Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы президенттерiнiң қамқорлығындағы Мемлекетаралық Yйлестiру Кеңесi туралы ереженiң жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі N 830 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы президенттерiнің қамқорлығындағы Мемлекетаралық Үйлестiру Кеңесi туралы ереженің жобасына қол қою туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

  Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы
президенттерiнiң қамқорлығындағы Мемлекетаралық Yйлестiру
Кеңесi туралы ереже

      1. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев пен Өзбекстан Республикасының Президентi И.А.Кәрiмовтiң 2006 жылғы 20 наурыздағы Бiрлескен мәлiмдемесiне, Бiрлескен мәлiмдеменiң ажырамас бөлiгi болып табылатын Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы президенттерiнiң қамқорлығындағы Мемлекетаралық Үйлестiру Кеңесiн құру туралы Меморандумға сәйкес, Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы (бұдан әрi - Тараптар) екi жақты ынтымақтастықтың басым мәселелерiн тиiмдi түрде шешу және екi ел арасындағы қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге шығару мақсатында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы президенттерiнiң қамқорлығындағы Мемлекетаралық Үйлестiру Кеңесiн (бұдан әрi - МҮК) құрады.
      2. МҮК өзiнiң қызметiн үкімет басшыларының басшылығымен жүзеге асырады.
      3. МҮК құрамына премьер-министрлер, сыртқы iстер және iшкi iстер, экономика, қаржы, қорғаныс, мәдениет, спорт, энергетика, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, бiлiм және ғылым, индустрия және сауда министрлерi, кеден және арнайы (келiсiм бойынша) қызметтердiң басшылары, сондай-ақ екi елдiң елшiлерi кiредi.
      4. МҮК отырыстарына шақырылған тұлғалар (келiсiм бойынша) қатыса алады.
      5. MYK қажеттiлiгiне қарай тұрақты немесе уақытша негiзде жұмыс топтарын құра алады.
      6. MYK отырыстары жарты жылда бiр рет екi елдiң аумағында кезекпен өтедi.
      7. Егер МҮК басқа шешiм қабылдамаса, аумағында кезектi кездесу өтiп жатқан мемлекеттiң Премьер-Министрi отырыс жұмысына төрағалық етедi.
      8. Кезек күттiрмейтiн мәселелердi қарау үшiн мемлекеттердiң кез келгенiнiң ұсынысы бойынша МҮК-тiң кезектен тыс отырысы шақырыла алады.
      МҮК-тiң кезектен тыс отырыстары, әдетте, бастамашылық жасаған мемлекеттiң аумағында немесе тараптардың келiсiмi бойынша өтедi.
      9. МҮК мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      - барлық салалардағы екi жақты қарым-қатынастардың жай-күйiне тұрақты түрде мониторинг және талдау жүргiзедi, сондай-ақ өзара қарым-қатынастарды жақсартуға бағытталған тиiстi ұсыныстарды әзiрлейдi;
      - туындаған мәселелердi уақтылы шешу жөнiнде ұсынымдар әзiрлейдi;
      - Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы бағдарламалардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;
      - екi жақты және өңiрлiк деңгейде қауiпсiздiк пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерiнде тиiмдi өзара iс-қимыл жасау жөнiнде жұмыс жүргiзедi.
      10. МҮК-тiң шешiмдерi ұсынымдық сипатқа ие және консенсус негiзiнде қабылданады.
      11. МҮК өз қызметiнде Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарды және осы Ереженi басшылыққа алады.
      12. Қабылдаушы мемлекет МҮК-тiң отырысын өткiзуге байланысты шығыстарды көтередi, МҮК-тiң отырысын өткiзуге қажеттi ақпараттық, материалдық-техникалық, көлiктiк және басқа да ұйымдастырушылық жағдайларды жасайды.
      Жiберушi мемлекет МҮК-тiң отырысына қатысатын Кеңестiң ұлттық бөлiгiнiң мүшелерiн iссапарға жiберу жөнiндегi шығыстарды көтередi.
      13. Отырыс барысында және отырыстар аралығындағы кезеңде МҮК-тiң қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiктерi жүзеге асырады.
      14. МYК-тiң құжаттары екi данада жасалады.
      15. МYК-тiң жұмыс тiлi орыс тiлi болып табылады.
      16. Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Ережеге оның ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiле алады.
      17. Осы Ереже қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
      2006 жылғы "___" қыркүйекте Астана қаласында екi түпнұсқа данада орыс тiлiнде жасалды.

       Қазақстан Республикасының           Өзбекстан Республикасының
           Президентi                              Президентi

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады