"Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 шілдедегі N 659 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы

"Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы

       1-бап.  "Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы" 2003 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 19-20, 149-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) бүкiл мәтiн бойынша "стандарттау, метрология және сертификаттау" деген сөздер "техникалық реттеу және метрология" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 6-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) Шығарылуы кезiнде йодталмаған тұз пайдаланылатын тамақ өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;";

      3) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап. Тұздың сапасы мен қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

      1. Мыналарды:
      1) йодталған тұзды пайдалануға қарсы көрсетiмдерi бар адамдарға арналған тұзды;
      2) технологиялық процесiнде йодталмаған тұз пайдаланылатын тамақ өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн шығаруға арналған тұзды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын ас тұзы мен жемдiк тұз мiндеттi түрде йодталуға тиiс.
      Шығарылуы кезiнде йодталмаған тұз пайдаланылатын тамақ өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң тiзбесiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
      2. Ас тұзы мен жемдiк тұздағы йод құрамының нормалары, оның сапасы, қауiпсiздiгi, йодтау әдiстерi, йод құрамы төмендеген кездегi қайта йодтау процесi санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға және өзге де нормативтiк құжаттарға сәйкес болуға тиiс.
      3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген ережелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында йодталмаған тұзды шығаруға, әкелуге, сондай-ақ сатуға тыйым салынады.
      4. Жалған ас тұзын шығаруға, әкелуге, әкетуге және тыйым салынады.".

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады