Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 609 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096  Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222  қаулысымен бекітілген»Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесінің 12-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет 5 қаңтарға және 5 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет 20 қаңтарға және 20 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.04.09. N  278 қаулысымен.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Ғ.І.Оразбақовқа жүктелсін.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.04.09. N  278 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                           2006 жылғы 30 маусымдағы
                                               N 609 қаулысымен
                                                  бекітілген

        Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық
    дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске
асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзімі

Болжанатын шығыстар (млн. теңге)*

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1. Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету
1.1 Талдау және зерттеу

1.1.1

Өнеркәсіпті жаңғыртуға және құрылымды әртараптандыруға бағытталған жобаларға мониторинг және талдау жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), ЭМРМ, СА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ

Жыл сайын, 30 қаңтарға

Талап етілмейді


1.1.2

Ұлттық компаниялардың индустриялық- инновациялық даму стратегиясын, оның ішінде инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысуына талдау жүргізу

ИСМ-ге ақпарат

ЭБЖМ, ЭМРМ, ККМ, АШМ, МАМ, БҒМ, АБА, "Самұрық" АҚ, ҰК

Жыл сайын 5 шілдеге

Талап етілмейді


1.1.3

Жеке сектор үшін қол жетімді маркетингілік- технологиялық зерттеулердің жаңартылатын дерекқорын құру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

ИСМ (жинақтау), ЭБЖМ, "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ

2007 жылғы 30 шілдеге

Талап етілмейді


1.1.4

Өңірлердің өнеркәсіптік, инновациялық және саудалық дамуына тұрақты мониторинг және талдау жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), СА, мүдделі мемлекеттік органдар,облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын 30 қаңтарға

Талап етілмейді


1.1.5

Еңбектің энергияны қажетсінуі мен өнімділігінің көрсеткіштері бойынша мониторинг және талдау жүргізу

ИСМ-ге ақпарат

СА

Жыл сайын, 5 қаңтарға

Талап етілмейді


1.1.6

Салалар бойынша өнімділікті бағалау әдістемесін енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ИСМ (жинақтау), СА, мүдделі мемлекеттік органдар

2007 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді


1.2 Ақпараттық жария ету

1.2.1

Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерін Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалы туралы ағылшын тіліндегі материалдармен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне ақпарат

ИСМ (жинақтау), СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

Жыл сайын, 30 қаңтарға

Талап етілмейді


1.2.2

Индустриялық- инновациялық даму стратегиясының іске асырылу барысын БАҚ-та жария етуді қамтамасыз ету

ИСМ-ге ақпарат

МАМ

Жыл сайын, 5 қаңтарға және 5 шілдеге

2006 жыл - 75,0 2007 жыл - 75,0 2008 жыл - 75,0 Жиыны - 225,0

Республикалық бюджет

1.2.3

2015 жылға дейін индустриялық- инновациялық даму стратегиясын іске асыру барысы туралы телевизиялық бағдарламалар мен хабарлар (айдарлар) циклін қамтамасыз ету

ИСМ-ге ақпарат

МАМ

Жыл сайын, 5 қаңтарға және 5 шілдеге

2006 жыл - 500,0 2007 жыл - 500,0 2008 жыл - 500,0 Жиыны - 1500,0

Республикалық бюджет

1.2.4

Әлемдік жетекші университеттердің бірінде индустриялық- инновациялық дамудың өзекті мәселелері бойынша семинар өткізу

ИСМ-ге ақпарат

МҚА

2007 жылғы 5 қаңтарға

2006 жыл - 50,0

Республикалық бюджет

1.2.5

Индустриялық- инновациялық даму саласындағы шетелдік тәжірибені зерделеу бойынша және оларды Қазақстан Республикасының индустриялық инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру барысында пайдалану бойынша семинарлар, тренингілер, оқыту курстарын өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), министрліктер мен агенттіктер, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ

Жыл сайын, 30 қаңтарға

2006 жыл - 20,0; 2007 жыл - 20,0 2008 жыл - 20,0 Жиыны: 60,0

Республикалық бюджет

1.2.6

Көрмелерді, семинарларды, конкурстарды ұйымдастыра отырып, "Made in Kazakhstan" жыл сайынғы фестивалін өткізу жөнінде ұсыныстар дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

2007 жылғы ІІІ тоқсан

Талап етілмейді


2. Институционалдық даму
2.1 Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру

2.1.1

Бұл ретте инновациялық және инвестициялық қызмет мәселелеріне айрықша назар аудара отырып, ұлттық компанияларды дамытудың орта мерзімді жоспарларын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобалары

ЭБЖМ, ИСМ, ЭМРМ, ККМ, АШМ, МАМ, БҒМ, АБА, ТМРА, ҰК

Жыл сайын, I тоқсан

Талап етілмейді


2.1.2

Индустриялық және инновациялық даму саласындағы мемлекеттік мекемелердің жобаларын іске асыру мақсатында донорлардың қаржылық және техникалық көмектерін тарту жөніндегі
шараларды қабылдау

ИСМ-ге ақпарат

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

Жыл сайын, 5 шілдеге

Талап етілмейді


2.1.3

Құрылған арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігіне талдау жүргізу және мемлекеттік органдардың арнайы экономикалық аймақтар құру жөніндегі жұмыстарына жүйелілік беру жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

ИСМ (жинақтау), ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2007 жылғы 30 шілдеге

Талап етілмейді


2.2 Өңірлік даму

2.2.1

Қазақстан Республикасы Индустриялық- инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының 2-кезеңін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың өңірлік жоспарларын (2006-2008 жылдарға арналған) әзірлеу

Мәслихат шешімі

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2006 жылғы III тоқсан

Талап етілмейді


2.2.2

Қазақстан Республикасы индустриялық- инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған өңірлік бағдарламаларына басымдылықтарды айқындай отырып, өзгерістер енгізу

Мәслихат шешімі

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2006 жылғы IIІ тоқсан

Талап етілмейді


2.2.3

Еңбек өнімділігі факторларын ескере отырып, өңірлік бағдарламаларды бағалау үшін өлшемдер әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ИСМ

2006 жылғы ІV тоқсан

Талап етілмейді


2.2.4

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің бекітілген нысандары бойынша инвестициялық жобаларды іске асырудың мониторингін жүргізу

ИСМ-ге есеп

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, 5 қаңтарға және 5 шілдеге

Талап етілмейді


2.2.5

Индустриялдық- инновациялық даму стратегиясының іске асырылу барысын өңірлік БАҚ-та жария ету жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік ақпараттық жұмыс жоспарын әзірлеу

ИСМ-ге есеп

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2006 жылғы III тоқсан

Талап етілмейді


2.3 Мемлекеттік даму инстуттары

2.3.1

Мемлекеттік даму институттары қызметінің тиімділігіне кешенді талдау жүргізу және олардың инвестициялық басымдықтарын түзету жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ИСМ (жинақтау), "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ, мүдделі мемлекеттік органдар

Жыл сайын, IV тоқсан

Талап етілмейді


2.3.2

Даму институттары директорларының кеңесіне тәуелсіз сарапшыларды енгізуді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

ИСМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ, даму институттары

2007 жылғы II тоқсан

Талап етілмейді


2.3.3

Қазақстандық даму институттарының сыртқы нарықтарға келісімді түрде шығуы жөніндегі мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ИСМ (жинақтау), СІМ, Қаржымині, ЭБЖМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ

Жыл сайын, 30 қаңтарға 2007 ж.

Талап етілмейді


3. Отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
3.1 Кластерлік бастаманы дамыту

3.1.1

Қолда бар тәжірибені ескере отырып, айқындау әдістемесін әрі өңірлік және ұлттық деңгейдегі әлеуетті бәсекеге қабілетті кластерлерді құру тәртібін әзірлеу**

ИСМ-нің бұйрығы

ИСМ (жинақтау), "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ

2007 жылғы ІІІ тоқсан

2007 жыл - 8,0

Республикалық бюджет

3.1.2

Кластерлерді құруға және дамытуға ұйымдық сипаттағы шығындарға оларды қаржыландыру көздерін (республикалық және жергілікті бюджеттердің қатысу үлестері) айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлей отырып, талдау жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ (жинақтау), ИСМ, Қаржымині, "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ

2006 жылғы III тоқсан

Талап етілмейді


3.1.3

Өңірлерді дамытуда кластерлік тәсілді кеңінен пайдалануды іске асыруға кірісу

ИСМ-ге есеп

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2007-2008 жылдар, жарты жылда 1 рет

Талап етілмейді


3.1.4

Қазақстандық кластерлік бастаманы іске асыру барысына талдау жүргізу және оның тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ИСМ (жинақтау), ЭБЖМ

2007-2008 жылдар, жарты жылда 1 рет

Талап етілмейді


3.2 Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру

3.2.1

2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасында индустриялық аймақтарды қосымша орналастыру, құру және қаржыландыру жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ИСМ (жинақтау), ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2006 жылғы III тоқсан

Талап етілмейді


3.2.2

Индустриялдық аймақтар құрылысын қаржыландырудың тетіктерін, оның ішінде мемлекеттік-жеке серіктестіктердің мүмкіндіктерін қарастыра отырып, әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ИСМ (жинақтау), ЭБЖМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2007 жылғы II тоқсан

Талап етілмейді


3.2.3

Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы жаңа әзірлемелерді өндіріске енгізу үшін технопарк құру**

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

АШМ (жинақтау), Сейфуллин атындағы ҚазМАТУ

2008 жылғы IV тоқсан

2008 жыл - 68,0

Республикалық бюджет

3.2.4

Шортанды-1 кентінде ұлттық агроөнеркәсіптік технологиялық парк құруды қамтамасыз ету**

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

АШМ

2008 жылғы IV тоқсан

2008 жыл - 65,0

Республикалық бюджет

3.3 Қосымша құн тізбектерін қалыптастыру

3.3.1

Кәсіпорындарды технологиялық тізбектерді және кооперациялық байланыстар құруды қамтамасыз ететін концерндер мен холдингтерге ерікті ықпалдастыру негізінде машина жасауды қайта құрылымдауды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

ИСМ (жинақтау) және мүдделі мемлекеттік органдар

2007 жылғы 30 қаңтарға

Талап етілмейді


3.3.2

Өнеркәсіптік қауіпсіздік, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы және бірінші кезекте тау-кен-металлургиялық кешенінің машиналарын жасау үшін салалық нормативтік құқықтық кесімдер жүйесін әзірлеу
жөнінде ұсыныстар дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ИСМ (жинақтау), Әділетмині

2006 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді


3.3.3

Отандық кәсіпорындардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарды іске асыруға қатысуын қамтамасыз ету

ИСМ-ге ақпарат

ЭМРМ және мүдделі мемлекеттік органдар

Жыл сайын, 5 қаңтарға

Талап етілмейді


4. Инновациялық даму
4.1. Ұлттық инновациялық жүйе

4.1.1

Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру мен дамыту жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасының тиімді іске асырылуына талдау жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

ИСМ (жинақтау), "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ

Жыл сайын, 30 қаңтарға және 30 шілдеге

Талап етілмейді


4.1.2

Инфрақызыл спектроскопия орталығын құру жөнінде ұсыныстар енгізу**

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

АШМ

2008 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді


4.1.3

Ядролық медицина және биофизика орталығын құру**

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ЭМРМ

Жыл сайын, IV тоқсан

2006 жыл - 250,0 2007 жыл - 2870,0 2008 жыл - 3816,1 Жиыны - 6936,1

Республикалық бюджет

4.2 Ғылыми-техникалық және инновациялық саясат

4.2.1

Ғылым мен өндірістің өзара қарым-қатынасын күшейту мақсатында, оның ішінде перспективалық кластерлер жобаларын іске асыру кезінде іргелі және қолданбалы ғылымдарды дамытудың негізгі бағыттары мен басымдықтарын айқындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ИСМ (жинақтау) және мүдделі мемлекеттік органдар, бизнес топтары мен ғылыми қоғамдастықтардың өкілдері

2006 жылғы ІV тоқсан

Талап етілмейді


4.2.2

Қазақстан Республикасының наноғылымдары мен нанотехнологияларын дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

БҒМ

2006 жылғы шілде

Талап етілмейді


4.2.3

Ақпараттық ғарыштық технологияларды спутниктік телекоммуникациялық жүйелер мен желілер негізінде дамытуды қамтамасыз ету

ИСМ-ге ақпарат

БҒМ

Жыл сайын, 5 қаңтарға

Талап етілмейді


4.2.4

Қазақстан Республикасының аумағында геодезиялық спутниктік желілер тұрғызуды және координаттардың бірыңғай мемлекеттік жүйесін белгілеуді қамтамасыз ету**

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ЖРА

2007 жылғы ІV тоқсан

2007 жыл - 170,0 2008 жыл - 1330,0 Жиыны: 1500,0

Республикалық бюджет

4.2.5

Пилоттық биотехнологиялық кластерді құруға бағытталған іргелі және қолданбалы ҒЗТКӘ жүргізу және шаралар кешенін әзірлеу

ИСМ-ге ақпарат

БҒМ

Жыл сайын, 5 қаңтарға

Талап етілмейді


4.2.6

Озық шетел технологияларының трансфертіне, олардың практикалық іске асырылуына, оның ішінде экономика секторларының бөлінісінде бағалау жүргізу және тиімді жүйе құру жөнінде ұсыныс енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

ИСМ (жинақтау), БҒМ, ЭМРМ, АШМ, "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ

Жыл сайын, 30 қаңтарға

Талап етілмейді


4.2.7

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ауыр иондарды жеделдету базасында пәнаралық ғылыми зерттеу кешенін құру

ИСМ-ге ақпарат

ЭМРМ

2007 жылғы 5 қаңтарға

2006 жыл - 617,840

Республикалық бюджет

4.2.8

ҒЗИ ғылыми-зерттеу бағдарламасын іске асыру (Ғылыми конференция - 2, семинарлар - 2)**

ИСМ-ге ақпарат

МҚА (жинақтау), МБА

2007 жылдан бастап, жыл сайын 5 қаңтарға

2007 жыл - 24,4 2008 жыл - 24,5 Жиыны - 48,9

Республикалық бюджет

4.2.9

Ғылым және инновациялық қызмет саласына мемлекеттік емес инвестицияларды салуды ынталандыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

БҒМ (жинақтау), ИСМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2007 жылғы IIІ тоқсан

Талап етілмейді


4.2.10

Ғылыми ұйымдарды аккредиттеу және аттестациялаудың нормативтік құқықтың базасын жетілдіруді қамтамасыз ету

ИСМ-ге ақпарат

БҒМ

Жыл сайын, 5 қаңтарға

Талап етілмейді


4.2.11

Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

БҒМ (жинақтау), ИСМ, ЭБЖМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ

2007 жылғы III тоқсан

Талап етілмейді


4.2.12

Агроөнеркәсіптік кешен саласында ғылыми әзірлемелерді енгізу тетігін құру жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

АШМ

2008 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді


4.3 Инновациялық инфрақұрылым

4.3.1

Құрылған отандық венчурлік қорлардың қызметіне мониторинг және талдау жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

ИСМ (жинақтау), "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ

Жыл сайын, 30 қаңтарға

Талап етілмейді


4.3.2

"Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау жөніндегі бас жобалық-конструкторлық бюро" мемлекеттік мекемесін құру жөнінде ұсыныс енгізу **

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

АШМ

2008 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді


5. Сауда саясаты
5.1. Ішкі сауданы жетілдіру

5.1.1

Сауда инфрақұрылымын құру және сауда қызметі объектілерін сауда процесін ұйымдастырудың қазіргі заманғы нысандарына көшіру, электронды коммерцияны, көтерме сауданы
ұйымдастырудың қазіргі заманғы нысандарын енгізу жөнінде бірқатар іс-шаралар жүргізу

ИСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, 5 қаңтарға

Талап етілмейді


5.1.2

Елдің шекара маңы өңірлерінің экономикасын дамыту мақсатында шекара маңы саудасының орталықтарын, аймақтарын (көтерме сауда базарлары) құру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

ИСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын,  30 қаңтарға

Талап етілмейді


5.2 Экспорттық әлеуетті дамыту және сыртқы рыноктарды игеру

5.2.1

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, сыртқы сауда операцияларын кеден-тарифтік және тарифтік емес реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), ТМРА

Жыл сайын, 30 қаңтарға және 30 шілдеге

Талап етілмейді


5.2.2

Ішкі нарықты тауарлардың өспелі, демпингілік және субсидияланатын импортынан қорғауға бағытталған жұмыс жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

ИСМ

Жыл сайын, 30 қаңтарға және 30 шілдеге

Талап етілмейді


5.2.3

Сыртқы сауда кедергілерін реттеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

ИСМ

Жыл сайын, 30 қаңтарға және 30 шілдеге

Талап етілмейді


5.2.4

Жыл сайынғы көрме- жәрмеңкелік іс-шараларды өткізу жолымен экспортқа жәрдемдесу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

ИСМ

Жыл сайын, 30 қаңтарға және 30 шілдеге

2006 жыл - 445,3
2007 жыл - 556,1
2008 жыл - 595,0
Жиыны - 1596,4
 

Республикалық бюджет

5.3 Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру

5.3.1

ДСҰ ережелерін қоса алғанда, халықаралық сауда және құқық саласында
кадрлардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру

ИСМ-ге ақпарат

БҒМ

2008 жылғы 5 шілдеге

Талап етілмейді


5.3.2

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі салдарлары жөнінде өңірлік конференцияларды және отандық компаниялармен ДСҰ-ның ережелері мен нормаларын, сондай-ақ Қазақстан қабылдайтын міндеттемелерді білуі мәніне ақпараттық-таныстыру жұмысын жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, 30 қаңтарға

2006 жыл - 5,2 2007 жыл - 5,2 2008 - жыл - 5,2 Жиыны: 15,6

Республикалық бюджет

5.3.3

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің салдарларына талдау жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

Жыл сайын, 30 қаңтарға

2006 жыл - 30,0 2007 жыл - 30,0 2008 жыл - 30,0 Жиыны: 90,0

Республикалық бюджет

6. Инвестициялық саясат
6.1 Жеке инвесторлар үшін жағдайлар жасау

6.1.1

Инвестициялық ахуалға теріс әсер ететін факторларға талдау жүргізу және оларды жою бойынша шаралар кешенін әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), ЭБЖМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2007 жылғы 30 қаңтарға

Талап етілмейді


6.1.2

Инвестициялық преференциялар берілетін қызметтің басым түрлерінің тізбесін өзекті ету жөніндегі жұмысты жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ИСМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

2008 жылғы тамыз

Талап етілмейді


6.2 Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту

6.2.1

Басым кластерлер бойынша қосылған құн тізбектерінің іріктелген буындарына сәйкес өнімдер өндіруге маманданған мақсатты трансұлттық корпорациялардың, ірі шетелдік компаниялардың тізбесін қалыптастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

2007 жылғы 30 қаңтарға

Талап етілмейді


6.2.2

Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері, республика өңірлерінің өнеркәсіптік, инновациялық және сауда дамуы, трансұлттық корпорацияларға қарсы ұсыныстар жасай отырып, қаржыландыруды талап ететін инвестициялық жобалар (пилоттық кластерлерде) туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық пакетті қалыптастыру және тұрақты жаңартып отыру

ИСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ, даму институттары

Жыл сайын, жарты жылда 1 рет

Талап етілмейді


6.2.3

Әлеуетті инвесторлармен бірлескен ынтымақтастық мәселелерін пысықтау үшін Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне ақпараттық пакетті және өткізілген келіссөздер мониторингін жіберу

ИСМ-ге ақпарат

СІМ

Жыл сайын, жарты жылда 1 рет

Талап етілмейді


6.2.4

Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсау кесері жөніндегі іс-шараларды өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

ИСМ (жинақтау), СІМ, СӨПО, "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ, мүдделі мемлекеттік органдар

Жыл сайын, 30 қаңтарға

2006 жыл - 25,7 2007 жыл - 25,7 2008 жыл - 25,7 Жиыны - 77,1

Республикалық бюджет

6.2.5

Онда өңірлік сайттарға сілтемелер жүйесін құра отырып, инвестициялар бойынша қазақстандық орталық сайт ретінде www.kazinvest.kz интернет-сайтын дамыту мен ілгерілетуді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

ИСМ (жинақтау), "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ

2007 жылғы 30 қаңтарға

Талап етілмейді


6.2.6

Өңірлердің инвестициялық мүмкіндіктері жөнінде толық ақпарат беруді көздейтін өңірлік интернет-сайттарды дамыту үшін бірыңғай стандарт әзірлеу

ИСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2006 жылғы қыркүйек

Талап етілмейді


7. Техникалық реттеу және метрология саласындағы саясат

7.1

Техникалық реттеу жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

ИСМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

2006 жылғы қараша

Талап етілмейді


7.2

Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жүйесін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

ИСМ

2006 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді


7.3

Жеке дозиметрлерді шығару және оларды метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі отандық базаны құру жолымен шаруашылық қызметті жүргізетін ұйымдар мен кәсіпорындар үшін бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағында жеке дозиметрлік бақылау жүйесін ұйымдастыру**

ИСМ-ге ақпарат

ЭМРМ

2007 жылғы 5 қаңтарға

2007 жылы - 9,5 2008 жылы - 47 Жиыны: 56,5

Республикалық бюджет

7.4

"Астық туралы" техникалық регламентінің мемлекетаралық үлгісін әзірлеу жөніндегі Техникалық комитетті құру**

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

АШМ

2008 жылғы IV тоқсан

2008 жылы - 10,0

Республикалық бюджет

7.5

Сертификациялық сынақтарды әзірлеу, дайындау, өткізу және АӨК технопаркінде ауыл шаруашылығы үшін тиімділігі жоғары жаңа машиналар мен жабдықтар шығаруды игеру**

ИСМ-ге ақпарат

АШМ

2007 жылдан бастап жыл сайын 5  шілдеге

2007 жылы - 480,0 2008 жылы - 530,0 Жиыны - 1010,0

Республикалық бюджет

7.6

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үшін тракторларға, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығына ауыл шаруашылығы өнімін қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке қайта өңдеу үшін сынақтар жүргізуге қатысатын аккредиттелген сынақ орталықтарын қазіргі заманғы зертханалық және сынау жабдығымен, сондай-ақ үлгілік салыстырмалы сынақтар жүргізуге арналған соған ұқсас машиналармен жарақтандыру**

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

АШМ

2008 жылғы II тоқсан

2008 жыл - 100,0

Республикалық бюджет

8. Монополияға қарсы саясат және бәсекелестікті қорғау

8.1

Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша міндетті (жоспарлы) жыл сайынғы мониторинг жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

ИСМ (жинақтау), ЭСЖҚА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, үкіметтік емес ұйымдар

Жыл сайын 30 қаңтарға

Талап етілмейді


8.2

Тауар нарықтарының мониторингі жүйесін әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

ИСМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

2006 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді


9. Экологиялық саясат

9.1

2008-2010 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеу

Облыстардың, Астана және Алматы қалалары мәслихаттарының шешімі

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2007 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді


9.2

Қазақстан Республикасының қалаларында оларды қайта өңдеудің оңтайлы технологияларын айқындау үшін қатты тұрмыстық
қалдықтардың морфологиясына және қоқыстарды
қайта өңдеу кешендерінің құрамына талдау жүргізу

ИСМ-ге есеп

Қоршағанортамині (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2007 жылғы 5 шілдеге

2007 жылы - 70,0

Республикалық бюджет

10. Мемлекеттік органдардың жеке сектормен өзара іс-қимылының тетіктері

10.1

Ірі және шағын,
орта бизнес арасындағы франчайзингтік қатынастарды кеңейту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, 30 қаңтарға

Талап етілмейді


11. Өндіріс факторларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шаралар
11.1. Еңбек
11.1.1. Еңбек ресурстары

11.1.1.1

Жаңа өндірістерді құру және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту есебінен жаңа жұмыс орындарын
құру мониторингін өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Еңбекмині (жинақтау), ИСМ, БҒМ, ККМ, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, 30 қаңтарға және 30 шілдеге

Талап етілмейді


11.1.2. Білім беруді дамыту және кадрлар даярлау

11.1.2.1

Техникалық мамандықтар бойынша жоғары білікті кадрлар
даярлауды қамтамасыз ету

ИСМ-ге ақпарат

БҒМ

Жыл сайын, 5 қаңтарға

Талап етілмейді


11.1.2.2

Ақпараттық технологиялық білім беру орталығын құру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ИСМ (жинақтау), БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2006 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді


11.1.2.3

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ПОҚ-ының ғылыми және кәсіптік біліктілікті арттыру бойынша ұсыныс енгізу (семинарлар - 10, дөңгелек үстелдер - 10; тағылымдамалар, оның ішінде шетелде - 25 адам)**

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

МҚА (жинақтау), МБА

IV тоқсан, 2006 жылдан бастап

Талап етілмейді


11.1.2.4

Мемлекеттік басқару академияларымен және мектептерімен ғылыми байланыстарды дамытуды қамтамасыз ету (ғылыми жобалар: семинарлар - 2; конференциялар - 2)**

ИСМ-ге ақпарат

МҚА (жинақтау), МБА, Ғылыми-зерттеу институттары

2007 жылғы 5 қаңтарға

2007 жылы - 3,6 2008 жылы - 8,5 Жиыны - 12,1

Республикалық бюджет

11.2 Капитал
11.2.1. Қаржы нарығын дамыту

11.2.1.1

Әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарына сәйкес инфляцияның орташа жылдық деңгейін ұстап тұруды қамтамасыз ету

ИСМ-ге ақпарат

Ұлттық Банк (жинақтау), ЭБЖМ,  ТМРА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, 5 шілдеге

Талап етілмейді


11.2.1.2

Ақша-кредиттік саясатты инфляциялық таргеттеуге көшуге дайындауды жүзеге асыру

ИСМ-ге ақпарат

Ұлттық Банк

Жыл сайын, 5 қаңтарға

Талап етілмейді


11.2.1.3

Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру индустриясын қалыптастыруға жәрдемдесу

ИСМ-ге ақпарат

ҚҚА

Жыл сайын, 5 қаңтарға

Талап етілмейді


11.2.1.4

Сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту және оның кәсіби қатысушыларының қызметін жандандыру

ИСМ-ге ақпарат

ҚҚА

Жыл сайын, 5 қаңтарға

Талап етілмейді


11.3. Инфрақұрылым
11.3.1. Электроэнергетикалық саясат

11.3.1.1

"2008-2010 жылдарға арналған Қазақстанның дәстүрлі емес жаңартылатын энергетикасын дамыту» ғылыми-техникалық бағдарламасының жобасын әзірлеуді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

БҒМ

2007 жылғы ІV тоқсан

Талап етілмейді


11.3.2. Телекоммуникацияны дамыту

11.3.2.1

Телекоммуникация саласын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізу

ИСМ-ге ақпарат

АБА

Жыл сайын, 5 қаңтарға

Талап етілмейді


11.3.2.2

Байланыстың кең белдеулі жүйелерін, ұялы Интернетті, деректер беруді және телекоммуникациялық қызметтің басқа да жаңа түрлерін енгізе отырып, қазіргі заманғы инфрокоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету

ИСМ-ге ақпарат

АБА

Жыл сайын, 5 қаңтарға

Талап етілмейді


11.3.2.3

Деректерді беру желілерін дамытуды қамтамасыз ету

ИСМ-ге ақпарат

АБА (жинақтау), "Қазақтелеком" АҚ

Жыл сайын, 5 қаңтарға

2006 жылы - 6101,0

"Қазақтелеком" АҚ-ның жеке меншік және қарыз қаражаты

11.3.2.4

Пакеттік технология негізінде телефон байланысы желісін дамытуды қамтамасыз ету

ИСМ-ге ақпарат

АБА (жинақтау), "Қазақтелеком" АҚ

Жыл сайын, 5 қаңтарға

2006 жыл - 11632,2

"Қазақтелеком" АҚ-ның жеке меншік және қарыз қаражаты

11.3.2.5

"KazSat"-2» байланыс және хабар тарату спутнигін жасауды және ұшыруды қамтамасыз ету

ИСМ-ге ақпарат

АБА (жинақтау), "ҒБ РҚ ЭҮ РО" АҚ

Жыл сайын, 5 қаңтарға

2006 жыл - 2000,0

Республикалық бюджет

11.3.3. Көлікті дамыту

11.3.3.1

Республиканың транзиттік әлеуетін дамыту үшін әуежайлардың негізгі өндірістік қуаттарын қайта жаңғырту мен жаңарту жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ККМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, IV тоқсан

Талап етілмейді


11.3.3.2

Қазақстан Республикасының әуежайларын арнайы техникамен жарақтандыру жөніндегі мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ККМ

2007 жылдан бастап жыл сайын, IV тоқсан

Талап етілмейді


11.3.3.3

Көліктік дереккордың ақпараттық талдамалық жүйесін және тасымалдау қауіпсіздігі серпіннің мониторингін құру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ККМ

2007 жыл ІІІ тоқсан

2006 жыл - 329,4 2007 жыл - 92,0 Жиыны: 421,4

Республикалық бюджет

11.3.3.4

Автожол саласындағы ғылыми қолданбалы зерттеулерді жүргізу, оның ішінде: халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес негізгі автожол стандарттарын әзірлеу, өңдеу және үйлестіру

ИСМ-ге ақпарат

ККМ

2006 жылдан бастап жыл сайын 5 шілдеге

2006 жыл - 46,0 2007 жыл - 100,0 2008 жыл - 100,0
Жиыны: 246,0

Республикалық бюджет

11.3.3.5

Теңіз операцияларын қолдау флотын құру мен дамытуды қамтамасыз ету

ИСМ-ге есеп

ККМ (жинақтау), "Қазтеңізкөлікфлот" ҰТКК" АҚ

Жыл сайын 5 қаңтарға

2006 жыл - 10125,0

"Қазтеңізкөлікф лот" ҰТКК" АҚ-ның қарызға алған қаражаты

11.3.3.6

Шар - Өскемен теміржол желісінің құрылысын қамтамасыз ету

ИСМ-ге ақпарат

ККМ (жинақтау), "ҚТЖ" ҰК", "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ,

Жыл сайын 5 қаңтарға

2006-
2008 жылдары 20712,4

Жеке инвесторлардың қаражаты

* - 2007-2008 жылдарға арналған республикалық бюджет бойынша шығыстардың сомалары алдын ала болып табылмады және оны Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес 2007-2008 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру жөніндегі республикалық бюджет комиссиясы айқындайды
** іс-шара нақтылауға жатады және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес 2007-2008 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру жөніндегі бюджет комиссиясы айқындайтын болады

Ескертпе:
      Абревиатуралардың толық жазылуы

1 ДМ                    - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                          министрлiгi
2 СIМ                   - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
                          министрлiгi
3 ИСМ                   - Қазақстан Республикасы Индустрия және
                          сауда министрлiгi
4 MAM                   - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
                          ақпарат министрлiгi
5 БҒМ                   - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
                          министрлiгi
6 Қоршағанортаминi      - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
                          қорғау министрлiгi
7 АШМ                   - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                          министрлiгi
8 ККМ                   - Қазақстан Республикасы Көлiк және
                          коммуникация министрлiгi
9 Еңбекминi             - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
                          әлеуметтiк қорғау министрлiгi
10 Қаржыминi            - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
11 ЭБЖМ                 - Қазақстан Республикасы Экономика және
                          бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
12 ЭМРМ                 - Қазақстан Республикасы Энергетика және
                          минералдық ресурстар министрлiгi
13 Әдiлетминi           - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
14 ҰБ                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
15 ҚПА                  - Қазақстан Республикасы Экономикалық
                          қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
                          күрес агенттiгi (қаржы полициясы)
16 MҚА                  - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет
                          iстерi агенттiгi
17 ЖРА                  - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
                          басқару агенттiгi
18 АБА                  - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
                          және байланыс агенттiгi
19 ТМРА                 - Қазақстан Республикасы Табиғи
                          монополияларды реттеу агенттiгi
20 СА                   - Қазақстан Республикасы Статистика
                          агенттiгi
21 ҚҚА                  - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен
                          қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау
                          агенттiгi
22 МБА                  - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
                          жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы
23 "ҚТЖ" ҰК" АҚ         - "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы"
                          акционерлiк қоғамы
24 "Қазтеңiзкөлiкфлот"  - "Қазтеңiзкөлiкфлот" Ұлттық теңiз кеме
   ҰТКК" ЖАҚ              қатынасы компаниясы" жабық акционерлiк
                          қоғамы
25 "ҒБРҚЭYРО" АҚ        - "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық
                          құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгi
                          республикалық орталығы" акционерлiк қоғамы
26 С.Сейфуллин атындағы - С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттiк
   Қаз МАТУ               агротехникалық университетi
27 СӨПО                 - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсiп
                          палаталары одағы
28 ҰК                   - Ұлттық компаниялар
29 АӨК                  - Агроөнеркәсiптiк кешен
30 ДСҰ                  - Дүниежүзiлiк сауда ұйымы
31 ПОҚ                  - профессорлық-оқытушылық құрам
32 ҒЗТКЖ                - ғылыми-зерттеу және
                          тәжiрибиелiк-конструкторлық жұмыстар
33 ҒЗИ                  - ғылыми-зерттеу институты
34 БАҚ                  - бұқаралық ақпарат құралдары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады