Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 609 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 сәуірдегі N 278 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 609  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 23, 242-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3-тармақтағы "30 қаңтарға және 30 шілдеге" деген сөздер "20 қаңтарға және 20 шілдеге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі В.С.Школьникке" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Ғ.І.Оразбақовқа" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады