"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 шілдедегі N 707 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнің қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңірлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы Заңы; 2006 жылғы 27 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 29 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 22 маусымдағы  Заңы ):
      1) 55-баптың бiрiншi бөлiгiнде "жеке адамға қарсы" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 513-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "513-бап. Сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру
      1. Процеске қатысушылардың және өзге де тұлғалардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайда, олардың шақыру қағазы бойынша сотқа келуден дәлелдi себептерсiз жалтаруынан, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмiне бағынбаудан, сот үй-жайында тәртiптi бұзудан көрiнетiн сотты құрметтемеушiлiк, сол сияқты сотқа, күшiне енген сот актiсiне немесе сотта белгiленген ережелерге немқұрайдылық туралы куәландыратын өзге де заңға қарсы әрекеттер жасау, -
      ескерту жасауға немесе оннан жиырмаға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не үштен бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген - әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер,-
      жиырмадан отызға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бестен он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.";
      3) 541-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "3. Жоғарғы Соттың, облыстық, аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың судьялары сотта iстi қарау барысында анықталған, осы Кодекстiң 513-бабында көзделген сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiлерi туралы iстердi қарайды.";
      4) 634-баптың үшiншi бөлiгi мынадай сөздермен толықтырылсын:
      ", сондай-ақ судья (сот) сотта iстi қарау барысында сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiсiнiң анықталғаны туралы жариялаған кезден бастап" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 639-баптың екiншi бөлiгi "прокурор қаулысымен қозғалған" деген сөздерден кейiн "және судья (сот) тiкелей сотта iстi қарау барысында сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiсiн анықтаған" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 643-бапта:
      "Судья" деген сөздiң алдынан "1" деген санмен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "2. Көрсетiлген баптың бiрiншi бөлiгiнiң талаптары осы Кодекстiң 541-бабының үшiншi бөлiгiне сәйкес қаралған сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiлерi туралы iстерге қолданылмайды.";
      7) 647-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлiкпен толықтырылсын:
      "1-1. Сотта iстi қарау барысында анықталған сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiсi туралы iстi судья (сот) соттың тiкелей бiрiншi, апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы осы отырысында қарайды.";
      8) 648-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлiкпен толықтырылсын:
      "1-1. Төрағалық етушi тiкелей сотта істi қарау барысында сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiсiн анықтай, фактi туралы жариялай отырып осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2), 4)-10) тармақшаларының талаптарын сақтамастан, кiнәлi тұлғаға осы Кодекстiң 513-бабында көзделген әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығаруға құқылы.";
      9) 655-бап мынадай мазмұндағы 2-1-бөлiкпен толықтырылсын:
      "2-1. Судья (сот) сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiсi туралы iс бойынша осы Кодекстiң 648-бабының 1-1-бөлiгiнiң тәртiбiмен шығарған қаулыға жоғары тұрған сатыдағы сотқа шағым берiлуi, наразылық келтiрiлуi мүмкiн. Жоғарғы Сот алқасының сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiсi туралы iс бойынша сот отырысында шығарған қаулысы қайта қарауға жатпайды.";
      10) 656-бап мына мазмұндағы 1-1-бөлiкпен толықтырылсын:
      "1-1. Сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiсi туралы iс бойынша қаулыға осы Кодекстiң 655-бабының 2-1-бөлiгiне сәйкес шағым берiлген, наразылық келтiрiлген жағдайда сот отырысы хаттамасынан фактiнiң анықталуы бөлiгiндегi көшiрменi сот қаулыға тiркейдi.";
      11) 661-бап мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Судья (сот) осы Кодекстiң 648-бабының 1-1-бөлiгiнiң тәртiбiмен шығарған сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiсi туралы соттың қаулысына шағымды, наразылықты жоғары тұрған соттың судьясы жеке қарайды, осындай қаулыны апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы сот шығарған жағдайда жоғары тұрған сатыдағы сот алқасы қарайды.";
      12) 663-баптың төртiншi бөлiгi "ic бойынша сот", "жоғары тұрған соттың судьясы" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "(судья)", "(жоғары тұрған сатыдағы сот)" деген сөздермен толықтырылсын;
      13) 672-бап мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Сондай-ақ, судья (сот) осы Кодекстiң 648-бабы 1-1-бөлiгiнiң тәртiбiмен шығарған сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiлерi туралы iстер бойынша заңды күшiне енген қаулылар, Жоғарғы Сот алқасының қаулыларын қоспағанда, сот тәртiбiмен қайта қаралуы мүмкiн.";
      14) 673-бапта "облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың алқалары" деген сөздерден кейiн ", ал осы Кодекстiң 672-бабында көрсетiлген сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiлерi туралы iстер бойынша қаулыларды жоғары тұрған сатыдағы сот алқасы" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 5-6, 31-құжат):
      1) 327-бапта:
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сот отырысында тәртiп бұзған, төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаған, сондай-ақ сотты құрметтемеу туралы куәландыратын өзге де әрекеттер жасаған кезде төрағалық етушi тұлғаны сот отырысы залынан шығарып жiберуге немесе сотты құрметтемеу фактiсiнiң анықталғаны туралы жариялауға және кiнәлi тұлғаға әкiмшiлiк заңнамада белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы. Шығарып жiберу, айыптаушы мен қорғаушыдан басқа процестiң кез келген қатысушысына немесе өзге тұлғаға қатысты жүргiзiлуi мүмкiн. Сотталушыға әкiмшiлiк жаза қолданылуға тиiс емес.";
      алтыншы бөлiк алынып тасталсын;
      2) 403-баптың екiншi бөлiгiндегi ", ақшалай айып салу туралы қаулыны қоспағанда," деген сөздер алынып тасталсын.

      3. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 140-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңірлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы Заңы; 2006 жылғы 27 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 29 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 22 маусымдағы Заңы):
      179-баптың төртiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Сот тiкелей сотта iстi қарау барысында сотты құрметтемеу фактiсi анықталған кезде кiнәлi тұлғаға әкiмшiлiк заңнамада белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.".
      2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады