Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Сингапур Республикасының Үкiметi арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келiсiмнiң және оған Хаттаманың жобалары мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Наталья Артемовна Коржоваға Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Сингапур Республикасының Үкiметi арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келiсiмге және оған Хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнің
міндетін атқарушы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI МЕН СИНГАПУР РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI АРАСЫНДАҒЫ ТАБЫСҚА
САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАРҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСАРЛАНҒАН
САЛЫҚ САЛУДЫ БОЛДЫРМАУ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУДАН
ЖАЛТАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУ ТУРАЛЫ
КЕЛІСІМ
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Сингапур Республикасының Үкiметi,
Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келiсiм жасасуға ниет бiлдiре отырып,
мыналар туралы келiстi:
1-бап
КЕЛIСIМ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТҰЛҒАЛАР
Осы Келiсiм Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiреуiнiң немесе екеуiнiң де резиденттерi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
2-бап
КЕЛIСIМ ҚОЛДАНЫЛАТЫН САЛЫҚТАР
1. Осы Келiсiм алу әдiстерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе оның әкiмшiлiк бөлiмшелерiнiң немесе орталық немесе жергілікті билік органдарының атынан алынатын табысқа салынатын салықтарға қолданылады.
2. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлiктi иелiктен айырудан алынған табыстарға салынатын салықтарды қоса алғанда, табыстың жалпы сомасынан немесе табыстың жеке элементтерiнен алынатын барлық салықтар табысқа салынатын салықтар болып саналады.
3. Осы Келiсiм қолданылатын қазiргi салықтар атап айтқанда, мыналар болып табылады:
а) Қазақстанда:
корпорациялық табыс салығы;
жеке табыс салығы;
(бұдан әрi - "қазақстан салықтары" деп аталатын);
b) Сингапурда:
табыс салығы;
(бұдан әрi - "сингапур салығы" деп аталатын).
4. Осы Келiсiм сондай-ақ осы Келiсiм күшiне енген күннен кейiн қолданыстағы салықтарға қосымша немесе олардың орнына алынатын бiрдей немесе мәнi бойынша ұқсас кез келген салықтарға қолданылады. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары өздерiнiң салықтарға қатысты заңнамаларында болуы мүмкiн кез келген елеулi өзгерiстер туралы бiрiн-бiрi хабардар етедi.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.02.2013 № 144 қаулысымен.
3-бап
ЖАЛПЫ АНЫҚТАМАЛАР
1. Егер түпмәтiннен өзгеше туындамаса, осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн:
а) "Қазақстан" терминi Қазақстан Республикасын бiлдiредi және географиялық мағынасында қолданғанда "Қазақстан" терминi халықаралық құқыққа сәйкес Қазақстан теңiз табанына, жер топырағына және табиғат ресурстарына қатысты өз құқықтарын жүзеге асыратын немесе жүзеге асыра алатын және Қазақстанның салықтарын реттейтiн заңдар қолданылатын Қазақстанның аумақтық суларын және аумақтық сулардан тыс кез келген аймақты бiлдiредi;
b) "Сингапур" терминi Сингапур Республикасын бiлдiредi және географиялық мағынасында қолданғанда "Сингапур" терминi Сингапурдың аумақтық суларын және Сингапурдың аумақтық суларынан тыс жердегi кез келген аймақты, Сингапур заңнамасына сәйкес және халықаралық құқыққа сәйкес Сингапур бар немесе жоқ табиғи ресурстарды барлау мен өндiру мақсаттары үшiн өзiнiң егемендi құқықтарын жүзеге асыратын осындай кез келген аймақтың теңiз табаны мен қойнауын қамтиды;
с) "Уағдаласушы Мемлекет" және "екiншi Уағдаласушы Мемлекет" терминi түпмәтiнге байланысты Қазақстанды немесе Сингапурды білдiредi;
d) "тұлға" терминi жеке тұлғаны, компанияны және тұлғалардың кез келген басқа да бiрлестiгiн бiлдiредi;
e) "компания" терминi салық салу мақсаттары үшiн корпорациялық құрама ретiнде қарастырылатын кез келген корпорациялық құраманы немесе кез келген басқа экономикалық бiрлiктi білдiредi;
f) "Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны" және "екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны" терминдерi тиiсiнше Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды білдiредi;
g) "халықаралық тасымал" терминi теңiз немесе әуе кемесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің пункттерi арасында ғана пайдаланылатын жағдайлардан басқа, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны пайдаланатын теңiз немесе әуе кемесiмен кез келген тасымалды білдiредi;
h) "ұлттық тұлға" терминi Уағдаласушы Мемлекеттiң азаматтығы бар кез келген жеке тұлғаны немесе өзiнiң мәртебесiн Уағдаласушы Мемлекеттiң қолданыстағы заңнамасы негiзiнде алған кез келген заңды тұлғаны, серiктестiктi немесе қауымдастықты бiлдiредi;
i) "құзыреттi орган" терминi:
(i) Қазақстан жағдайында: Қаржы министрлiгiн немесе оның уәкiлеттi өкілiн;
(ii) Сингапурда: Қаржы министрiн немесе оның уәкiлеттi өкiлiн бiлдiредi.
2. Уағдаласушы Мемлекет осы Келiсiмдi кез келген уақытта қолданған кезде, онда айқындалмаған кез келген термин, егер түпмәтiннен өзге мағына туындамаса, осы Келiсiм қолданылатын салықтарға қатысты осы Мемлекеттiң заңнамасы бойынша осы кезде қандай мағынаға ие болса, сондай мағынаны иеленедi, осы Мемлекеттiң салық заңнамасына сәйкес қолданылатын терминнiң кез келген мағынасы осы Мемлекеттiң басқа заңдарымен терминге берілетiн мәннен көрi басымдыққа ие болады.
4-бап
РЕЗИДЕНТ
1. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн "Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi" терминi осы Мемлекеттің заңнамасы бойынша оның тұратын жерi, резиденттiгi, басқару орны, құру орны немесе осындай сипаттағы кез келген басқа өлшем негiзiнде онда салық салынуға жататын кез келген тұлғаны білдiредi.
2. Егер 1-тармақтың ережелерiне сәйкес жеке тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болып табылса, онда оның мәртебесi мынадай түрде айқындалады:
а) ол өзiнiң иелiгiнде тұрақты баспанасы бар Мемлекеттiң ғана резидентi болып саналады, егер оның иелiгiнде Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнде де тұрақты баспанасы болса, ол неғұрлым тығыз жеке және экономикалық қатынастары (өмiрлiк мүдделер орталығы) бар жердегi Мемлекеттiң резидентi болып саналады;
b) егер оның өмiрлiк мүдделер орталығы бар Мемлекеттi айқындау мүмкiн болмаса немесе Уағдаласушы Мемлекеттердiң ешқайсысында өзiнiң иелiгiнде тұрақты баспанасы болмаса, ол өзi әдетте тұрып жатқан жердегi Мемлекеттiң резидентi болып саналады;
с) егер ол әдетте екi Мемлекетте де тұрса немесе олардың ешқайсысында да тұрмаса, ол өзi азаматы болып табылатын Мемлекеттiң резидентi болып саналады;
d) егер резиденттiң мәртебесi осы тармақтың (а) - (с) тармақшаларына сәйкес айқындалмаса, Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыретті органдары осы мәселенi өзара келiсе отырып шешедi.
3. Егер 1-тармақтың ережелерiне сәйкес жеке тұлғадан өзге тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болса, ол тиiмдi басқару орны орналасқан Мемлекеттiң резидентi болып саналады. Егер тиiмдi басқару орны анықталмайтын болса, онда Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы мәселенi өзара келiсе отырып шешедi.
5-бап
ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ
1. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн "тұрақты мекеме" терминi кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi толық немесе iшiнара жүзеге асырылатын тұрақты қызмет орнын бiлдiредi.
2. Атап айтқанда, "тұрақты мекеме" терминi мыналарды:
а) басқару орнын;
b) бөлiмшенi;
с) кеңсенi;
d) фабриканы;
е) шеберхананы;
f) шахтаны, мұнай немесе газ ұңғымасын, карьердi немесе табиғи ресурстар өндiретiн басқа да кез келген кен орнын қамтиды.
3. "Тұрақты мекеме" терминi сондай-ақ мыналарды:
а) егер мұндай алаң немесе объект 12 айдан астам уақыт бойы жұмыс iстеп тұрған немесе мұндай қызметтер 12 айдан астам уақыт бойы көрсетілген болса ғана, құрылыс алаңын немесе құрылыс, монтаждау немесе құрастыру объектiсiн немесе олармен байланысты қадағалау қызметтерiн;
b) табиғи ресурстарды барлау үшiн пайдаланылатын қондырғыны немесе құрылысты немесе олармен байланысты бақылау қызметтерiн немесе мұндай пайдалану 9 айдан астам ғана созылса немесе егер мұндай қызметтер 9 айдан астам ғана көрсетiлсе, табиғи ресурстарды барлау үшiн пайдаланылатын бұрғылау қондырғысын немесе кеменi;
с) егер мұндай сипаттағы қызмет (осындай немесе оған байланысты жоба үшiн) басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң шегiнде 9 айдан астам жалғасса, қызметшiлер немесе кәсiпорын осындай мақсаттар үшiн жалдаған басқа персонал арқылы Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының консультациялық қызметтердi қоса алғанда, қызметтер көрсетуiн қамтиды.
4. Осы баптың алдыңғы ережелерiне қарамаған, "тұрақты мекеме" терминi мыналарды:
а) құрылыстарды кәсiпорынға тиесілi тауарларды немесе бұйымдарды сақтау, көрсету немесе жеткiзу мақсаттары үшiн ғана пайдалануды;
b) кәсiпорынға тиесілi тауарлар немесе бұйымдар қорын сақтау, көрсету немесе жеткiзу мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
с) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын өзге кәсiпорынның қайта өңдеу мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
d) тұрақты қызмет орнын тауарлар немесе бұйымдар сатып алу мақсаттары үшiн немесе кәсiпорынға арналған ақпарат жинау үшiн ғана ұстауды;
e) тұрақты қызмет орнын кәсiпорын үшiн дайындық немесе көмекшi сипаттағы кез келген басқа қызметтi жүзеге асыру мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
f) тұрақты қызмет орнының осындай тәсiлдеменiң нәтижесiнде туындаған жиынтық қызметi дайындық немесе көмекшi сипатта болған жағдайда тұрақты қызмет орнын а) тармақшасынан e) тармақшасына дейiн көрсетілген қызмет түрлерiнiң кез келген тәсілдемесiн жүзеге асыру үшiн ғана ұстауды қамтитын сияқты қарастырылмайды.
5. 1 және 2-тармақтардың ережелерiне қарамастан, егер оған 6-тармақ қолданылатын тәуелсiз мәртебесi бар агенттен өзге тұлға кәсiпорын атынан әрекет етсе және Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпорын атынан келiсiм-шарттар жасасуға өкілеттiгi болса және оны әдетте пайдаланып жүрсе, тек егер осындай тұлғаның қызметi 4-тармақта айтылған қызмет түрлерiмен шектелмесе, ол егер кәсiпкерлiк қызметтiң тұрақты орны арқылы жүзеге асырылса да, осы кәсiпкерлiк қызметтiң тұрақты орны осы тармақтың ережелерiне сәйкес тұрақты мекемеге айналдырылмаса, онда кәсiпорын осы тұлғаның кәсiпорын үшiн қолға алатын кез келген қызметiне қатысты осы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылады.
6. Кәсiпорын осы Мемлекеттегi кәсiпкерлiк қызметiн делдал, бас комиссионер немесе тәуелсiз мәртебесi бар кез келген басқа агент арқылы жүзеге асырғаны үшiн ғана, егер осындай тұлғалар өздерiнiң әдеттегi қызметi шеңберiнде әрекет жасаған жағдайда, Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылмайды.
7. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияны бақылауы немесе оның бақылауында болуы немесе осы екiншi Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметпен айналысуы (не болмаса тұрақты мекеме арқылы немесе өзге жолмен айналысуы) фактiсiнiң өзi-ақ осы компаниялардың бiрiн екiншiсiнiң тұрақты мекемесiне айналдырмайды.
6-бап
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МYЛIКТЕН АЛЫНАТЫН ТАБЫС
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен алатын табысқа (ауыл немесе орман шаруашылығынан алынатын табысты қоса алғанда) осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. "Жылжымайтын мүлiк" терминi қаралып отырған мүлiк орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасы бойынша ие мағынаға ие болады. Термин кез келген жағдайда, жылжымайтын мүлiкке қатысты қосалқы мүлiктi, ауыл шаруашылығы мен Орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен жабдықтарды, жер меншiгiне қатысты жалпы құқық ережелерi қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлiк узуфруктын және минералдық ресурстарды, кен көздерiн және басқа табиғи ресурстарды игеру немесе игеру құқығы үшiн берілетiн өтемақы ретiндегi өзгермелi немесе кесiмдi төлемдерге арналған құқықтарды қамтиды. Теңiз және әуе кемесi жылжымайтын мүлiк ретiнде қарастырылмайды.
3. 1-тармақтың ережелерi жылжымайтын мүлiктi тiкелей пайдаланудан, жалға беруден немесе кез келген басқа нысанда пайдаланудан алынған табысқа қолданылады.
4. 1 және 3-тармақтардың ережелерi кәсiпорынның жылжымайтын мүлкiнен алынатын табысқа және тәуелсiз жеке қызметтер көрсету үшiн пайдаланылатын жылжымайтын мүлiктен алынатын табысқа да қолданылады.
7-бап
КӘСIПКЕРЛIК ҚЫЗМЕТТЕН АЛЫНАТЫН ПАЙДА
1. Егер кәсiпорын екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекемесi арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырмаса, Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының пайдасына тек осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсiпорын, жоғарыда айтылғандай, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса, онда кәсiпорынның пайдасына екiншi Мемлекетте, бiрақ осындай тұрақты мекемеге жататын бөлiгiнде ғана салық салынуы мүмкiн.
2. 3-тармақтың ережелерiн ескере отырып, егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асырса, онда осы тұрақты мекеме нақ осындай немесе осыған ұқсас жағдайларда дәл осындай немесе оған ұқсас қызметпен айналысатын оқшауланған және жеке кәсiпорын болған болса, өзi тұрақты мекемесi болып табылатын кәсiпорыннан мүлдем дербес әрекет жасағанда алуы мүмкiн пайда әрбiр Уағдаласушы Мемлекетте осы тұрақты мекемеге жатқызылады.
3. Егер тұрақты мекеме ол қандай дәлелдi түрде тұрақты мекемеге бөлiнетiн дәрежеде дербес кәсiпорын болса, тұрақты мекеменiң пайдасын айқындау кезiнде шегерiм жасауға жатады-ау деген басқару және жалпы әкiмшілiк шығыстарды қоса алғанда, тұрақты мекеме орналасқан Мемлекетте немесе басқа жерде жұмсалмағанына қарамастан, барлық шығыстарды шегерiп тастауға жол берiледi.
4. Осы тұрақты мекеме кәсiпорын үшiн тауарларды немесе бұйымдарды сатып алуы негiзiнде ғана тұрақты мекемеге қандай да болсын пайда есептелмейдi.
5. Егер осындай тәртiптi өзгерту үшiн жеткілiктi және дәлелдi себептер болмаса, алдыңғы тармақтардың мақсаттары үшiн тұрақты мекемеге жататын пайда жылдан жылға бiркелкi тәсiлмен айқындалады.
6. Егер пайда осы Келiсiмнiң басқа баптарында олар туралы жеке айтылатын табыc түрлерiн қамтитын болса, онда ол баптардың ережелерi осы баптың ережелерiн қозғамайды.
8-бап
TЕҢІЗ ЖӘНЕ ӘУЕ КӨЛIГI
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны теңiз немесе әуе кемелерiн халықаралық тасымалдауда пайдаланудан алған пайдаға тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
2. 1-тармақтың ережелерi пулға, бiрлескен кәсiпорынға немесе көлiк құралдарын пайдалану жөнiндегi халықаралық ұйымға қатысудан алынатын пайдаға да қолданылады.
9-бап
ҚАУЫМДАСҚАН КӘСIПОРЫНДАР
1. Мынадай жағдайларда:
а) Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса, немесе
b) сол бiр ғана тұлғалар Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса,
және кез келген жағдайда екi кәсiпорынның арасында олардың коммерциялық немесе қаржылық өзара қатынастарында тәуелсiз екi кәсiпорынның арасында орын алуы мүмкiн жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса немесе орнықса, онда солардың бiрiне есептелуi мүмкiн, бiрақ осы жағдайлардың орын алуына байланысты оған есептелмеген кез келген пайда осы кәсiпорынның пайдасына қосылып, оған тиiсiнше салық салынуы мүмкiн.
2. Егер Уағдаласушы Мемлекет 1-тармақтың ережелерiне сәйкес екiншi Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының осы Уағдаласушы Мемлекетте салық есептелген пайданы осы Мемлекет кәсiпорнының пайдасына қосып, тиiсiнше салық салса және егер осы Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органдары консультация барысында осылай қосылған пайданың барлығы немесе бөлiгi алғашқы аталған Мемлекеттiң кәсiпорнына есептелуi мүмкiн пайда болып табылады деп келiссе, егер екi кәсiпорынның арасындағы өзара қатынастар тәуелсiз кәсiпорындардың арасындағыдай болса, онда осы екiншi Мемлекет осындай келiсiлген пайдадан алынатын салық сомасына тиiстi түзету жасайды. Осындай түзетудi айқындау кезiнде осы Келiсiмнiң басқа ережелерi ескерiлуi тиiс.
10-бап
ДИВИДЕНДТЕР
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн дивидендтерiне осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда резидентi дивидендтер төлейтiн компания болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес мұндай дивидендтерге де салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер дивидендтердiң iс жүзiндегi иесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, онда осылайша алынатын салық:
а) егер iс жүзiндегi иесi дивидендтер төлейтiн компания капиталының кем дегенде 25%-ына тiкелей иелiк ететiн компания болса, дивидендтердiң жалпы сомасының 5 %-ынан;
b) қалған барлық жағдайларда дивидендтердiң жалпы сомасының 10%-ынан аспауы тиiс.
3. 2-тармақтың ережелерiне қарамастан:
а) Сингапур Республикасының резидентi болып табылатын компания төлейтiн дивидендтер, егер олар:
i) Қазақстан Республикасының Үкiметiне,
ii) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне;
iii) Қазақстан Республикасының уәкілеттi органына;
iv) Қазақстан Республикасының Үкiметіне толығымен тиесілi, Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары арасында оқтын-оқтын келісілуі мүмкiн кез келген басқа ұйымға төленсе, Сингапур Республикасында салықтан босатылады;
b) Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын компания төлейтiн дивидендтер, егер олар:
i) Сингапур Республикасының Үкiметiне;
ii) Сингапурдың Валюталық Кеңесiне;
iii) Сингапурдың Pte Ltd Yкiметтiк Инвестициялық Корпорациясына;
iv) Сингапурдың уәкiлеттi органына;
v) Сингапур Республикасының Үкiметiне толығымен тиесiлi және Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары арасында оқтын-оқтын келісiлуi мүмкiн кез келген басқа ұйымға төленсе, Қазақстан Республикасында салықтан босатылады.
4. "Пайыздар" термині осы бапта пайдаланылған кезде кепілмен қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген, борышкерлердің пайдасына қатысу құқығын беретін немесе бермейтін қандай да болсын борыш талаптарынан алынатын табысты және атап айтқанда, үкіметтік бағалы қағаздардан алынатын табысты және осы бағалы қағаздар, облигациялар және борыштық міндеттемелер бойынша төленетін сыйлықтар мен ұтыстарды қоса алғанда, облигациялардан немесе борыштық міндеттемелерден алынатын табысты білдіреді. Уақтылы төленбеген айыппұлдар осы баптың мақсаттары үшін пайыздар ретінде қарастырылмайды.
5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын пайыздардың іс жүзіндегі иесі пайыздар пайда болатын екінші Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса немесе осы екінші Мемлекетте орналасқан тұрақты базадан тәуелсіз жеке қызметтер көрсетсе және пайыздар төленетін борыш талабы шын мәнінде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелері қолданылмайды. Мұндайда жағдайларға байланысты 7-баптың немесе 14-баптың ережелері қолданылады.
6. Егер төлеуші осы Мемлекеттiң өзі, оның әкімшілік бөлімшесі, жергілікті билік органы, мемлекеттік органы немесе осы Мемлекеттің резиденті болып табылса, пайыздар Уағдаласушы Мемлекетте пайда болады деп есептеледі. Алайда егер пайыздар төлеуші тұлға Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табыла ма, жоқ па - оған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте пайыздар төленетін қарыз пайда болған тұрақты мекемесі немесе тұрақты базасы болса және мұндай пайыздарды осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болады деп есептеледі.
7. Егер төлеуші мен пайыздардың іс жүзінде иесі арасында немесе сол екеуі мен қандай да болсын басқа бір тұлғаның арасында арнайы қатынастар болуы себепті төленетін борыш талабына қатысты пайыздардың сомасы мұндай қатынастар болмаған кезде, төлеуші мен пайыздардың іс жүзіндегі иесі арасында келісіле алатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелері тек соңғы айтылған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда, төлемнің басы артық бөлігіне осы Келісімнің басқа ережелерін ескере отырып, әрбір Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес салым салынады.
8. Егер өзiне қатысты пайыздар төленетiн борыш талаптарының жасалуына немесе берілуiне байланысты кез келген тұлғаның негiзгi мақсаты немесе негiзгi мақсаттарының бiрi осы борыш талаптарын жасау немесе беру арқылы осы баптан пайда табу болса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.
9. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентiне осы баптың 8-тармағы ережелерiнiң негiзiнде екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салуды азайтудан бас тартылған жағдайда, осы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органы бiрiншi ескертiлген Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органын хабардар етедi.
12-бап
РОЯЛТИ
1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн роялтиге осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда, мұндай роялтиге, сондай-ақ ол пайда болатын және осы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкiн, бiрақ роялтидiң нақты иесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, онда осылайша алынатын салық роялтидiң жалпы сомасының 10 %-ынан аспауы тиiс.
3. "Роялти" терминi осы бапта пайдаланылған кезде компьютерлiк бағдарламалық жасақтауды, кинематографиялық фильмдердi немесе радиоға немесе телеарнаға арналған фильмдердi немесе пленкаларды қоса алғанда, әдебиет, өнер немесе ғылым шығармаларына кез келген авторлық құқықты, кез келген патент, сауда белгiсiн, дизайнды немесе модельдi, жоспарды, құпия формуланы не процестi пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық не ғылыми жабдықты пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн не өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми тәжiрибеге қатысты ақпарат үшiн сыйақы ретiнде алынатын төлемдердiң кез келген түрiн бiлдiредi.
4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын роялтидiң iс жүзiндегi иесi роялти пайда болған екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса немесе роялти өздерiне қатысты төленетiн тұрақты база және құқық немесе мүлiк орналасқан осы екiншi Мемлекетте шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға байланысты тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда, мән-жайға қарай 7-баптың немесе 14-баптың ережелерi қолданылады.
5. Егер төлеушi осы Мемлекеттiң өзi, оның әкiмшiлiк бөлiмшесi, жергiлiктi билiк органы, мемлекеттiк орган немесе осы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, роялти Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледi. Алайда, егер роялти төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табыла ма, жоқ па - оған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте роялти төлеу міндеттемесi пайда болған тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса және осындай
роялтилердi тұрақты мекеме немесе тұрақты база төлесе, онда мұндай роялтилер тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болды деп саналады.
6. Егер роялти төлеушi мен оның iс жүзiндегi иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлғаның арасында ерекше қатынастар болу салдары негiзiнде төленетiн құқықты немесе ақпаратты пайдалануға тиiстi роялтидiң сомасы мұндай қатынастар болмаған кезде роялти төлеушi мен оның нақты иесi арасында келiсуге болатындай сомадан асып кетсе, онда осы Баптың ережелерi тек соңғы айтылған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда, төлемнiң басы артық бөлiгiне осы Келiсiмнiң басқа ережелерiн нақты ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамаларына сәйкес салық салынады.
7. Егер өзiне қатысты роялти төленетiн құқықты жасауға немесе беруге байланысты кез келген тұлғаның негiзгi мақсаты немесе негiзгi мақсаттарының бірi құқықтарды жасау немесе беру арқылы осы Баптан пайда табу болса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.
8. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне осы баптың 7-тармағының ережелерiнiң негiзiнде екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салуды төмендетуден бас тартылған жағдайда, осы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыретті органы бiрiншi ескертiлген Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органын хабардар етедi.
13-бап
МYЛIК ҚҰНЫНЫҢ ӨСIМIНЕН АЛЫНАТЫН ТАБЫС
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi 6-бапта анықталған және екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктi иелiктен айырудан алатын табыстарға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi:
а) өз құнының 50 %-ынан асатын екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен тiкелей немесе жанама алынатын акцияларды, ресми танылған қор биржаларында сатылатын акциялардан өзгелердi, немесе
b) активтерi (ресми танылған қор биржаларында сатылатын акциялардан өзгелерi) екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен тiкелей немесе жанама өз құнының 50 %-ын алатын серiктестiкке немесе трастқа қатысу үлесiн иелiктен айырудан алынатын табыстарға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
3. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте иеленiп отырған тұрақты мекеменiң кәсiпкерлiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiкті немесе мұндай тұрақты мекеменi (жеке немесе бүкіл кәсiпорынмен қоса) немесе мұндай тұрақты базаны иелiктен айырудан алынған табыстарды қоса алғанда, тәуелсiз жеке қызмет көрсету мақсаттары үшiн екiншi Уағдаласушы Мемлекетте Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң иелiгiндегi тұрақты базаға жататын жылжымалы мүлiктi иелiктен айырудан алынатын табыстарға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
4. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi халықаралық тасымалдарда пайдаланатын теңiз немесе әуе кемелерiн немесе мұндай теңiз немесе әуе кемелерiн пайдалануға байланысты жылжымалы мүлiкті иелiктен айырудан алынған табыстарға тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
5. Осы баптың бұрынғы тармақтарында айтылғаннан өзге кез келген мүлiктi иелiктен айырудан алынған табыстарға резидентi мүлiктi иелiктен айырушы тұлға болып табылатын тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
14-бап
ТӘУЕЛСIЗ ЖЕКЕ ҚЫЗМЕТТЕР
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын жеке тұлғаның кәсiби қызметтер немесе тәуелсiз сипаттағы басқа қызмет көрсетуден алған табысы мұндай табыс екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн мынадай:
а) егер оның қызметiн жүзеге асыру мақсатында екiншi Мемлекетте жүйелi негiзде оның иелiгiндегi тұрақты базасы болса; бұл жағдайда тұрақты базаға жататын табыстың бөлiгiне ғана осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн; немесе
b) егер оның осы екiншi Мемлекетте болуы тиiстi күнтiзбелiк жылы басталатын немесе аяқталатын кез келген он екi айлық кезеңде жалпы саны 183 күннен асатын кезеңдi немесе кезеңдердi құрайтын жағдайларды қоспағанда осы Мемлекетте ғана салық салуға жатады; бұл жағдайда, осы екiншi Мемлекетте оның қызметiн жүзеге асырудан алынған табыстың бөлiгiне ғана осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. "Кәсiби қызметтер" терминi, атап айтқанда, тәуелсiз ғылыми, әдеби, артистiк, бiлiм беру немесе оқытушылық қызметтi, сондай-ақ дәрiгерлердiң, заңгерлердiң, инженерлердiң, сәулетшiлердiң, тiс дәрiгерлерiнiң және бухгалтерлердiң тәуелсiз қызметiн қамтиды.
15-бап
ТӘУЕЛДI ЖЕКЕ ҚЫЗМЕТТЕР
1. 16, 18 және 19-баптардың ережелерiн ескере отырып Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi жалданып iстеген жұмысына байланысты алған қызметақыға, жалақыға және басқа да осындай сыйақыға егер жалданып жұмыс iстеу екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орындалатынын қоспағанда, тек осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер жалданып iстейтiн жұмыс осылайша орындалса, онда осыған байланысты алынған мұндай сыйақыға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. 1-тармақтың ережелерiне қарамастан, екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орындалатын жалданып жұмыс iстеуiне байланысты Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi алған сыйақыға салық, егер:
а) алушы тиiстi күнтiзбелiк жылы басталатын немесе аяқталатын кез келген он екi айлық кезеңде жалпы алғанда 183 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер бойы осы екiншi Мемлекетте болса;
b) сыйақы осы екiншi Мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын жалдаушы немесе жалдаушының атынан төленсе;
с) сыйақы жалдаушының екiншi Мемлекеттегi тұрақты мекемесiнен немесе тұрақты базасынан туындамаса, тек алғашқы айтылған Мемлекетте салынады.
3. Осы баптың мұның алдындағы ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны халықаралық тасымалдарда пайдаланатын теңiз немесе әуе кемелерiнiң бортында орындалатын жалдау жұмысына қатысты алынған сыйақыға салық осы Мемлекетте салынуы мүмкiн.
16-бап
ДИРЕКТОРЛАРДЫҢ ҚАЛАМАҚЫЛАРЫ
Екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның директорлар кеңесiнiң немесе оған ұқсас органның мүшесi ретiнде Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi алған директорлардың қаламақыларына және басқа да осыған ұқсас төлемдерге осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
17-бап
АРТИСТЕР МЕН СПОРТШЫЛАР
1. 14 және 15-баптардың ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi театр, кино, радио немесе теледидар артисi немесе сазгер ретiнде немесе спортшы ретiнде екiншi Уағдаласушы Мемлекетте осындай түрде жүзеге асыратын өзiнiң жеке қызметiнен алған табысына осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Егер артист немесе спортшы жүзеге асыратын қызметтен немесе оның жеке қызметiне байланысты табысы артистiң немесе спортшының өзiне емес басқа тұлғаға есептелсе, онда бұл табысқа 7, 14 және 15-баптардың ережелерiне қарамастан, артистiң немесе спортшының қызметi жүзеге асырылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады.
18-бап
3ЕЙНЕТАҚЫЛАР
19-баптың 2-тармағының ережелерiн ескере отырып, бұрын орындаған жұмысы үшiн сыйақы түрiнде Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн зейнетақылар мен басқа да осындай сыйақыларға осы мемлекетте ғана салық салынады.
19-бап
МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТ
1. а) Жеке тұлғаға осы Мемлекет немесе оның бөлiмшелерi немесе жергiлiктi билiк органы немесе мемлекеттiк орган үшiн жүзеге асырған қызметтерiне қатысты Уағдаласушы Мемлекет не оның әкiмшiлiк бөлiмшесi, орталық және жергiлiктi билiк органдары немесе уәкiлеттi орган төлейтiн зейнетақыға қарағанда өзге қызметақыға, жалақыға және басқа осыған ұқсас сыйақыға тек осы Мемлекетте салық салынады.
b) Алайда мұндай қызметақыға, жалақыға және басқа осыған ұқсас сыйақыға, егер қызметтер осы екiншi Мемлекетте жүзеге асырылса және:
(i) осы Мемлекеттiң азаматы болып табылатын; немесе
(ii) қызметтердi жүзеге асыру мақсаты үшiн ғана осы мемлекеттiң резидентi болмаған жеке тұлға осы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
2. а) Жеке тұлғаға осы мемлекет немесе оның әкiмшiлiк бөлiмшесi, орталық және жергілiктi билiк органдары немесе уәкілеттi орган үшiн жүзеге асырған қызметтерiне қатысты Уағдаласушы Мемлекет немесе оның әкiмшiлiк бөлiмшесi, орталық және жергiлiктi билiк органы немесе уәкiлеттi орган не олар құрған қордан төленетiн кез келген зейнетақыға осы Мемлекетте салық салынады.
b) Алайда, мұндай зейнетақыға егер жеке тұлға осы Мемлекеттiң резидентi және азаматы болып табылса, тек екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады.
3. 15, 16, 17 және 18-баптардың ережелерi Уағдаласушы Мемлекет, оның әкiмшiлiк бөлiмшесi, орталық және жергілiктi билiк органы немесе уәкiлеттi орган жүзеге асыратын коммерциялық қызметке байланысты көрсетiлген қызметтерге қатысты қызметақыға, жалақыға және басқа да ұқсас сыйақы мен зейнетақыларға қолданылады.
20-бап
СТУДЕНТТЕР МЕН ПРАКТИКАНТТАР
Уағдаласушы Мемлекетке келер алдында тiкелей екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын және тек бiлiм алу немесе практикадан өту мақсатында бiрiншi айтылған Мемлекетте болған студент немесе практикант өзiн ұстау, бiлiм алу немесе практикадан өту мақсаты үшiн алатын төлемдерге осы төлем көздерi осы Мемлекеттен тысқары жерде болған жағдайда, салық салынбайды.
21-бап
БАСҚА ДА ТАБЫСТАР
Алдыңғы баптарда айтылмаған және Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын табыстар түрлерiне осы Мемлекетте ғана салық салынады.
22-бап
ҚОСАРЛАНҒАН САЛЫҚ САЛУДЫ ЖОЮ
1. Қазақстан жағдайында қосарланған салық салу мынадай түрде жойылады:
а) Егер Қазақстан резидентi осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес Сингапурда салық салынуы мүмкiн табыс алатын болса, Қазақстан осы резиденттiң табысына салынатын салықтан Сингапурда төленген табыс салығына тең соманы шегеруге мүмкiндiк бередi.
Жоғарыда келтiрiлген ережелерге сәйкес шегерілетiн салық сомасы Қазақстанда қолданылатын ставкалар бойынша осындай табысқа есептелу мүмкiн салықтан асып кетпеуге.
b) Егер Қазақстан резидентi осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес тек Сингапурда ғана салық салынатын табыс алса, Қазақстан тек қана Қазақстанда салық салуға ұшырайтын осындай басқа табысқа салынатын салық ставкасын анықтау мақсаты үшiн ғана осы табысты салық салу қорына енгiзе алады.
2. Сингапур жағдайында қосарланған салық салу мынадай түрде жойылады:
Егер Сингапур резидентi осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес Қазақстанда салық салынуы мүмкiн табыс алатын болса, Сингапур Сингапурдан өзге кез келген елде төлеуге жататын Сингапур салығына қатысты кредиттi шешуге рұқсат ету жөнiндегi өзiнiң заңнамасының ережелерiн ескере отырып, Қазақстанда төленген салықты тiкелей немесе осы резиденттің табысынан төлеуге жататын Сингапур салығына қатысты шегеру жолымен есептеуге жол бередi. Егер мұндай табыс Қазақстан резидентi болып табылатын компания аталған компаниялардың алғашқысының акционерлiк капиталының кемiнде 10% тiкелей немесе жанама иемденетiн компания болып табылатын Сингапур резидентiне төлейтiн дивидендтер болып табылса, есептеу кезiнде осы компания өзiнiң пайда бөлiгiнде дивидендтер төленетiн Қазақстан салығы назарға алынатын болады.
23-бап
КЕМСIТПЕУ
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары нақ осындай жағдайларда осы екiншi Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салуға және соған байланысты мiндеттемелерге қарағанда анағұрлым ауыртпалықты кез келген салық салуға немесе соған байланысты кез келген мiндеттемеге екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ұшырамайды.
2. Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының екiншi Уағдаласушы Мемлекеттегi тұрақты мекемесiне салық салу ұқсас осындай қызметтi жүзеге асыратын осы екiншi Мемлекеттiң кәсiпорнына салық салуға қарағанда осы екiншi Мемлекетте неғұрлым қолайлы болуға тиiс.
3. Осы бапта ештеңе де Уағдаласушы Мемлекеттi мыналарды беруге мiндеттейтiн болып түсiндiрiлмеуге тиiс:
(а) екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне өз резиденттерiне беретiн салық салу мақсаттары үшiн кез келген жеке жеңілдiктердi, кемітулердi және шегерiмдердi; немесе
(b) басқа Мемлекеттiң ұлттық тұлғаларына осы Мемлекеттiң резиденттерi болып табылмайтын өзiнiң азаматтарына немесе осы Мемлекеттiң салық заңнамасында анықталуы мүмкiн басқа тұлғаларға беретiн салық салу мақсаттары үшiн кез келген жеке жеңiлдiктердi, кемiтулердi және шегерiмдердi.
4. Капитал екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң бiр немесе бiрнеше резидентiне толық немесе iшiнара тиесілі немесе олардың тiкелей немесе жанама түрде бақылауында болатын Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны бiрiншi айтылған Мемлекетте салық салуға немесе бiрiншi айтылған Мемлекеттiң басқа ұқсас кәсiпорындары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салу мен онымен байланысты мiндеттемелерге қарағанда онымен өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты болып табылатын кез келген салық салу немесе онымен байланысты кез келген мiндеттемелерге бiрiншi айтылған Мемлекетте ұшырамауы тиiс.
5. Егер Уағдаласушы Мемлекет оның ұлттық саясаты мен өлшемдерiне сәйкес экономикалық немесе әлеуметтiк дамуына септiгiн тигiзу мақсатында өзiнiң ұлттық тұлғаларына салықтық ынталандыру ұсынса, онда бұл шара осы бапқа сәйкес кемсiту сияқты түсiндiрілмеуi тиiс.
24-бап
ӨЗАРА КЕЛIСIП АЛУ РӘСIМI
1. Егер тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де iс-әрекеттерi өзiн осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар етiп отыр немесе душар ететiн болады деп есептесе, ол осы Мемлекеттердiң iшкi заңдарында көзделген қорғау құралдарына қарамастан, өзiнiң iсiн өзi резидент болып табылатын сол Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органының қарауына немесе егер оның iсi 23-баптың 1-тармағының қолданысына түссе, өзi ұлттық тұлғасы болып табылатын сол Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органының қарауына бере алады. Өтiнiш осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар еткен iс-әрекеттер туралы бiрiншi хабарлама берiлген сәттен бастап үш жыл iшiнде берiлуi тиiс.
2. Құзыреттi орган, егер ол өтiнiштi негiздi деп есептесе және егер өзi қанағаттандырарлық шешiмге келе алмаса, осы Келiсiмге сәйкес келмейтiн салық салуды болдырмау мақсатында iстi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органымен өзара келiсiм бойынша шешуге ұмтылады. Кез келген қол жеткiзiлген келiсiм Уағдаласушы Мемлекеттердiң ұлттық заңнамаларында көзделген уақыттағы кез келген шектеуге байланыссыз орындалатын болады.
3. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы Келiсiмдi түсiндiру немесе қолдану кезiнде туындайтын кез келген қиындықтарды немесе күмәнды өзара келiсiм бойынша шешуге ұмтылады. Олар сол сияқты Келiсiмде көзделмеген жағдайларда, қосарланған салық салуды болдырмау мақсатында бiр-бiрiмен консультация өткiзе алады.
4. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары өткен тармақтарды түсiнуде келiсiмге қол жеткiзу мақсатында бiр-бiрiмен тiкелей байланысқа түсе aлады.
25-бап
АҚПАРАТ АЛМАСУ
1. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары осы Келісімнің ережелерін орындау немесе әкімшілендіру немесе салық салу осы Келісімге қайшы келмейтіндей шамада Уағдаласушы Мемлекеттердің немесе олардың әкімшілік бөлімшелерінің, орталық немесе жергілікті билік органдарының атынан алынатын кез келген түрдегі және сипаттамадағы салықтарға қатысты ішкі заңнаманы қолдану үшін қажетті ақпаратпен алмасады. Ақпарат алмасу осы Келісімнің 1 және 2-баптарымен шектелмейді.
2. Уағдаласушы Мемлекет осы баптың 1-тармағына сәйкес алған кез келген ақпарат осы Уағдаласушы Мемлекеттің ішкі заңнамасына сәйкес алынған ақпарат сияқты құпия болып есептеледі және осы баптың 1-тармағында айтылған салықтарға қатысты бағалаумен немесе жинаумен, мәжбүрлеп өндіріп алумен немесе сот қудалауымен немесе апелляцияларды қараумен де және жоғарыда көрсетілгендердің барлығын қадағалаумен де айналысатын тұлғаларға немесе органдарға (соттарды және әкімшілік органдарды қоса алғанда) ғана хабарланатын болады. Мұндай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осы мақсаттар үшін ғана пайдалана алады. Олар ақпаратты ашық сот отырысы барысында немесе сот шешімдері қабылданған кезде ашуы мүмкін.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері Уағдаласушы Мемлекетке:
а) осы немесе екінші Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына және әкімшілік практикасына қайшы келетін әкімшілік шараларын қолдану;
в) осы немесе екінші Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасы бойынша немесе әдеттегі әкімшілендіру барысында алуға болмайтын ақпаратты ұсыну;
с) қандай да бір сауда, кәсіпкерлік, өнеркәсіптік, коммерциялық немесе кәсіби құпияны немесе сауда процесін ашуы мүмкін ақпаратты немесе ашылуы мемлекеттік саясатқа (оrdre рubіс) қайшы келуі мүмкін ақпаратты ұсыну міндеттемесін жүктейтіндей мағынада түсіндірілмейді.
4. Егер ақпаратты бір Уағдаласушы Мемлекет осы бапқа сәйкес сұратса, екінші Уағдаласушы Мемлекет, егер мұндай ақпарат тіпті осы екінші Уағдаласушы Мемлекетке өзінің жеке салықтық мақсаттары үшін қажет етілмесе де, сұратылған ақпаратты жинау жөніндегі шараларды қабылдайды. Алдыңғы сөйлемде қамтылған міндеттеме осы баптың 3-тармағының шектеулеріне жатады, бірақ мұндай шектеулер Уағдаласушы Мемлекетке осындай ақпаратқа ішкі мүдделіліктің болмауы себебінен ғана ақпарат ұсынудан бас тартуға рұқсат беретіндей мағынада түсіндірілмейді.
5. Осы баптың 3-тармағының ережелері банк, басқа қаржы мекемесі, номиналды ұстаушы немесе агент немесе сенім білдірілген өкіл болып әрекет ететін тұлға ақпараттың иегері болып табылатындығы себебінен немесе ақпарат меншік құқығы берілген тұлғаға қатысты болу себебінен ғана Уағдаласушы Мемлекетке ақпаратты беруден бас тартуға рұқсат беретіндей мағынада түсіндірілмейді.
Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.02.2013 № 144 қаулысымен.
26-бап
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ МИССИЯЛАР MЕH КОНСУЛДЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ МҮШЕЛЕРI
Осы Келiсiмдегi ештеңе де дипломатиялық миссия мен консулдық посттар мүшелерiнiң халықаралық құқықтың жалпы нормалары беретiн немесе арнайы келiсiмдердiң ережелерiне сәйкес берiлетiн артықшылықтар сияқты салық артықшылықтарын қозғамайды.
27-бап
КYШIНЕ ЕНУI
1. Әрбiр Уағдаласушы Мемлекет екiншiге оның заңнамасына сәйкес талап етiлетiн осы Келiсiмнiң күшiне ену рәсiмiнiң аяқталғаны туралы хабарлайды.
2. Осы Келiсiм 1-тармақта айтылған хабарламаның соңғысын алған күннен бастап күшiне енедi және оның ережелерi:
а) Қазақстанда:
осы Келiсiм күшiне енген жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе одан кейiнгi салық кезеңiндегi салыққа қатысты;
b) Сингапурда:
осы Келiсiм күшiне енген жылдан кейiнгi екiншi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе одан кейiнгi кез келген жылда есептеуге жататын салыққа қатысты қолданылады.
28-бап
ҚОЛДАНЫЛУЫН ТОҚТАТУ
Осы Келiсiм Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрi оның қолданылуын тоқтатпайынша күшiнде қала бередi. Кез келген Уағдаласушы Мемлекет осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап бес жылдық кезең өткеннен кейiнгi кез келген күнтiзбелiк жылдың аяқталуына кемiнде алты ай қалғанда қолданылуын тоқтату туралы дипломатиялық арналар арқылы хабарлама жiбере отырып, осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтата алады. Мұндай жағдайда, осы Келiсiм:
а) Қазақстанда:
хабарлама берiлген жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе одан кейiнгi салық кезеңiндегi салыққа қатысты;
b) Сингапурда:
хабарлама берiлген жылдан кейiнгi екiншi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе одан кейiнгi кез келген жылда есептеуге жататын салыққа қатысты өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
29-бап
ТҮЗЕТУЛЕР
Уағдаласушы Мемлекеттердiң өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгiн құрайтын хаттамалармен енгiзiле алады. Осыны куәландыру үшiн өз Үкiметтерi тиiстi дәрежеде уәкілеттiк берген төменде қол қоюшылар осы Келiсiмге қол қойды.
______________ қаласында 200 жылғы _______ айының _________ күнi қазақ, ағылшын және орыс тілдерiнде екi данада жасалды, барлық мәтiндердiң бiрдей күшi бар. Мәтiндер арасында алшақтықтар пайда болған жағдайда, ағылшын тілiндегi мәтiн айқындаушы болады.
ҚАЗАҚСТАН СИНГАПУР
PECПУБЛИКACЫНЫҢ PECПУБЛИКACЫНЫҢ
YКIМЕТI YШIН YКIМЕТI YШIН
ХАТТАМА
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Сингапур Республикасының Yкiметi арасындағы Табысқа салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы осы келiсiмге қол қойған кезде екi Үкiмет мынадай ережелер осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатынына уағдаласты.
1. 5-бапқа қатысты:
а) Егер мұндай құрылғы, кеме, құрылыс немесе жабдық мән-жайларға байланысты табиғи ресурстарды өндiруге пайдаланылса, 2 (F) тармағының мақсаттары үшiн "табиғи ресурстар өндiретiн басқа да кез келген кен орны" терминi бұрғылау құрылғыларды, кеменi, құрылыстарды немесе жабдықтарды да қамтиды.
b) 3 (с) тармағының мақсаттары үшiн қызметтiң екi бөлiгi коммерциялық және географиялық жағынан байланысты болып қала берсе, жобалар байланысты ретiнде қарастырылады.
2. 11-баптың 2-тармағына және 12-баптың 2-тармағына қатысты:
Егер осы Келiсiм күшiне енген күннен кейiн Қазақстан мен үшiншi Мемлекет арасында жасалған кез келген Конвенцияға, Келiсiмге немесе Хаттамаға сәйкес Қазақстан пайыздар мен роялтиге көздерде өзiнiң салық салуын осы Келiсiмде белгiленгеннен гөрi аз ставкаға төмендетсе, атап өтiлген кiрiс түрлерi үшiншi Мемлекетпен осындай Конвенция, Келiсiм немесе Хаттама үшiн атап өтілген кiрiс түрлерiне белгiленген ұқсас ставка (бұдан әрi қайта қаралған ставка ретiнде аталатын) осы Келiсiм үшiн осындай Конвенцияның, Келiсiмнiң немесе Хаттаманың, қайсыбiрi кешiрек қабылданғанына қарамастан, күшiне енген күннен бастап қолданылатын болады. Мұндай жағдайда, Сингапур мен Қазақстан, мән-жайларға байланысты қайта қаралған ставканы 11 және 12-баптардың 2-тармағының мақсаттары үшiн қолданады.
Осыны куәландыру үшiн өз Үкiметтерi тиiстi дәрежеде уәкілеттiк берген төменде қол қоюшылар осы Хаттамаға қол қойды.
______________ қаласында 200 ___ жылғы _______ айының ______________ күнi қазақ, ағылшын және орыс тiлдерiнде екi данадан жасалды, барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Мәтiндер арасында алшақтықтар пайда болған жағдайда, ағылшын тілiндегi мәтiн айқындаушы болады.
ҚАЗАҚСТАН СИНГАПУР
PECПУБЛИКACЫНЫҢ PECПУБЛИКACЫНЫҢ
YКIМЕТI YШIН YКIМЕТI YШIН