық құжаттама - ерекшелiк, бағдарламаның сипаттамасы, сынау әдiстемесi мен бағдарламасы, пайдалану құжаттамасы;
      6) басқа да бағдарламалық құралдар мен құжаттардың меншiк иесiнiң және/немесе иеленушiнiң қалауы бойынша.
      10. Ақпараттық жүйе мынадай жиынтықта депонирлауға жатады:
      1) қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудiң атқарушы коды;
      2) жүйенiң жүктелген файлы мен деректер қорының құрылымы;
      3) анықталған иеленушiмен қажет болған жағдайда, қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету;
      4) ақпараттық жүйенiң жарнамалық немесе аннотациялық сипаттамасы;
      5) бағдарламалық құжаттама - техникалық-экономикалық негiздеме, техникалық тапсырма, техникалық жоба мен жұмыс құжаттамасы;
      6) басқа да бағдарламалық құралдар мен құжаттардың меншiк иесiнiң және/немесе иеленушiнiң қалауы бойынша.
      11. Ақпараттандыру саласындағы мақсаттық тұжырымдамалар, бағдарламалар, мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру үшін тұжырымдамасы уәкiлеттi органның салалық бағалауымен бiрге бағдарламалық өнiмдер, бағдарламалық және нормативтiк-техникалық құжаттамалар сақтау қорына берiледi.
      12. Сақтауға берудi қамтамасыз етудiң толықтығы, сақтау, беру, тiркеудiң, берудiң, сақтаудың, толықтығын қамтамасыз етудiң тәртiбi бағдарламалық өнiмдердiң, бағдарламалық және нормативтiк-техникалық құжаттамалардың депозитарийына бағдарламалық өнiмдердiң, бағдарламалық және нормативтiк-техникалық құжаттамаларды тiркеу, беру және сақтау туралы мәлiметтердi беру және депонирлаулау уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.

6-тарау. Ақпараттандыру саласындағы сәйкестiктi
растау және ақпараттық жүйелердiң аудитi

       27-бап. Ақпараттандыру саласындағы сәйкестiктi растау

      1. Ақпараттандыру саласындағы сәйкестiктi растау техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Сәйкестiгiн мiндеттi растауға жататын ақпараттандыру саласындағы өнiм ақпараттандыру саласындағы техникалық регламенттермен анықталады.
      3. Егер халықаралық келiсiмдерде өзгеше көзделмесе, сәйкестiгiн растау саласында шетел мемлекетi берген құжат, оны мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнде танылған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп есептеледi.

       28-бап. Ақпараттық жүйелердiң аудитi

      1. Ақпараттық жүйелердi құру, енгiзу және пайдалану кезеңiнде осы жүйелердi иеленушiлердiң және/немесе меншiк иелерiнiң бастамасы бойынша ақпараттық жүйелердiң аудитi жүргiзiлуi мүмкiн.
      2. Құпиялық мәлiметтердi ұсынудың шарттары аудиттi жүргiзу шартында белгiленедi.
      3. Ақпараттық жүйелердiң аудитiн жүргiзу жөнiндегi шығыстарды аудиттi жүргiзуге бастамашы болған ақпараттық жүйелердiң иеленушiлерi және/немесе меншiк иелерi төлейдi.
      4. Аудиттi жүргiзу ақпараттық технологиялар саласында арнайы бiлiмi және жұмыс тәжiрибесi бар тұлғалармен жүзеге асырылады.

7-тарау "Электрондық үкiмет" қалыптастыру кезiнде
мемлекеттiк ақпараттық жүйелердiң өзара iс-қимылының
тәртiбi

       29-бап. "Электрондық үкiметтi" қалыптастыру

      1. Қазақстан Республикасында "электрондық үкiметтi" қалыптастыру келесi шарттардың есебiнен жүзеге асырылады:
      1) ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi Қазақстан Республикасының ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдарының негізiнде "электрондық үкiметті" iске асыру жөнiндегі мемлекеттiк органдармен келiсiлген шешiмдердi қабылдауды қамтамасыз ету;
      2) мемлекеттiк органдарда ақпараттандыру жөнiндегi бөлiмшелердi құруды қамтамасыз ету. Мемлекеттiк органдардың осындай бөлiмшелерi болмаса, тиiстi мемлекеттiк органдарға қызмет көрсету үшiн шарттық негiзде, ақпараттандыру бойынша қызметтердi оның құрылымында құру туралы ұсыныстарымен ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторға жүгiнуге құқылы;
      3) уәкiлеттi органда мемлекеттiк органдардағы ақпараттық қызмет жетекшiлерiнiң кеңесiн құруды қамтамасыз ету;
      4) ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператормен "электрондық үкiмет" базалық кешендерiн техникалық сүйемелдеудi қамтамасыз ету.

       30-бап. Мемлекеттiк органдармен электрондық
             қызметтер көрсету

      1. Мемлекеттік органдар электрондық қызметтердi "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы немесе өздiгiнен көрсетуi мүмкiн.
      Электрондық қызметтердi көрсету түрлерi бойынша ақпараттық, интерактивтiк және транзакциялық болып бөлiнедi.
      2. Электрондық қызметтердi көрсету осы Заңға және мемлекеттiк органдармен бекiтiлген электрондық қызметтердi көрсету ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      Электрондық қызметтердi көрсету ережесi ақпараттық жүйенi иеленушi мен электрондық қызметтердi алушы арасындағы өзара iс-қимылдардың тәртiбiн мiндеттi түрде қарауы тиiс.
      3. Электрондық қызметтер көрсету алу үшiн мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi иеленушiге жеке және заңды тұлғалардың жүгiнуi, ақпараттықты қоспағанда, пайдаланушының сұрауы негiзiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы куәландырылған, электрондық құжат нысанда жүзеге асырылады.
      4. Электрондық құжат айналымының тәртiбi Қазақстан Республикасының тиiстi заңнамалық актiлерiмен анықталады.

       31-бап. "Электрондық үкiмет" ақпараттық жүйелерiнiң
              түрлерi

      1. "Электрондық үкiмет" ақпараттық жүйелерi олардың пайдалану мен тәртiбiне қарай ведомствалық және ведомствоаралыққа бөлiнедi.
      2. "Электрондық үкiмет" ақпараттық ресурстарын толықтыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйесi ведомствалық ақпараттық жүйелер болып табылады.
      3. "Электрондық үкiмет" өзара iс-қимылындағы ведомствалық ақпараттық жүйелер ведомствоаралық ақпараттық жүйелер болып табылады.

       32-бап. "Электрондық үкiмет" базалық құрамдас бөлiктерi

      "Электрондық үкiметтiң" базалық құрамдас бөлiктерiнiң жұмыс iстеуi Қазақстан Республикасының "электрондық үкiмет" веб-порталы мен шлюзiн, төлемдiк шлюзiн, бiрыңғай көлiктiк ортасын, ұлттық сәйкестендiру жүйесiн, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк деректер қорын, мекен-жай тiркелiмiн, ашық кілттердiң инфрақұрылымын құруға негiзделедi.

      33-бап. "Электрондық үкiмет" қалыптастыру кезiнде
              ақпараттық жүйелер мен базалық құрамдас
              бөлiктерiнiң өзара iс-қимылы

      1. "Электрондық үкiмет" ақпараттық жүйелерiнiң ведомствалық және ведомствоаралық iс-қимылының тәртiбi мемлекеттiк органдардың уәкiлеттi органның келiсiмiмен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi.
      2. "Электрондық үкiмет" қалыптастыру үшiн мемлекеттiк органдар мен ұйымдармен берілетiн электрондық ақпараттық ресурстардың тiзбесi уәкiлеттi органмен келiсiмделедi.
      3. Ведомствалық ақпараттық жүйелердiң электрондық ақпараттық ресурстарының жұмыс iстеуi мен қорғалуын мемлекеттiк органдар қамтамасыз етедi.
      4. "Электрондық үкiмет" электрондық қызметi ретiнде берiлетiн ведомствалық электрондық ақпараттық ресурстарының қалыптасуы мен жаңалануын мемлекеттiк органдар қамтамасыз етедi.

      34-бап. "Электрондық үкiмет" мемлекеттiк электрондық
              ақпараттық ресурстарына қол жеткiзу

      "Электрондық үкiмет" мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарына қол жеткiзу осы Заңмен белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.

8-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың электрондық
ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу құқығы және
оларды ұсыну тәртiбi

       35-бап. Ақпаратты алу мен таратуға құқығы

      1. Жалпы қол жетiмдi ақпараттық жүйелердi орындайтын жалпы қол жетiмдi ақпараттық ресурстардың иелерi осы Заңмен және өзге де Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлермен анықталған шарттар мен тәртiпте оларға мүдделi жеке және заңды тұлғалардың сұрауы бойынша ақпарат бередi.
      2. Жалпы қолжетiмдi ақпараттық ресурстарды немесе олар туралы жеке және заңды тұлғаларға ақпарат беруден бас тартса, сотта шағымдану болуы мүмкiн.

      36-бап. Сұраным негiзiнде электрондық ақпараттық
              ресурстарға қол жеткiзудi қамтамасыз ету

      1. Электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу келесi тәсiлдердiң бiрi бойынша ақпараттық жүйенi иеленушi немесе меншiк иесiне жiберген сұранымы арқылы жүзеге асырылады:
      1) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, электрондық құжат нысанында немесе электрондық поштаны пайдаланып сұрау жолымен;
      2) пайдаланушының жалпы қолжетiмдi ақпараттық ресурстарға тiкелей өтiнiм жолымен.
      2. Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, электрондық құжат нысанында жiберiлген сұраным, тұлғаның қолы қойылып қағаз жүзiнде жiберген сұранымның түпнұсқасымен теңестiрiледi. Мұндай сұранымдар ақпараттық жүйенi иеленушi немесе меншiк иесi белгiлеген iс-жүргiзу ережелерiне сәйкес тiркеуге жатады.

       37-бап. Сұрауға қойылатын талаптар

      Электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткiзудi алу yшiн сұрауда мынадай мәлiметтер ұсынылуы тиiс:
      1) ақпаратты сұраушы тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты;
      2) заңды тұлға сұраныммен жүгiнген кезде - заңды тұлғаның толық атауы, лауазымы, тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты;
      3) ақпараттық жүйенiң иеленушiнiң немесе меншiк иесiмен ақпаратты сұраушы тұлғамен байланысып немесе тұлғалардың қатынас деректерi, сұраныспен жүгiнген (пошталық адресi немесе телефонның немесе телефакстiң нөмiрi) арқылы электрондық ақпараттық ресурстарды беруi мүмкiн;
      4) сұраныстағы электрондық ақпараттық ресурстың мазмұны, атауы және құжаттың мазмұны немесе оған белгiлi құжаттың реквизиттерi;
      5) сұранымды орындауға қажеттi өзге де мәлiметтер;
      6) сұранымды орындауға қалауымен тәсiл.
      2. Егер тұлға ол туралы электрондық ақпараттық ресурстарды өзiнiң атынан немесе бұл туралы заңды тұлғаны электрондық ақпараттық ресурстарды беру туралы заңды тұлғаның атынан сұраса, онда оның жеке басын куәландыратын құжаттың реквизиттерiн және/немесе сұрау жiберген заңды тұлғаның лауазымын көрсетуге мiндеттi.

       38-бап. Сұрауды орындау мерзiмдерi

      1. Сұрау түскен күнiнен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей орындалады.
      2. Осы Заңмен белгiленген, ақпараттық сұрақтарды қарау мерзiмдерi сұрау тiркелгеннен кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап есептеледi.
      3. Егер ақпараттық жүйенi иеленушiсiне немесе меншiк иесiне сұрауды анықтау қажет болса немесе егер сұралған электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну үшiн уақыт талап етiлетiн болса, онда ол сұрауды орындауға (бiрыңғай мәтiнмен) 15 жұмыс күнiне дейiн ұзарта алады. Сонымен бiрге ол себебiн көрсете отырып мерзiмiнiң ұзартылатыны туралы сұраумен үндеген тұлғаны бес жұмыс күнi iшiнде хабардар етедi.

       39-бап. Сұраудың орындалғанын мойындау

      Электрондық ақпараттық ресурстардың ұсынылғаны туралы сұрау орындалды деп есептеледi, егер:
      1) ақпараттық pecуpc осы Заңмен көзделген тәсiлмен сұралған тұлғаға берілсе;
      2) сұрау қажеттiгi бойынша берiлсе және бұл туралы ақпараттық ресурсты сұраушы тұлғаға хабарланса;
      3) ашық көздерде жарияланған ақпаратпен танысу мүмкiндiгi сұрауды жiберген тұлғаға түсiндiрiлсе.

       40-бап. Ашық көздерде жарияланған ақпарат туралы
             хабарлама

      Егер сұралған ақпараттық ресурстар ашық көздерде жариялағанда, онда ақпараттық жүйенi иеленушi немесе меншiк иесi сұралған ақпараттық ресурсты бермеуге құқылы, тұлғаны бұл туралы бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, сұралған ақпараттық ресурстарға қалай қол жеткiзу керектiгi мен тәсiлдерi туралы мәлiметтердi бiрге хабардар етедi.

       41-бап. Сұрауды орындаудан бас тарту

      1. Ақпараттық жүйенi иеленушi немесе меншiк иесi сұрауды орындаудан бас тартады, егер:
      1) сұралған электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты қолжеткiзу шектелгенде және сұралған электрондық ақпараттық ресурстарға сұрау жiберген тұлғаның қол жеткiзу құқығы болмаса;
      2) сұралған электрондық ақпараттық ресурстары болмаса және ол кiмнiң иеленуiнде екенi оған белгiсiз болса;
      3) сұрауды анықтау кезiнде, сұраушы тұлғаның ұсынымынан қандай электрондық ақпараттық ресурстарды беру туралы; сұрауды орындау мүмкiн болмағанда;
      4) егер шығындарға төлем заңнамамен немесе шартпен көзделсе, тұлғамен сұралған электрондық ақпараттық ресурсқа сұрауды орындауға шығындары төленбесе;
      5) сұрау осы Заңның 38-бабымен белгiленгендей талаптарына сәйкес келмесе.
      2. Ақпараттық жүйенi иеленушi немесе меншiк иесi осы баптың 1-бөлiгiнде көзделген негiздер бойынша сұраудың орындалуынан бас тартатыны туралы бес жұмыс күнi iшiнде сұрау салған тұлғаны хабардар етедi.

9-тарау. Электрондық ақпараттық ресурстар
мен ақпараттық жүйелердi қорғау

      42-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар мен
              ақпараттық жүйелердi қорғаудың мақсаты

      1. Электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелердi қорғау құқықтық, ұйымдық және техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларды қабылдау мақсаттарында қорытындылады:
      1) электрондық-ақпараттық ресурстарының толықтылығын және сақталуын, оларды заңсыз өзгертудi немесе жоюды болдырмауды қамтамасыз ету;
      2) қолжеткiзу шектелген электрондық ақпараттық ресурстардың жабықтығын сақтау;
      3) электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткiзуге құқығын iске асыру;
      4) электрондық ақпараттық ресурстардың құралдарын өңдеуiне және беру құралдарына заңсыз әрекетiне жол бермеу.
      2. Электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелердi қорғау заңсыз әрекетiне жол бермеу:
      1) электрондық ақпараттық ресурстарды болдырмау, яғни берiлетiн электрондық ақпараттық ресурстарға және компьютерлiк жүйелерге қол жетiмдiлiгiн немесе шектеуге әкелетiн қимылдар;
      2) электрондық ақпараттық ресурстарды жаңалау яғни бағдарламаға, деректер қорына, материалдық тасымалдаушыда болған ақпараттық мәтiнiне өзгерiстер енгiзу;
      3) ақпараттық ресурсты көшiрме ету, яғни алғашқы ақпаратты өзгерiссiз сақтау кезiнде ақпаратты басқа материалдық тасымалдағышқа көшiру;
      4) құқық иесiнiң рұқсатысыз бағдарламалық өнiмдердi пайдалану;
      5) ақпараттық жүйелердiң және/немесе бағдарламалық өнiмдердiң, немесе желiнің жұмысын бұзуға.

      43-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарын қорғауды
              ұйымдастыру

      1. Электрондық ақпараттық ресурстарын қорғау:
      1) электрондық ақпараттық ресурстарына жалпы қол жеткiзуiне қатысты тұлғалармен - электрондық ақпараттық ресурстарын тарататын тұлғамен;
      2) қол жеткiзу заңмен шектелген электрондық ақпараттық ресурстарын - осындай электрондық ақпараттық ресурстары бар ақпараттық жүйенiң иесiмен, иеленушiсiмен немесе операторымен ұйымдастырылады;
      3) меншiк иесiмен немесе иеленушiмен қол жеткiзу шектелген электрондық ақпараттық ресурстар қатынасында - электрондық ақпараттық ресурстардың меншiк иесiмен немесе иеленушiмен.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар қамтамасыз ететiн шараларды:
      1) электрондық ақпараттық ресурстарына рұқсатсыз қол жеткiзудi болдырмауды;
      2) электрондық ақпараттық ресурстарға рұқсатсыз қол жеткiзу фактілерiн уақытында анықтағанда, егер мұндай рұқсатсыз қол жеткiзудi болдырмау болмағанда;
      3) ақпаратқа қол жеткiзу тәртiбiн бұзудың қолайсыз салдарынан;
      4) электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу мен беру құралдарына әсерiн болдырмауды;
      5) өзгертiлген немесе оларға рұқсатсыз қолжеткiзу салдарынан жойылған электрондық ақпараттық ресурстарды жеделдетiп қайтадан орнату мүмкiндiгiн қолдауға мiндеттi.

      44-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар мен
              ақпараттық жүйелердi қорғау шаралары

      1. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың құқықтық шараларына электрондық ақпараттық ресурстарды иеленушi мен ақпаратты пайдаланушылармен жасалған белгілi электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу шарттары және қол жеткiзу шарттарын бұзғаны үшiн жауапкершілiгi және электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану шарттары жатады.
      2. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың ұйымдық шараларына аумағына (үй-жайға) маңызды режимдi рұқсатты қамтамасыз ету, ақпаратқа қол жеткiзу жүзеге асуы мүмкiн (материалдық ақпарат таратқыштарға), сондай-ақ ақпараттың сипаттамасына және тұлғаның шеңберiнде ақпаратқа қол жеткiзудiң шектелуi жатады.
      3. Электрондық ақпараттық ресурстардың техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларына, ақпараттық жүйелердi қорғау бойынша шаралар, ақпаратты қорғау, оның iшiнде криптографиялық құралдарын пайдалану, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткiзудi бақылау жүйесi және фактiлерiн тiркеу жатады.
      4. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларын пайдалану зиян келтiрмеуi немесе өмiрге, денсаулыққа және мүлiкке қауiп төнуi болмауы керек.

      45-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың
              дербес сипаттамасын қорғау

      1. Дербес деректерден тұратын электрондық ақпараттық ресурстарды алған, ақпараттық ресурстарды иеленушi олардың жарияланбауын қорғау жөнiндегi шараларды қабылдауға мiндеттi. Мұндай мiндет дербес деректерден тұратын ақпараттық ресурстарды алған сәтiнен бастап және оларды жою немесе тұлғадан осы деректерге қатысты оларды жарияланбауына келiсiм алғанға дейiн туады.
      2. Келесi дербес деректерден тұратын, электрондық ақпараттық ресурстарды беру оларға қатысты тұлғаның тек қана келiсiмiмен немесе Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген өзге де негiздерiмен рұқсат етiледi.

10-тарау. Қорытынды ережелер

      46-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттану туралы
              заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының ақпараттану туралы заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта әкеп соғады.

      47-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң оны ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 29-бабының 1-тармағының 2-тармақшасын қоспағанда.
      2. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы "Ақпараттандыру туралы" Заңының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Ведомоствасында, 2003 ж., N 10, 52 бап).

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады