"Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 157 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 06.10.2016 № 568 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 330-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      6-тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) тіркелген нормативтік құқықтық актілердің:

      бір данасын (төлнұсқасы) нормативтік құқықтық актіні ұсынған органға;

      екінші данасын Республикалық құқықтық ақпарат орталығына (бұл тәртіп мемлекеттік құпияны қамтитын нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды) жіберуді қамтиды;

      нормативтік құқықтық актінің үшінші данасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде немесе оның аумақтық органдарында қалады.";

      8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, осы орган басқармасының отырысында осы актілер қабылданған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күннің ішінде ұсынылатын нормативтік құқықтық актілерін қоспағанда, орталық органдардың, олардың ведомстволарының және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі төлнұсқасын (түпнұсқа мәтіндерін) қоса алғанда, үш данада баспа және электрондық түрде ұсынылады."

      14-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаса және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері ұсынған сараптамалық қорытындылар түріндегі қосымшалары болмаса;";

      15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) нормативтік құқықтық актіні елтаңбалық мөрмен расталған баспа және электрондық түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі төлнұсқасын (түпнұсқа мәтіндерін) қоса алғанда, үш данада ұсынбау;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады