2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң өзара саудасындағы сандық шектеулердi кезең-кезеңiмен жою туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 611 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған 2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң өзара саудасындағы сандық шектеулердi кезең-кезеңiмен жою туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Владимир Сергеевич Школьникке қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметi атынан 2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң өзара саудасындағы сандық шектеулердi кезең-кезеңiмен жою туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба 

2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк
құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң өзара
саудасындағы сандық шектеулердi кезең-кезеңiмен жою туралы
келiсiм

      2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң үкiметтерi бұдан әрi - Тараптар,
      теңдiк және өзара пайда негiзiнде Бiртұтас экономикалық кеңiстiк (бұдан әрi - БЭК) шеңберiнде көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрi дамытуды өздерiнiң ұстанатындықтарын растай отырып,
      тауарлардың еркiн қозғалысы үшiн жағдай жасай отырып,
      өзара тиiмдi кооперациялық байланыстарды және ынтымақтастықты дамытудың негiзiнде Тарап мемлекеттерiнiң экономикалық әлеуетiн ұлғайтуға жәрдемдесе отырып,
      өз елдерi халқының өмiр сүру деңгейiн тұрақты көтеру ниетiн басшылыққа ала отырып,
      Тарифтер мен сауда жөнiндегi бас келiсiмнiң (ГАТТ/ДСҰ) қағидаттарын назарға ала отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап
Жалпы ережелер

      1. Тараптар осы Келiсiмнiң мақсаттарына қол жеткiзу үшiн мыналарды:
      өзара саудадағы сандық шектеулердi кезең-кезеңiмен жоюды;
      өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы, көлiк, қаржы, инвестициялар саласында, әлеуметтiк салада сауда-экономикалық саясатты жүргізудегi, сондай-ақ адал бәсекелестiктi дамытудағы ынтымақтастықты;
      Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасын сауданың сандық шектеулердi қолданбай тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажет болатын мөлшерде үйлестiрудi қамтамасыз ету үшiн өзара әрекет етедi.
      2. Осы Келiсiм Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк аумақтарында олар Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасында айқындалғандай қолданылады.

2-бап
Келiсiмдi қолдану аясы

      1. Сандық шектеулердi жою басқа Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк аумақтарына арналған Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк аумағынан шығарылатын тауарларға қолданылмайды.
      2. Осы Келiсiмнiң ережелерi демпингке қарсы, өтемақылық және арнайы қорғау шараларын енгiзуге және қолдануға байланысты туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылмайды.

3-бап
Сандық шектеулер

      1. Тараптардың бiрiнiң мемлекетiнiң кедендiк аумағынан шығарылатын және басқа Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк аумағына әкелуге арналған тауарлардың импортына Тараптар және/немесе экспортына сандық шектеулердi қолданбайды.
      2. Тауарлардың импортына және/немесе экспортына сандық шектеулердi қолданатын Тараптар өз мемлекеттерiнiң ресми басылымдарында сандық шектеулердi қолдануды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жариялайды.
      3. Осы баптың 1-тармағында көзделген режимнен алып қоюды қолданатын Тараптар осы Келiсiм күшiне енген күнiнен бастап он екi ай бойы екi жақты негiзде оларды кезең-кезеңiмен жоюды келiседi.

4-бап
Айрықшалық

      Егер бұл шаралардың кемсiтушiлiк сипаты болмаса және мыналарға қатысты болса, осы Келiсiм Тараптардың әрқайсысының сандық шектеулердi қолдану құқығын қозғамайды:
      1) экспорттаушы Тараптың мемлекетi үшiн елеулi мәнге ие азық-түлiктiк және басқа тауарлардың сыншыл жетiспеушiлiгiн болдырмау немесе әлсiрету үшiн уақытша қолданылатын экспортқа тыйым салу немесе шектеу;
      2) егер:
      Тарап мемлекетiнiң аумағынан шығарылатын ұқсас тауарларды шығаруды немесе сатуды қысқарту;
      егер Тарап мемлекетiнде ұқсас тауарды айтарлықтай шығару болмаған болса, импорттық тауармен тiкелей алмастырылуы мүмкiн Тарап мемлекетiнiң аумағында шығарылатын тауарды шығаруды немесе сатуды қысқарту;
      нарықтағы Тарап мемлекетiнiң аумағынан шығарылатын ұқсас тауардың уақытша артылуын, осындай артық тауары бар меншiк иесiнiң немесе оның уәкiлеттi тұлғасының отандық тұтынушылардың кейбiр топтарына тегiн немесе нарықтық бағасынан төмен бағамен беру жолымен жою;
      нарықтағы Тарап мемлекетiнiң аумағынан шығарылатын импорттық тауармен тiкелей алмастырылуы мүмкiн тауардың уақытша артылуын, егер Тарап мемлекетiнде ұқсас тауарды едәуiр шығару болмаса, осындай артық тауары бар меншiк иесiнiң немесе оның уәкiлеттi тұлғасының отандық тұтынушылардың кейбiр топтарына тегiн немесе нарықтық бағасынан төмен бағамен беру жолымен жою;
      егер осы тауарды отандық өндiру бiршама азғантай болса, өндiрiлуi тiкелей, толықтай немесе негiзгi бөлiгi импортталатын тауарға байланысты болатын мал өнiмiнен алынатын кез келген өнiмнiң өндiруге рұқсат берiлетiн санын шектеу қажет болса Тараптар мемлекеттерiнiң аумағына әкелiнетiн кез келген ауыл шаруашылығы тауарының немесе су-биологиялық ресурстардың импортын кез келген түрде шектеу;
      3) төлем теңгерiмiн бұзу;
      4) қоғамдық моральдi қорғау;
      5) адамның өмiрi мен денсаулығын, жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау;
      6) алтынның немесе күмiстiң импорты немесе экспорты;
      7) осы Келiсiмге қайшы келмейтiн заңдарды немесе нормативтiк құқықтық актiлердi сақтауды қамтамасыз ету;
      8) қамауға алынған адамдардың еңбегiмен шығарылған тауарлар;
      9) көркем, тарихи немесе археологиялық құндылықтардың ұлттық қазыналарын қорғау;
      10) егер ұқсас мұндай шаралар iшкi өндiрудi немесе тұтынуды шектеумен бiр мезгiлде жүргiзiлсе, табиғи ресурстардың таусылуын болдырмау;
      11) мемлекеттiк қолдау бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесiнде осы өнiмнiң iшкi бағасы әлемдiк бағадан кем болса, отандық өнiмнiң экспортын шектеу;
      12) жалпы немесе жергiлiктi тапшылық кезiнде тауарларды сатып алу немесе тарату;
      13) мемлекеттiк құпияны құрайтын ақпараттың, сондай-ақ құпия ақпараттың жария болуын болдырмауды қоса алғанда, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
      14) қару, әскери техника, оқ-дәрi саудасы;
      15) радиоактивтi материалдар саудасы.

5-бап
Дауларды шешу тәртiбi

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және/немесе қолдануға қатысты Тараптардың арасындағы даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасындағы консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiледi.
      Келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда Тараптардың кез келгенi дауды Бiртұтас экономикалық кеңiстiк шеңберiндегi Дауларды шешу жөнiндегi органға шешуге бере алады.

6-бап
Ескертпелер

      Осы Келiсiмге ескертпе жасауға берiлмейдi.

7-бап
Келiсiмге қосылу

      Кез келген мемлекет осы Келiсiмнiң қатысушысы болуы мүмкiн.
      Осы Келiсiмге қосылудың шарттары осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер мен қосылатын мемлекет арасында жасалатын халықаралық шартта белгiленедi.

8-бап
Өзгерiстер мен толықтырулар

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге хаттамамен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

9-бап
Келiсiмнiң күшiне ену және одан шығу тәртiбi

      Осы Келiсiмнiң күшiне ену және одан шығу тәртiбi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру жөнiндегi халықаралық шарттардың күшiне ену және одан шығу тәртiбi туралы хаттамада белгiленедi.

      200__ жылғы "___"_________ ___________________қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана Депозитарийде сақталады. Депозитарийдiң функциялары Бiртұтас экономикалық кеңiстiк комиссиясына берiлгенге дейiн Қазақстан Республикасы осы Келiсiмнiң Депозитарийi болып табылады.
      Депозитарий осы Келiсiмге қол қойған Тараптардың әрқайсысына оның расталған көшiрмесiн жiбередi.

       Беларусь Республикасының
      Yкіметi үшiн

      Ресей Федерациясының
      Yкіметi үшiн

      Қазақстан Республикасының
      Үкіметі үшін

      Украинаның Министрлер
      Кабинеті үшін

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады