Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 8 шiлдедегi N 738 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы N 727 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 маусымдағы N 632 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.06.23 N 632 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қазақстан Республикасы заңдарының жиынтығын жасау бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 8 шiлдедегi N 738 қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1-тармақта:
      Қазақстан Республикасы заңдарының жиынтығын жасау бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Қосдәулетов                  - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Дулат Рашитұлы                 вице-министрi, төрағаның орынбасары

Жақселекова                  - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Ботагөз Шаймарданқызы          министрлiгiнiң Заңнама департаментi
                               азаматтық, әлеуметтiк-экономикалық,
                               қаржылық заңнама басқармасының
                               бастығы, хатшы

Есекеев                      - Қазақстан Республикасы
Қуаныш Бақытбекұлы             Ақпараттандыру және байланыс
                               агенттiгi төрағасының орынбасары

Оразалиева                   - Қазақстан Республикасы Қаржы
Зәбира Жандарқызы              министрлiгi Заң қызметi
                               департаментiнiң директоры

Ешiмова                      - Қазақстан Республикасы Экономика
Дана Ақылбекқызы               және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
                               заң басқармасының бастығы

Скрябин                      - "Қазақстан Республикасының Заң
Сергей Васильевич              шығару институты" жауапкершілiгi
                               шектеулi серiктестiгiнiң директоры

      көрсетiлген құрамнан Вагапов Данияр Валерьевич, Жұмағұлов Марат Иманғалиұлы, Коржова Наталья Артемовна шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады