Мемлекеттiк активтердi басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 30 маусымдағы N 620 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 21 шiлдедегi N 1095  қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасын одан әрi iске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы N 118  қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиімділігін арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға iс-шаралар жоспарының 1.6., Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желiлiк кестесiнiң 81-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк активтердi басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi жыл сайын 15 ақпанға және 15 тамызға қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi жыл сайын 25 қаңтарға және 25 шiлдеге қарай Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне Бағдарламаның iске acырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 

      4. Орталық атқарушы органдар (республикалық меншiк бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi (коммуналдық меншiк бойынша) жыл сайын 15 қаңтарға және 15 шiлдеге қарай Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiне бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 30 маусымдағы
N 620 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Мемлекеттік активтердi басқарудың 
2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы

Астана, 2006 жыл 

Мазмұны

1.  Бағдарламаның паспорты
2.  Кiрiспе
3.  Мемлекеттiк активтердi басқарудың қазiргi жай-күйiн талдау
3.1. Мемлекеттік активтердi есепке алу
3.2. Заңнамалық базаны талдау
3.3. Мемлекеттік кәсiпорындарды басқару
3.4. Мемлекет меншiгiндегi акционерлiк қоғамдардың акцияларын және жауапкершiлігі шектеулi серiктестiктердiң қатысу үлестерiн басқару
3.4.1. Ұлттық компанияларды басқару
3.4.2. Даму институттарын басқару
3.5. Мемлекеттiк мекемелердi басқару
3.6. Меншiктiң мемлекеттiк мониторингі
3.7. Қаржы активтерiн сату
3.8. Жекешелендiруден кейiнгі бақылау
4.  Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
5.  Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары және тетiгi
5.1. Мемлекеттiк мүлiктi есепке алу жүйесiн жетiлдiру
5.2. Заңнамалық базаны жетiлдiру
5.3. Мемлекеттiк активтердi басқару саласындағы қағидаттар мен басымдықтар
5.4. Мемлекеттік - жеке меншiк әрiптестiк
5.5. Мемлекеттiк холдинг және Басқарушы компания
5.6. Әлеуметтік-кәсiпкерлiк корпорациялар
5.7. Дивидендтiк саясатты жетiлдiру
5.8. Меншiктiң мемлекеттiк мониторингi мiндеттерiн iске асыруды қамтамасыз ету
5.9. Мемлекеттік мүлiктi басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың қызметiн бағалау жүйесiн айқындау
5.10. Мемлекеттiк жекешелендiру саясатын iске асыру жөнiндегi негізгi қағидаттар мен шаралар
5.11. Жекешелендiруден кейiнгi бақылауды жүзеге асыру
5.12. Мемлекеттiк кәсiпорындардың және мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдардың (серiктестiктердiң) басқару органдарында мемлекет мүддесiн бiлдiретiн лауазымды тұлғалардың олардың қаржы-шаруашылық қызметiндегi қорытындылары, мемлекеттiк мүліктiң мақсатты және тиiмдi пайдаланылуы үшiн жауапкершiлігін арттыру
5.13. Мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының бақылау пакетi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың (серiктестiктердiң) қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiн бақылау тетiгiн жетiлдiру
6.  Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
7.  Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже
8.  Мемлекеттiк активтердi басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Іс-шаралар жоспары

  1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы     Мемлекеттiк активтердi басқарудың 2006-
                        2008 жылдарға арналған бағдарламасы

Бағдарламаны әзiрлеу    Мемлекеттiк активтердi басқарудың
үшiн негiздеме          2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
                        (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан 
                        Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 3
                        ақпандағы N 118 қаулысымен бекiтiлген
                        Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың және 
                        жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың
                        2003-2005 жылдарға арналған салалық
                        бағдарламасын iске асыру жөнiндегі
                        2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар
                        жоспарының 1.6., Қазақстан Республикасы
                        Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы
                        N 222 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан
                        Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы
                        1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегi
                        бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң
                        қатарына кiру стратегиясы" атты
                        Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру
                        жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық
                        жоспарын және Қазақстан Республикасы
                        Yкiметiнiң 2006 - 2008 жылдарға арналған
                        бағдарламасын орындаудың желiлiк
                        кестесiнiң 81-тармақтарына сәйкес әзiрлендi.

Негiзгi әзiрлеушi       Қазақстан Республикасы Экономика және
                        бюджеттiк жоспарлау министрлiгi

Бағдарламаның           Бағдарламаның мақсаты мемлекеттiк
мақсаттары мен          активтердi басқарудың тиiмдiлігін арттыру
мiндеттерi              болып табылады.
                        Көрсетiлген мақсатқа қол жеткiзу үшiн
                        мынадай бiрiншi кезектi мiндеттердi
                        орындау қажет.
                        1. Мемлекеттiк мүлiк құрамын анықтау
                        және мемлекеттiк заңды тұлғалар, "Самұрық"
                        мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi
                        қазақстандық холдингi" АҚ, "Қазына" орнықты
                        даму қоры" АҚ, өңiрлiк әлеуметтiк-
                        кәсiпкерлiк корпорациялар алдына қойылған
                        мiндеттердi орындау үшiн оны бекiтiп беру.
                        2. Мемлекеттiк активтердi есепке алудың
                        бiрыңғай базасын құру.
                        3. Заңнамалық базаны жетiлдiру

Iске асыру мерзiмi      2006-2008 жылдар

Қажеттi ресурстар мен   Бағдарлама мемлекеттiк бюджеттен
қаржыландыру көздерi    қаржыландыруды талап етпейдi 

Бағдарламаны iске       Қабылданатын шаралар нәтижесiнде
асырудан күтiлетiн      мемлекет активтерiн басқарудың ашық жүйесi,
нәтиже                  мемлекеттiк меншiктiң бiрыңғай дерекқоры
                        құрылады, мемлекеттiк кәсiпорындар мен
                        акцияларының пакеттерi (қатысу үлестерi)
                        мемлекетке тиесiлi ұйымдардың оңтайлы саны
                        айқындалады. Рентабельдi емес мемлекеттiк
                        кәсiпорындарды оңалту немесе олардың
                        банкроттығы туралы шешiмдер қабылдау
                        жөнiндегi тетiктер әзiрленедi.
                        Мемлекеттік активтердi тиiмдi басқару
                        жөнiнде жаңа институттардың құрылуы
                        мемлекеттiк активтердi басқарудың
                        тиiмдiлiгін арттыруға және қор нарығын
                        дамытуға ықпалын тигiзедi.
                        Осы Бағдарламаны орындауға бағытталған
                        шараларды iске асыру барысында
                        2006-2008 жылдар iшiнде мемлекеттiк
                        мүлiктi пайдаланудан мемлекеттiк бюджетке
                        түсетiн түсiмдердiң сомасы нақтыланатын
                        болады

  2. Кiрiспе

      "Қазақстан 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" атты Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жолдауын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735  Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарын iске асыруда Қазақстан Республикасының Yкiметi қабылдап жатқан шаралар мемлекеттiк мүлiктi басқару жүйесiнiң тиiмдiлiгін арттыруға және жетiлдiруге мүмкiндiк бердi.
      Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы экономикасының серпiндi дамуы мемлекеттiк активтердi басқару саясаты саласында айқындалған басымдықтарды үнемi қайта қарауды талап етедi.
      Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы N 118  қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын iске асыру жөнiндегі 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының 1.6-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiру стратегиясы" атты Қазақстан халқына  Жолдауын iске асыру үшiн әзiрлендi.
      Қалыптастырылуы мемлекеттiң функциялары мен мүдделерiне негiзделуге тиіс мемлекеттiк мүліктің құрамын нақтылау, мемлекеттік меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау өлшемдерiн нақтылау және оны есепке алу жөнiнде бiрыңғай базаны қалыптастыру бүгiнгi күнi мемлекеттiк мүлiктi басқару саласындағы неғұрлым өзектi мiндеттер болып табылады.
      Бүгiнгi күнi мемлекет активтерi тiзбесiнiң айқындалмағанын ескере отырып, осы бағдарламаның нысаны ретiнде мемлекеттiк кәсiпорындарды, мемлекеттiк мекемелердi, акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң қатысу үлестерiн (мемлекеттiк активтер) басқару мәселелерiн айқындауды орынды деп санаймыз.

  3. Мемлекеттiк активтердi басқарудың қазiргi жай-күйiн талдау

      Республикадағы 90-жылдары жүргiзiлген кең ауқымды жекешелендiру салдарынан республиканың экономикасындағы жеке сектордың үлесi елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң 85 пайызына дейiн ұлғайды.
      Сонымен бiрге, 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекет еншiлес кәсiпорындарды қоса алғанда, 537 мемлекеттiк республикалық кәсiпорынның және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 1749 мекеменiң; 4255 коммуналдық кәсiпорынның және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын 13 639 мекеменiң меншiк иесi болып табылады.
      Республикалық мемлекеттiк меншiкте ұлттық компаниялар мен даму институттары акцияларының пакеттерiн қоса алғанда, 177 акционерлiк қоғам мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер акцияларының мемлекеттiк пакеттерi, қатысу үлестерi бар. Коммуналдық мемлекеттiк меншiкте 243 акционерлiк қоғам мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер акцияларының мемлекеттiк пакеттерi, қатысу үлестерi бар.
      Экономиканың мемлекеттiк секторын басқаруды жетiлдiру мақсатында Үкiметтiң 2006 жылғы 23 ақпандағы  N 117 және 2006 жылғы 15 сәуiрдегi  N 286 қаулыларымен "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегі қазақстандық холдингi" және "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамдары құрылды.
      Мемлекеттiк активтердi басқару тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында 2003-2005 жылдар аралығындағы кезеңде мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру бойынша, оның iшiнде мемлекеттiк активтердi басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың қызметiн бағалау бойынша ауқымды жұмыс жүргiзiлдi.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 1 шiлдедегi  N 636 және 2005 жылғы 8 сәуiрдегi  N 315 қаулыларымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 10 желтоқсандағы N 1297 қаулысымен бекiтiлген Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерiн айқындау, келiсу және бекiту ережесiне шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысын мемлекеттiк бюджетке аудару нормативтерiн келiсу кезiнде мемлекеттiк басқару органдарының Қаржы министрлiгiне (жергiлiктi - қаржы органдары), өндiрiстi дамытуға жоспарланған жылдың таза табысының нақты бөлігін пайдалану қажеттiлiгiне экономикалық негіздеме беру бөлiгiнде өзгерiстер енгiзiлдi.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 ақпандағы N 145  қаулысында мемлекеттiк кәсiпорындар мен акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың әкiмшiлiк шығыстарына мониторинг жүргiзу тетiгi айқындалған.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81  қаулысымен мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне беру тәртiбi бекiтiлген.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 маусымдағы N 630  қаулысымен бiрiккен-бақыланатын ұйымдар қызметiн бақылауды қамтамасыз ету мақсатында "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290  қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген.
      Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысатын заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметiне мониторингтi қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ қолданыстағы қаржылық ақпарат нысандарын жетiлдiру мақсатында "Қаржылық ақпарат нысандарын толтыру жөнiндегi нұсқаулықты, Мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiне талдау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты және Жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың қызметтерi тиiмдiлiгiнiң негiзгi көрсеткiштерiн анықтау жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2003 жылғы 2 сәуiрдегi N 135  бұйрығы шығарылды.
      Мемлекеттiк кәсiпорындар, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар қызметiнiң тиiмдiлiгін арттыру мақсатында республикалық меншiк объектiлерiнiң қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiн мониторингтеу жүйесi құрылғанын және ойдағыдай жұмыс iстеп тұрғанын атап өту қажет.
      "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 қарашадағы  Заңы қабылданған. Заң қызметi елiмiздiң экономикалық тәуелсiздiгi мен қауiпсiздiгiнiң негiзiн құрайтын iрi кәсiпорындарда болып жатқан процестер туралы шынайы ақпарат алуға мүмкiндiк бередi.
      Сонымен қатар, мемлекеттiк активтердi басқару бойынша ағымдағы жағдайды талдау бiрқатар проблемаларды, оның iшiнде мемлекеттiк органдар тарапынан, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындарды, акцияларының пакетi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдарды (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердi) басқару органдарында мемлекет мүдделерiн бiлдiретiн лауазымды адамдар тарапынан мемлекеттiк активтердi тиiмдi басқарудың жеткiлiксiздiгiн анықтады.
      Ұйымның қызметi мен кiрiс көздерiн талдау, олардың құрылған кезде шешу жүктелген мiндеттердiң орындалмағанын (тиiсiнше орындалмағанын) анықтады.
      Жекелеген ұйымдардың, оның iшiнде акционерлiк қоғамдардың кіpісі, негiзiнен, мемлекеттiк органдарға қызметтер көрсету есебiнен қалыптасады.
      Кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың теңгерiмiнде едәуiр артық және өз мақсатында пайдаланылмайтын мүлiк бар.
      Ұйымдардың залалды қызметiнiң нәтижесiнде шаруашылық жүргiзу құқығында берiлген мемлекет мүлкiнiң құнын және мемлекетке тиесiлi акциялардың теңгерімдік құнын азайтуға ықпал еткен меншiктi капитал мөлшерi азайды.
      Бiрқатар ұйымдардың талап ету мерзiмi бiр және одан да көп жыл бұрын өткен дебиторлық берешегi бар. Мұндай жағдай ұйымдардың қаржылық жағдайына барынша терiс әсерiн тигiзедi.
      Жекелеген мемлекеттiк органдарда өздерiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметi туралы ақпарат жоқ, олармен байланыс үзiлген, атқарушы органдар жұмыс iстемейдi.
      Мемлекеттiк органдар жұмыс iстемейтiн ұйымдарды Заңды тұлғалар тiзiлiмiнен шығару жөнiнде қажеттi шараларды қабылдамайды. Сондай-ақ, республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына, коммуналдық меншiкке берiлуiне байланысты Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар тiзбесiне тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар уақтылы енгiзiлмейдi.
      Бұдан басқа, бүгiнгi күнi мемлекеттiк активтердi басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар тарапынан тиiстi бақылаудың болмауы және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтамауы салдарынан туындаған проблемалар, атап айтқанда:
      Республикалық кәсiпорындар мен республикалық мекемелерге бекiтiлген меншіктi есептен шығарудың тәртiбi туралы нұсқаулықтың бұзылуы;
      тiркеушi органдарда жылжымайтын мүлiк объектiлерiне мүлiктiк құқықтарды тiркеудiң болмауы;
      шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк республикалық кәсiпорындарға бекiтiлген мүлiктi мүлiктiк жалға (арендаға) беру жөнiндегi талаптардың сақталмауы;
      жарғылық және резервтiк капиталдарды қалыптастыру (өзгерту) бөлігіндегi талаптардың сақталмауы; 
      қаржы-шаруашылық қызметтi жоспарлаудың төмен деңгейi және ұйымдардың жоспарланған көрсеткiштердi орындамауы;
      мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың нормативтік құқықтық кесiмдерде белгiленген ақпаратты уақтылы, сапалы және (немесе) толық емес көлемде беруi;
      ұйымдардың кейбiр әкiмшiлiк шығыстар бойынша лимиттердi, оның iшiнде қызметтiк жеңiл автомобильдердiң тиесiлiлiк нормативтерiн, әкiмшiлiк аппараттарын орналастыруға арналған алаң нормативтерiн сақтамауы;
      ұйымдардың бухгалтерлiк қызмет қызметкерлерi бiлiктiлiгiнiң төмен деңгейi және олардың бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнама талаптарын орындамауы белгiлендi.
      Осылайша, мемлекеттiк активтердi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған бiрқатар нақты iс-шараларды әзiрлеу қажет.

  3.1. Мемлекеттiк активтердi есепке алу

      Мемлекеттiк активтердi тиiмдi басқарудың аса маңызды шарттарының бiрi оның жағдайы туралы толық ақпаратты бiлу болып табылады.
      Мемлекеттiк мүлiктi есепке алуды жүргiзу "Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттiк меншiк жөнiндегi деректердiң ақпараттық базасын жүргізу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246  қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тiзiлiмiнде (Тiзiлiм) регламенттелген.
      Тiзiлiмнiң құрылымы мемлекеттiк активтердi басқару саласында айқындалатын мақсаттар мен мiндеттерге сәйкес оңтайландырылады. Атап айтқанда, қазiргі уақытта Тiзiлiм құрылымына "Қаржылық ақпарат" ақпараттық блогы бiрiктiрiлдi, бұл мерзiмдi қаржылық есептiлiк және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (олардың еншiлес ұйымдарының), акцияларының пакетi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдар (жауапкершiлiгi шектеулi шаруашылық серiктестiктер), сондай-ақ ұлттық компаниялардың, олардың тәуелдi және бекiтiлген нысандар бойынша бiрлесiп бақыланатын заңды тұлғаларының қаржы-шаруашылық қызмет жоспарларына дерекқорды жасауға және жүргiзуге арналған.
      Сонымен қатар, мемлекеттiк активтердi есепке алу жүйесiндегi негізгi проблемалардың бiрi республикалық және коммуналдық меншiктегі мемлекеттiк активтердi есепке алу жөнiнде уәкiлеттi органдар арасында өзара iс-қимылдың нақты тәртiбiнiң болмауы.
      Осыған байланысты, жалпы алғанда мемлекеттiк активтердi барынша толық, дұрыс және жүйелi есепке алуды қамтамасыз ету мәселесi өзектi болып қалады: "оn-line" режимiнде коммуналдық және республикалық меншiктiң құқық субъектiлерiне Тiзiлiмге қол жеткiзуге рұқсат беру арқылы республикалық және коммуналдық меншiк бойынша және мемлекеттiк меншiк объектiлерiн есепке алу жөнiнде бiрыңғай дерекқор қалыптастыру. 

  3.2. Заңнамалық базаны талдау

      Бүгiнгi күнi Қазақстан Республикасында мүлiктiк қатынастарды реттейтiн негізгі заңнамалық кесiмдер - Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексi , " Мемлекеттiк кәсiпорын туралы ", " Акционерлiк қоғамдар туралы ", " Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгі бар серiктестiктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары; "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар  Жарлығы , сондай-ақ басқа нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылданды және жұмыс iстейдi.
      2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламаны iске асыру шеңберiнде заңнамалық базаны қалыптастыру және жетiлдiру жөнiнде ауқымды жұмыс жүргiзiлдi.
      Сонымен бiрге, заңнамалық база одан әрi жетiлдiрудi қажет етiп отыр.
      Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттiк активтердi басқару саласындағы мiндеттердiң бiрi қоғам мен мемлекеттiң нақты қажеттiлiктерiне негiзделе отырып, мемлекеттiк кәсiпорындардың санын оңтайландыру болып табылады.
      Бұл ретте, "мемлекеттiк кәсiпорын" ұйымдық-құқықтық нысаны басқа ұйымдық-құқықтық нысанды пайдалану мүмкiн болмаған жағдайларда қолданылуға тиiс. Мемлекеттiк кәсiпорындардың мақсаты мемлекеттiң мүдделерiн iске асыруға, сондай-ақ елдiң ұлттық қауiпсiздігіне байланысты оның маңызды әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерiн шешуге арналған. Бұдан мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметi өз қызметiнiң барынша жоғары кiрiстiлiгiне қол жеткiзуге бағытталған коммерциялық мақсаттарға ғана негiзделуге тиiс емес деп айтуға болады.
      Алайда, заңнамаға сәйкес шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың қызметi тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) сұранысты қанағаттандыру жолымен таза кiрiс алуға бағытталған және мемлекеттiк кәсiпкерлiк ретiнде түсiнiледi.
      Заңнаманы талдау бүгінде шаруашылық жүргiзу және жедел басқару құқығындағы, қызметтiң ұқсас түрлерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар (қазыналық кәсiпорындар) жұмыс iстеуге тиiс қызметтер салалары соңына дейiн айқындалмағанын көрсеттi.
      Бұдан басқа, қазыналық кәсiпорындар қызметiн мемлекеттiк монополияға жатқызылған салаларда жүзеге асыруы мүмкiн. 
      Мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттiк монополия шаруашылық жүргiзу тек қана мемлекеттiк органдар және (немесе) мемлекеттiк кәсiпорындар Қазақстан Республикасының заң актiлерiнiң негiзiнде, сондай-ақ бәсекелестiктi енгiзу ұлттық қауiпсiздiк, құқықтық тәртiп, мемлекеттiң жоғары лауазымды адамдарының қауiпсiздiгi, қорғаныс және қорғаныс-өнеркәсiптiк кешен мүдделерiн қамтамасыз ету тұрғысынан орынсыз болатын жағдайларда жүзеге асыратын қызмет саласы түсiнiлетiнi заңды түрде айқындалған.
      Мемлекеттiк сатып алу процесiн қамтамасыз ету үшiн құрылатын ақпараттық жүйелер саласында шаруашылық жүргізудi жүзеге acыpуда мемлекеттiк монополия болып табылады.
      Мемлекеттiк монополия субъектiлерiнiң тiзбесi және осы субъектiлер монополиялық жағдайды иеленген салаларды Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.
      Сонымен қатар, сауда қызметiн реттеу саласындағы мемлекеттiк монополия тауарларды әкетумен және (немесе) әкелумен айқындалады, ол Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасының Үкiметi ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындалған шаруашылық субъектiлерiне құқық беру түрiнде немесе жеке тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге арналған конкурстық негiзде жүзеге асырылатын сыртқы сауда қызметiн реттеудiң тарифтiк емес шарасын ұсынады. Бұл ретте, жеке тауарларды әкету және (немесе) әкелу мемлекеттiк монополия тауарларды әкетудi және (немесе) әкелудi лицензиялау негiзiнде жүзеге асырылады. Оларға қатысты мемлекеттiк монополия енгiзiлетiн жекелеген тауарларды әкетудi және (немесе) әкелудi жүзеге асыруға арналған лицензиялар Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасының Yкiметi ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес немесе кемсiтпеу қағидаттары және адал коммерциялық тәжiрбие негiзiнде тауарларды әкету және (немесе) әкелу жөнiндегi операцияларды жасауға мiндеттi мемлекеттiк кәсiпорындарға берiледi.
      Осыған байланысты мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң түрлерiн түгендеу жөнiнде жұмыс жүргiзу шеңберiнде мемлекеттiк кәсiпорындар жұмыс iстеуi және оларды құрған кезде мемлекет негiзге алатын мақсаттар айқындалуы тиiс қызмет саласын нақты анықтау қажет. Мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң салаларын заңнамалық деңгейде регламенттеудi белгiлеу осы жұмыстың қорытындысы болады.
      Заңнамаға сәйкес шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорындар өндiретiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) бағалары кәсiпорынның оларды өндiруге жұмсаған шығындарының толық өтелуін, оның қызметiнiң шығынсыздығын және өз кiрiсi есебiнен қаржыландырылуын қамтамасыз етуге тиiс. Ал қазыналық кәсiпорындар өндiретiн және сататын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) бағаларын мемлекеттiк басқару органы белгiлейдi.
      Бұл ретте, қазыналық кәсiпорынның қызметi мемлекеттiк тапсырысты бөле отырып, мемлекеттiк басқару органы бекiтетiн смета бойынша өз кiрiсi есебiнен қаржыландырылады, қазыналық кәсiпорынның сметадан тыс алған кiрiсi тиiстi бюджетке аударылуға тиiс.
      Қазыналық кәсiпорындар кiрiстер мен шығыстарды бухгалтерлiк есепте мойындайтынын және қаржылық есептiлiктi есептеу әдiсiне сәйкес жасайтынын атап өту қажет, ал смета кассалық әдiс негiзiнде жасалады. Осылайша, қаржылық есептiлiкте көрсетiлген кiрiс сметада көрсетiлетiн кiрiске сәйкес келмейдi.
      Өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде шаруашылық жүргiзу құқығына негізделген мемлекеттiк кәсiпорындардың алдынан тағы бiр проблема туындайды. Мысалы, шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделгең мемлекеттiк кәсiпорынның резервтiк капиталының қаражаты тек шығындарды жабуға, бюджет алдындағы мiндеттемелердi орындауға, кәсiпорынның өзге қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда мемлекеттiк кредиттердi өтеуге және кәсiпорынның өзге қаражаты жетпеген жағдайда, олар бойынша сыйақыны (мүдденi) төлеуге пайдаланылады. Бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамаға сәйкес резервтiк капиталды кредиттердi өтеуге және олар бойынша сыйақыларды төлеуге пайдалануға болмайды.
      Жазылғанның негізiнде, "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қайта қарау қажет. 
      Бүгінгi таңда жекешелендiрiлген мемлекеттiк кәсiпорындарды, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды таратудың оңайлатылған тәртiбiн регламенттейтiн заң жобасы әзiрлендi.
      "Акционерлiк қоғамдар туралы", "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгі бар серiктестiктер туралы" Қазақстан Республикасының жеке заң нормаларына акционерлiк қоғамдардың, оның iшiнде ұлттық компаниялардың, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң қызметiнiң айқындылығын қамтамасыз ету бөлiгiнде, сондай-ақ қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметiне бақылауды күшейту бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет.

  3.3. Мемлекеттiк кәсiпорындарды басқару

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 17 қазанда жарияланған "Қазақстан-2030 Барлық Қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" атты  Жолдауында (Жолдау) жеке сектор үшiн тартымсыз болып табылатын қоғамдық қажеттiлiктер бар екендiгі айтылады. Мұндай жағдайларда және соңғы шара ретiнде осы қажеттiлiктердi қамтамасыз етудi мемлекет өз мойнына алады. Осы тезистi дамыту Қазақстан Республикасында мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасы (Тұжырымдама) мен 2010 Стратегиясында өзiнiң қисынды жалғасын тапты.
      Қазiргi уақытта қоғамдық қажеттiлiктердi орындауды қамтамасыз ету мемлекеттiк кәсiпорындар арқылы жүзеге асырылады. "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi міндет-мақсаты қоғам мен мемлекеттiң қажетiне қарай айқындалатын әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу болып табылады деп белгiленген, бұдан басқа, мемлекеттiк кәсiпорындар құрылуы және жұмыс iстеуi мүмкiн қызмет салалары айқындалған.
      Бұл peттe, республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың бiрқатары өндiрiстiк қызметтi жүзеге асырмайды, оларға берiлген қайта ұйымдастырылған кәсiпорындардың кредиторлық берешегiн өтеу үшiн дебиторлық берешектi өндiрiп алумен айналысады.
      Мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн талдау олардың iс жүзiнде жүзеге асыратын қызметтi Мемлекеттiк кәсiпорындардың жарғысында көрсетiлген қызмет түрлерiне, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындардың мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес келмейтiнiн көрсеттi.
      Сондай-ақ, кейбiр коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарға мемлекеттiк орган функцияларын беру орын алып отыр.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 наурыздағы N 210  қаулысымен бекiтiлген Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөнiндегі iс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын орындаудың желiлiк кестесiне (одан әрi - Желiлiк кесте) сәйкес 2005 жылы жүргiзiлген мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi:
      оперативтiк басқару және шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген мемлекеттiк кәсiпорындар жұмыс iстеуi тиiс қызмет ету салаларының қайталануы орын алып отыр;
      қазiргі нормативтiк-құқықтық база жетiлдiрудi талап етедi. 
      Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, мемлекеттiк кәсiпорындардың санын мемлекеттiң нақты қажеттiлiктерi мен мүмкiндiктерiн негiзге ала отырып оңтайландыру қажет.
      Осы жұмыс мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн регламенттейтiн қолданыстағы заңнаманы қайта қарау жолымен де жүзеге асырылады.
      Оңалту немесе банкроттық туралы шешiм қабылдау кезiнде бiрыңғай өлшемдердi қолдану, сондай-ақ конкурстық басқарушыларды тарту тетiгiн жетiлдiру үшiн оңалту мен қайта құрылымдау рәсiмдерiн қолдану ықтимал рентабельдi емес мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi, олардың төлем қабiлеттiлiгi жағдайына мониторинг және талдау жүргізу тетiгi айқындалады.
      Жаңа технологияларды қолдана отырып, жаңа өндiрiстердi ұйымдастыру ықтимал рентабельдi емес мемлекеттiк кәсiпорындардың дерекқоры қалыптасады, дағдарысқа қарсы басқарудың, оны қазiргi Қазақстанның жағдайына бейiмдеудiң әлемдiк тәжiрибесi зерттелетiн болады. Шығынды мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн қайта қалпына келтiру мүмкiн болмаған кезде оларға қатысты соңғы қадам банкроттық рәсiмiн қолдануға болады.

  3.4. Мемлекет меншiгіндегi акционерлiк қоғамдардың
акцияларын және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң
қатысу үлестерiн басқару

      Мемлекеттiң акционер (құрылтайшы) немесе қатысушы ретiнде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы осы заңды тұлғаларға қатысты меншiк құқығын iске асыру кезiнде мемлекет өзi үшiн айқындаған мақсаттарға байланысты.
      Желiлiк кестеге сәйкес 2005 жылы оларды бәсекелi ортаға беру үшiн бейiндi емес функцияларын анықтау нысанына мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң қызметiне талдау жүргізiлдi.
      Өндiрiлетiн өнiмдердiң (тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құнын төмендету мақсатында компаниялар көмекшi және қамтамасыз етушi функцияларды орындауды бәсекелi ортаға бередi. Бұдан басқа, бейiндi емес қызмет түрлерiн босату жөнiнде жұмыстар жүргiзiлуде. 
      Акционерлiк қоғамдардың, жауапкершiлiгі шектеулi серiктестiктердiң қаржы-шаруашылық қызметiн талдау басқарудың тиiмсiздiгiн, даму жоспарларының болмауын, қоғамдардың қаржылық жағдайын сауықтыру жөнiндегi шараларды уақытында қабылдамауын, акциялардың мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар тарапынан бақылаудың жеткiлiксiздiгiн көрсетiп отыр.
      Мемлекеттiк меншiктiң құрамы мен құрылымын одан әрi оңтайландыру мақсатында бейiндi емес активтердi бәсекелi ортаға беру жөнiндегi жұмыстар жалғасады, соның iшiнде аутсорсинг әдiсiмен, сондай-ақ Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2005 жылғы 25 сәуiрдегi N 58 бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдардың қызмет түрлерiне талдауды жүзеге асыру үшiн әдiстемелiк ұсынымдар да қайта қаралатын болады.
      Акционерлiк қоғамдардың директорлар кеңесiнiң құрамын талдау оның тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн олардың құрамына тәуелсiз директорларды барынша кеңiнен тарту қажет, бұл ретте олардың құрамынан мүмкiндiгiнше әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметкерлердi шығару керек. Заңнамаға сәйкес директорлар кеңесiнiң құзыретiне төлемеу тәуекелiне және залал келудiң туындауына байланысты бiрқатар мәселелер бойынша шешiм қабылдау кiредi. Алайда осындай шешiм қабылдауға қатысты директорлар кеңесi мүшелерiнiң жауапкершiлiктерi айқындалмаған. Бұдан басқа, директорлар кеңесi мүшелерiнiң оны құрғанда айқындалған мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес келуге тиiс қоғам қызметiнiң басым бағыттарын айқындауға қатысты жауапкершiлiктерi айқындалмаған.
      "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  61-бабында қоғамның қаржы-шаруашылық қызметiне бақылауды жүзеге асыру үшiн iшкi аудит қызметiнiң құрылу мүмкiндiгi көзделген. Осы Заңда iшкi аудит қызметiн құру мiндетi көзделмегендiктен, осы қызмет акционерлiк қоғамдардың бәрiнде көзделмеген. Осы ретте iшкi аудит қызметiнiң қызметкерлерiн iрiктеу өлшемдерi айқындалмаған, iшкi аудиттің кәсiптiк стандарттарының болмауы акционерлiк қоғамдардың қаржы-шаруашылық қызметiне бақылаудың нашар болуының тiкелей себептерiнiң бiрi болып табылады.
      Таяудағы перспективада орын алған кемшiлiктердi, оның iшiнде қолданыстағы заңнамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жолымен де жою қажет.
      Акционерлiк қоғамдардың, оның iшiнде ұлттық компаниялардың, жауапкершiлiгі шектеулi серiктестіктердiң олардың кiрiс бөлiгiн қалыптастыру, мемлекеттiк сатып алуларды жүзеге асыру және кадр саясаты бөлiгiнде қызметiнiң айқындылығын және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметiн реттейтiн тиiстi нормативтiк құқықтық кесiмдерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілетiн болады.

  3.4.1. Ұлттық компанияларды басқару

      "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұлттық экономиканың негiзiн құрайтын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша стратегиялық жағынан маңызды салаларда құрылған акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi, Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жағдайлардан басқа, акционерлік қоғам ұлттық компания болып табылады. 
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 16 ақпандағы N 182  қаулысына сәйкес 12 акционерлiк қоғам ұлттық компанияларға жатқызылды.
      "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ және "Қазақстан темiр жолы" АҚ ең iрi компаниялар болып табылады, мұнда ұлттық компанияларда жұмыс iстейтiндердiң жалпы санының шамамен 60%-ы еңбек етедi және өндiрiстiң жалпы көлемiнде олардың үлес салмағы шамамен 75% құрайды.
      Ұлттық компаниялар мемлекеттiк бюджетке iрi салық төлеушiлер болып табылады. Салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердiң жалпы көлемi 2003 жылы 127 млрд. теңгенi құрады, бұл 2002 жылдан 17%-ға жоғары. Осы көрсеткiш 2004 жылы 150 млрд. теңгенi құрады, бұл 2003 жылдың көрсеткiштерiнен 18%-ға артық.
      Компаниялардың таза кiрiсi өндiрiстiк қуаттарды кеңейтуге және жаңартуға, инвестициялық мiндеттердi шешуге және дивидендтердi төлеуге жұмсалады.
      Ұлттық компаниялардың инвестициялық саясаты компаниялардың сенiмдi және тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған. 2003 жылы ұлттық компаниялар инвестицияларының көлемi 215,4 млрд. теңгенi құрады, бұл 2002 жылдың инвестициялар деңгейiнен 69%-ға артық. Ұлттық компаниялар инвестицияларының жалпы көлемi 2004 жылы 198 млрд. теңгенi құрады, бұл 2003 жылдың инвестициялар деңгейiнен 6,4%-ға төмен. "Қазатомөнеркәсiп" ҰК" АҚ-та, "Астана халықаралық әуежайы" АҚ-та, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-та инвестициялар көлемiнiң өсуi байқалады, басқа компаниялар бойынша инвестициялар көлемiнiң төмендеуi орын алып отыр.
      Ұлттық компаниялар Қазақстан экономикасының үлкен бөлiгiн қамтиды, 12 ұлттық компанияға ғана ЖIӨ-нiң шамамен 14%-ы келедi. Ұлттық компаниялардың әрқайсысы iс жүзiнде өз саласында жүйе құрушы болып табылады, елдiң инфрақұрылымының (электрмен жабдықтау, көлiк қатынасы және телекоммуникациялар) негiзiн қамтамасыз етедi, табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалануға байланысты мүмкiндiктердi iске асыруда маңызды роль атқарады.
      Стратегиялық маңызы бар салалардағы экономиканың мемлекеттiк секторын басқаруды жетiлдiру, сондай-ақ мемлекеттiң экономикалық өсуiн қамтамасыз ету үшiн қолайлы жағдай жасау мақсатында және "Экономиканың мемлекеттiк секторын басқаруда мемлекеттiң мүдделерiн одан әрi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117  қаулысымен "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамы ("Самұрық" холдингi" АҚ) құрылды.
      Осыған байланысты "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" АҚ, "Қазпочта" АҚ, "КЕGОС" электр желiлерiн басқару жөнiндегі қазақстандық компания" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ ұлттық компаниялары акцияларының мемлекеттiк пакеттерi "Самұрық" холдингi" АҚ жарғылық капиталын төлеуге берiлген.
      Бүгiнгi таңда Yкiмет "Самұрық" холдингi" АҚ-тың қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумды бекiтiп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Мемлекеттiк корпоративтiк басқару мәселелері жөнiндегi мамандандырылған кеңес құрылды.
      Нарықтық экономиканың дербес субъектiсi ретiнде мемлекеттiк холдинг құру корпоративтiк басқарудың қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзуге, салалық компаниялардың стратегиялық жоспарларын үйлестiрудi жүргiзуге және бизнестi жүргiзудiң нарықтық механизмдерiн мақсатқа сәйкес қолдануға мүмкiндiк бередi, бұл мемлекеттiк активтердi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыруға және Қазақстанда қор нарығын дамытуға ықпалын тигiзедi.

  3.4.2. Даму институттарын басқару

      Елдiң индустриялық-инновациялық дамуының 2015 жылға дейiнгі стратегиясын жүзеге асыру шеңберiнде құрылған және әрекет етушi барлық даму институттары құрылу кезiнен және осы уақытқа дейiн өз қалыптасуының бастапқы кезеңiнен өттi. Әрбiр институт өз  мамандануына ие, тұтастай олар республикада iске асырылатын инвестициялық және инновациялық жобалардың кешендi қолдау жүйесiн құрды.
      Даму институттарының қызметi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң үнемi назарында болды, және де мемлекет тарапынан оларға барлық жақты көмек пен қолдау көрсетiлдi. Даму институттары өз тарапынан негiзiнен экономиканың шикiзат емес салаларында iске асырылатын және қосылған үлкен құнмен дайын өнiмдi алуға бағытталған инновациялық жобаларды мұқият iрiктеп және қаржыландыра отырып, елдiң индустриялық-инновациялық дамуының стратегиясын iске асыруға белсендi қосылды.
      Алайда, даму институттарын басқаруды қолданылған жүйесiн талдау нәтижелерi бойынша олардың қызметiнiң тиiмдiлiгiн одан әрi арттыруға кедергi жасайтын проблемалар анықталды.
      Олардың iшiнде:
      акционердiң (мемлекеттiң) құқықтары мен мүдделерiнiң толық емес iске асырылуы;
      даму институттарының директорлар кеңесi қызметiнiң тиiмсiздiгi;
      даму институттары қызметiнiң үйлестiрiлмеуi.
      Институттар арасында ақпаратпен алмасу және ынтымақтастықтың әлсiз реттелген процесi, бiрлескен жұмыста әлсiз мүдделiлiк, функциялардың қайталануы үйлестiрiлмегендiктiң негiзгi себептерi болып табылады.
      Сонымен қатар, даму институттарының қызметiнде несие беру кезiнде шешiм қабылдау процедурасының күрделiлiгi, сондай-ақ инвестициялық жобаларды қаржыландыру шарттары бойынша айтарлықтай жоғары талаптар орын алады. Бұдан басқа, ұзақ мерзiмдi инвестициялық кредит беру нарығының дамымағандығы инвестицияларды құрылымдау мүмкiндiктерiн, әсiресе iрi инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру кезiнде шектейдi.
      Қазiргi жетiспеушiлiктер мақсатты инвестициялық және ғылыми-техникалық бағдарламаларды iске асыру, инвестициялық қызметтi реттеу және инновациялық қызметтi ынталандыру бойынша Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының негiзгi мiндеттерiнiң бiрiне қол жеткiзуде жағымсыз әсер бередi.
      Институттар алдында қазақстандық экономиканың даму үрдiстерiмен негізделген бүгiнгi күнi қойылған мiндеттердi шешу үшiн даму институттарын басқаруды жетiлдiруде жаңа жолдар iздестiру қажет болды.
      Осыған байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясы" атты  Жолдауына және "Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберiнде ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65  Жарлығына сәйкес "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы ("Қазына" АҚ) ұлттық басқару компаниясы құрылды.
      "Қазына" АҚ-қа "Қазақстан Даму Банкi", "Қазақстанның Инвестициялық қоры", "Ұлттық инновациялық қор", "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры", "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегі мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы", "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамдары акцияларының мемлекеттiк пакеттерi және "Қазинвест" жауапкершiлігі шектеулi серiктестiгiнiң қатысу үлестерi берiлген.
      "Қазына" АҚ негiзгі мақсаттары:
      даму институттарын корпоративтiк басқару деңгейiн арттыру даму институттары арасында үйлестiрудi жақсарту;
      iрi серпiндi жобаларды iске асыру үшiн даму институттарының күшi мен капиталын ықпалдастыру;
      мемлекеттiң бизнеспен өзара әрекетiн жақсарту;
      экспорт және инвестицияның алға жылжуы үшiн халықаралық деңгейге шығу болып белгiлендi.

  3.5. Мемлекеттік мекемелердi басқару

      2006 жылғы 1 қаңтарда республикада республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 1749 мекеме және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын 13 639 мекеме жұмыс iстедi.
      Негiзiнен ғимараттар, үй-жайлар мен құрылыстар, оның iшiнде олардың жарғылық қызметiн жүргiзу үшiн мекемелер пайдаланатын әкiмшiлiк құрылыстар (ауруханалар, мектептер, бiлiм беру және әлеуметтiк бағыттағы интернаттар, мұражайлар, ойын-сауық және мәдени-спорттық iс-шаралар өткiзуге арналған үй-жайлар) мемлекеттiк мекемелердiң жедел басқаруында. Көптеген мекемелердiң (ауруханалар, интернаттар) құрамында дербес әрекет етуге мүмкiндiк беретiн мүлiктiк кешендер бар. Мұндай кешендердiң құрамына жер учаскелерi, тұрғын үй және әкiмшiлiк ғимараттар, әртүрлi құрылыстар және шаруашылық мақсаттағы құрылыстар, инженерлiк инфрақұрылым, жылжымалы мүлiк кiредi.
      Мемлекеттiк мекемелердi басқарудың қазiргі уақыттағы жүйесi мемлекеттiк мекемелердiң өздерiне бекiтiлген мүлiктi пайдалануын бақылаудың үйлесiмдi жүйесiнiң болмауымен сипатталады.
      Мұндай жағдай барлық деңгейдегi бюджеттердiң мемлекеттiк мекемелердi ұстауға арналған шығыстарын азайту, мемлекеттiк мекемелердiң санын оңтайландыру жөнiндегi мiндеттердi мемлекеттiң iс жүзiндегi қажеттiлiгiне, мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мемлекеттiк мүлiк тiзбесiн айқындауға, мемлекеттiк мекемелердiң өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн нақты қажеттi мүлiктi айқындауға негізделе отырып табысты шешуге мүмкiндiк бермейдi.
      Республиканың мемлекеттiк мекемелерi қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру олардың құрылымын және санын оңтайландыруды талап етедi. Мекемелердiң оңтайлы санын айқындау үшiн:
      қызмет түрлерi бойынша мемлекеттiк мекемелер туралы ақпаратты жүйелендiру, олардың нақты атқаратын, қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындалған функцияларының сәйкестiгiн бағалау жолымен олардың санын оңтайландыру;
      мемлекеттiк өкiлеттiктердiң болуын қазiргi мемлекеттiк мекемелердiң мақсаттарымен және функцияларымен салыстыру;
      ұқсас (қайталанатын) функцияларды жүзеге асыратын мекемелердi анықтау;
      мекеме нысанындағы әрбiр ұйымның әрекет етуiнiң орындылығын зерделеу;
      жүзеге асырылуы тиiстi мекемелерге жүктелмеген мемлекеттік функцияларды анықтау;
      мемлекеттік мекемелермен оларды бәсекелi ортаға беру үшiн көрсетiлетiн ақылы қызметтердi анықтау көзделiп отыр.
      Бүгiнгi таңда, талдама көрсеткендей, мемлекеттiк мекеменiң негiзгi емес қызметiнен түскен қаражат бюджеттi жоспарлау кезеңiнде, әсiресе жергiлiктi деңгейде, қаражат бюджеттен жеткiлiксiз бөлiнедi деген уәждемемен негiзгі қызметтi қаржыландыруға жiберiледi.
      Мемлекеттiк мекемелер қызметiндегі қазiргi кемшiлiктердi жою мақсатында әзiрленiп отырған Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетiлдiру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заң жобасы шеңберiнде мемлекеттiк мекемелер көрсететiн ақылы қызметтен түсетiн, осы уақытта олардың қарамағында қалған кiрiстi тиiстi бюджет кiрiсiне аудару көзделiп отыр.
      Осы норма бiлiм беру, орман шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк мекемелерден басқа мемлекеттiк мекемелерге тарайтын болады.
      Мемлекеттiк мекемелердiң теңгерiмiндегi пайдаланылмайтын немесе мақсаты бойынша пайдаланылмайтын объектiлердi анықтау және алып қою жөнiндегi жұмыс жалғасады. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк мекемелердiң теңгерiмiндегi объектiлерiнiң тiзiмiн мiндеттi түрде жариялаумен, оларды мүлiктiк жалға беру (аренда) беру жөнiндегi iс-қимылдың ашықтығы қамтамасыз етiлетiн болады.

  3.6. Меншiктiң мемлекеттiк мониторингi

      Экономиканың стратегиялық маңызды салаларындағы ipi кәсiпорындар жұмысындағы ашықтықты қамтамасыз етуге байланысты мiндеттердi шешу тәсiлдерiнiң бiрi олардың қызметiнiң мониторингiн жүзеге асыру болып табылады.
      2003 жылы "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының қабылдануымен меншiктiң мемлекеттiк мониторингi экономика объектiлерiн тұрақты кешендi қадағалау, бағалау, бақылау және жай-күйiн болжамдау жүйесi болып қалды. Мониторинг құқықтық негiздеме алып мемлекеттiк болжамдаудың негізi болып табылатын үнемi жаңарып отыратын ақпаратты заңды түрде алуға және сонымен қатар елдiң стратегиялық мүдделерiне сәйкес тұрақты экономикалық дамуды реттеуге мүмкiндiк бередi.
      Кешендi талдау шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржылық-шаруашылық қызметiн ағымдағы есептiлігі негiзiнде бағалаудан, инвестициялық салымдарды бағалаудан, салықтарды есептеу мен төлеуден, кәсiпорындардың негiзгi құралдарының техникалық жағдайынан, қолданылатын технологияларды бағалаудан, менеджмент тиiмдiлiгiнен тұрады.
      Осындай талдау негiзiнде құқықтық, экономикалық, технологиялық проблемалар анықталды және олардың шешiмi бойынша ұсыныстар әзiрленуi мүмкiн.
      Мониторинг нәтижелерiн мемлекеттiк органдар жаңадан және қазiргi құқықтық кесiмдердi әзiрлеу мен пысықтау, бюджеттердi жоспарлау, жекелеген кәсiпорындарда да, тұтастай салаларда да дамудың негiзгi бағыттарын айқындау кезiнде пайдалануы мүмкiн.
      Заңның қабылданған сәтiнен бастап жүзеге асырылған стратегиялық маңызы бар экономика салаларында меншiктiң мемлекеттiк мониторингi мониторингтiң жекелеген объектiлерi дамуының оң да, терiс те жақтарын анықтауға және салалық министрлiктер мен мониторинг объектiлерiне оларды жою бойынша ұсыныстар беруге мүмкiндiк бередi.
      Осылайша мониторинг энергетикалық салада тарифтердiң өсуi кезiнде негiзгi құралдардың тозуы, жалпы республика бойынша электр энергиясы өндiрiсi қарқынының тұтынудың өсуi қарқынынан артта қалуы сияқты проблемаларды анықтады. Тау-кен саласында минералдық-шикiзаттық базаны кеңейту проблемалары шешiлмей қалды. Геологиялық барлауға жұмсалған жеке меншiк иелерi қаражаттарын пайдалану және өтеу нұсқалары ұсынылған.
      Технологиясы iс жүзiнде өзгермейтiн мұнай өндiру саласында өңiрлердiң экологиясына тiкелей әсер ететiн технологиялық сипаттағы бұзушылықтар проблемалары анықталды.
      Жоғарыда аталған салалардағы проблемалар жөнiндегi тұжырымдар мен ұсынымдар меншiк иелерiне және салалық министрлiктерге берiлген. Жекелеген проблемалар бойынша заңнамаға өзгерiстер енгiзу жөнiндегі ұсынымдар берiлдi, ал заңнаманы бұзушылық белгілерi орын алған жағдайларда мониторинг нәтижелерi тиiстi тексерулер мен шешiмдер қабылдауды жүзеге асыру үшiн бақылаушы органдарға берiлдi.
      Мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң, сондай-ақ мемлекеттiң меншiк үлесi бар объектiлердiң жұмыс iстеуi мен оларды тиiмдi басқарудың мониторингi "Мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң, сондай-ақ мемлекеттiң меншiк үлесi бар объектiлердiң жұмыс iстеуi мен оларды тиiмдi басқарудың кешендi мониторинг жүйесiн енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 маусымдағы  N 998  қаулысымен бекiтiлген ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
      Объектiлерге мониторинг жүргiзудi жоспарлау қағидаттары объектiнiң маңыздылығына негiзделедi, яғни шартты түрде объектiлер жыл сайынғы және кезеңдi (екi жылда бiр рет) мониторингке жататын санаттарға бөлiнедi.
      Ұлттық компаниялар мониторингiнiң нәтижелерi олардың Даму жоспарларының жобаларын, инвестициялық бағдарламаларға байланысты және басқа мәселелердi қарау кезiнде пайдаланылады.
      Консультанттардың есептерi объектiлермен ағымдағы жұмыста және басқару шешiмдерiн қабылдау кезiнде кеңiнен пайдаланылады. Атап өту керек, мониторингтi жүргiзу барысында консультанттар анықтаған проблемалар әдетте жоюшы сипатқа ие, оларды мемлекет қатысатын бiрқатар акционерлiк қоғамдар үшiн "бiр үлгiдегi" деп атауға болады, оның iшiнде: жарғыларын сапалы емес дайындау, жалғыз акционер шешiмi, Кеңес директорлары хаттамасын ресiмдеу, мәмiлелердi уақытылы бекiтпеу, жалғыз акционер шешiмiнiң тиiстi орындалуына бақылаудың болмауы, акциялар мен қатысу үлестерiн одан әрi басқару бойынша нақты ұсыныстардың болмауы.
      Сонымен қатар, туындауы мен шешiмi атқарушы органның құзыретiнде болатын проблемалар, атап айтқанда: қоғамның дамуы жөнiндегі бағдарламалық құжаттардың сапасыз әзiрленуi; қоғамды (серiктестiктi) дағдарыстан шығару жөнiндегi iс-шаралардың болмауы, сондай-ақ туындауы мен шешiмi акционерлiк қоғамдар акциялары мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер қатысу үлестерiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың құзыретiнде болатын проблемалар, атап айтқанда: iс жүзiндегi еңбекақы қорының штаттық кестеге сәйкес келмеуi, сонымен қоса кадрларды таңдау, орналастыру, оқыту және жылжытумен, iшкi ұйымдық құрылыммен, материалдық-техникалық жабдықтаумен, қызметтi ұйымдастыру үшiн бағдарламалық өнiмдердiң болуымен байланысты проблемалар бар.
      "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы" Заңды iске асыру мақсатында ақпаратты жедел жинау нысаны әзiрлендi және оларды табыс ету мерзiмдерi айқындалды. Жедел жинау нысандарын әзiрлеу әрбiр кәсiпорынның ерекшелiгi мен оларды мониторинг нәтижелерiнiң электрондық базасына енгiзу мүмкiндiгiн ескере отырып жүргiзiлдi. Барынша объективтi ақпарат жинау мақсатында ұйым басшысының анкетасы нысандардың бiрi болып табылады, мұнда ол өзiнiң көзқарасы бойынша кәсiпорынды дамытуды тежейтiн негiзгi проблемаларды көрсете алады.
      Мемлекеттiк мониторингтiң жергiлiктi электрондық дерекқорын құру жөнiндегі жұмыс жалғасуда, оған техникалық қызмет көрсетуді мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес уәкiлеттi орган тартқан мамандандырылған консалтингтiк фирма жүзеге асырады.

  3.7. Қаржы активтерiн сату

      Жекешелендiру ұзақ мерзiмдi перспективада жекешелендiруден салық салынатын базаны кеңейту нысанында пайда алуға бағытталған мемлекеттiк мүлiктi басқару, қосымша жұмыс орындарын құру, отандық нарықты отандық тауар өндiрушiлердiң тауарларымен және қызметтермен толтыру, барлық халық шаруашылығы кешенiнiң тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы мемлекеттiк саясаттың бiрыңғай құрылымдық элементi ретiнде қаралады; жекешелендiру көлемдерiн қалыптастыру мемлекеттiк активтердi басқарудың нәтижелерiмен байланыстырылады.
      2003 жылы республикалық меншiктегi акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) 17 акциялар пакетi (қатысу үлестерi) (республикалық меншiктегi акциялар пакетi), коммуналдық меншіктегi акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) 31 акциялар пакетi (қатысу үлестерi) (коммуналдық меншiктегi акциялар пакетi);
      2004 жылы - республикалық меншiктегi 29 акциялар пакетi, коммуналдық меншiктегi 29 акциялар пакетi;
      2005 жылы - республикалық меншiктегi 16 акциялар пакетi сатылды 1 .
___________________
1 2005 жылға коммуналдық меншiктегi акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлігі шектеулi серiктестіктердiң) акциялар пакеттерiн (қатысу үлестерi) сату бойынша деректер жоқ.

      Бұдан басқа, 2003 жылы жылжымайтын объектiлер, аяқталмаған құрылыс, көлiк, жабдықтар және басқа да республикалық меншiктегi мүлiктер объектiлерiнiң 473 мүлiктiк кешенi (объектiлер), коммуналдық меншiктегi 17 объектiлер;
      2004 жылы - республикалық меншiктегi 1002 объект, коммуналдық меншiктегi 16 объект;
      2005 жылы - 9 мүлiктiк кешен, республикалық меншiктегi 1214 объект сатылды.
      2003 жылдан бастап 2005 жылға дейiнгi мемлекеттiк меншiктi жекешелендiруден түсетiн қаражат түсiмдерi бойынша деректер мынадай түрде көрінеді:


 
 
 

        Кезең

Мемлекеттiк бюджетке жекешелендiруден түсетiн қаражат
                                           мың теңге


 
 
 

      Барлығы

оның iшiнде

Республикалық бюджет

Жергiлiктi
бюджет

Барлығы

оның iшiнде
Ұлттық қорға түсімдер

2003 жыл

60 127 949

59 221 885

56 748 363

906 064

2004 жыл

8 600 546

6 724 736

1 513 575

1 875 810

2005 жыл

12 495 619

10 795 695

9 793 000

1 699 924

Жиыны

81 224 114

76 742 316

68 054 938

4 481 798

      Ағымдағы жыл iшiнде қаржылық активтердi сатудан түсетiн түсiмдер бойынша сомалар нақтыланады, осыған байланысты, әрине мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердi жоспарлау сапасы туралы мәселе туындайды. Мұндай жағдай экономика салаларына мемлекеттiң қатысуына қатысты бiрқатар мемлекеттiк органдардың нақты ұстанымының болмау салдары болып табылады, мұнда олар мемлекеттiк саясатты айқындауға тиiс.
      Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң сомасы қатаң түрде фискалдық саясатта айқындалған жоспарлы көрсеткiштерге сәйкес келуi тиiс, оларды жоспарлау қызметтiң белгiлi саласына мемлекеттiң қатысу қажеттiлiгiне ғана негiзделуi тиiс.

  3.8. Жекешелендiруден кейiнгi бақылау

      "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк меншiк объектiлерiн, оның iшiнде коммерциялық және инвестициялық тендерлер нәтижелерi бойынша сатып алу-сату шарттары уәкiлетті орган тарапынан кейiннен бақылануға, яғни жекешелендiруден кейiнгi бақылануға жатады.
      Мемлекеттiк акциялар пакетiн немесе мемлекеттiк кешендердi сатып алу сату шарттары өндiрiстi дамытуда инвестициялар енгiзу, жабдықтарды жаңарту, ұйымдардың қаржы-экономикалық жай-күйiн жақсарту жөнiндегі мiндеттемелерiн, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтiк сипаттағы мiндеттемелердi қамтиды. Бұл ретте, тексерудiң кезеңдiлiгi әдетте әрбiр сатып алу-сату шартымен жылына бiр рет белгiленедi.
      Жекешелендiру объектiлерiн сатып алу-сату шарттары талаптарының тиiсiнше орындалуын кейiннен бақылауды сатушы жүзеге асырады. Жаңа меншiк иелерi (инвесторлар) бұрын табыс еткен қабылданған мiндеттемелердiң орындалуы туралы есептер дұрыс болған жоқ және кәсiпорындардың жекешелендiруден кейiнгi кезеңдегi қызметiн объективтi сипаттай алмады.
      Сонымен қатар, республиканың аса iрi объектiлерiн сату сатып алушылардың (инвесторлардың) ауқымды мiндеттемелер қабылдауымен iлесiп отырды.
      Осыған байланысты, мiндеттемелердiң орындалуын бақылау инвестициялық салымдарды бастапқы бухгалтерлiк құжаттармен мiндеттi растай отырып, жүйелi тексерiстер тетігіне ауыстырылды.
      Сатып алушылар (инвесторлар) өздерiне қабылдаған мiндеттемелердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшiн консалтингтiк ұйымдар тартылады. Бүгiнгі күнде консалтингтiк ұйымдар: 
      республикалық мемлекеттiк меншiктi сатып алушылардың шарт мiндеттемелерiн және жекешелендiру туралы заңнаманың талаптарын толық орындауын бағалауды;
      экономика салаларындағы жекешелендiрiлген ұйымдардың қызметiн қадағалауды;
      экономика салаларындағы жекешелендiрiлген ұйымдардың даму үрдiстерiн талдауды, осы ұйымдардың жай-күйiндегi келеңсiз өзгерiстердi уақтылы анықтауды, оларды бағалауды, келеңсiз сипатты салдардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi ұсынымдарды болжауды және тұжырымдауды;
      жекешелендiрiлген ұйымдардың қызметi мәселелерi бойынша экономика салаларын тiкелей басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды ақпараттық қамтамасыз етудi қамтитын инвесторлардың қызметiн кәсiптiк бағалау мақсатында экономиканың түрлi салаларына терең бiлiмдi мамандарды жедел тарту мүмкiндiгiне ие.
      Жекешелендiрген объектiлердi сатып алу-сату шарттары талаптарының орындалуына тексерудi жүзеге асыру үшiн консалтингтiк ұйымдарды тарту тәжiрибесi жекешелендiруден кейiнгi бақылаудың осы тәсiлiнiң орындылығын және тиiмдiлiгiн, оны одан әрi пайдалану қажеттiлiгiн көрсеттi.
      Тексерiстер барысында жаңа меншiк иелерiнiң мiндеттемелердi орындауын растаудан басқа, консалтингтiк ұйымдар жекешелендiрiлген ұйымның даму қарқынын тежейтiн проблемаларды анықтады.
      Көптеген сатып алушылар әртүрлi себептерден инвестициялық бағдарламаларды iске асыру жөнiнде өзiне алған мiндеттемелердi, оның iшiнде қалыптасқан экономикалық ахуалға байланысты мәнiн жоғалтқан инвестициялық мiндеттемелердi орындауға байланысты объективтi қиындықтар туындап отыр.
      Мұндай сатып алушылармен (инвесторлармен) келiсiм-шарттарды бұзу проблемалардың шешiмi ретiнде қаралмайды, өйткенi мұндай жағдайларда мемлекетте жекешелендiруден алынған қаражатты қайтару жөнiнде ақшалай мiндеттемелер пайда болады. Мұндай объектiлердi қайтадан сату мүмкiндiгiн талдау оң нәтижелер алудың орайы келмейтiнiн көрсетедi. Осыған байланысты келiсiм-шарттардың талаптарын түзету жөнiндегі қосымша келiсiмдерге қол қою, келісім-шарттарды түзету жөнінде ұсыныстар дайындауда сатып алушылармен (инвесторлармен) мүдделi мемлекеттiк органдармен келiссөздер жүргiзу қажеттiгi туындайды.
      Қолданыстағы сатып алу-сату шарттарының талаптарын түзету және нақтылау Жекешелендiруден кейiнгi бақылау жөнiндегi Комиссияның шешiмi негiзiнде сатып алушылармен (инвесторлармен) келiсiм бойынша жүргiзіледі.
      Жекешелендiрудiң әрбiр объектiсi жеке нарық субъектiсi болып табылатынын, оның қызметiнiң нәтижелерi өңiрлердiң және тұтас экономика салаларының дамуына әсер ететiн ескере отырып, Жекешелендiруден кейiнгi бақылау жөнiндегi комиссияның құрамына мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi кiредi. Ведомствоаралық комиссия сатып алушылардың (инвесторлардың) өтiнiштерiн, консалтингтiк ұйымдардың қорытындыларын қарайды және өз ұсынымдарын енгiзедi.
      2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 320, 2004 жылғы 1 қаңтарға - 301, 2005 жылғы 1 қаңтарға - 261, 2006 жылғы 1 қаңтарға - 235 сатып алу-сату шарттары жекешелендiруден кейiнгi бақылауда болды.
      2005 жылы республикалық меншiктегі объектiлерiнiң 235 сатып алу-сату шарттары бойынша мiндеттемелер тексерiсi жүзеге асырылды, оның 176 Комитеттiң аумақтық органдары, 58 - консалтингілiк ұйымдарды тарту арқылы, 1 - Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетi тексердi.
      Тексерулер нәтижесi бойынша Комитеттiң орталық аппараты мен оның аумақтық органдарында әрекет ететiн Жекешелендiруден кейiнгi бақылау жөнiндегi комиссияның шешiмi негiзiнде 66 шарт жекешелендiруден кейiнгі бақылаудан алынды, оның iшiнде 58 шарт - мiндеттемелердi орындауға байланысты, 8 - өзге де негiздемелер бойынша.
      2004 жылы жекешелендiруден кейiнгі бақылаудағы сатып алу-сату шарттарының электрондық дерекқоры енгiзiлдi. Электрондық дерекқор жекешелендiру объектiлерiне жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерiн, олардың орындалу мерзiмдерiн жедел қадағалап отыруға, тексерiстердi жоспарлауды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
      Бүгiнгi күнi құрылған жекешелендiруден кейiнгi бақылау жүйесi заңдылық, объективтiлiк және экономикалық орындылық қағидаттарына негiзделген азаматтық құқықтық қатынастардың тең қатысушылары ретiнде сатып алушылар (инвесторлар) мен мемлекет арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынастар жүйесiне сай келедi және өзара сенiмдi нығайтуға бағытталған әрi кәсiпорындардың жекешелендiруден кейiнгі кезеңдегі экономикалық жағдайын одан әрi тұрақтандыруға ықпал етедi.

  4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi

      Осы бағдарламаның негiзгi мақсаты мемлекеттiк активтердi басқару тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады.
      Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:
      Мемлекеттiк мүлiк құрамын анықтау және мемлекеттiк заңды тұлғалар, "Самұрық" холдингi" АҚ, "Қазына" АҚ, өңiрлiк әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар алдына қойылған мiндеттердi орындау үшiн оны бекiтiп беру; 
      мемлекеттік активтердi есепке алудың бiрыңғай базасын құру;
      заңнамалық базаны жетiлдiру.

  5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгі бағыттары және тетiгi

      Мемлекеттiк активтердi басқару саясаты мемлекеттiк мүлiк құрамын анықтауға және мемлекеттiк заңды тұлғалар, "Самұрық" холдингi" АҚ, "Қазына" АҚ, өңiрлiк әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар алдына қойылған мiндеттердi орындау үшiн оны бекiтiп беруге; мемлекеттiк активтердi есепке алудың бiрыңғай базасын құруға; және заңнамалық базаны жетiлдiруге бағытталады.
      Осыған байланысты, акциялардың бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлі мемлекеттiк кәсiпорындар, мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметi салаларына қоғамдық маңызды қызметтер көрсету мен мемлекеттiк қолдауды талап ететiн қызмет саласының дамуы үшiн осы ұйымдар жұмыс iстеуi тиiс қызмет салаларын айқындау мақсатында талдау жүзеге асырылатын болады.
      Мемлекеттiк меншiктiң құрамы мен құрылымын оңтайландыруға, мемлекеттiк корпоративтiк басқару жүйесiн жақсартуды одан әрi қамтамасыз етуге, экономиканың барлық секторларындағы инвестициялық және инновациялық активтердi арттыруды және ынталандыруды қамтамасыз ететiн қажеттi жағдайлар жасауға ерекше көңiл бөлiнедi.
      Сонымен бiрге, басқарушылық шешiмдердi қабылдау кезiнде бiрыңғай ұстаным мен жоспарлылықты қолдануды қамтамасыз ету; мемлекеттiк кәсiпорындарды басқару органдарындағы мемлекет мүддесiн ұсынушы лауазымды тұлғалар ретiнде және жарғылық капиталына мемлекет қатысқан заңды тұлғалар ретiнде мемлекеттiк органдар тарапынан мемлекеттiк мүлiктi басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша, сонымен бiрге заңнама талаптарына сәйкес стратегиялық маңызы бар экономика салаларында меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн одан әрi қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргiзiледi.
      Мемлекеттiк меншiктi түгендеудi жүргiзу және бүкiл ел үшiн бiрыңғай дерекқор құру үшін:
      акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар мүлкiне түгендеу жүргiзуге;
      осы ұйымдарға қажеттi оларға жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн мүлiк құрамын (зияткерлiк меншiк пен жылжымайтын объектiлердi есепке ала отырып) айқындауға;
      бәсекелi ортаға беруге жатқызылған акцияларының пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк заңды тұлғаларға, ұйымдарға бекiтiлген мемлекеттiк кәсiпорындар, мемлекеттiк мекемелер мен мүлiктер тiзбесiн анықтауға;
      жергiлiктi атқарушы органдарға Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, жарғылық қорына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар тiзiлiмiне (Тiзiлiм) қол жетiмдiлігі жөнiндегi жергiлiктi бюджеттерден жұмыстарды қаржыландыруға және оны "on-line" режимiнде ұстап тұруға;
      есепке алу объектiлерi бойынша Тiзiлiм деректерiн жандандыру мақсатында "Заңды тұлғалар" мемлекеттiк дерекқорының "электронды үкiмет" шеңберiнде құрылатын электрондық форматтағы Тiзiлiм ұстаушысына ақпарат беруге бағытталған шараларды дәйектi iске асыру жүзеге асырылады.
      Тұтастай мемлекеттiк меншiк объектiлерiн толық және дұрыс есепке алуды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк мүліктi есепке алуды жүргiзу мәселелерi жөнiнде республикалық және коммуналдық меншiктiң уәкiлеттi органдарының арасында өзара әрекет жасаудың айқын тәртiбiн тұжырымдау тұр.
      "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын нақты iске асыру жөнiндегi жұмыс жалғасады.
      Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын мемлекеттiк кәсiпорындарды, акционерлiк қоғамдарды (серiктестiктердi) басқару органдарында мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiретiн уәкiлеттi мемлекеттiк органдар тарапынан, сол сияқты лауазымды тұлғалар тарапынан мемлекеттiк меншiк объектiлерiн басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде шаралар жүргiзудiң маңызды фактор болады.
      Осыған байланысты мемлекеттiк кәсiпорындар, акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдар (серiктестiктер) қызметiнiң қаржылық-шаруашылық жоспарларын атқару бойынша есеп берулердi бекiту ережесi әзiрленетiн болады.
      Акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың iшкi аудитi қызметi туралы бiр үлгiдегi ереже әзiрленетiн және қабылданатын болады.
      Экономиканың мемлекеттiк секторын басқаруды жетiлдiру және "Самұрық" холдингi" АҚ мен "Қазына" АҚ тиiмдi жұмыс iстеуi мақсатында бiрқатар нормативтiк құқықтық кесiмдерге тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн болады.
      Қор рыногына "Самұрық" холдингi" АҚ құрамына кiретiн ұлттық компаниялардың бағалы қағаздарын шығару жөнiндегi iс-шаралар жоспары әзiрленедi және қабылданады.
      Мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiктiң алдыңғы қатарлы әлемдiк тәжiрибесiн енгiзуге бағытталған негiзгi тетiк ретiнде " Концессия туралы " заң жобасы әзiрленген.
      Ұлттық компаниялар мен мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметi мен қаржылық ағындарының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн болады.
      2008 жылы "Мемлекеттiк активтер туралы" Қазақстан Республикасының заңы әзiрленетiн болады.
      Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарына сәйкес мемлекеттiң активтер мен пассивтер балансын құру әдiстемесiн әзiрлеу мақсатында мемлекеттiң активтерiн, мiндеттемелерiн, кiрiстерiн, шығыстарын, меншiктi капиталын айқындау өлшемдерiн айқындау бойынша жұмыс жүргiзiлетiн болады.
       Ескерту. 5-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.23.  N 44 , 2008.02.02.  N 89 Қаулыларымен.

  5.1. Мемлекеттiк мүлiктi есепке алу жүйесiн жетiлдiру

      Мемлекеттiк мүлiктi есепке алу жүйесiн жетiлдiру және мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң бiрыңғай Тiзiлiмiн құру жөнiндегi жұмыстар басталды.
      Қазiргi уақытта ұйымдардың Тiзiлiм құрылымына электронды түрде енгiзiлетiн қаржылық ақпараты есепке алу объектiлерi мүлкiнiң құны туралы, оның iшiнде жылжымайтын мүлiктiң, көлiк құралдарының құны туралы деректердi қамтитынына қарамастан Тiзiлiмде:
      мемлекеттiк кәсiпорындарға жедел басқаруға немесе шаруашылық жүргiзу құқығына берiлген мемлекеттiк мүлiктi;
      бекiтiлмеген, иесiз мүлiктi;
      шетелдегi мемлекеттiк мүлiктi;
      шетелдiк мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға жалға берiлген мемлекеттiк мүлiктi есепке алуды жүзеге асыру туралы мәселенi шешу қажет.
      Бұдан басқа, алдағы кезеңде шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар мен жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар бойынша "электрондық iс қағазын" құру және жүргiзу туралы мәселе өз шешiмiн талап етедi, бұл аталған ұйым бойынша электронды түрдегi (сканерден өткiзiлген) құжаттарды (акционерлердiң, директорлар кеңесiнiң жалпы жиналыстарының шешiмдерiн, Жарғыны және т.б.) қамтиды.
      Таяу арадағы перспективада республикалық меншiктi (ММ, МК, АК (ЖШС)) бiрыңғай есепке алуды жүргiзудi ұйымдастыруды республикалық Уәкiлеттi органға жүктеген жөн.
      Коммуналдық меншiктi (ММ, MК, АҚ (ЖШС)) бiрыңғай есепке алуды жүргiзудi ұйымдастыру облыстық әкiмдiктерге жүктеген орынды.
      Таяу арадағы перспективада мемлекеттiк меншiктiң Бiрыңғай базасын (Бiрыңғай тiзiлiмiн) қалыптастыру функциясын "Ақпараттандыру-есепке алу орталығы" АҚ-қа (тiзiлiм ұстаушы) бекiтiп беру керек.
      Республикада Электронды үкiметтi енгiзу жобасының iске асырылуына қарай, мемлекеттiк меншiктi бiрыңғай есепке алу мен бiрыңғай тiзiлiм ұстаушыны функциясы осы жоба шеңберiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.

  5.2. Заңнамалық базаны жетiлдiру

      Заңнамалық базаны жетiлдiру жөнiндегi шаралар мемлекеттiк активтердi басқару саласындағы бар проблемалы мәселелердi шешудiң негiзгi жолдарының бiрi болып табылады.
      Осыған байланысты, мемлекеттiк активтердi басқару мәселелерiн реттейтiн бiрыңғай базалық заң жобасы әзiрленедi. Бұл заң жобасы мемлекеттiк активтердi басқару ұғымын, оның мақсаттары мен мiндеттерiн, негiзгi қағидаттарын, басқару нысандары мен әдiстерiн, басқару объектiлерi мен субъектiлерiн, мемлекеттiк меншiктi тиiмдi пайдалануын есепке алу және бақылау тәртiбiн айқындайды.
      Қазiргi кездегi мемлекеттiк меншiктiң объектiлерiн тиiмсiз басқару проблемаларын назарға ала отырып, "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы", "Акционерлiк қоғамдар туралы" және "Жауапкершiлiгі шектеулi және қосымша жауапкершiлігі бар серiктестiктер туралы", Қазақстан Республикасы Заңдарының және басқа да заңнамалық кесiмдерiнiң нормалары айтарлықтай қайта қаралатын болады. Осы жұмысты жүргiзу шеңберiнде:
      мемлекеттiк кәсiпорындардың ұйымдық-құқықтық екі нысанын сақтап қалу орындылығы мәселесiн қарау қажет, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар жұмыс iстеуi тиiс қызмет салаларын және оларды құру кезінде мемлекет көздейтiн мақсаттардың айқындалуын, мемлекеттiк кәсiпорындар, соның iшiнде рентабельдi емес қызметiне қатысты реттелмеген мәселелердi айқын анықтау керек;
      "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына қатысты, ұлттық компаниялардың жарғылық капиталдарындағы стратегиялық маңызды объектiлердiң жай-күйiне Қазақстан Республикасы Yкiметi тарапынан бақылауды, сондай-ақ оларды шеттету тәртiбiн көздеудi қамтамасыз ететiн норма қарастырылатын болады.
      Мемлекеттiк активтердi басқару жүйесiн жетiлдiре отырып және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарын орындау үшiн Мемлекеттiң активтерi мен мiндеттемелерiнiң теңгерiмiн жасау әдiстемесi әзiрленетiн болады.

  5.3. Мемлекеттiк активтердi басқару саласындағы қағидаттар мен басымдықтар

      Таяу перспективада мемлекеттiк активтер құрылымын одан әрi оңтайландыру жөнiнде жұмыс жалғасады. Мемлекеттiк мүлiктiң құрылымын (құрамын) оңтайландыру қағидаты мемлекеттiк экономикалық саясат және мемлекеттiң белгiлi бiр салалар мен нақты кәсiпорындарды реттеу жөнiндегi стратегиялық мiндеттердi шешу мүдделерiнен туындап отыр.
      Қазақстан iшкi бәсекелi нарықты дамыту бойынша бiрқатар iс-шараларды жүзеге асырумен қатар инновациялық дамыту және технологиялар трансфертi мақсатында жоғары технологиялық халықаралық компаниялардың активтерiн сатып алуға қатысады. Бұл үшiн бүкiл әлем бойынша перспективалы компаниялардың акциялар пакетiн сатып алуға ресурстарды шоғырландыруға мүмкiндiк беретiн жағдайлар дайындау қажет, сонымен бiрге әр түрлi салалық тауашаларда орын алу қажет.
      Мемлекеттiк активтердi пайдаланудың негiзгі бағыттарын айқындау жөнiндегi жұмыс жалғасады. Осыған байланысты, мемлекеттiк активтер мынадай тiзбеде қалыптастырылады:
      мемлекеттiк басқару органдары мен мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк функцияларды орындау үшiн қажеттi мүлiк;
      әлеуметтiк - маңызды қызметтер көрсету мақсатында қазыналық кәсiпорындарға бекiтiлiп берiлген мүлiк;
      бағдарламалық құжаттарда көзделген мiндеттердi орындау үшiн құрылған акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер акциялары және қатысу үлестерi;
      акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, оның iшiнде бағдарламалық құжаттарға сәйкес оларды құру кезiнде жүктелген мiндеттердi орындаған аграрлық сектордағы ұйымдардың акциялары және қатысу үлестері;
      "Самұрық" холдингi" АҚ-ға берiлген және беруге жоспарланатын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер акциялары және қатысу үлестерi;
      "Қазына" АҚ-ға берiлген және беруге жоспарланатын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер акциялары және қатысу үлестерi;
      мемлекеттiк меншiктiң басқа да объектiлерi - жекешелендiруге немесе мемлекеттiк қолдау ретiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне беруге жататын объектiлер.
      Мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тiзбесiн қалыптастыру және оларды сол немесе басқа топқа жатқызу мынадай жүйелiлiкпен бiрқатар iс-шараларды орындаудың алдында болуы тиiс:
      мемлекеттiң қатысуы қажет болатын қызмет салаларын айқындауға бағытталған iс-шаралар жүргiзу және қолданыстағы заңнамаға тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
      тура мақсаты бойынша пайдаланылмайтын мүлiк затын анықтау үшiн мемлекеттiк заңды тұлғалар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалар, соның iшiнде ортамерзiмдi бағдарламалық құжаттарда көзделген мiндеттердi iске асыру үшiн құрылған заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiк түгендеуiн жүргiзу.

  5.4. Мемлекеттiк жеке меншiк әрiптестiгi

      Осы салада халықаралық тәжiрибенi зерделеу құрылымды оңтайландыру, бiрыңғай есептi ұйымдастырумен қатар, мемлекеттiк активтердi басқарудың қазiргi үлгiсiн реформалауды өткiзу қажеттiгiн көрсеттi.
      Мемлекеттiк активтердi басқарудың қазiргi үлгiсiн реформалау мен жаңғырту бағыттарының бiрi болып мемлекеттiк - жеке меншiк әрiптестiк үлгiсiн белсендi енгізу табылады. Қазiргi уақытта Қазақстанда мемлекеттiк жеке меншiк әрiптестiгiнiң лизинг, мемлекеттiк сатып алу, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына жеке адамдармен қатар, мемлекеттiң қатысуы, мемлекеттiк меншiк объектiлерiн сенiмдi басқару сияқты тетiктерiн кеңiнен қолдану практикасы бар. Мемлекеттiк жеке меншiк әрiптестiгiнiң осы тетiктерiнiң қолданылуы нақты нормативтiк базамен сипатталады.
      Сонымен қатар, мемлекеттiк жеке меншiк әрiптестiгінiң негізгi тетiгi концессия институты болып табылады. Осыған байланысты "Концессия туралы" заң қабылданатын болады.
      Мұндай жағдайда жеке инвесторлардың мүдделерi оларға мемлекеттiк меншiк объектiлерiн уақытша иелiк ету және қолдануға сондай-ақ инфрақұрылым объектiлерi (автомобиль мен темiр жол магистральдары, электр беру желiлерi) сияқты өз сипатына қарай мемлекеттiк меншiкте ғана бола алатын объектiлердей жаңа объектiлер құру (құрылыс) және оларға одан әрi иелiк етуге, пайдалануға және өкiм етуге құқық беру фактiсiмен қамтамасыз етiледi.
      Мемлекеттің мүддесi бюджеттiк инвестициялар шеңберiнде бюджет қаражатының сақталуымен қамтамасыз етiледi, өйткенi концессиялық шарттардың мiндеттi талабы концессиялық жобаларды толық немесе iшiнара жеке сектордың қаражаты есебiнен қаржыландыру болып табылады. Сондай-ақ, мемлекеттiң мүддесi концессионердiң концессия объектiсiне байланысты қызметтен тұрақты және кепiлдендiрiлген пайда алу мүддесiмен қамтамасыз етiлген концессия объектiсiн неғұрлым тиiмдi экономикалық және технологиялық басқарудан көрiнедi.

  5.5. Мемлекеттік холдинг және Басқарушы компания

      Қазақстанда "Самұрық" холдингi" АҚ мен "Қазына" АҚ құрудың негiзгi мақсаты мемлекеттiк активтердi басқару жүйесiнiң тиiмдiлігін арттыру және оны жаңғырту болып табылады.
      Халықаралық тәжiрибеде мемлекеттiк холдингтер қазiргi кездегi мемлекеттік активтердi басқару тиiмдiлiгiн арттырудың ең пәрмендi тетiктерiнiң бiрi ретiнде қарастырылады, бұл мемлекеттiк холдингтер құрудың көп мысалдарын растайды. "Самұрық" холдингi" АҚ құру тұжырымдамасын әзiрлеу мақсатында "McKinsey&Company, Inc" компаниясының сарапшылары Temasek (Сингапур), IRI (Италия), ОеIАG (Австралия) мемлекеттiк холдингтерiн құрудың халықаралық үздiк тәжiрибесiне талдау жүргiздi.
      "Самұрық" холдингi" АҚ басқарылатын әрбiр компанияның және холдингтiң қызметiн тиiмдi функциялауға, инвестиция көздерiн қалыптастыру кезiнде әртүрлі қаржы құралдарын пайдаланудағы мүмкiндiктердi кеңейтуге алып келедi. Ұлттық компаниялардың кешендi дамуы елiмiздiң тұтастай экономикасының дамуына жәрдемiн тигiзедi.
      Мемлекеттiк холдингтi жоғары капиталдану деңгейiндегi компания ретiндегi негiз әлемдiк нарықта қосымша бәсекелiк артықшылық бередi, олар инвестициялық мүмкiндiктердi кеңейтуге және жеке сектормен ынтымақтастықтағы инвестициялық бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тәуекелдерiн төмендетуге мүмкiндiк бередi.
      Холдинг корпоративтiк басқару мәселесi жөнiндегi мемлекеттiк органдардың холдинг құрылымына кiретiн компаниялармен өзара іс-қимылдың жалғыз арнасы болып табылады, бұл жеке корпорациялардың құрылымдалған процестерiн пайдалануға және жоспарлау мен бюджеттеу, ашықтық пен мониторинг сияқты қазiргi бизнес-үрдiстердi жақсартуға мүмкiндiк бередi.
      Құрылатын холдингтiң миссиясы Қазақстанның тиiмдi және ұзақ мерзiмдi кезеңдегi бәсекеге қабiлеттi экономикасын қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатында мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi инновациялық нарықтық ұстанымдарды жетiлдiру және енгізу болып табылады.
      Холдинг өз қызметiнде Қазақстандағы қор нарығын дамытуда және халықаралық қор нарығына бағалы қағаздарды шығаруда Қазақстан Республикасының Yкiметiне жәрдемдесуге бағытталған.
      Егер холдингті құрудың бiрiншi кезеңiнде оның құрамына 5 ұлттық компания кiрсе, таяудағы перспективада оның құрамы басқа ұлттық компаниялар есебiнен айтарлықтай көбеюi тиiс.
      "Қазына" АҚ:
      1) корпоративтiк басқару мәселесi бойынша мемлекеттiк органдар мен даму институттары арасындағы жалғыз iс-қимыл арнасы;
      2) даму институттарының қызметiн үйлестiрушi;
      3) өндiрмейтiн сектордан жаңа өнiмдер жасау саласындағы, инфрақұрылымдарды дамыту, инновациялық технологияларды әзiрлеу және енгiзу саласындағы серпiндi жобалардың толық iлесуiн қамтамасыз ету үшiн жоба әкiмшiсi ретiнде шығатын болады.
      "Қазына" АҚ қызметiнiң негізгi бағыттары:
      1. Тиiмдi корпоративтiк басқаруды, оның iшiнде:
      даму институттары қызметiнiң стратегиялық бағыттарын айқындау;
      даму институттарының мiндеттерiн ел экономикасын дамыту басымдықтарына сәйкес келтiру үшiн, сондай-ақ функцияларының қайталануын болдырмау үшiн олардың қызметiн үйлестiру;
      даму институттары қызметiне мониторинг жүргiзу және түзету шараларын қабылдауды жүзеге асыру.
      2. Iрi серпiндi жобаларды:
      едәуiр маңызды жобаларды iрiктеу;
      жобаларды iске асырудың әр кезеңiнде даму институттарының күшi мен капиталын үйлестiру (маркетингтік зерттеу жүргiзу, техника-экономикалық негiздемелердi әзiрлеу, қаржы көздерiн айқындау, Қазақстанда және шет елдерде әрiптестер мен клиенттердi iздеу және т.б.) арқылы құрылымдау және iске асыру;
      жобаларды iске асыру мониторингi;
      3. Инвестициялық және инновациялық белсендiлiктi ынталандыру бойынша мынадай тетiктер мен құралдарды пайдалану:
      индустриялық және еркiн экономикалық аймақтарды құру және басқару;
      технологиялық саябақтарды құру және басқару;
      инфрақұрылымдық жобаларда мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк схемаларын алға жылжыту және қолдану.
      4. Шетелде Қазақстанның мүддесiн алға жылжыту, оның iшiнде:
      қазақстандық экспортты алға жылжыту;
      шетел инвестицияларын тарту;
      инвестициялау үшiн шетелдегi жобаларды iздестiру, оның iшiнде халықаралық жоғары технологиялы компаниялардың акцияларын сатып алу.
      Корпоративтiк басқарудың үздiк әлемдiк тәжiрибесiн қолдана отырып, "Қазына" АҚ Қазақстан Республикасы Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының ережелерiн ескере отырып, Индустриялық-инновациялық дамуды мемлекеттiк басқару мәселелерi бойынша мамандандырылған кеңес қойған стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзудi қамтамасыз етуi қажет.
      Компания даму институттары қызметiн үйлестiру негiзiнде экспорттық-импорттық сектордың артықшылығын пайдалана отырып, ұлттық экономиканы әртараптандыруда Қазақстан Республикасы Yкiметiне жәрдемдесуге, даму институттарының мамандануы мен олардың арасында орынды бәсеке теңгерiмiн айқындауға, қор рыногын дамытуға бағытталған.
      "Самұрық" холдингi" мен "Қазына" акционерлiк қоғамдарының тиiмдi жұмыс жасауы үшiн заңнамалық базаны құру мақсатында "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экономиканың мемлекеттiк секторын басқаруды жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданады.

  5.6. Әлеуметтік-кәсiпкерлiк корпорациялар

      "Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясы" Қазақстан Республикасының Президентi H.Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына  Жолдауы мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасына сәйкес өңiрлiк әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар (ӘКК) құрылатын болады. Бұл ретте, ӘКК меншiгiне республикалық және коммуналдық меншiктiң кейбiр объектiлерi, жер, мемлекеттiк рентабельдi емес, бiрақ жаңа бизнестi құру үшiн пайдалануға болатын жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар берiледi.
      Әрбiр ӘКК игерiлмеген жердiң учаскелерiн қоса алғанда, елдiң тиiстi өңiрiнде берiлген мемлекеттiк активтердi басқаратын өңiрлiк даму институты болып табылады және оларды iске асыруға инвестицияларды тартатын және сыртқы нарықтарға өңiрдiң экономикалық даму имиджiн алға жылжытуды жүзеге асыратын жобалардың генераторы рөлiн атқарады.
      ӘКК жеке меншiгiне құрылатын акционерлiк қоғамның жарғылық капиталын капиталдандыру ретiнде мемлекеттiк меншiк объектiлерi мен жерiн беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар қызметiнiң мақсаты - ӘКК құрылымына кiретiн ұйымдар қызметiн үйлестiру жолымен өңiрлер дамуының ортамерзiмдiк жоспарларын iске асыруды қамтамасыз ету, өңiрлiк және халықаралық маңызды (өңiрдiң индустриялық-инновациялық дамуы, кластерлiк даму, шағын және орта бизнестi дамыту) "серпiлiстiк" жобаларды iске асыруға қажеттi ресурстарды қалыптастыру мен бағыты.
      ӘКК құру жөнiндегi шешiм қабылданған Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi аумақтық даму стратегиясы мен облыстар дамуының негiзгі бағыттарын қосатын өңiрлер дамуының ортамерзiмдiк жоспарларына сәйкес қабылданады.
      Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары (әкiмдiктер, мәслихаттар) Қазақстан Республикасы Үкiметi алдында облыстың әзiрленген және қабылданған әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарына сәйкес осы өңiрде ӘКК құру жөнiндегi мәселенi бастамашылық етуге құқығы бар.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен ӘКК арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiтетiн құрылуы туралы шешiм мен қызметi туралы ереже Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган - мамандандырылған кеңес арқылы жүзеге асырылады.
      Облыстар әкiмдерi, "Қазына" АҚ мамандандырылған кеңестерiнiң мүшелерiнен тұратын мамандандырылған кеңес ортамерзiмдi кезеңге ӘКК даму жоспарын iске асырудың басты мiндеттерi мен тетiктерi бойынша ұсынымдарды әзiрлеу және ӘКК басқару органдары (Жалпы жиналыс, Директорлар кеңесi) құрамын айқындаумен айналысады.
      ӘКК басқару органдары акционерлiк қоғамдар туралы заңнамаға сәйкес, соның iшiнде ӘКК қаржылық-шаруашылық қызметiнiң жоспары мен оның орындалуы жөнiндегi есептi бекiту функцияларын жүзеге асырады. ӘКК құрудың бiрiншi кезеңiнде жарғылық қорлары қалыптастырылады. "Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорация" акционерлiк қоғамының құрылтайшылары болып:
      Үкiмет (қаржылық құралдар, республикалық меншiк объектiлерi);
      Облыстар әкiмдiктерi (қаржылық құралдар, коммуналдық меншiк объектiлерi, жер);
      "Қазына" АҚ (қаржылық құралдар) табылады.
      ӘКК республикалық (коммуналдық) мекемелерге (мемлекеттiк органдар, ауруханалар және т.б.) бекiтiлiп берiлген мүлiк; республикалық қазыналық кәсiпорындарға (Жоғары оқу орындары, көлiк жолдары, төтенше жағдайлар объектiлерi, орман шаруашылығы және басқалар); бағдарламалық құжаттармен (Қазғарыш, Қазақстандық ипотекалық компания, Тұрғын үйқұрылысбанкi, Қаржылық орталық) мiндеттердi орындау үшiн құрылған АҚ мен ЖШС акциялары мен қатысу үлестерi, коммуналдық қазыналық кәсiпорындарға (коммуналдық шаруашылықтағы кәсiпорын - Зеленстрой, Көркем, жылу-су жабдықтау желiлерi, көлiк жолдары) бекiтiлiп берiлген мүлiк; жер учаскелерi, сондай-ақ республикалық және коммуналдық меншiкке жататын және жекешелендiрiлуi немесе мемлекеттiк қолдау ретiнде шағын және орта бизнеске берiлуi тиiс объектiлерге жатқызу өлшемдерiне сәйкес келмейтiн объектiлер кiрмейдi.
      Екiншi кезеңде бағалы қағаздар нарығында ӘКК акцияларының қосымша эмиссиясын орналастыру және ӘКК акцияларының мемлекеттiк пакетiн бизнес-құрылымдарға сату жоспарланған.

  5.7. Дивидендтік саясатты жетiлдiру

      Қазiргi уақытта республикада мемлекеттiк меншiк объектiлерiнен түсетiн мемлекеттiк кәсiпорындар мен жауапкершiлігі шектеулi серiктестiктердiң таза пайдасын бөлу және акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтер аудару мәселелерiн реттейтiн мейлінше тиiмдi нормативтiк құқықтық база құрылды және қолданылуда.
      Мемлекеттiк меншiктi басқару тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында дивидендтiк саясат бөлiгiнде икемдi, сараланған ұстанымды көрсету қажет.
      Және осы мақсаттарда, бiр жағынан, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 сәуiрдегі N 404  қаулысының орындалуын бақылауды күшейту де қажет.
      Мемлекеттiң кiрiс бөлiгiн ұлғайтуға қатысты оның бюджеттiк мүдделерiн назарға ала отырып, сондай-ақ мемлекеттiк активтердi басқару ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң  5-бабының 1-тармағына сәйкес бұл мәселенi қарауды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару қажет.

  5.8. Меншiктiң мемлекеттiк мониторингi мiндеттерiн iске асыруды қамтамасыз ету

      Меншiктiң мемлекеттiк мониторингi мiндеттерiн iске асыруды қамтамасыз ету үшiн жыл сайын бюджеттiк қаржыландыру шеңберiнде консалтингтiк қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, ашық конкурс өткiзiлетiн болады.
      Әрбiр объектi меншiгiнiң мемлекеттiк мониторингi процесiн үйлестiрудi және оған жалпы басшылық жасауды Уәкiлеттi органның бұйрығымен қалыптастырылатын Мониторинг жүргiзу жөнiндегi топ жүзеге асырады. Топтың құрамына Уәкiлеттi органның және/немесе оның аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерi, сондай-ақ орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, салалық министрлiктердiң, олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң, облыстық немесе қалалық әкiмдiктердiң өкiлдерi кiредi, топты Уәкiлеттi органның өкiлi басқарады.
      Нақты Мониторинг объектiсiн тiкелей зерттеудi және Объектiнi зерттеу нәтижелерi туралы есептi дайындауды конкурстық негізде iрiктелетiн тәуелсiз консалтингтiк фирма жүзеге асырады.
      Топ консалтингтiк фирманың есебiн бекiтедi және оны мониторинг нәтижелерiн пайдалануды ұйымдастыратын Уәкiлеттi органға ұсынады.
      Мемлекеттiк меншiк объектiлерiн, сондай-ақ мемлекеттiң меншiк үлесi бар объектiлердi басқарудың жұмыс iстеу және тиiмдiлiк мониторингiн жүргiзу жөнiндегi жұмыс бiршама басқаша жоспарланып отыр.
      Жыл сайын тексерiлуi тиiс объектiлердiң санатына ұлттық компаниялар, iрi өнеркәсiптiк ұйымдар, қарыздар, кредиттер және т.б. бойынша мемлекеттiк бюджетпен өзара қарым-қатынастардағы ұйымдар, сенiмгерлiк басқару объектiлерi кiредi.
      Құрылғандарына 1 жыл толмаған қалған объектiлерге мерзiмдi мониторинг жүргізiледi. Уәкiлеттi орган зерттеулердi жоспарлау кезiнде салалық министрлiктердiң ұсыныстары ескерiледi.
      Меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң алдағы жылдарға арналған мiндеттерiн iске асыру үшiн, қолданыстағы жүйенi талдау және алынған мониторинг нәтижелерi, сондай-ақ бағдарламалық құжаттармен Қазақстан Республикасы Үкiметi алдына қойылған мiндеттер негізiнде меншiктiң мемлекеттік мониторингiн тиiмдi жүргізудi арттыру жөнiнде жұмыс жалғастырылатын болады.
      Есептiлiктiң жедел нысандары "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектiлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Yкiметтiң 2004 жылғы 30 шiлдедегi N 810  қаулысымен бекiтiлген стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектiлерiнiң тiзбесiне кiрген барлық ұйымдар, ағымдағы жылы мониторингке жататын ұйымдарды қоспағанда, әрбiр жылдың 31 наурызына дейiн ұйымдар салық декларациясын тапсыратынын ескере отырып, жыл сайын 20 маусымға дейiн табыс етiледi.
      Мониторинг объектiлерiн және олардың аффилиирленген тұлғаларын жедел жинау нысандары бойынша зерттеулер мен есептiлiгi нәтижесiнде алынған деректердi талдау тұтастай алғанда өңiрлер экономикасына және мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiне объектiлердiң әсер ету дәрежесiн нақтылауға мүмкiндiк бередi.
      Кәсiпорындардың әсер ету және даму үрдiсi дәрежесi мониторингке жататын объектiлер тiзбесiне оларды қосуға не алып тастау үшiн негiз болады. Бұдан басқа, тiзбеге мемлекеттiк холдингтердi құруға байланысты өзгерiстер енгiзiлетiн болады.
      Республиканың әрбiр өңiрiнде қызметi өңiрдiң тыныс-тiршiлiгiне әсер ететiн ұйымдар бар екенiн ескере отырып, жергiлiктi атқарушы органдар орталық атқарушы органдармен қатар уәкiлеттi органға мұндай ұйымдарды меншiктiң мемлекеттiк мониторингiне жататын объектiлер тiзбесiне және ұйымдарды алдағы тексеру жоспарына енгізу бастамасын көтере алады.
      Алдағы жылдарда қолданыстағы заңнаманың шектеулерiн ескере отырып, басқа мемлекеттік органдардың Уәкiлеттi органының электрондық базаға қол жеткiзуi және өнеркәсіптiң салалары бойынша ұзақ мерзiмдi саясатты айқындау, мемлекеттiк мүлiктiң құрамын оңтайландыру, бюджетке түсетiн түсiмдердi жоспарлау, қолданыстағы заңнаманы жетiлдiру үшiн мониторинг нәтижелерiн пайдалануды кеңейту жоспарланып отыр.

  5.9. Мемлекеттік мүлiктi басқаруды жүзеге асыратын
мемлекеттiк органдардың қызметiн бағалау жүйесiн айқындау

      Мемлекеттiк органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдар жетекшiлерiнiң есептерi тыңдауын жүргiзу қорытындылары жөнiндегi мемлекеттiк меншiктi басқару тиiмдiлiгiне жүргiзiлген талдау мемлекеттiк органдар тарапынан да, мемлекеттiк заңды тұлғаларды және мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды басқару органдарында мемлекет мүддесiн бiлдiретiн лауазымды тұлғалар тарапынан да мемлекеттiк меншiк объектiлерiн басқару тиiмдiлiгін арттыру қажеттiлiгiн анықтады.
      Қазiргi уақытта белгiлi бiр дәрежеде мемлекет пен мемлекет қатысатын басшыларының қатынастарын реттейтiн қалыптастырылған нормативтiк құқықтық база бар. Атап айтқанда, мемлекеттiк органдар өз өкiлдерi арқылы акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың директорлары кеңесiнде кейбiр әкiмшiлiк шығыстарға лимиттердi белгiлеудi қамтамасыз етедi.
      Акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) қаржы-шаруашылық қызметiне талдау жүргiзiледi.
      Бұдан басқа, Yкiмет өз шешiмiмен мемлекет қатысатын заңды тұлғалар қызметiне қатысты мемлекеттiк органға билiк жүргiзуге тиiстi уәкiлеттi келiсiмiн талап ететiн бiрқатар мәселелердi айқындады.
      Бұл ретте мемлекеттiк мүлiктi басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар қызметiн бағалау жүйесiн айқындау меморганның ведомстволық бағынысты ұйымдардың белгiлi бiр өндiрiстiк және әлеуметтiк-экономикалық нәтижелерге жетуi бөлiгiнде менеджмент жүйесi нәтижелiлігін қарастырудан ғана емес, сондай-ақ мынадай көрсеткiштерге:
      ұйымдар қызметiнiң бағдарламалық құжаттармен айқындалған басымдықтарға сәйкес келуi;
      инвестициялық жобаларды iске асыру серпiнiне қол жеткiзуден тұрады.
      Мемлекеттiк активтердi басқару тиiмдiлiгi мақсатында акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн (қатысу үлестерiн), мемлекеттiк кәсiпорындарды және мемлекеттiк мекемелердi басқару бойынша мемлекеттiк органдардың қызметiн бағалау өлшемдерiн әзiрлеу қажет.
      Меморганды бағалау олардың өз функцияларын басқару органы (мемкәсiпорындар үшiн) және акционер (акционерлiк қоғамдар үшiн), қатысушы (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер үшiн) ретiнде iске асыру шеңберiнде жүргізiлуi тиiс.
      Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттiк органдарына ұйымдардың қаржылық құжаттарын жасауға, жүргiзуге және беруге жауапты болғандықтан, ұйымдардың бас бухгалтерлерiне (қаржы қызметi басшыларына) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеу қажет.

  5.10. Мемлекеттік жекешелендiру саясатын iске асыру жөнiндегi негiзгі қағидаттар мен шаралар

      Мемлекеттiк саясаттың жекешелендiру саласындағы мақсаты қазақстандық ұйымдардың жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн түбегейлi арттыру болып табылады.
      Жекешелендiру саласындағы мемлекеттiк саясат мына қағидаттарға негiзделедi:
      мемлекеттiк активтердiң құрылымын оңтайландыру, мемлекеттiк бюджеттiң мемлекеттiк мүлiктi басқаруға арналған шығыстарын азайту;
      қазақстандық экономиканың нақты секторына, ең алдымен қазақстандық ұйымдардың ұзақ мерзiмдi дамуына мүдделі, инвестициялық және (немесе) әлеуметтiк шарттарды iске асыру және оларды сөзсiз орындау жөнiндегi мiндеттемелердi өзiне алуға дайын инвесторлар есебiнен инвестицияларды тарту;
      ұйымдарды ұзақ мерзiмдi дамытуға бағдарланған тиiмдi меншiк иелерiнiң қалың жiгін құру, қазақстандық нарықты отандық өнiммен толықтыру және оны әлемдiк нарыққа жылжыту, өндiрiстi кеңейту және жаңа жұмыс орындарын құру;
      жекешелендiрiлетiн мүлiк иелерiнiң мiндеттемелердi орындауын бақылауды қамтамасыз ету;
      әлеуеттi инвесторлардың мүдделерi мемлекет мүдделерiне сөзсiз қайшы келмейтiн жағдайда олардың мүдделерiн бағдарға алу;
      қаржы консультантын, аудиторды, бағалаушыны, заңгер консультантты, менеджмент жөнiндегi консультантты тарта отырып, жекешелендiру, оның iшiнде ұйымдарды сату алдындағы дайындау жөнiндегi әлемдiк тәжiрибенi мiндеттi есепке алу;
      жекешелендiру кезiнде мемлекеттiң ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi мүдделерiн үйлестiру болуға тиiс.
      Кең ауқымды жекешелендiру кезеңi өткенiн ескере отырып, одан әрi жекешелендiру процесi мемлекеттiк активтердiң құрылымын оңтайландырумен және қандай да бiр қызмет түрлерiне мемлекеттiң қатысу өлшемдерiн әзiрлеумен тығыз байланыстырылатын болады. Түрлi тетiктердi, оның iшiнде жекешелендiрудi пайдалана отырып, мемлекет, ең алдымен мемлекеттік кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдардың (серiктестiктердiң) бейiндi емес активтерiн (қызмет түрлерiн), сондай-ақ қызметi тиiмсiз (тиiмдiлiгi аз) активтердi бәсекелi нарыққа беру арқылы экономиканың түрлi салаларына өзiнiң ықпал ету саласын азайтатын болады.

  5.11. Жекешелендiруден кейiнгi бақылауды жүзеге асыру

      " Жекешелендiру туралы " Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк меншiктi сатып алу-сату шарттарының орындалуын бақылау жекешелендiрудi жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органға бекiтiлген.
      Тексерулердiң жоспарлы сипаты болады, олардың мерзiмдiлiгi әрбiр сатып алу-сату шарты бойынша жеке, әдетте жылына бiр рет белгiленедi. Жекешелендiрiлген объектiлермен проблемалар туындаған жағдайда кезектен тыс тексерулер ұйымдастырылады. Жекешелендiрiлген объектiлердiң электрондық дерекқоры жекешелендiру объектiлерiне жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерiн, олардың орындалу мерзiмiн жедел қадағалап отыруға, тексерулердi жоспарлауды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
      Бұл ретте, тексерiлетiн жекешелендiру объектiлерi сатып алу-сату шарттарында көзделген мiндеттемелердiң көлемiне қарай санаттар бойынша бөлiнедi.
      Тексерулер жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық әзiрлендi, жекешелендiру объектiлерiн тексеру алгоритмi соған сәйкес айқындалады.
      Консалтингтiк фирмалар өңiрлер мен салалардың тыныс-тiршiлiгi үшiн маңызды мәнi бар, сондай-ақ жекешелендiру шарттарына сәйкес iрi инвестициялық мiндеттемелерi бар жекешелендiру объектiлерiн тексередi.
      Инвестициялық және басқа мiндеттемелердiң орындалуын бағалауға консалтингтiк фирмаларды тарту үшiн жекешелендiрудi жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк орган жыл сайын бюджеттiк қаржыландыру шеңберiнде мемлекеттiк сатып алуды жүргiзедi. Сатып алу конкурсының нәтижелерi бойынша консалтингтiк фирмалармен объектiлердi Тексеру бағдарламасын, ақпараттың құпиялылығын көздейтiн мемлекеттiк сатып алу шарттары жасалады. Жекешелендiру жөнiндегi шарт бойынша инвестициялық және басқа мiндеттемелердiң орындалу мәнiне тексеру жүргiзбес бұрын сатып алушыға консультанттардың қажеттi құжаттарға қол жеткiзуiн қамтамасыз ету туралы хабарлама жiберiледi.
      Консультанттардың инвестициялық және басқа мiндеттемелердiң орындалуын талдау нәтижелерi жөнiндегi ұсынымдары объектiлердi дамыту, инвестициялық бағдарламаларды одан әрi iске асыру мәселелерiн қарау кезiнде жекешелендiрiлген объектiлермен ағымдағы жұмыс барысында қолданылады.
      Мiндеттемелердiң орындалуын талдау барысында анықталған, инвестициялық бағдарламаларды iске асырудың объективтi қиындықтарымен, жекешелендiру объектiлерiн үшiншi тұлғалардың пайдасына сатып алушының иелiгiнен айырумен, сатып алушының таратылуымен және басқа мiндеттемелермен байланысты қосымша проблемалар Жекешелендiруден кейiн бақылау жөнiндегi комиссияның қарауына шығарылады, оның құрамына мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi кiредi. Тәуелсiз сарапшылардың қорытындыларын, сатып алушылардың шағымдарын қарау нәтижелерi бойынша Жекешелендiруден кейiн бақылау жөнiндегi комиссия өз ұсынымдарын шығарады, жекешелендiрудi жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк орган сатып алу-сату шарттарының одан әрi орындалуына және жекешелендiру объектiлерiн дамытуға ықпал ететiн шараларды соның негiзiнде қабылдайды.
      Бұл мақсатқа қол жеткiзудiң дәстүрлi тетiктерiнiң бiрi сатып алушылармен келiсiм бойынша қолданыстағы сатып алу-сату шарттарының ережелерiн түзету және нақтылау нысанына қосымша келiсiмдерге қол қою болып табылады. Бұл тетiк азаматтық құқықтық қатынастардың тең қатысушылары ретiндегi инвестор мен мемлекет арасындағы заңдылық, объективтiлiк және экономикалық орындылық қағидаттарына негiзделген өзара қатынастар үшiн объективтi қажеттiлiк болып табылады және өзара сенiмдi нығайтуға бағытталған әрi жекешелендiруден кейiнгі кезеңде ұйымдардың экономикалық жағдайын одан әрi тұрақтандыруға ықпал етедi. 
      Сатып алу-сату шартын бұзу жекешелендiруден кейiнгi бақылау практикасындағы ең соңғы шара болып табылады және консультанттар мен Жекешелендiруден кейiн бақылау жөнiндегi комиссияның ұсынымдары негiзiнде қабылданған шарттық мiндеттемелер қасақана орындалмаған не сатып алушы олардан бас тартқан жағдайда ғана қолданылады.

  5.12. Мемлекеттiк кәсiпорындардың және мемлекет
қатысатын акционерлік қоғамдардың (серiктестiктердiң)
басқару органдарында мемлекет мүддесiн бiлдiретiн
лауазымды тұлғалардың олардың қаржы-шаруашылық қызметiндегi
қорытындылары, мемлекеттiк мүлiктiң мақсатты және тиiмдi
пайдаланылуы үшiн жауапкершілiгiн арттыру

      Мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң және олардың ерекшелiктерiнiң әр алуандығына қарай көп жағдайда мемлекет мақсатқа қол жеткiзу тәсiлдерiн, яғни мемлекеттiк меншiк объектiсiне қатысты нақты iс-шаралардың егжей-тегжейлi, экономикалық негiзделген жоспарларын айқындай алмайды және айқындауға тиiс емес.
      Мақсатқа қол жеткiзу тәсiлi заңнама шеңберiнде айқындалады. Бұл ретте, мемлекеттiң мақсатына қол жеткiзудiң қабылданған тәсiлiн жүзеге асыруы үшiн жауапкершiлiк басқару органына жүктеледi, ол тиiстi қызметтi ынталандырып қана қоймай, жоспарланған сапалы басқару нәтижесiне қол жеткiзiлмеген жағдайда мемлекет тәуекелдерiн барынша азайтуға тиiс.
      Атап айтқанда, акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн басқару кезiнде акционерлiк қоғамдардағы басқару органы директорлар кеңесiн айқындады, оның мүшелерi акционерлiк қоғамның лауазымды тұлғалары болып табылады.
      Бүгiнгi күнi объективтi себептер бойынша директорлар кеңесi мүшелерiнiң тиiмдi басқарушылық шешiмдер қабылдауына шек қойылған.
      Мемлекеттiң өкiлдерi - мемлекеттiк қызметшiлер директорлар кеңесiнiң отырыстарына ұсынылған материалдарды қарау кезiнде лауазымдық мiндеттерiн орындаудан босатылмайды, сондықтан олардың уақыты шектеулi, ұсынылған материалдарды қарау үшiн тиiстi бiлiктiлiгi жоқ (практика көрсеткендей) және жан-жақтан мамандар тартуға мүмкiндігі жоқ.
      Осыған байланысты мемлекеттiк қызметшiлердiң акциялары мемлекеттiк меншiктегi акционерлiк қоғамдардың директорлар кеңесiне қатысуының орындылығын қарау қажет.
      Заңнамада акционерлiк қоғамдарды басқару органдарында тәуелсiз директорлардың болуы көзделгенiн ескере отырып, өз қызметiн басқару органдарында тұрақты және кәсiби негiзде жүзеге асыратын тәуелсiз директорлар институтын құру мүмкiндiгін қарау қажет.
      Сонымен қатар, акциялары мемлекеттiк меншiктегi акционерлiк қоғамдарды басқару органдарына сайланатын тәуелсiз директорлардың бәрiне қойылатын бiрыңғай бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеу қажет.
      Мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органдары министрлiктер, агенттiктер, ведомстволар және Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген өзге де мемлекеттiк органдар болып табылады.
      Мемлекеттiк кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы өкiлеттiктерiнiң ауқымы кең, атап айтқанда, мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң басым бағыттарын айқындау, мемлекеттiк кәсiпорындар мүлкiнiң мақсатты пайдаланылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттiк кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық жоспарларын, оның iшiнде жоспарлы қаржылық көрсеткiштердi қарау және бекiту, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау және талдау.
      Бұл ретте, заңнамада мемлекеттiк кәсiпорын басшысының меншiк иесi мен мемлекеттiк басқару органы алдындағы кәсiпорындағы iстердiң жай-күйi үшiн дербес жауапкершiлiгі айқындалған, дегенмен, мемлекеттiк басқару органдарының лауазымды адамдарының мемлекеттiк кәсiпорындарды тиiмсiз басқарғаны үшiн жауапкершiлiгi айқындалмаған.
      Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердегi қатысу үлестерiн басқаруды жүзеге асыру кезiнде заңнамада оның органдарының жауапкершiлігі шектеулi серiктестiктi тиiстi дәрежеде басқаруды бiрлесiп жүзеге асырмағанынан туындаған шығындар не оның үшiншi тұлғаларға келтiрген шығындары үшiн жауапкершiлiгi көзделген.
      Осыған байланысты жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң қатысу үлестерiн тиiмдi басқару және басқару органын айқындау мақсатында заңнамаға үлестерi мемлекеттiк меншiктегi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi басқару ерекшелiктерiн реттейтiн норма енгiзу қажет.

  5.13. Мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының бақылау
пакетi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесілі акционерлiк
қоғамдардың (серiктестiктердiң) қаржы-шаруашылық қызметiнiң
нәтижелерiн бақылау тетiгін жетiлдiру

      Қазiргi уақытта Қазақстан алдында неғұрлым бәсекеге қабiлеттi экономикасы бар елдердiң қатарына шығу мiндетi тұр. Осыған  байланысты мемлекеттiк кәсiпорындарды, акцияларының бақылау пакетi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдарды (серiктестiктердi) басқару жүйесiн жетiлдiру мемлекеттiң басым мiндеттерiне айналады. Мақсат: отандық, экономиканың негiзгi салаларында әрекет ететiн ұйымдарды әлемдiк нарықтарға шығару, бұл, сайып келгенде, Қазақстанның шетелде нарық жағдайларында бәсекеге қабiлеттi мемлекет ретiнде ықпал ету саласын кеңейтуге жәрдемдесуге тиiс.
      Мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының бақылау пакетi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың (серiктестiктердiң) қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiн бақылау тетiгін жетiлдiру жекелеген нормативтiк құқықтық кесiмдердi қайта қарау жолымен жүзеге асырылатын болады және мемлекеттiк ұйымдар қызметiнiң басым бағыттарын айқындауға бағытталған.
      Осыған байланысты акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерде iшкi аудит институтын құру көзделедi.

  6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi

      Бағдарлама мемлекеттiк бюджеттен қаржыландыруды талап етпейдi.

  7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже

      Қабылданатын шаралар нәтижесiнде мемлекет активтерiн басқарудың ашық жүйесi, мемлекеттiк меншiгінің бiрыңғай дерекқоры құрылады, мемлекеттiк кәсiпорындар мен акцияларының пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi ұйымдардың оңтайлы саны айқындалады. Рентабельдi емес мемлекеттiк кәсiпорындарды оңалту немесе олардың банкроттығы туралы шешiм қабылдау бойынша тетiктер әзiрленедi.
      Мемлекеттiк активтердi тиiмдi басқару жөнiнде жаңа институттар құру мемлекеттiк активтердi басқару тиiмдiлiгiн арттыру мен қор нарығының дамуына ықпалын тигiзедi.
      Осы Бағдарламаны орындауға бағытталған шараларды iске асыру барысында 2006-2008 жылдар iшiнде мемлекеттiк түсiмдердi пайдаланудан мемлекеттiк бюджетке түсетiн түсiмдердiң сомасы нақтыланатын болады.  

         8. Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008
      жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі
                       Іс-шаралар жоспары

       Ескерту. 8-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.23.  N 44 , 2008.02.02.  N 89 Қаулыларымен.

Р/с
N

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындауға жауапты

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар

Қаржы-
ландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1. Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру

1.1

Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік активтерді басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу және бекіту

Мәслихаттардың шешімдері, ЭБЖМ-ге есеп

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

ҚР Үкіметі Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіткеннен кейін бір тоқсан ішінде

Талап етілмейді

-

1.2

Мемлекеттің активтері мен пассивтерінің теңгерімін жасау әдістемесін бекіту

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің бұйрығы

ЭБЖМ, Қаржымині, орталық атқарушы органдар

2007 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді

1.3

"Самұрық" холдингі" АҚ мен "Қазына" АҚ тиімді жұмыс істеуіне байланысты мәселелер бойынша бір қатар нормативтік құқықтық кесімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Нормативтік құқықтық кесімдердің жобалары

ЭБЖМ, ИСМ, Қаржымині, ЭМРМ, ККМ, АБА

2006 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді

-  

1.4

Ұлттық компаниялар, "Самұрық" холдингі" АҚ, "Қазына" АҚ және оларға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқықтары субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді бекіту ережесін әзірлеу және бекіту

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы, әкімдердің шешімдері

Қаржымині, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдіктері

2006 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді

-  

1.5

"Самұрық" холдингі" АҚ құрамына кіретін ұлттық компаниялардың қор нарығына бағалы қағаздарын шығару жөніндегі Іс-шаралар жоспарын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

ЭБЖМ, Қаржымині, ҚНРА, "Самұрық" холдингі" АҚ

2006 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

  -

1.6

Акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тәуелсіз директорлары қызметінің тиімділігін іріктеу мен бағалау тәртібін, біліктілік талаптарын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысының жобасы

ЭБЖМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар

2006 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

-  

1.7

Мемлекеттік органдардың акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін), мемлекеттік кәсіпорындарды және мемлекеттік мекемелерді басқару жөніндегі қызметін бағалауды жүргізу ережесін әзірлеу

Қазақстан Республикасы Экономика   және бюджеттік жоспарлау министрінің бұйрығы

ЭБЖМ, Қаржымині

2007 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді

1.8

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық     капиталына     мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тізілімі туралы ережені жетілдіру мақсатында оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

Қаржымині, ЭБЖМ

2006 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді

-  

1.9

Ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың, сондай-ақ ірі жеке меншік компаниялардың қызметі мен қаржылық ағымдарының ашықтығын қамтамасыз ететін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ЭБЖМ, Қаржымині, ЭҚҚКА (қаржы полициясы), Есеп комитеті, ЭМРМ, ЖРА, "Самұрық" холдингі" АҚ, "Қазына" АҚ

2006 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

-  

1.10

Акциялары мен қатысу үлестері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың бас бухгалтерлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

"Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қабылдағаннан кейін бір тоқсан ішінде

Талап етілмейді

1.11

Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың директорлары кеңесі туралы үлгі ережені бекіту

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині, ЭБЖМ, орталық   атқарушы органдар және басқа да мемлекеттік органдар

2006 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

-

1.12

Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың ішкі аудит қызметі туралы үлгі ережені бекіту

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині, ЭБЖМ

2006 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

1.13

Бақылау қатысу үлестері мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бақылау кеңесі туралы үлгі ережені бекіту

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині, ЭБЖМ

2006 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

-  

1.14

"Мемлекеттік
активтер
туралы"
ҚР Заңының
жобасын әзірлеу

Заң жобасы

ЭБЖМ, Қаржымині

2008 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

1.15

Жетілдіру және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі N 58 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың қызмет түрлерін
талдауды жүзеге
асыруға арналған әдістемелік нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің бұйрығы

ЭБЖМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар

2006 жылғы шілде

Талап етілмейді

-

1.16

Мемлекеттік меншік объектілерін пайдалану бағытына байланысты:
мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік функцияларды орындау үшін қажетті мүлік;
әлеуметтік - маңызды қызметтер көрсету мақсатында қазыналық кәсіпорындарға бекітіліп берілген мүлік;
ӘКК беруге жататын мемлекеттік меншік объектілері;
бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау үшін құрылған акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер акциялары және қатысу үлестері;
акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, оның ішінде
бағдарламалық құжаттарға сәйкес оларды құру кезінде жүктелген міндеттерді орындаған аграрлық сектордағы ұйымдардың акциялары және қатысу үлестері;
"Самұрық" холдингі" АҚ-қа
берілген және беруге жоспарланатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер акциялары және қатысу үлестері;
"Қазына" АҚ-қа берілген және беруге жоспарланатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер акциялары және қатысу үлестері

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

ЭБЖМ, ИСМ, Қаржымині (республикалық меншік бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері (коммуналдық меншік бойынша)

2007 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді

-  

1.17

Мемлекеттік активтерді басқарудың 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

ЭБЖМ, Қаржымині, орталық атқарушы органдар

2008 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

2. Мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыру

2.1

Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі мекемелер мен ұйымдардың жүктелген міндеттерді іске асыру үшін қажетті мүлік құрамын айқындау мақсатында олардың мүлкіне түгендеу жүргізу

ЭБЖМ-ге ақпарат

Қаржымині (республикалық меншік бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері (коммуналдық меншік бойынша)

2006 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

2.2

Бәсекелі ортаға беруге жататын мүлік тізбесін айқындау

Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысының жобасы, әкімдіктер қаулылары

ЭБЖМ, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері (коммуналдық меншік бойынша)

2006 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-  

2.3

Мемлекеттік заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында бекітілген мүліктің тиімділігі мен мақсатты пайдаланылуын, жылжымайтын мүлік объектілеріне мүліктік құқықтардың тіркеуші органдарда тіркелуін қамтамасыз етуді тексеруді жүзеге асыру

ЭБЖМ-ге ақпарат

Қаржымині, орталық атқарушы органдар (республикалық меншік бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері (коммуналдық меншік бойынша)

Жыл сайын, 15 ақпан

Талап етілмейді

-  

2.4

Коммуналдық меншіктегі құқық субъектілерінің барлығымен шарттар жасасуды қамтамасыз ету және олармен тікелей жұмыс үшін Тізілімді жүргізу жүйесіне қол жетімділік беру

ЭБЖМ-ге есеп

Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері (коммуналдық меншік бойынша), тізілім ұстаушы

2006 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді

-

2.5

Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда бекітілген мүлікті мүліктік жалға (арендаға) беру
мониторингін жүзеге асыру

ЭБЖМ-ге есеп

Қаржымині, орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар (республикалық меншік бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері (коммуналдық меншік бойынша)

Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 25-і күнінен кешіктірмей

Талап етілмейді

-  

2.6

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес есепті жыл қорытындылары бойынша акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар акционерлерінің жалпы жиналыстарын өткізу кестесін қалыптастыру

ЭБЖМ-ге есеп

Қаржымині, орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Жыл сайын, сәуір

Талап етілмейді

2.7

Мемлекеттік кәсіпорындардың, акциялары мен қатысу үлестері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бас бухгалтерлеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікті бақылауды жүзеге асыру

Қаржыминіне ақпарат

Орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Жыл сайын, мамырда ("Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" ҚРЗ-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қабылданғаннан кейін)

Талап етілмейді

-  

2.8

Сенімгерлік басқару шарт талаптарының орындалуы жөніндегі сенімгерлік басқарушылардың есептерін тыңдауды жүргізу

ЭБЖМ-ге есеп

Қаржымині

Жыл сайын, маусым

Талап етілмейді

-  

2.9

Есепті жыл қорытындылары бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін, сондай-ақ қазыналық кәсіпорындардың сметадан тыс алынған кірістерін тиісті бюджет кірісіне есептеудің және аударудың уақтылығы мен толықтығын бақылауды жүзеге асыру

ЭБЖМ-ге есеп

Қаржымині, орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Жарты жылда бір рет

Талап етілмейді

-  

2.10

Есепті жыл қорытындылары бойынша акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне дивидендтерді, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік қатысу үлестеріне таза кірісті есептеудің және аударудың уақтылығы мен толықтығын бақылауды жүзеге асыру

ЭБЖМ-ге есеп

Қаржымині, орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Жарты жылда бір рет

Талап етілмейді

-  

2.11

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 шілдедегі N 998 қаулысымен бекітілген ережелерге сәйкес мемлекеттік меншік объектілерін, сондай-ақ мемлекеттің меншік үлесі бар объектілерді басқарудың қызмет етуінің және тиімділігінің кешенді мониторингін қамтамасыз ету

ЭБЖМ-ге есеп

Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Есепті жарты жылдықтан кейінгі екінші айдың 10-ы күні

Талап етілмейді

-  

2.12

Мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызмет жоспарларын орындауына бақылауды жүзеге асыру

ЭБЖМ-ге есеп

Қаржымині, орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей

Талап етілмейді

-  

2.13

"Самұрық" холдингі" АҚ, "Қазына" АҚ және олардың құрамына кіретін заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарының орындалуы туралы ақпаратты бекітілген нысандар бойынша ұйымдар, оның еншілес және тәуелсіз ұйымдар бөлінісінде беру

Қаржыминіне, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдіктеріне ақпарат

Орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар, коммуналдық меншіктің атқарушы органдары

Жарты жылда бір рет, жарты жылдық қорытындылары бойынша - есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей, жыл қорытындылары бойынша - есепті кезеңнен кейінгі төртінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей

Талап етілмейді

-  

2.14

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, "Самұрық" холдингі" АҚ, "Қазына" АҚ және олардың құрамына кіретін заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу

ЭБЖМ-ге есеп

Орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Жарты жылда бір рет, жарты жылдық қорытындылары бойынша - есепті кезеңнен кейінгі үшінші айдың 1-і күнінен кешіктірмей, жыл қорытындылары бойынша - есепті кезеңнен кейінгі бесінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей

Талап етілмейді

2.15

Мемлекеттік кәсіпорындарды, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру, тарату және жекешелендіру жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдіктеріне ұсыныстар

ЭБЖМ, Қаржымині, орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар, коммуналдық меншікті басқару жөніндегі атқарушы органдар

Жыл сайын, қыркүйек

Талап етілмейді

2.16

Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімінен жұмыс істемейтін мемлекеттік заңды тұлғалар мен жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды алып тастау жөнінде жұмыстар жүргізу

Қаржыминіне ақпарат

Орталық атқарушы органдары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Жыл сайын, 4-тоқсан

Талап етілмейді

2.17

Есепті жыл қорытындылары бойынша мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін уақтылы және толық аударуы, акционерлік қоғамдардың акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтерді, сондай-ақ мемлекет қатысатын серіктестіктерге мемлекеттік қатысу үлесіне таза кірісті мемлекеттік бюджетке есептеуі нысанына тексерулер жүргізу кестесін әзірлеу және бекіту

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы, әкімдердің шешімдері

Қаржымині, орталық атқарушы органдар және басқа да мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Жыл сайын, 1-тоқсан

Талап етілмейді

2.18

Акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тәуелсіз директорлары қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу

ЭБЖМ-ге ақпарат

Қаржымині, орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Жыл сайын, тамыз, 2008 жылдан бастап

Талап етілмейді

-  

2.19

Мыналар:
мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігінің түсімдері;
мемлекеттік меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер;
мемлекеттік меншіктегі заңды тұлғалардың қатысу үлестеріне кірістер;
мемлекеттік меншіктегі мүлікті жалдаудан түсетін кірістер;
мемлекеттің қаржы активтерін сату бойынша алдағы кезеңге арналған болжамды көрсеткіштер жөніндегі ақпаратты беру

ЭБЖМ-ге есеп

Қаржымині, орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Жыл сайын 1-сәуірге дейін

Талап етілмейді

-  

2.20

Мемлекеттік меншік объектілерінің бірыңғай Тізілімін құру (МК, АҚ, ЖШС, ММ)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2006 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді

2.21

Жаңа технологияларды қолдану арқылы жаңа өндірістерді ұйымдастыру мүмкін болатын рентабелді емес
мемлекеттік кәсіпорындардың дерекқорын қалыптастыру

Нормативтік құқықтық  кесім жобасы

Қаржымині

2006 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

-  

2.22

Тәуелсіз басқарушылар институтын енгізу арқылы рентабелді емес
мемлекеттік кәсіпорындарды сауықтыру тетігін қалыптастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

Қаржымині

2007 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

-  

2.23

Мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі ұйымдардың қызмет салалары
бойынша мемлекеттік органдардан талдамалық ақпарат жинау

ЭБЖМ-ге ақпарат

Қаржымині

2006 жылғы шілде

Талап етілмейді

2.24

Мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі ұйымдардың қызмет салаларына талдау жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ

2006 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

2.25

Қоғамдық мәні бар қызметтерді
көрсету және мемлекеттік қолдауды талап ететін қызмет саласын дамыту үшін мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі ұйымдар
жұмыс істеуі тиіс қызмет саласын айқындау мақсатында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Заң жобасы

ЭБЖМ, Қаржымині

2007 жылғы сәуір

Талап етілмейді

-  

2.26

Жоғары технологиялық дүниежүзілік компаниялардың активтерін   сатып алу мақсатында маркетингілік-талдамалық зерттеулер жүргізу

ИСМ-не ақпарат

"Қазына" АҚ

Жыл сайын наурыз

Талап етілмейді

-  

2.27

Активтері Қазақстан Республикасы мүддесін білдіретін жоғары технологиялық дүниежүзілік компаниялардың тізбесін әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ИСМ, ЭБЖМ, "Қазына" АҚ

Жыл сайын сәуір

Талап етілмейді

-  

2.28

Перспективалық дүниежүзілік компанияларда қазақстандық қатысуды іске асыру үшін қажетті шарттар
мен құралдар құру

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

ИСМ, ІІМ 

2006 жылғы қараша

Талап етілмейді

-  

3. Қаржы активтерімен жасалатын операциялардан түсетін түсімдер

3.1

Республикалық және коммуналдық меншік объектілерін сауда-саттыққа шығару кестесін
әзірлеу және бекіту

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы, әкімдердің шешімдері

Қаржымині, (республикалық меншік бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері (коммуналдық меншік бойынша), ЭБЖМ

Жыл сайын, қаңтар

Талап етілмейді

3.2

Жекешелендірілуге тиіс мемлекеттік меншік объектілерін сатуды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне, ЭБЖМ-ге ақпарат

Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-і күні

Талап етілмейді

-

3.3

Мемлекеттік бюджетке мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіруден түсетін қаражат түсімдерінің жоспарланған  көлемін қамтамасыз ету жөніндегі бақылауды жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне, ЭБЖМ-ге есеп

Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 25-і күні

Талап етілмейді

-

4. Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру және жекешелендіруден кейінгі бақылау

4.1

Тиісті келісім-шарттар бойынша мемлекеттік меншік объектілерін сатып алушылардың келісім-шарттық міндеттемелерді орындауына бақылауды жүзеге асыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, ЭБЖМ-ге есеп 

Қаржымині, орталық атқарушы органдар және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Жыл сайын, 20 қаңтар

Талап етілмейді

4.2

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 30 шілдедегі 2004 жылғы N 810 қаулысымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншіктің мемлекеттік мониторингісіне жататын объектілер Тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

Қаржымині, орталық және жергілікті атқарушы органдар

2006 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-  

4.3

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 30 шілдедегі 2004 жылғы N 810 қаулысымен бекітілген объектілер тізбесі бойынша экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыруды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне, ЭБЖМ-ге есеп

Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Есепті жарты жылдықтан кейінгі екінші айдың 10-ы күні

Талап етілмейді

-  

4.4

Сатып алу-сату шарттары бойынша жекешелендіруден кейінгі бақылау комиссиясының шешімдері негізінде оларды түзету мақсатында  қосымша келісімдерді әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне, ЭБЖМ-ге ақпарат

Қаржымині

Жыл сайын, желтоқсан

Талап етілмейді

-  

      Ескертпе: әріптік аббревиатурларды ашып жазу
      ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі
      ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
      ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі
      ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
      ЭҚҚКА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
      АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
      ҚНРА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
      "Самұрық" - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік холдингі" АҚ қоғамы
      "Қазына" АҚ - "Қазына" орнықты даму қоры акционерлік қоғамы
      АҚ - акционерлік қоғам
      МК - мемлекеттік кәсіпорын
      ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік
      ММ - мемлекеттік мекеме
      ӘКК - әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады