"Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Республикалық бюджет комиссиясының 2005 жылғы бюджетте көзделген 011 "Мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасын құру" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментiнде тiркелген 2005 жылғы 8 қарашадағы N СОМ-FN4-BA12-KAZ-NII2/94 Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi мен "Siemens AG" акционерлiк қоғамы арасында жасалған шығыстар бойынша шарттың орындалу мерзiмiн және аккредитивтiң қолданылу мерзiмiн 2006 жылғы 1 қарашаға дейiн ұзарту туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі