"2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келiсiмге хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 тамыздағы N 757 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келiсiмге хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкiметi,
Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қырғыз Республикасының
Yкiметi, Ресей Федерациясының Yкiметi және Тәжiкстан
Республикасының Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара визасыз
сапарлары туралы келiсiмге хаттаманы ратификациялау туралы

      2005 жылғы 24 наурызда Астана қаласында қол қойылған 2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметі және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келiсiмге Хаттама ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкiметi,
Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының
Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан
Республикасының Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара визасыз
сапарлары туралы келiсiмге хаттама

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Yкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi,
      Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң барлығы үшiн азаматтардың Қоғамдастық аумағы бойынша жүрiп-тұруы үшiн бiрыңғай құжаттар тiзбесiн әзiрлеу мақсатында,
      2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келiсiмнiң 7-бабына сәйкес, төмендегiлер туралы осы Хаттаманы жасасты:

1-бап

      Жеке басын куәландыратын және олардың иелерiнiң азаматтығын растайтын, Тараптар мемлекеттерiнiң аумағына келуге, одан кетуге, транзиттiк жол жүруге, онда жүрiп-тұруға және болуға құқық беретiн құжаттарға осы Хаттамаға N N 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларда көрсетiлген құжаттар жатады.
      Осы Хаттаманың уақытша қолданылатын күнiнен бастап осы Хаттамаға N N 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар жоғарыда аталған Келiсiмге N N 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларды алмастырады.

2-бап

      Осы Хаттама оған қол қойылған соң 60 күннен кейiн уақытша қолданыла бастайды және депозитарий Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Тараптар осы Хаттамаға қол қойылғаннан кейiн осы Хаттамаға N N 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларда көрсетiлген құжаттардың үлгiлерiмен дипломатиялық арналар арқылы тез арада алмасатын болады.
      2006 жылғы 24 наурызда Астана қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық Комитетiнде сақталады, ол оның куәландырылған көшiрмесiн осы Хаттамаға қол қойған мемлекеттерге жiбередi.

       Беларусь
      Республикасының
      Yкiметi атынан

      Қазақстан
      Республикасының
      Yкiметi атынан

      Қырғыз
      Республикасының
      Yкiметi атынан

      Ресей Федерациясының
      Yкiметi атынан

      Тәжікстан
      Республикасының
      Yкiметi атынан

2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь  
Республикасының Yкiметi, Қазақстан 
Республикасының Yкiметi, Қырғыз  
Республикасының Үкiметi, Ресей  
Федерациясының Yкiметi және Тәжiкстан
Республикасының Yкiметi арасындағы
азаматтардың өзара визасыз сапарлары
туралы келiсiмге хаттамаға    
1-қосымша            

Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң
аумағына келуге, одан кетуге, транзиттiк жол жүруге, онда
жүрiп-тұруға және болуға арналған Беларусь Республикасының
азаматтары құжаттарының тiзбесi

      1. Беларусь Республикасы азаматының паспорты.
      2. Қызметтiк паспорт.
      3. Дипломаттық паспорт.
      4. Теңiзшiнiң ұлттық жеке куәлiгi (кеме рөлiнде жазба немесе одан үзiндi көшiрме болған кезде).
      5. Беларусь Республикасына қайта оралуға арналған куәлiк.

2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь  
Республикасының Yкiметi, Қазақстан 
Республикасының Yкiметi, Қырғыз  
Республикасының Үкiметi, Ресей  
Федерациясының Yкiметi және Тәжiкстан
Республикасының Yкiметi арасындағы
азаматтардың өзара визасыз сапарлары
туралы келiсiмге хаттамаға    
2-қосымша            

Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң
аумағына келуге, одан кетуге, транзиттiк жол жүруге, онда
жүрiп-тұруға және болуға арналған Қазақстан Республикасының
азаматтары құжаттарының тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.
      2. Қызметтiк паспорт.
      3. Дипломаттық паспорт.
      4. Теңiзшiнiң паспорты (кеме рөлiнде жазба немесе одан үзiндi көшiрме болған кезде).
      5. Қазақстан Республикасына қайта оралуға арналған куәлiк.

2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь  
Республикасының Yкiметi, Қазақстан 
Республикасының Yкiметi, Қырғыз  
Республикасының Үкiметi, Ресей  
Федерациясының Yкiметi және Тәжiкстан
Республикасының Yкiметi арасындағы
азаматтардың өзара визасыз сапарлары
туралы келiсiмге хаттамаға    
3-қосымша            

Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң
аумағына келуге, одан кетуге, транзиттiк жол жүруге, онда
жүрiп-тұруға және болуға арналған Қырғыз Республикасының
азаматтары құжаттарының тiзбесi

      1. Қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн Қырғыз Республикасы азаматының 1994 жылғы үлгiдегi (толтырылған шетелдiк парағы болған жағдайда) паспорты және Қырғыз Республикасы азаматының 2004 жылғы үлгiдегi жалпы азаматтық паспорты.
      2. Қызметтiк паспорт.
      3. Дипломаттық паспорт.
      4. Теңiзшiнiң паспорты (кеме рөлiнде жазба немесе одан үзiндi көшiрме болған кезде).
      5. Қырғыз Республикасына қайта оралуға арналған куәлiк.

2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь  
Республикасының Yкiметi, Қазақстан 
Республикасының Yкiметi, Қырғыз  
Республикасының Үкiметi, Ресей  
Федерациясының Yкiметi және Тәжiкстан
Республикасының Yкiметi арасындағы
азаматтардың өзара визасыз сапарлары
туралы келiсiмге хаттамаға    
4-қосымша            

Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң
аумағына келуге, одан кетуге, транзиттiк жол жүруге, онда
жүрiп-тұруға және болуға арналған Ресей Федерациясының
азаматтары құжаттарының тiзбесi:

      1. Ресей Федерациясынан тысқары жерлерде Ресей Федерациясы азаматының жеке басын куәландыратын Ресей Федерациясы азаматының паспорты.*
      2. Қызметтiк паспорт.
      3. Дипломаттық паспорт.
      4. Теңiзшiнiң паспорты (кеме рөлiнде жазба немесе одан үзiндi көшiрме болған кезде).
      5. Ресей Федерациясына қайта оралуға арналған куәлiк.

      * Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы Одақтық мемлекет құру туралы шарттың 14-бабының 9-тармағын орындау үшiн Ресей Федерациясы азаматтарының және Беларусь Республикасы азаматтарының бiр-бiрiнiң аумағына келуi, онда болуы және одан кетуi, оның iшiнде iшкi паспорттар бойынша да жүзеге асырылады.

      2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь 
Республикасының Yкiметi, Қазақстан 
Республикасының Yкiметi, Қырғыз  
Республикасының Үкiметi, Ресей  
Федерациясының Yкiметi және Тәжiкстан
Республикасының Yкiметi арасындағы
азаматтардың өзара визасыз сапарлары
туралы келiсiмге хаттамаға    
5-қосымша            

Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң
аумағына келуге, одан кетуге, транзиттiк жол жүруге, онда
жүрiп-тұруға және болуға арналған Тәжiкстан Республикасының
азаматтары құжаттарының тiзбесi

      1. Шетелдiк паспорт.
      2. Қызметтiк паспорт.
      3. Дипломаттық паспорт.
      4. Теңiзшiнiң паспорты (кеме рөлiнде жазба немесе одан үзiндi көшiрме болған кезде).
      5. Тәжiкстан Республикасына қайта оралуға арналған куәлiк.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады