Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2005 жылғы 25 қарашада Мәскеуде жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң жастармен жұмыс саласындағы ынтымақтастығы туралы келiсiм бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
жастармен жұмыс саласындағы ынтымақтастығы туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі тараптар деп аталатын үкіметтер тұлғасындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына қатысушы мемлекеттер,
жастар ынтымақтастығын достық қарым-қатынастарын сақтаушы және тереңдетуші фактор ретінде дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтылыс бiлдiре отырып,
қоғамның қазiргi кезеңдегі дамуында жастардың рөлі артып келе жатқандығын назарға ала отырып,
халықаралық жастар ынтымақтастығын тең құқықтық ұстанымдары негiзiнде кеңейту мен жетiлдiру және осы мақсатта мемлекеттік жастар саясатын iске асыруға қатысушы мемлекеттердің, жастар қоғамдық бірлестіктердің және өзге де ұйымдардың (бірлестіктердің) арасында кең өзара iс-қимылды орнату ниетiн растай отырып,
жастармен жұмыс саласындағы ынтымақтастық халықтар арасындағы өзара түсiнiстiк пен достықты нығайтуға, жалпы адамзат құндылықтарын бекiтуге бағытталған деп есептей отырып,
төмендегiлер туралы:
Тараптар жастармен жұмыс саласындағы ынтымақтастықты мемлекеттiк жастар саясатын iске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың және қоғамдық жастар ұйымдарының (бiрлестiктерiнiң) желiсi бойынша нығайтады және дамытады, олардың жастар ынтымақтастығын қарқындатуға бағытталған бастамаларын қолдайды.
Тараптар басымдықтарды айқындау және жастар ынтымақтастығын дамыту мақсатында мемлекеттiк органдар мен қоғамдық жастар ұйымдарының тұрақты түрде әрекет етуiн жүзеге асыру үшiн қолайлы жағдайлар жасайды.
Осы Келiсiмдi iске асыру мақсатында Тараптар өзара мүдденi бiлдiретiн мемлекетаралық бағдарламалар мен жекелеген жобалар әзiрлейдi және орындайды.
Тараптар:
жастармен жұмыс саласының кәсiби мамандарын даярлауда;
ғылыми, анықтамалық-ақпараттық және әдiстемелiк материалдармен, мемлекеттiк жастар саясатын және жастар бастамаларын iске асыруға қатысушы мемлекеттiк органдардың, жастар қоғамдық ұйымдарының және өзге ұйымдар мен бiрлестiктердiң жұмыс тәжiрибесiмен алмасуда;
жастар саясатының және жастар ынтымақтастығының түрлi мәселелерi бойынша бiрлескен ғылыми зерттеулер және iс-шаралар өткiзуге өзара қолдау көрсетедi.
Тараптар жастармен жұмыс саласындағы статистикалық және басқа да, оның iшiнде:
өз мемлекеттерiндегi жастар саясатын реттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк кесiмдер туралы;
жастар саясатын iске асыру туралы ақпаратпен алмасуға қолдау көрсетедi.
Тараптар халықаралық ынтымақтастық мәселелерiнде, оның iшiнде Тараптар өкiлдерiнiң халықаралық жастар ұйымдарының қызметiне қатысуына өзара қолдау көрсетедi.
Тараптардың осы Келiсiмдi iске асыру шеңберiндегi ынтымақтастығы екiжақты және көпжақты келiсiмдер негiзiнде жүзеге асырылады.
Осы Келiсiмдi iске асыру мақсатында Тараптар Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Жастар iсi жөнiндегi кеңесiн құрады (бұдан әрi - Кеңес). Кеңес осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын Ережеге сәйкес әрекет етедi.
Осы Келiсiмдi талдау мен орындау кезiнде даулар туындаған жағдайда олар Тараптардың арасындағы келiссөздер немесе кеңестер жолымен шешiледi.
Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы үшiншi жазбаша хабарламаны депозитарийға тапсырған күннен бастап күшiне енедi.
Мемлекетiшiлiк рәсiмдердi кешiрек орындаған Тараптар үшiн Келiсiм депозитарийге тиiстi хабарламаны тапсырған күннен бастап күшiне енедi.
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен рәсiмделген және осы Келiсiмнiң 10-бабында қарастырылған тәртiп бойынша күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
Осы Келiсiм оның мақсаттарымен және ұстанымдарымен келiсетiн және осы Келiсiмнен туындайтын мiндеттемелердi өзiне алуға дайын басқа мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық. Қосылып жатқан мемлекет үшiн Келiсiм депозитарийге қосылу туралы құжаттарды тапсырған күннен бастап күшiне енедi.
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына жатпайтын мемлекеттер үшiн қосылу барлық Тараптардың келiсiмiмен депозитарийге мұндай қосылу туралы құжаттарды тапсыру арқылы жүзеге асырылады. Қосылу депозитарийге мұндай қосылуға келiсiм туралы соңғы хабарлама тапсырылған күннен бастап күшiне енген болып есептеледi.
Осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап 5 жыл бойына әрекет етедi. Бұл мерзiм аяқталған кезде, егер Тараптар басқа шешiм қабылдамаса, Келiсiм мерзiм бiткен әр кезең сайын бесжылдық кезеңге автоматты түрде созылады.
Тараптардың әрқайсысы осы Келiсiмнен депозитарийге болжалды шығу күнiнен 6 ай бұрын кезеңнен кеш емес мерзiмде жазбаша хабарлама жiберiп шыға алады.
Мәскеу қаласында 2005 жылғы 25 қарашада бiр дана түпнұсқада орыс тiлiнде жасалды. Түпнұсқа Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнде сақталады. Атқарушы комитет Келiсiмге қол қойған әрбiр мемлекетке оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.
Әзiрбайжан Республикасының Молдова Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Армения Республикасының Ресей Федерациясының
Үкiметi үшiн Yкiметi үшiн
Беларусь Республикасының Тәжiкстан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Грузия Үкiметi үшiн Түркменстан Yкiметi үшiн
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметі үшiн
Қырғыз Республикасының Украина Yкiметi үшiн
Үкiметi үшін
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына
қатысушы мемлекеттердiң
2005 жылғы 25 қарашадағы
Жастармен жұмыс саласындағы
ынтымақтастық туралы келiсiмге
қосымша
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы
мемлекеттердiң Жастар iсi жөнiндегi кеңесi туралы
ЕРЕЖЕ
1.1. Тәуелсiз, Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Жастар iсi жөнiндегi кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Жастармен жұмыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi (бұдан әрi - Келiсiм) iске асыру үшiн құрылады.
1.2. Кеңес өз қызметiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Жарғысын, негiзiн қалаушы халықаралық шарттарды, оның iшiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiнде қолданыстағы, ТМД мемлекеттерi басшылары кеңесiнiң шешiмдерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.
1.3. Кеңестiң жұмыс аппаратының қызметтерi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiне жүктеледi.
1.4. Кеңестiң жұмыс тiлi орыс тiлi болып табылады.
2. Кеңестiң қызметтерiне:
2.1. Осы Келiсiмдi iске асыруға байланысты мәселелердi қарау.
2.2. Жастармен жұмыс саласындағы ынтымақтастықты дамытуға көмек көрсету.
2.3. Жастармен жұмыс саласындағы мәселелердi зерделеу мен талдау және олар бойынша ұсыныстар өңдеу.
2.4. Жастармен жұмыс саласындағы ынтымақтастық туралы көп тарапты құжаттар әзiрлеу, оның iшiнде оларды белгiленген тәртiппен Достастықтың жарғылық органдарының қарауына енгiзу, сондай-ақ оларды iске асыруға көмек көрсету.
2.5. Жастар саясаты жөнiндегi ұлттық бағдарламаларды әзiрлеуге жүзеге асыруға көмек көрсету.
2.6. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң, басқа мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың жастармен жұмыс саласындағы тәжiрибесiн зерделеу және қорыту.
2.7. Осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң жастармен жұмыс саласындағы кадрларын даярлау, мамандар алмасу және бiлiктiлiгiн арттыру саласындағы қызметiне көмек көрсету болып табылады.
III. Кеңестi қалыптастыру тәртiбi
3.1. Кеңес Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң өкiлеттi өкiлдерiнен, әрбiр мемлекеттен екi адамнан қалыптастырылады. Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң өкiлеттi өкiлдерi мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ қоғамдық жастар және мемлекеттiк жастар саясатын iске асыруды жүзеге асырушы өзге де ұйымдардың (бiрлестiктердiң) өкiлдерi болып табылады.
Келiсiмге қатысушы әрбiр мемлекет Кеңесте бiр дауысқа ие болады.
3.2. Кеңестiң отырыстарында оның шешiмi бойынша жастармен жұмыс саласындағы қызметтi жүзеге асырушы халықаралық және ұлттық ұйымдардың (бiрлестiктердiң) өкiлдерi кеңесшi дауыс құқығымен қатыса алады.
4.1. Кеңес отырысы қажеттiлiгiне қарай, жылына кемiнде екi рет өткiзiледi және оған Кеңес мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысса құқылы болып танылады.
Кезектi отырыстың өткiзiлетiн орны, уақыты және күн тәртiбiнiң жобасы оның отырысында Кеңес мүшелерiнiң алдын ала уағдаластығы бойынша белгiленедi.
Кеңестiң кезектен тыс отырысы Кеңестiң бiр немесе бiрнеше мүшесiнiң бастамасы бойынша Кеңес мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсiнiң келiсiмiмен өткiзiледi.
4.2. Кеңеске төрағалық етудi Келiсiмге әрбiр қатысушы мемлекет оның өкiлiнiң тұлғасында алмастыру қағидаты негiзiнде, бiр жылдан артық емес мерзiмге кезекпен жүзеге асырады.
Кеңестiң алдыңғы және кейiнгi төрағалары оның тең төрағалары болып табылады. Кеңес Төрағасы болмаған жағдайда оның мiндеттерi тең төрағалардың бiреуiне жүктеледi.
4.3. Кеңестiң шешiмi осы мәселенi талқылауға қатысушы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң өкiлеттi өкiлдерiнiң үштен екiсiнiң дауысымен қабылданады.
Кеңестiң шешiмiмен келiспеген қатысушылар өздерiнiң айрықша пiкiрлерiн бiлдiре алады, олар отырыс хаттамасына енгiзiледi.
Кеңестiң кез келген мүшесi өзiнiң қандай да бiр мәселеге мүдделi еместiгiн мәлiмдей алады, ол шешiм қабылдауға, сондай-ақ оның осы шешiмге келешекте қосылуына кедергi ретiнде қарастырылмауы тиiс.
Шешiм хаттамамен ресiмделедi, оған төраға қол қояды.
Кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
4.4. Кеңес комиссиялар мен жұмыс топтарын құра алады.
4.5. Кеңестiң отырысын өткiзудi ұйымдық-техникалық қамтамасыз етудi Кеңестiң отырысы аумағында өткiзiлетiн ТМД-ға қатысушы мемлекеттiң жастармен жұмыс саласындағы мемлекеттiк органы ТМД-ның Атқарушы комитетiмен бiрлесiп жүзеге асырады.
4.6. Кеңес отырысының күн тәртiбi отырысқа қатысушыларға отырыс басталардан бұрын 15 күннен кешiктiрмей жiберiледi.
4.7. Отырыс барысында құжаттар жобаларына енгiзiлетiн ұсыныстар мен түзетулер негiзiнен жазбаша нысанда ұсынылады және отырысқа қатысушылар арасында таратылады.
4.8. Кеңес мүшелерiн Кеңес отырыстарына қатысу үшiн iссапарға жiберу жөнiндегi шығыстарды жiберушi тарап мойнына алады.
Кеңестiң отырысын өткiзудi ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуге байланысты шығыстарды қабылдаушы тарап мойнына алады.
4.9. Кеңес шешiмдерiнiң, отырыстары хаттамаларының және басқа құжаттарының түпнұсқалары ТМД-ның Атқарушы комитетiнде сақталады.
Армения Республикасының
ескертпесi
"Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Жастармен жұмыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмi туралы" 8.9-тармақ бойынша
7-бап мынадай редакцияда қабылданады: "Осы Келiсiмдi iске асыру үшiн Тараптар өзара екi жақты және көп жақты келiсiмдер жасаулары мүмкiн".
Армения Республикасының
Премьер-министрi
Осымен қоса берiлген мәтiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Үкiмет басшылары кеңесiнiң 2005 жылғы 25 қарашада Мәскеу қаласында өткен отырысында қабылданған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Жастармен жұмыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң көшiрмесiмен сәйкес келетiндiгiн куәландырамын. Жоғарыда аталған Келiсiмнiң түпнұсқа данасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнде сақтаулы.
ТМД Атқарушы комитетiнiң төрағасы -
Атқарушы хатшысы