Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 2 наурыздағы N 197 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 тамыздағы N 790 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 2 наурыздағы N 197  қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Школьник                   - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич           және сауда министрi, төраға

Мұхамбетов                 - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Ғабит Мұхамбетұлы            сауда министрлiгi Техникалық реттеу
                             және метрология комитетiнiң төрағасы,
                             төрағаның орынбасары

Нұршабеков                 - Қазақстан Республикасы  Ақпараттандыру
Ризат Рахатбекұлы            және байланыс агенттiгi төрағасының
                             орынбасары

Белоног                    - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Анатолий Александрович       министрлiгi Мемлекеттiк
                             санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
                             комитетiнiң төрағасы

Өмiрбаев                   - Қазақстан Республикасы Көлiк және
Нұрланбек Балықбайұлы        коммуникация министрлiгiнiң Көлiк
                             инфрақұрылымын дамыту комитетi
                             төрағасының орынбасары

Исаев                      - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Мұсабек                      минералдық ресурстар министрлiгi Мұнай
                             өнеркәсiбi департаментiнiң директоры

Қуанышбаева                - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Роза Сақтағанқызы            ақпарат министрлiгi Әкiмшiлiк-құқықтық
                             жұмыс департаментiнiң директоры

      көрсетiлген құрамнан Mыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы, Құсайынов Әбiлғазы Қалиақпарұлы, Жұмағалиев Асқар Куанышұлы, Байсеркин Бауыржан Сәтжанұлы, Ермұханов Әдiлша Мағрыпұлы, Боярина Людмила Васильевна, Пирогов Алексей Георгиевич шығарылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Техникалық реттеу жүйесiне көшудi жүзеге асыруға арналған ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
      7-тармақта "жүзеге асырады" деген сөздерден кейiн "және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке дербес жауап бередi, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асырады" деген сөздермен толықтырылсын;

      8-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Хатшы Комиссияның мүшесi болып табылмайды.";

      10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Комиссия отырыстарының өткiзiлу нәтижелерi бойынша барлық мүшелерi мiндеттi түрде қол қоятын хаттама жасалады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады