Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында қуаты 100 МВт газ турбиналық электр станциясын салу және пайдалану жобасын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 маусымдағы N 579 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 11 - 13 мамырда Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында қуаты 100 MBт газ турбиналық электр станциясын салу жобасын iске асыру қажеттiлiгi туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.

      2. Қоса берiлiп отырған Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында қуаты 100 МВт газ турбиналық электр станциясын салу және пайдалану жобасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.

      3. Орталық атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де мүдделi мемлекеттiк органдар мен ұйымдар Жоспарды iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
                                     2006 жылғы 26 маусымдағы
                                         N 579 қаулысымен
                                               бекiтiлген

    Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында қуаты 100 МВт газ
   турбиналық электр станциясын салу және пайдалану жобасын
         iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Орындалуына жауаптылар

Аяқталу мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Техникалық-экономикалық
негiздеменi әзiрлеудi
ұйымдастыру және
мемлекеттiк сараптама
жүргізу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
есеп

Ақтөбе
облысының
әкімдігі
(жинақтау),
"Қандыағаш ГТЭС" АҚ

2006 жылғы
тамыз

2.

Ақтөбе облысының
Қандыағаш қаласында
қуаты 100 MBт газ турбиналық электр станциясын салу жобасы
бойынша "Инвестициялар
туралы" Қазақстан
Республикасының Заңында
көзделген инвестициялық
преференцияларды беру
туралы мәселенi қарау

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат

ИСМ
(жинақтау),
ЭМРМ, ЭБЖМ,
Қаржымині,
Ақтөбе облысының
әкімдігі,
"Қандыағаш ГТЭС" АҚ

2006 жылғы
қыркүйек

3.

"Ақтөбе облысының
Қандыағаш қаласында
қуаты 100 МВт газ
турбиналық электр
станциясын салу мен
пайдалануға арналған
концессиялық келiсiм
жасасу туралы"
Қазақстан Республикасының
Yкiметi қаулысының
жобасын әзiрлеу

Қазақстан
Республика-
сы
Үкіметінің
қаулысы

ЭМРМ
(жинақтау),
ЭБЖМ,
Қаржымині,
ТМРА, 
Ақтөбе облысының
әкімдігі,
"Қандыағаш ГТЭС" АҚ

2006 жылғы
қыркүйек

4.

"Ақтөбе облысының
Қандыағаш қаласында
қуаты 100 MBт газ
турбиналық электр
станциясын салу және
пайдалану жөнiндегi
концессиялық келiсiм
шеңберiнде мемлекеттiң
кепiлгерлiгiн беру
туралы" Қазақстан
Республикасының
Yкiметi қаулысының
жобасын әзiрлеу

Қазақстан
Республика-
сы
Үкіметінің
қаулысы

Қаржымині,
(жинақтау),
ЭМРМ, ЭБЖМ,
Ақтөбе облысының
әкімдігі,
"Қандыағаш ГТЭС" АҚ

2006 жылғы
қыркүйек

5.

Инфрақұрылым облигацияларын шығару
және бiрiншi кезекте
жинақтаушы зейнетақы
қорлары, сондай-ақ
басқа да институционалдық
инвесторлар арасында
орналастыру жөнiндегi
жұмысты ұйымдастыру

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат

"Қандыағаш ГТЭС" АҚ,
Ақтөбе облысының
әкімдігі
  

2006 жылғы
желтоқсан

6.

"Қандыағаш ГTЭC" АҚ
Қандыағаш-Мақат темiр
жол учаскелерiн электрлендiру кезiнде
энергия көздерiнiң бiрi
ретiнде белгiленсiн

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат

ККМ
(жинақтау),
ЭМРМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ, "КЕGOC" АҚ,
Ақтөбе облысының
әкімдігі,
"Қандыағаш ГТЭС" АҚ 

2006 жылғы
желтоқсан

7.

Ақтөбе облысының
мұнай-газ кен орындарынан көлемi
220 млн. м 3  дейiн iлеспе
газды "Қандыағаш
ГTЭC" АҚ-тың пайдалану
қажеттiлiгi үшiн 2009
жылдан бастап жыл сайынғы жеткізілімдер
туралы мәселені пысықтау

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат

"ҚМГ" ҰК" АҚ, Ақтөбе облысының
әкімдігі,
"Қандыағаш ГТЭС" АҚ 

2006 жылғы
желтоқсан

Ескертпелер :
Қаржыминi         - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
ЭБЖМ              - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
ЭМРМ              - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi
ИСМ               - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
ККМ               - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi
ҚҚА               - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгi
ТМРА              - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi
"Қандыағаш        - "Қандыағаш газ турбиналық электр станциясы"
ГТЭС" АҚ            акционерлiк қоғамы
"КEGOC" АҚ        - "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания "КEGOC" акционерлiк қоғамы
"ҚМГ" ҰК" АҚ      - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы
"ҚТЖ" ҰК" АҚ      - "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады