Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі N 884 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Зеленстрой" HC фирмасы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Астана қаласындағы "Шағала" резиденциясының объектілерiн (бұдан әрi - объектiлер) салу бойынша 2006 жылға арналған сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi жұмыстарды берушi болып белгіленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен объектiлердi салу жөнiнде жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабының 3 және 4-тармақтарын сақтауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
 

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады