Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары комитетiнiң "Батыссушар" шаруашылық жүргiзу құқығындағы Батыс Қазақстан су шаруашылығы жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 шілдедегі N 713 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары комитетiнiң "Батыссушар" шаруашылық жүргiзу құқығындағы Батыс Қазақстан су шаруашылығы жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорны оған "Орда су құбырлары басқармасы" мемлекеттiк кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары комитетiнiң "Батыссушар" шаруашылық жүргiзу құқығындағы Батыс Қазақстан су шаруашылығы жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына заңнамада белгiленген тәртiппен "Бөкейорда су құбыры" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнын құруға рұқсат берiлсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады