Қазақстан Республикасының Yкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. 2006 жылғы 20 наурызда Ташкент қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Yкiметi арасындағы Зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ
<*>
(2006 жылғы 27 ақпанда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені,
2006 ж., N 6, 47-құжат)
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi,
елдер арасында экономика, сауда, мәдениет, ғылым және техника саласындағы өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамыту үшiн зияткерлiк меншiктi тиiмдi қорғаудың маңыздылығын сезiне отырып,
Дүниежүзiлiк зияткерлiк меншiк ұйымын құратын, 1967 жылғы 14 шiлдеде Стокгольмде жасалған Конвенцияның (бұдан әрi - Конвенция) ережелерiн негiзге ала отырып,
теңдiк және өзара тиiмдiлiк қағидаттары негiзiнде зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласында қолайлы жағдайлар жасауға тiлек бiлдiре және онда ынтымақтастықты дамытудың қажеттiлiгiн сезiне отырып,
мына төмендегiлер туралы келiстi:
Осы Келiсiмнiң мақсаты үшiн "зияткерлiк меншiк" термині Конвенцияның 2-бабында көрсетiлген мағынада түсiнiледi.
1. Тараптар өз мемлекеттерiнiң заңнамаларына және олар қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес екi мемлекеттiң субъект-резиденттерiнiң зияткерлiк меншiк құқықтарына қатысты тиiмдi шаралар қабылдайды.
2. Зияткерлiк меншiк саласында бiр мемлекеттiң жеке және заңды тұлғалары екiншi мемлекеттiң аумағында осы мемлекеттiң заңнамасымен өзiнiң жеке және заңды тұлғаларына осы уақытта берiлген немесе берiлетiн негiздерде және көлемде нақ сондай құқықтар мен артықшылықтарды, сондай-ақ оларды қорғау тәсiлдерiн пайдаланады.
Тараптар өз мемлекеттерiнiң заңнамаларына сәйкес ынтымақтастықты мынадай салаларда жүзеге асырады:
1) зияткерлік меншік объектілерiне құқықтарды қорғауға және пайдалануға байланысты мәселелердi үйлестiру;
2) зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау және осы бағыттағы даму стратегиясын әзiрлеу саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде ақпарат алмасу;
3) зияткерлiк меншiктi қорғау саласындағы iс-шараларды өткiзу тәжiрибесiмен алмасу;
4) оқу, әдiстемелiк және арнайы әдебиеттермен алмасу;
5) зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласында кадрлар даярлау және олардың кәсiби бiлiктiлiгiн арттыру;
6) халықаралық ынтымақтастық тәжiрибесiмен және Тараптардың зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау бойынша көпжақты халықаралық шарттарға қатысу және осы шарттарға байланысты міндеттемелерді орындау жөнiнде ақпаратпен алмасу;
7) Тараптар арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың жай-күнi туралы ақпарат алмасу;
8) зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау мәселелерi жөнiнде бiрлескен семинарлар, конференциялар өткiзу және көрмелер ұйымдастыру;
9) сондай-ақ ынтымақтастықтың басқа да салаларында.
Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдары арасында зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелерi бойынша жасасқан шарттардың ережелерi осы Келiсiмнiң ережелерiне және Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамаларына қайшы келмеуге тиiс.
Тараптар өз мемлекеттерiнiң заңнамаларына және олар қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес зияткерлiк меншік құқықтарын қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында тиісті шаралар қабылдайды.
Егер екi жақты ынтымақтастықты жүзеге асыру кезiнде оларға қатысты құпиялылық сақталуы қажет зияткерлiк меншiк объектiлерін жасау немесе пайдалану көзделсе, онда тиiстi келiсiм-шарттарға немесе келiсiмдерге құпиялылықты сақтау туралы ережелер енгiзiледi.
1. Мыналар:
Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi;
Өзбекстан Республикасының Үкiметi атынан - Өзбекстан Республикасының Мемлекеттiк патент ведомствосы мен Өзбек Республикалық авторлық құқықтарды қорғау жөнiндегi агенттiк Тараптардың осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру жөнiндегi уәкiлеттi органдары болып табылады.
2. Уәкiлеттi органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген кезде тараптар дипломатиялық арналар бойынша уақытылы хабардар етiлетiн болады.
Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру және немесе қолдану кезiнде даулар мен келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, оларды Тараптар консультация және келiссөздер арқылы шешетiн болады.
Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптардың олар қатысушысы болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
1. Осы Келісiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар бойынша алған күнiнен бастап отыз күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
2. Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және, егер Тараптардың бiрде бiрi, кезектi бесжылдық мерзiм аяқталғанға дейiн кемiнде алты ай қалғанда екiншi Тарапқа өзiнiң оның қолданысын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлама жiбермесе, келесi бес жылдық кезеңдерге ұзартылатын болады.
1. Осы Келiсiмнiң қолданысы тоқтатылған жағдайда, егер Тараптар өзге туралы келiспесе, оның ережелерi осы Келiсiмнiң шеңберiнде басталған және аяқталмаған iс-шаралардың барлығына қатысты қолданылуын жалғастырады.
2. Осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерiн, сондай-ақ Тараптардың осы Келiсiмнiң қолданысы тоқтатылғанға дейiн пайда болған зияткерлiк меншiк объектiлерiне қатысты құпиялылықты сақтау жөнiндегi мiндеттемелерiн қозғамайды.
Осы Келiсiм Тараптардың басқа мемлекеттермен зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы екi жақты және көпжақты ынтымақтастыққа қатысуына кедергi келтiрмейдi.
Осы Келiсiмнiң шеңберiнде Тараптардың уәкiлеттi органдары ынтымақтастығының жұмыс тiлi орыс тiлi болып табылады.
2006 жылғы 20 наурызда Ташкент қаласында, әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Yкiметi үшiн Yкiметi үшiн