Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 1266 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 7 шілдедегі N 644 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы үйлестiру кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 1266 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., N 49, 626-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы үйлестiру кеңесi туралы ережеде:

      8-тармақтың екiншi абзацы "жүзеге асырады" деген сөздерден кейiн "және Үйлестiру кеңесі жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiру үшiн және Үйлестiру кеңесi әзiрлейтiн шешiмдер үшiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес жауап бередi" деген сөздермен толықтырылсын;

      12-тармақтағы "оның отырысқа қатысушы" деген сөздер "мiндеттi түрде оның барлық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы үйлестiру кеңесiнiң құрамында:

      мыналар енгiзiлсiн:

      "Әбдiмомынов - Қазақстан Республикасының Бiлiм

      Азамат Құрманбекұлы және ғылым вице-министрi

      Ақанов - Қазақстан Республикасының

      Айқан Ақанұлы Денсаулық сақтау вице-министрi

      Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика

      Марат Әпсеметұлы және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi

      Қажыкен - Қазақстан Республикасы Индустрия

      Мейрам Зекешұлы және сауда министрлiгi Өнеркәсiп және

      ғылыми-техникалық дамыту комитетiнiң

      төрағасы

      Кәкен - Қазақстан Республикасы Көлiк және

      Қарлығаш Ғазизқызы коммуникациялар министрлiгi Әкiмшiлiк

      департаментiнiң директоры

      Әубәкiров - "Қазақ зағиптар қоғамы" қоғамдық

      Байболат Абайұлы бiрлестiгi орталық басқармасының

      төрағасы

      Исай - "Қазақ саңыраулар қоғамы" қоғамдық

      Тезекбай Дiлдәбекұлы бiрлестiгiнiң президентi";

      "Қарақұсова Гүлжан Жанпейiсқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi, төрағаның орынбасары" деген жолдағы "төрағаның орынбасары" деген сөздер "төрайым" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Дүйсенова Тамара Босымбекқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi" деген жол ", төрайымның орынбасары" деген сөздермен толықтырылсын;

      көрсетiлген құрамнан Есiмов Ахметжан Смағұлұлы, Айсина Майра Арапқызы, Диқанбаева Сәуле Әлкейқызы, Исаев Батырхан Арысбекұлы, Исекешев Әсет Өрентайұлы, Қошанов Ерлан Жақанұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады